1. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z933000_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. 1972 жылғы 21 шiлде Қазақ КСР Заңымен бекiтiлген Қазақ КСР-iнiң Еңбек туралы заңдар кодексiнiң "Еңбектi қорғау" деген ХI тарауының күшi жойылды деп танылсын (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1972 ж., N 31, қосымша; 1980 ж., N 24; 1983 ж., N 46, 500-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1988 ж., N 27, 277-құжат).
3. Алда Қазақстан Республикасының заңдары "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрiлгенге дейiн олар осы Заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң "Еңбектi қорғау
туралы" Заңға сәйкес келтiрiлуiн; - Заңға сәйкес келмейтiн немесе қайшы келетiн нормативтiк актiлердi қайта қарап, күшiн жоюды; - осы Заңнан туындайтын тиiстi нормативтiк актiлердi әзiрлеп, бекiтудi; - "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын практикалық iске асыру механизмiн қамтамасыз ететiн тиiстi бағдарламалар мен шаралар кешенiн әзiрлеудi қамтамасыз ететiн болсын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы