РҚАО-ның ескертуі: P021429 қаулысын қараңыз.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 602, 603, 604, 605, 606-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
602-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
001 "Әкiмшiлiк шығыстар" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 68760 мың теңге (алпыс сегiз миллион жетi жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453-I Қазақстан Республикасы Заңының
1-30-баптары
; "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы N 575
Жарлығы
; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппаратына жүктелген функциялардың неғұрлым тиiмдi орындалуына қол жеткiзy үшiн оның қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң аппаратын ұстау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 001 Әкімшілік Республикалық Жыл Республикалық
шығыстар бюджеттiң атқары. бойы бюджеттің
001 Орталық луын бақылау атқарылуын
орган жөнiндегi есеп бақылау
аппараты комитетiнiң жөніндегі
орталық аппаратын, есеп комитеті
40 бiрлiк деп
бекiтiлген штат
саны лимитiне сәйкес,
жүктелген функция.
ларын сапалы атқаруы
мақсатында ұстау
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп комитетiне жүктелген функциялардың сапалы әрі дер кезінде орындалуы, органның үздiксiз қызмет етуi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
603-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
010 "Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 144 мың теңге (бір жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының
3-бабы
; "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: өздерінің лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби саладағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін, ептілігі мен шеберлігін жаңғырту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 010 Кадрлардың Біліктілік артты. Жыл Республикалық
біліктілігін рудың бекітілген бойы бюджеттің
арттыру және жоспары бойынша атқарылуын
қайта даярлау мемлекеттік қыз. бақылау
005 Мемлекеттік метшілердің жөніндегі
қызметшілер. біліктілігін есеп комитеті
дің білікті. арттыру жөнін.
лігін арттыру дегі қызметті
сатып алу, соның
ішінде мемлекет.
тік тілді оқыту.
Біліктілігін
арттыру курстары.
нан өтіп жатқан
мемлекеттік қыз.
метшілердің орташа
жылдық саны 28 адам.
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік қазіргі кездегі экономикалық жағдайы мен ресурстық мүмкіндіктеріне сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына жауап берген сапалы түрде оқытудың тиімді жүйесін қалыптастыру және дамыту арқылы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
604-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
500 "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" республикалық бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 1990 мың теңге (бiр миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Мемлекеттiк аппараттың қызметiн жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң ақпараттық жүйесiне қызмет көрсету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне ақпараттық-техникалық қызмет көрсету. Мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 500 Республикалық Ай сайынғы төлем. Жыл Республикалық
бюджеттiң дер, интернетке бойы бюджеттің
атқарылуын қосылғаны үшін атқарылуын
бақылау 23 бірлік санын. бақылау
жөнiндегi дағы пайдаланушының жөніндегі
есеп комите. абоненттiк төлемi, есеп комитеті
тiне ақпарат. cepвepгe әкiмгершiлiк
тық-есептеу жасау, серверде W-сайт
қызметiн орналастыру, W-сайттың
көрсету мазмұнын жаңалап отыру,
жабдыққа техникалық
күтiм жасау және
қызмет көрсету,
кapтридждер және өзге
де шығындық материал.
дар сатып алу.
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп комитетiнiң ақпараттық инфрақұрылымының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, дербес компьютерлердi, локалдi есептеу желiсiн және оның компоненттерiн (серверлердi, желiлiк коммутаторларды және кабельдiк жүйенi), сондай-ақ ұйымдастыру техникасын техникалық жарамды күйде ұстау.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
605-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
600 "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiн есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" республикалық бюджеттiк бағдарламаның
2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 3677 мың теңге (үш миллион алты жүз жетпiс жетi мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Мемлекеттiк аппараттың қызметiн жақсарту бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сырттай бақылаудың ақпараттық-анықтамалық жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, ақпараттық жүйе құру, жұмыс орындарын автоматтандыру, локалдi жүйе құру, мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне бiр мезгiлде ену.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 600 Республикалық портативтi ком. Жыл Республикалық
бюджеттiң пьютер - 11 дана, бойы бюджеттiң
атқарылуын лазерлiк принтер атқарылуын
бақылау жөнiн. - 2 дана, сервер бақылау жөнiн.
дегi есеп - 1 комплект, дегі есеп
комитетiн факс - 2 дана, комитетi
есептеу және FAREwall маршру.
ұйымдастыру тизаторы - 1
техникасымен комплект сатып алу
қамтамасыз ету
------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Есеп комитетiнiң ақпараттық инфрақұрылымының үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, жұмыс орындарын автоматтандыру және кеңейту, локалдi жүйе құру, ақпараттың рұқсатсыз енуден, сондай-ақ зиянды бағдарламалардың ("вирустардың") әсерiнен сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне eну, Есеп комитетi қабылдайтын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн және өзара келiсiмдiлiгiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына
606-қосымша
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi)
602 "Қаржылық бақылау объектiлерi бойынша ақпараттық деректер базасын жасау" республикалық бюджеттiк бағдарламаның
2003 жылға арналған
Паспорты
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңы
; "Мемлекеттiк аппараттың қызметiн жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 шiлдедегi N 427
Жарлығы
; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573
Жарлығы
; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан әрi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827
Жарлығы
; "Қазақстан Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: қаржылық бақылау объектiлерi бойынша ақпараттық деректер базасын жасау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзу әдiстерiн жетiлдiру, Комитет қызметкерлерiн, бақылау объектiлерiнiң қаржылық есебiне талдау жасағанда аудитордың жұмысын iшiнара автоматтандыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы экономикалық процесстердi болжау және үлгiге салу, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс әзiрлеу жөнiндегi мiндеттердi орындауға мүмкiндiк беретiн құрал-сайманмен жабдықтау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
р/н!Бағ.!Кіші!Бағдарламаның!Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты
N !дар.!бағ.! атауы !(кіші бағдарлама.! асыру !атқарушылар
!ла. !дар.! !ны) іске асыру !мерзімі!
!ма. !ла. ! !жөніндегі ! !
!ның !ма. ! !іс-шаралар ! !
!коды!ның ! ! ! !
! !коды! ! ! !
------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
------------------------------------------------------------------
1 602 Қаржылық Компьютерлiк аудит Жыл Республикалық
бақылау үшiн қолданбалы бойы бюджеттiң
объектiлерi бағдарламалық атқарылуын
бойынша ақпа. жабдықтауыш жасау, бақылау жөнiн.
раттық дерек. ақпараттық жүйенi дегі есеп
тер базасын тестiлеу және енгiзу, комитетi
жасау 20 маманды жүйенi
пайдалануға үйрету.
-----------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi жүргiзетiн бақылау iс-шаралары нәтижелерiне талдау жасаудың сапасын арттыру, "Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республикалық бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есебiне сапалы бақылау жүргiзу бөлiгiнде толыққанды iске асыру (8-бап, 4-тармақ, 2, 3-тармақшалар).