Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін балық шаруашылық су тоғандарын (телімдерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 тамыздағы N A-7/261 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 14 тамызда N 3194 тіркелді

      Ескерту.1-тармақты және қосымшаны қоспағанда, қаулының күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 23.10.2015 № А-11/494 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Балық аулау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 қаулысына, "Балық шаруашылығы су тоғандарын (телімдерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы  N 102 қаулысына сәйкес, әлеуетті табиғат пайдаланушыларға балық шаруашылығы су тоғандарын (телімдерін) бекітіп беру және кәсіптік, спорттық-әуесқой балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның N 11 хаттамасы негізінде облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін Ақмола облысының балық шаруашылық су тоғандары (телімдері) пайдаланушыларға қосымшаға сәйкес 10 жыл мерзімге бекітіліп берілсін.
      2. Осы қаулының күші 2006 жылдың 5 шілдесінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

       Облыс әкімі м.а.

                                          Ақмола облысы әкімдігінің
                                          2006 жылғы 2 тамыздағы
                                       N а-7/261 қаулысына 1-қосымша

     Кәсіптік балық аулау жүргізу үшін пайдаланушыларға
   10 жыл мерзімге бекітіліп берілетін Ақмола облысы балық
             шаруашылық су тоғандарының (телімдері)
                             ТІЗІМІ

р/с

Табиғатты пайдаланушылардың атауы

Су тоғандарының атаулары

Ақкөл ауданы

1

"Әсель-2" ШҚ

Селеті бөгені N 5 телімі 

"Сенім-2006" ЖШС

Тасмола әуіті



Аршалы ауданы

1

"Кузмичев АА" ЖК

Сейтен көлі 

2

"Депершмидт" ЖК

Шөптікөл көлі

3

"Нам" ЖК

Қызыл көл бөгеті

4

"Сенім-2006" ЖШС

Тазкөл көлі

5

"Атамекен" ЖК

Жалтыркөл көлі N 2 телімі, Вячеславск бөгені, N 7 телімі 

Атбасар ауданы

1

"Жасмин-М" ЖШС

Полистиновский әуітінің телімі 

2

"Алтындән" ЖШС

Жданов әуіті

3

"Сивяков" ЖК

Барлыкөл көлі 

Бұланды ауданы 

1

"Богдановка" ЖШС

Алакөл көлі 

Еңбекшілдер ауданы

1

"Нечитайло" ЖК

Машдвор әуіті, Бақыр әуіті

Ерейментау ауданы 

1

"Шошанова" ЖК

Жарлыкөл, Ойнақ көлдері және Қоржынкөл көлінің N 2 телімі 

2

"Әсель-2" ШҚ

Селеті бөгені, N 6 телімі

Есіл ауданы

1

"Лазуков" ЖК

Артықкөл көлі, N 2 бөгетше

Зеренді ауданы

1

"Еңбек Көкшетау" РМК

Ивановка бөгеті

2

"Қожагелдинов Р.Е." ЖК

Подлесный бөгеті

3

"Көкшетау жолдары" ЖШС

Жылымды бөгеті

Қорғалжын ауданы

1

(Абраев) БА және АОАҚ

Сабынды гидроторабынан Ұялы Шалқарға дейін, Мортықтан Біртабан көліне дейін, Камни телімінен Қызыл мешіт теліміне дейін

2

"Ілясов" ЖК

Шалқар көлі N 5 телімі, Жәнібек Шалқар көлі N 4 телімі

3

"Біләлов" ЖК

Құмдыкөл көлінің N 2 оңтүстік бөлігі, Ұялы Шалқар көлі N 6 телімі

4

"Құлманов" ЖК

Шолақ көлінің N 2 оңтүстік бөлігі, Жұмай көлі N 1 телімі, Жәнібек Шалқар көлі N 5 телімі

Сандықтау ауданы

1

"Новоникольское" ЖШС ӨКФ

Құмдыкөл көлі N 2,3 телімдері 

2

"Сенім - 2006" ЖШС

Сарыкөл көлі

Целиноград ауданы

1

"Самал жай" ЖШС

Кіші Барлыкөл көлі, Ақпан бөгеті

Шортанды ауданы

1

"Яворский" ЖК

Барышевка бөгеті

2

"Сигитал" ЖШС

Ключи бөгеті

Щучье ауданы

1

"Ляхов" ЖК

Новое бөгеті

2

"Маржықпаева" ЖК

Лобановка әуіті

      ШҚ - шаруа қожалығы
      ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
      ЖК - жеке кәсіпкер
      РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорын
      БА және АОАҚ - балық аулаушылар және Ақмола облыстық аңшылар қоғамы
      ЖШС ӨКФ - жауапкершілігі шектеулі серіктестік өндірістік коммерциялық фирма