Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 18-03/462 бұйрығы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Балық аулаудың кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлері мен тәсілдерін (эксперименттік аулау тәртібімен) қолдануға арналған рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 наурыздағы № 163 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 сәуірде № 6161 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 7 тамызда № 13 болып жарияланған);
      2) «Шетелдіктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 30
сәуірдегі № 16-02/213 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде 2012 жылғы 25 маусымдағы № 7679 болып тіркелген) күші
жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және олар бұрын жарияланған ресми басылымдарға жолдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Мамытбеков