Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 228 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте № 4525 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 389 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімінің 24.12.2015 № 389 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылдың 25 тамызындағы № 6-10/91 ұсынысы негізінде, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарағандысай ауылының Жолөткен қыстағының аумағында орналасқан "Светлана" шаруа қожалығында, мүйізді ұсақ малдарының арасында сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі Б.Т. Кангужин