Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 691 бұйрығымен.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 180 бұйрығымен бекітілген
Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың
нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізбесі
1. Тауарлар;
2. Көрсетiлетiн қызметтер, оның ішінде:
1) аңшылықпен, кәсiпшілікпен және жабайы құс өсірумен байланысты қызметтерден басқа, ауыл шаруашылығындағы және аңшылықтағы қызметтер;
2) орман өсiру және ағаш дайындау үшiн көрсетiлетiн қызметтер;
3) балық аулауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;
4) шикi мұнай және табиғи газ, iздестiру жұмыстарынан басқа, өндiру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
5) тізбесі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес белгіленетін техникалық күрделі құрылыс объектілерін қоспағанда (күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда), күрделі және ағымды жөндеуді қоса алғанда, құрылыс қызметтерін көрсету және құрылыс объектілері;
6) автомобильдер мен мотоциклдер саудасы, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
7) автомобильдер мен мотоциклдер саудасы жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, көтерме және комиссиялық сауда қызметтерi;
8) бөлшек сауда жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
9) қонақ үйлер мен мейрамханалардың қызметтерi;
10) темiр жол көлiгi қызметтерiнен, метрополитен қызметтерiнен, құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерiнен басқа, құрлықтағы көлiк қызметтерi;
11) су көлiгi қызметтерi;
12) көлiктiк көмекшi және қосымша қызметтер, саяхат бюросы мен туристiк агенттiктердiң қызметтерiнен, туристерге көмек көрсету жөнiндегi өзге де қызметтерден басқа, туризм және экскурсия саласындағы қызметтер;
13) ұлттық пошта қызметтерiн, электр байланыс қызметтерiн қоспағанда, курьерлiк қызметтер көрсетуден басқа байланыс;
14) сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан, облигациялық қарыздарды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, қаржы делдалдығы бойынша көрсетiлетiн қызметтер;
15) бағалау қызметтерiн қоспағанда, қаржы делдалдығына қатысты қосалқы болып табылатын қызметтер көрсету;
16) жылжымайтын мүлiкке байланысты қызметтер;
17) кеңселерге арналған ұйымдастыру техникасына, электрондық есептеу машиналарына және олармен бiрлесiп пайдаланылатын перифериялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
18) ғимаратты жинау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
19) орау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
20) кәрiз, қоқыстарды жою, санитарлық өңдеу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер және осыған ұқсас қызметтер;
21) шаштараз, косметикалық салондар мен емдiк косметикалық ұйымдардың қызметтерiнен, жерлеу, көму және кремациялауды ұйымдастыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерi;
22) осы тiзбеге енгiзiлмеген коксты, мұнай мен ядролық отынды қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру қызметтерiнен, жиһаз өндiру қызметтерiнен, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерден басқа, өңдеушi өнеркәсiптiң қызметiне байланысты қызметтер.