"Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы 1993 жылғы 27 қазан N 3400. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.30. N 340 Заңымен.~Z980340

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi:
      1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z932900_ жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан Республикасының заң құжаттарын "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Жекелеген

қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы"
Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтiрсiн;
     аталған Заңды жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн қажеттi
шешiмдер қабылдайтын болсын.

     Қазақстан Республикасы
   Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы