2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
      379, 380, 381, 382-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінiң;

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң   
2005 жылғы 12 желтоқсандағы      
N 1235 қаулысына          
379-ҚОСЫМША         

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2006 жылға арналған
"Статистика саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 2310016 мың теңге (екi миллиард үш жүз он миллион он алты мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi  Заңы ; "Мемлекеттiк әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282  Жарлығы ; "Қызметтiк телефондар мен мемлекеттiк органдар аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217  қаулысы ; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылу, ыстық және суық су және басқа коммуналдық қызметтердi тұтыну нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгінің Ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 1 шілдедегi N 910  қаулысы ; "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк іссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : жүктелген функцияларын барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенi жетiлдiру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
1) мемлекеттiк саясатты жүргiзу және мемлекеттiк статистиканы басқару;
2) ғылыми әдiснама және халықаралық стандарттар негiзiнде бiрыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуiн және жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
4) статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау;
6) мемлекеттік қызметшілердің кәсiби білiктілігін арттыру, өзінің лауазымдық міндеттерін тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес кәсiптiк қызмет саласындағы бiлiм бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмiн, iскерлiгi мен дағдысын жаңарту;
7) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігiнің орталық және аумақтық органдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын жақсарту;
8) Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу, Агенттiктің барлық құрылымдық бөлiмшелерiнде, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдарда жергiлiктi есептеу желiлерінің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/
п

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші
бағдар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың атауы

Бағдарламаны
іске асыру
жөніндегі
іс-шаралар

Іске асыру мер-
зімі

Жауапты 
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  


Статистика
саласын-
дағы
уәкiлеттi
органның
қызметiн
қамтамасыз
ету

  

  

  

2

  

001

Орталық 
органның
аппараты

Қазақстан Республи-
касы Статистика
агенттiгiнiң орталық
аппаратын бекiтілген
штат санының лимитi
шегiнде ұстау.
Бекiтілген тиiстiлік
нормативiне сәйкес
қызметтiк автокөлiк-
тi ұстау.

жыл бойына
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

3

 

002

Аумақтық
органдар-
дың
аппарат-
тары

Қазақстан Республи-
касы Статистика
агенттiгiнiң аумақтық бөлiмшеле-
рiн бекітілген штат
санының лимитi
шегінде ұстау.
Бекiтілген тиiстiлік
нормативiне сәйкес
қызметтiк автокөлiктi ұстау.

жыл бойына

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

4

 

007

Мемлекет-
тiк қызметшi-
лердiң
бiлiктiлi-
гiн
арттыру

Статистика органда-
рының бекітілген
бiлiктiлiгін арттыру
жоспарына сәйкес
мемлекеттік қызметші
-лердiң бiлiктiлiгiн
арттыру бойынша
көрсетілетiн мына
бағыттағы қызмет-
тердi сатып алу:
1) экономикалық
статистика;
2) әлеуметтік
статистика;
3) демографиялық
және әлеуметтік
статистика.
Тiлдердi оқыту:
мемлекеттік, ағылшын тiлдерi.

жыл бойына

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

5

 

008

Мемлекет-
тiк
орган-
дардың
ғимарат-
тарын,
үй-жайлары
мен
құрылыс-
тарын
күрделi
жөндеу

Шығыс Қазақстан,
Павлодар, Солтүстiк
Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан облыста-
рындағы және Семей
қаласындағы статис-
тиканың аумақтық
органдарының әкiмшілiк үйлерiнде
күрделi жөндеу
жұмыстарын жүргізу.

жыл бойына

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

6

 

009

Мемлекет-
тiк
органдарды
материал-
дық-техни-
калық
жарақтан-
дыру

Қазақстан Республи-
касы Статистика
агенттiгiнiң орталық
аппараты үйiне 3
лифт сатып алу,
бөлшектеу, құрастыру
және диспетчерлен-
дiру.

жыл бойына

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

7

 

017

Ақпараттық
жүйелердiң
жұмыс 
iстеуiн
қамтамасыз
ету және
мемлекет-
тiк орган-
дарды
ақпараттық
-техника-
лық
қамтамасыз
ету

Шығыс материалдарын,
жинақтаушы және
қосалқы бөлшектер
сатып алу.
Лицензиялық бағдар-
ламалық өнiмдердi
техникалық қолдау.
Ақпараттық жүйе мен
жергiлiктi мiндет-
тердi сүйемелдеу
және пайдалану.
Жүйелер мен 
желілерге тұрақты
қызмет көрсету.
Есептеу техникасының
құрал-жабдықтарына
техникалық қызмет
көрсету.
Телекоммуникациялық
қызметтер.
Есептеу техникасын
сатып алу.

жыл бойына

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тікелей нәтиже: бекiтiлген штат санының лимитiне сәйкес Агенттiктiң орталық аппаратын 186 бірлік көлемінде және оның аумақтық органдарын 4040 бiрлiк көлемiнде ұстау, Қазақстан Республикасының жеке, заңды тұлғаларынан, Қазақстан Республикасының аумағында өзiнің қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар - резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнен статистикалық есептер жинау; мемлекеттік тiлге оқыту - 393 адам, олардан орталық аппарат - 74 адам, аумақтық органдар - 319 адам; кәсiби деңгейiн арттыру - 577 адам, олардан орталық аппарат - 64 адам, аумақтық органдар - 513 адам, соның ішінде: ағылшын тiлiне оқыту - 30 адам, олардан орталық аппарат - 30 адам. 
Түпкiлiктi нәтиже: жүктелген функцияларын барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенi жетiлдiру; мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби деңгейiн арттыру қажеттілiгiн 12,9%, мемлекеттiк қызметшілердiң мемлекеттiк тiлдi оқу қажеттiлiгін 9,8% және мемлекеттiк қызметшiлердiң ағылшын тiлiн оқу қажеттiлігiн 0,7% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиiмдiлігі: Агенттiк пен оның аумақтық органдарының қызметiн жақсарту; орталық аппараттың бiр мемлекеттiк қызметшiсiн қаржы-шаруашылық ұстау - 1057,0 мың теңге; аумақтық органдардың бiр мемлекеттік қызметшiсiн қаржы-шаруашылық ұстау - 479,2 мың теңге; статистика органдарының штаттан тыс бiр қызметкерiн қаржы-шаруашылық ұстау - 184.0 мың теңге; бiр мемлекеттік қызметшінiң мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 11,34 мың теңге; бiр мемлекеттік қызметшiнi біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 7,58 мың теңге, соның iшiнде: бiр мемлекеттiк қызметшiнің ағылшын тiлiне оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 7,58 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес жыл бойына.
Сапасы: қызметкерлердi оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгiзу негiзiнде статистикалық деректердiң сапасын арттыру; кәсiби мемлекеттiк қызмет талаптарына сай, қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттiк қызметшілердiң кәсiби деңгейiн арттыру, олардың нәтижелерi бойынша: мемлекеттiк тілге оқыту курсын өткеннен кейiн iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргізетін мемлекеттік қызметшілердiң үлесi - 2,0%, ағылшын тіліне оқыту курсын өткеннен кейiн ағылшын тіліндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшілердің үлесi - 4,0%, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткеннен кейiн жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi - 5,0% артады деп жорамалданады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 18 желтоқсандағы     
N 1235 қаулысына        
380-ҚОСЫМША       

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2006 жылға арналған
"Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 876495 мың теңге (сегiз жүз жетпiс алты миллион төрт жүз тоқсан бес мың теңге).
       2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 шiлдедегі  N 910  қаулысы; "Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнің, "Қазпатент" және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552  қаулысы ; "Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1164  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, экологиялық дамуы туралы статистикалық деректердi өңдеу және тарату, статистикалық құралдарды көбейту және жiберу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : статистикалық деректердi өңiрлiк және республикалық деңгейде өңдеу, сапасын бақылау және қалыптастыру; мемлекеттiк органдарды және жұртшылықты статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; статистикалық есептiлiк бланкiлерiн дайындау және көбейту; талдау жұмыстарын жүргiзу; статистика салалары бойынша iрiктеп зерттеулер жүргiзу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/
п

