"Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 4000 (1915-XII). Күші жойылды - Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 22 ақпандағы N 528 Заңымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z933000_  жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. 1972 жылғы 21 шiлде Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiнiң "Еңбектi қорғау" деген ХI тарауының күшi жойылды деп танылсын (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1972 ж., N 31, қосымша; 1980 ж., N 24; 1983 ж., N 46, 500-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1988 ж., N 27, 277-құжат).
      3. Алда Қазақстан Республикасының заңдары "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрiлгенге дейiн олар осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң "Еңбектi қорғау

туралы" Заңға сәйкес келтiрiлуiн;

     - Заңға сәйкес келмейтiн немесе қайшы келетiн нормативтiк

актiлердi қайта қарап, күшiн жоюды;

     - осы Заңнан туындайтын тиiстi нормативтiк актiлердi әзiрлеп,

бекiтудi;

     - "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын

практикалық iске асыру механизмiн қамтамасыз ететiн тиiстi

бағдарламалар мен шаралар кешенiн әзiрлеудi қамтамасыз ететiн

болсын.

     Қазақстан Республикасы

   Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы