"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 тамызындағы № 228 шешімің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 389 шешімі

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылдың 24 желтоқсанындағы № 6-10/156 ұсынысы негізінде, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 тамызындағы № 228 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4525 болып енгізілген, 2015 жылғы 01 қазанда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
      Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Т. Кангужин