«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 215 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 4807 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені журналында жарияланған 2007 жылғы № 11, 288 құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев