Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № А-11/494 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23.10 № А-11/494
қаулысына қосымша    

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. 1 тармақтан және қосымшадан басқа, «Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін балық шаруашылық су тоғандарын (телімдерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № A-7/261 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3194 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2006 жылғы 15 тамызда жарияланған).
      2. 1 тармақтан және қосымшадан басқа, «Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін балық шаруашылық су тоғандарын (телімдерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № А-10/387 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3201 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2006 жылғы 25 қарашада жарияланған).
      3. «Мақта саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № А-3/80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4109 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 29 мамырда жарияланған).
      4. «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № А-3/99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4137 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық -құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 29 мамырда жарияланған).
      5. «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № А-5/227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4266 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2014 жылғы 24 шілдеде жарияланған).