Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің "Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерден басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы" 2011 жылғы 25 тамыздағы № 228-ө және "Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілерді (жеке кәсіпкерлік саласынан басқа) тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы" 2012 жылғы 16 наурыздағы № 71-ө бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 753 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілердің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 228-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7202 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 332 (26894) санында жарияланған);
      2) «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілерді (жеке кәсіпкерлік саласынан басқа) тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 71-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7598 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515, 534-539 (27588, 27612) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Министр                                             В. Школьник