«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мына бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы» 2006 жылғы 26 шілдедегі № 275 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4329 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2006 жылғы 3 қарашада № 193 (1173) жарияланған):
2) «Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» 2008 жылғы 1 ақпандағы № 54 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5131 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында, 2008 жылғы 10 маусымында № 6; жарияланған);
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың есептілікті беру тізбесін, нысандары мен мерзімділігін бекіту туралы» 2006 жылғы 26 шілдедегі № 275 және «Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы» 2008 жылғы 1 ақпандағы № 54 бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 19 наурыздағы № 116 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5623 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 8 мамырында № 66 (1666) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов):;
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министірлігіне жіберсін;
2) осы бұйрықтың мерзімді басылымдарда ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. Жәмішев