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші
бағдар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың атауы

Бағдарламаны
іске асыру
жөніндегі
іс-шаралар

Іске асыру мер-
зімі

Жауапты 
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  


Статисти-
калық
ақпаратты
өңдеу және
тарату

Статистикалық
деректердi өңiрлiк
және республикалық
деңгейде өңдеу,
бақылау және қалыптастыру.
Статистика агенттiгi
Статистикалық
құралдарды көбейту
және жiберу.
Статистикалық
жарияланымдарды
өңiрлік және
республикалық
деңгейлерде
дайындап шығару,
көбейту және тарату.
Талдау жұмыстарын
жүргізу.
Үй шаруашылықтарына,
жер учаскесi
иелерiне, мәдениет
объектiлерiне, сауда
орындарына, құю стансаларымен
кәсiпорындарға
iрiктеп зерттеу
жүргiзу.

жыл бойына
 
 
 
 
 
жыл бойына
 
жыл бойына
 
 
 
 
 
жыл бойына
 
жыл бойына

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже: статистикалық есептiлiк көрсеткiштерiн 100% өңдеу.
Статесептiлiк пен нұсқаулық нысандарының 12 млн. данасын шығару. Жарияланымдарды республикалық және өңiрлер деңгейлерде дайындау. 25 талдамалы жұмыстар жүргiзiледi. Үй шаруашылықтарына, участке иелерiне, мәдениет объектiлерiне, сауда орындарына, құю стансаларына және кәсiпорындарға Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемде зерттеу жүргiзу.
Түпкiлiктi нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдау ақпаратымен уақытылы қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиiмдiлiк: пайдаланушыларды статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етудi жетілдiру.
Уақытылығы: ақпараттық жүйенi пайдаланушылар санын жыл iшiнде 10%-ға өсiру.
Сапасы: пайдаланушыларды уақытылы және сапалы статистикалық ақпаратпен электрондық түрде немесе қағаз тасымалдаушыда қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына         
381-ҚОСЫМША        

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2006 жылға арналған
"Мемлекеттiк статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 24437 мың теңге (жиырма төрт миллион төрт жүз отыз жетi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi  Заңы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттарға ұлттық деңгейде бейiмделген әдiснамасы мен әдiстемесiн әзiрлеу және енгізу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : статистиканың әр түрлi салаларында әдiснамалар әзiрлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/
п

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші
бағдар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың атауы

