Қарқаралы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысы

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қарқаралы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 14 желтоқсан
364 қаулысына қосымша

Қарқаралы ауданы әкімдігінің күшi жойылған қаулылардың тiзбесi

      1. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 "Қаракөл, М. Мамыраев, Тегісшілдік, Ынталы селолық округтері бойынша ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы" қаулысы. Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 ақпанда № 8-13-57 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2009 жылғы 21 ақпандағы № 11-12 санында жарияланған;
      2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 қарашадағы № 305 "Жетпіс жастан асқан қарттар мен он алты жасқа толмаған мүгедек балаларға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы" қаулысы. Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 08 желтоқсанда № 8-13-71 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 97-98 санында жарияланған;
      3. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 01 ақпандағы № 12 "Аз қамтылған азаматтарға бастапқы азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты өтемақы төлеу туралы" қаулысы. Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 наурызда № 8-13-78 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2010 жылғы 27 наурыздағы № 25-26 санында жарияланған;
      4. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 170 "Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" қаулысы. Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 шілдеде № 8-13-99 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2011 жылғы 09 шілдедегі № 53-54 (10969) санында жарияланған;
      5. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 231 "Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер - жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 170 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулысы. Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 05 тамызда № 8-13-102 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2011 жылғы 06 тамызда № 61-62 (10977) санында жарияланған;
      6. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 40 "Ауданда 2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қаңтарда № 2529 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2014 жылғы 01 ақпандағы № 9-10 (11236) санында жарияланған;
      7. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 102 "Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 2642 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 43-44 (11270) санында жарияланған;
      8. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 103 "Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 2643 болып тіркелді. "Қарқаралы" газетінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 43-44 (11270) санында жарияланған.