«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 38 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 20 қаңтарда № 5559 тіркелді, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1465) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә. Жұмаділдаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі Б. Сұлтанов