Бағдарламаны
іске асыру
жөніндегі
іс-шаралар

Іске асыру мер-
зімі

Жауапты 
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  


Мемлекет-
тiк статистика
саласында-
ғы қолдан-
балы
ғылыми
зерттеулер

14 тақырып бойынша
мемлекеттiк
статистиканы қалыптастыру әдіснамасы саласында
ғылыми зерттеулер
жүргізу, соның
iшiнде:
1) статистикалық
байқаулар жүргiзу
процестерін
оңтайландыру бойынша
ғылыми негізделген
ұсынымдарды талдау,
жетiлдiру және
әзiрлеу;
2) мемлекеттік 
статистикалық
тiркелiмдi жүргізудi
оңтайландыру бойынша
ғылыми негізделген
ұсынымдарды талдау,
жетілдiру және
әзiрлеу;
3) статистикалық
ақпаратты ұсыну және
таратудың әлемдiк
практикаға сәйкес
ақпараттық қызмет
көрсетуiн жетiлдiру
бойынша зерттеулер;
4) ұлттық шоттар
жүйесiн қалыптасты-
рудың технологиялық
процесiн жетiлдiру
бойынша зерттеулер;
5) ағымдағы бағаларда "Input-Оutput tables" сызбасы
бойынша салааралық
байланыстарды көрсетудің негізгі
тұжырымдамалық
тәсiлдерiн әзiрлеу;
6) еңбек өнiмдiлiгi-
нің көрсеткіштерiн
қалыптастыру бойынша
халықаралық принцип-
тердi талдау және
енгізу;
7) өнеркәсiп өнiмiнің нақты көлем
индекстерiн өндiрiстің маусымды-
лығын ескере отырып
қалыптастыру бойынша
әдістердi әзiрлеу
және енгiзу;
8) Қазақстан Республикасы өңiрлерi бөлiнісiнде
экономикалық қызмет
түрлерi бойынша ауыл
шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлем
индекстерiн қалыптастыру
жөнiндегi әдiстердi
әзiрлеу және енгiзу;
9) әлемдiк практиканы ескере 
отырып сауда
статистикасының
жаңа көрсеткiштерiн
қалыптастыру бойынша
ғылыми-әдіснамалық
негiз құру;
10) баға индексiнiң
шамасына жекелеген
құрамдастардың баға-
ның өсуi немесе түсуiндегi үлесiн
анықтаудың ғылыми негiзделген тәсiлдерiн әзiрлеу
бойынша зерттеулер;
11) есептелген жалақы мөлшерлерi
бойынша қызметкерлер
санын бөлу қатарларын құрудың
ғылыми негізделген
критерийлерi мен
әдістерiн әзірлеу;
12) әлеуметтiк-
экономикалық қызмет
типтерiнiң сыныптамасы. Әлеуметтiк топтарды
бөлiп көрсету
(жұмыстың жалғасы);
13) халықтың
статистикалық
тіркелімін құру және
жүргізу бойынша
ғылыми негізделген
ұсынымдар әзiрлеу;
14) халықтың
әл-ауқатын зерттеу
және кедейлiк шегін
анықтау.
Мемлекеттiк ғылыми-техникалық
сараптама жүргізу
жөнiндегі қызметке
ақы төлеу.

жыл бойына
 
 
 
 
 
 
жел-
тоқсан
 
 
 

 
 
қараша
 
 
 
 
 
 
 
қазан
 
 
 
 
 
 
желтоқсан

 
 
қараша
 
 
 
 
 
 
 
 
қазан
 
 
 
 
 
жел-
тоқсан
 
 
 
 
 
 
қараша
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
қазан
 
 
 
 
 
 
 
жел-
тоқсан
 
 
 
 
 
 
 
қараша
 
 
 
 
 
 
 
қазан
 
 
 
 
 
 
жел-
тоқсан
 
 
 
 
қараша
 

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 14 тақырып бойынша мемлекеттiк статистиканы қалыптастыру әдiснамасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер, олардан 5 тақырып қолданыстағы әдiстемелердi жетiлдiру және 9 тақырып мемлекеттiк статистика көрсеткiштерiн қалыптастыру жөнiндегi әдiснаманы құру бойынша жүргiзу.
Түпкiлiктi нәтиже: ғылыми негiзделген, соның ішінде халықты есепке алу, еңбек статистикасы, тұрмыс деңгейi статистикасы, электрондық сауда статистикасы, ұлттық шоттар жүйесiнде, құрылымдық, қысқа мерзiмдi статистика және бағалар статистикасы саласында 1-2-ден әдiстемелер жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бiр тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 1745,5 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: орындалған iс-шаралардың белгiленген мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: статистика әдiснамасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу ұлттық деңгейге 9 еуропалық стандартты, оларды кезең-кезеңмен енгізу мақсатында бейiмдеуге мүмкiндiк бередi. Бұл халықаралық деңгейде мемлекеттiк статистика деректерiнiң салыстырымдылығын арттыруды, яғни деректер сапасын арттыруды қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2005 жылғы 12 желтоқсандағы    
N 1235 қаулысына        
382-ҚОСЫМША       

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2006 жылға арналған
"Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 642665 мың теңге (алты жүз қырық екi миллион алты жүз алпыс бес мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi  Заңы ; "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 463  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргiзу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830  қаулысы ; "Қазақстан Республикасындағы 2005-2008 жылдарға арналған бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесетiн республикалық комиссия, Бiрінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 15 ақпандағы N 247 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1119  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты :
шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң мониторингiн қамтамасыз ету;
санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзiрлеу кезiнде базистiк шама ретiнде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негiзгi сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу;
кейiнгi ауыл шаруашылығының iрiктемелi зерттеулерiн жүргізу үшiн байқау объектiлерiнің негiзгi жиынтығын құру;
шағын шаруашылық жүргiзушi бiрлiктер (жеке тұлғалар) және шаруашылықтың құрылымдық белгiлерiнiң топтамалары туралы деректер алу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :
барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердiң толық сандық және сапалық сипаттамаларын алу;
экономиканың аграрлық секторын басқаруды нақты ақпараттық-статистикалық қамтамасыз етудi құру;
қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету;
санақ деректерiнің қоры негізiнде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты пайдалануды оңтайландыру;
жиналған статистикалық деректердi сапалы өңдеу мен талдауды және оларға пайдаланушылардың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N п/
п

Бағ-
дар-
лама коды

Кіші
бағдар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың атауы

Бағдарламаны
іске асыру
жөніндегі
іс-шаралар

Іске асыру мер-
зімі

Жауапты 
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005

  


Ауыл шаруашылы-
ғы санағын
жүргiзу

Ауыл шаруашылығы
санағының дайындық
жұмыстарын бiрiншi
кезеңiн жүргiзу
соның iшiнде:
штаттан тыс
қызметкерлердiң
және санақ бойынша
тартылған қызметкерлердің
еңбегіне, iссапар
шығыстарына,
коммуналдық және
көлiк қызметiне,
байланыс қызметiне
ақы төлеу;
оқытып-үйрету семинарларын жүргiзу;
бұқаралық-түсiндiру
жұмыстарын (БАҚ-қа
хабарландырулар беру, буклеттер) ұйымдастыру;
санақ құралдарын
дайындау;
картографиялық
материалды дайындау;
үй-жайлар жалдау;
санақ жүргізуге,
деректерді өңдеуге  
арналған бағдарлама-
лық өнiмдi сүйемелдеу, көбейту;
өзге де тауарлар
(кеңсе тауарлары, 
қағаз, санақ
мүкаммалы) сатып алу;
компьютерлер сатып
алу.

жыл бойына
 
 
 
жыл бойына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2,3,4-тоқсан
 
жыл бойына
 
 
 
2-тоқ-
сан
 
1, 2-
тоқсан
2-тоқ-
сан
жел-
тоқсан
 
1, 2-
тоқсан
 
 
 
1, 2-
тоқсан

Қазақстан
Республи-
касы
Статистика
агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының бiрiншi кезеңiнде, 2006 жылдың тамыз-қыркүйегiнде: 2500 жуық ауылдық және кенттiк округтердi; 7600 жуық елдi мекендердi; 9700 ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын, 187 мыңнан астам шаруа (фермер) қожалықтарын; 750 мың саяжай учаскелерiн; екi миллионнан астам үй шаруашылықтарын қамту.
Түпкілiктi нәтиже: "ауыл шаруашылығы" саласын сипаттайтын негiзгi көрсеткiштер алынатын болады: егiстiк алаңдардың құрылымы, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптары бойынша егiстiк алаңдары, жемiс-жидек екпелерi, жүзiмдiктер туралы негізгi мәлiметтер, ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштар енгiзу, инфрақұрылым;
ауыл шаруашылығының негізгi сипаттамалары бойынша жиынтық көрсеткiштердi алу, олар санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзiрлеу кезiнде базистiк шама ретiнде пайдаланылатын болады, сондай-ақ кейiнгi ауыл шаруашылығының iрiктемелi зерттеулерiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы өнімдерiн өндiрумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндiрушілердің негізгi жиынтығын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: санақтың дерекқоры санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзiрлеу кезiнде базистiк шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құрамаларының тіркелімдерін жаңғырту үшiн пайдаланылатын болады.
Уақтылығы: жыл бойына
Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң әрбiр санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Статистикалық байқаудың санақтан басқа ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкiндiгi бар баламалы нұсқалары жоқ.