"Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 102 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда № 2642 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.12.2015 № 364 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Р. Сатыбалдинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
К.М. Максутов

      

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 16 сәуірдегі
№ 102 қаулысымен бекітілген

"Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сәулет және қала құрылысы бөлімі) аудандағы сәулет және қала құрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. Сәулет және қала құрылысы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 100800, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ә. Бөкейханов көшесі, 37 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Қарқаралы ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства Каркаралинского района".
      10. Осы Ереже Сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      12. Сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сәулет және қала құрылысы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің миссиясы: ауданның құрылыс және сәулет салаларының дамуы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) сәулет және қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру;
      2) реттелген нарықтық экономика жағдайларында әртүрлі прогрессивті формаларға, жобалау, құрылыс және жөндеу-құрылыс өндірістері әдістемелеріне ықпал ету;
      3) аудан аумағында құрылыс объектілері бойынша құрылыстың ұйымдастырылуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру, жобалау жұмыстарын үйлестіру;
      4) аудан аумағындағы елді мекендерде бас жоспарларды, құрылыс объектілерін қарау, келісу және оларды Қарқаралы ауданы әкіміне бекітуге ұсыну;
      5) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
      15. Функциялары:
      1) елді мекендерде құрылыс, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру, қала дизайны мәселелерін реттейтін құрылыс ережелері мен басқа да құжаттарды әзірлеу;
      2) аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес барлық құрылыс түрлері үшін бекітілген жобалық құжаттар негізінде жер учаскелерін бөлу;
      3) күрделі құрылыс, өндірістік-азаматтық мақсаттағы объектілерді және басқа да объектілерді жөндеу барысына бақылауды жүзеге асыру;
      4) құрылыс объектілерінің жұмысына бақылауды атқару;
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) пайдалануға берілетін нысандарды (кешендерді) заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылдау және тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) салынып жатқан (салынатын), салынған нысандардың және кешендердің Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте мониторингін жүргізу;
      3) аумақтағы жобаланған құрылыс не басқа да қала құрылысының өзгерістері туралы халықты ақпараттандыру;
      4) заңнамамен, осы Ережемен және уәкілетті органмен белгіленген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметiн ұйымдастыру

      17. Сәулет және қала құрылысы бөліміне басшылықты Сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын Қарқаралы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының өкiлеттiгi:
      1) мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза береді;
      4) Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұйрықтарына қол қояды;
      5) қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүдделерін білдіреді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болмаған кезеңде өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі

      20. Сәулет және қала құрылысы бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.