Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы
жарияланған кезiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Алдағы уақытта, Қазақстан Республикасының Заңдары "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңға сәйкес келтiргенге дейiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерiнiң осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiктерi қолданыла бередi деп белгiленсiн.
3. Министрлер Кабинетiне:
1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Үкiмет шешiмдерiн "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру;
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келетiн өз қалыпты құжаттарын қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз ету тапсырылсын.
4. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Денсаулық сақтау жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы