Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында субъектілерді (жеке кәсіпкерлік саласынан басқа) тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 71-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 сәуірде № 7598 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 753 бұйрығымен

      "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының "Қазконтент" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының пакетін республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
      2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 14 наурыздағы
№ 333 қаулысымен  
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін, толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-145-жолмен толықтырылсын:
      "21-145. "Қазконтент" АҚ".
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 304-2-жолмен толықтырылсын:
      "304-2. "Қазконтент" АҚ".
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.