Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 251 қаулысы

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
       "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актілердің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 қазандағы
№ 251 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1914 болып тіркелген, 2013 жылдың 4 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      2. "Білім саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 56 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1931 болып тіркелген, 2013 жылдың 18 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      3. "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 175 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2282 болып тіркелген, 2013 жылдың 2 тамызында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
      4. "Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 29 тамызында № 2304 болып тіркелген, 2013 жылдың 9 қыркүйегінде "Ақ жол" газетінде жарияланған).