Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 27 қазан N 2900. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.30. N 340 Заңымен. ~Z980340

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жыл сайын қаңтар-наурыз айларында тiркеу жылында 17 жасқа толған азаматтарды, сондай-ақ бұрын тiркеуден өтпеген, бұл жастан асқан азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркейтiн болсын. 
      2. Жергiлiктi әкiмдер: 
      әскери комиссариаттармен бiрлесiп азаматтарды шақыру учаскелерiне тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
      тiркеу жөнiндегi тиiстi комиссияларды құрып, оларға жұмыс iстеу үшiн жабдықталған үй-жайлар беретiн болсын; 
      тiркеу жөнiндегi комиссияларға қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер, қызмет көрсететiн адамдар және көлiк бөлсiн. 
      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес тiркеудi өткiзу кезеңiнде техникалық қызметкерлердiң, қызмет көрсетушi адамдардың еңбегiне ақы және көлiк шығындарын төлеу жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен жасалсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi: 
      тiркеу кезеңiнде жергiлiктi iшкi iстер органдарының әскери комиссариаттармен өзара бiрлесiп iс-қимыл жасауын ұйымдастырып шақыру учаскелерiнде тәртiп пен реттiлiктi қамтамасыз ететiн болсын; 
      республиканың бүкiл аумағында азаматтардың шақыру учаскелерiне келуiне бақылау жасап, азаматтардың шақырудан жалтару әрекеттерiне жол бермесiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi: 
      тiркеуге жататын азаматтардың медициналық жарамдылығын анықтау үшiн әскери комиссариаттардың өтiнiмдерi бойынша дәрiгерлер-мамандар бөлiп отырсын;
      шақыру учаскелерiн қажеттi медикаменттермен, аспаптармен және медициналық мүлiкпен жасақтайтын болсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi