"Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығының, "Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 350 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 193 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) «Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 16 тамызда № 6398 болып тіркелген, «Казахстанская правда» 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 234 (26295) газетіне жарияланған);
      2) «Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 350 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 17 тамызда № 7849 болып тіркелген «Юридическая газета» 2012 жылғы 11 қыркүйекте № 135 (2317) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                                     Б. Жәмішев