"Салық төлеушінің (салық агентінің) билік Етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар берешегі есебіне өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 15 қазандағы № 281 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 86 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар берешегі есебіне өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 15 қазандағы № 281 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6561 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарында № 1 жарияланаған, 2011 жыл (таралымның шығу күні 2011 жылғы 25 ақпан) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмелерін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне мәлімет үшін жолдауды;
      2) осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                               Б. Имашев