Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 02-01-02/88 бұйрығының күші жойылды ден тану және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 02-01-02/113 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 02-01-02/78 Бұйрығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысын күші жойылды деп тануына байланысты, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 02-01-02/88 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің кадрлар басқармасының ақпараттық жүйесі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2541 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 3 қыркүйектегі № 02-01-02/113 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4920 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрығына қосымшасында 4-тармағы алынып тасталсын.
      3. Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Хайдаров А.Ш.) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен жіберсін.
      4. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                      Қ. Нұрпейісов