Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 691 бұйрығы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрыққа көшірмесі қол қойылған күннен бастап бір апта мерзім оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                      Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 28 желтоқсандағы 
№ 691 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір
бұйрықтарының тізбесі

      1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10442 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған).
      2. «Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар оларды кейіннен қайта өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 141 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10645 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 сәуірде жарияланған).
      3. «Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10559 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған).
      4. «Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 180 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10743 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған).