"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы 1994 жылғы 08 шiлде N 3000

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z942000_ жарияланған кезiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Алдағы уақытта, Қазақстан Республикасының Заңдары "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңға сәйкес келтiргенге дейiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерiнiң осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiктерi қолданыла бередi деп белгiленсiн.
      3. Министрлер Кабинетiне:
      1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Үкiмет шешiмдерiн "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру;
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келетiн өз қалыпты құжаттарын қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз ету тапсырылсын.
      4. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына бақылауды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Денсаулық сақтау жөнiндегi
комитетiне жүктелсiн.
       Қазақстан Республикасы
     Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы