"Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 350 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7849 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 193 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 15.04.2013 № 193 бұйрығымен.

      Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тетігін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 385 бұйрығына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 6398 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 234 (26295) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін:
      Осы аталған бұйрықпен бекітілген қосылған құн салығының артуын қайтару мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Талдамалық есептің нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда, ҚҚС артық сомасын қайтару тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарының анықталуына байланысты, қайтаруға жатпайтын ҚҚС артық сомасына азайтылған, қайтаруға қойылған сомалардың шегінде жүргізіледі.
      Бұл ретте, қайтаруға жататын ҚҚС артық сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
      1) салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді;
      2) мына сомалардың ең азы белгіленеді:
      осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы
      және
      тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы;
      3) қайтаруға ұсынылған ҚҚС артық сомасынан осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тәртіпте айқындалған ҚҚС сомасы шегеріледі.
      Қайтаруға жатқызылған ҚҚС артық сомасын айқындау мысалдары осы Нұсқаулықтың 5, 6-қосымшаларында келтірілген.»;
      «12. ҚҚС артықшылығының қалған сомасын қайтару Салық кодексінің 635-бабының 10-тармағында және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 11-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің осы соманы келесі салық кезеңіндегі ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген қайтару туралы талабына енгізу және (немесе) бұзушылықтары жойылған тиісті салық кезеңіндегі ҚҚС артықшылығын қайтару туралы салық өтінішін ұсыну жолымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің салық заңнамасын бұзушылықтарын жоюына қарай жүргізіледі. Бұл ретте, қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларының дұрыстығын растау бойынша тексеруді жүргізуге жауапты салық органының лауазымды тұлғасы міндетті түрде осындай жеткізушілер бойынша талдамалық есептің нәтижелерін талдайды.»;
      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 1-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;
      Нұсқаулық, осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық, бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2012 жылғы 25 шілдедегі 
№ 350 бұйрығына     
1-қосымша        

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша          

Қосылған құн салығының артуын қайтару туралы талаптарды
(салықтық өтініштерді) қарау кезінде салық қызметі органдары
қолдануы тиіс тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері

№№
р.с.

Өлшемдердің атауы

Балл саны

1.

Соңғы күнтізбелік жылға Республика бойынша қалыптасқан салық жүктемесінің коэффициентінің (бұдан әрі - СЖК) орташа салалық мәнінен төмен салық төлеушінің СЖК

10

2.

Кезекті үш жыл бойына салық төлеуші көрсеткен залал

10

3.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезең үшін екі еседен аса азайтуға ҚҚС бойынша қосымша есептілік табыс ету

10

4.

Соңғы 3 жылда ҚҚС бойынша есепке жатқызудың тұрақты асып кетуі

5

5.

Салық төлеушіге ұзақ уақыт бойы (үш жылдан аса) кешенді салық тексеруі жүргізілмеген

5

6.

Соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын өзара байланысты тараптардың өзара есеп айырысуларының болуы

5

7.

Соңғы 5 жылда күмәнді мәмілелерді жүзеге асыру (жалған кәсіпорындармен, салық есептілігін табыс етпейтін немесе нөлді салық есептілігін табыс ететін, сондай-ақ әрекетсіз, ҚҚС бойынша есептен шығарылған, таратылған және банкрот салық төлеушілермен)

35

8.

Тіркеу есебінің көрсеткіштеріне сәйкес салық міндеттемелерін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы бар салаларда қызметін жүзеге асыру (құрылыс, сауда)

10

9.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезеңде камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған расталған бұзушылықтардың болуы

5

10.

Соңғы 5 жылда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу бағасынан төмен бағада өткізу (қолда бар ақпараттар бойынша, оның ішінде алдыңғы салық тексерулері бойынша)

10

11.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезеңде шығарып берілген № 10 хабарламаның болуы

5

12.

ҚҚС артуын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) табыс етілген күннің алдындағы он екі айлық кезеңде мынадай фактілердің бірінің немесе бірнешеуінің болуы:
ҚҚС артуын қайтару туралы талап қамтылған ҚҚС бойынша бастапқы декларацияны табыс ету;
Салық төлеушінің қайта тіркелуі;
Салық төлеушінің орналасқан орнын ауыстыруы

10

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2012 жылғы 25 шілдедегі 
№ 350 бұйрығына     
2-қосымша        

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша          

Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

      Салық заңнамасын бұзушылығы белгіленген әрбір салық төлеушіден бастап ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талап (салықтық өтініш) қойған ҚҚС төлеушіге дейін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілердің есепке жатқызылған ҚҚС сомаларынан ең азы белгіленеді – 150 м.т.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2012 жылғы 25 шілдедегі 
№ 350 бұйрығына     
3-қосымша        

Қосылған құн салығының  
артуын қайтару мақсатында 
Тәуекелдерді басқару жүйесін
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша          

Қайтаруға жататын ҚҚС артуының сомаларын айқындау мысалы

      Қайтаруға ұсынылған ҚҚС артуының сомасынан мына сомалардың ең азы алынып тасталады: осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған ҚҚС сомаларының қосындысынан қалыптасқан ҚҚС сомасы және тікелей өнім берушіден, ҚҚС артықшылығын қайтару туралы талапты (салықтық өтініш) ұсынған ҚҚС төлеушісі есепке жатқызған ҚҚС сомасы - 1 000 м.т.