Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 8 маусымдағы N 297 бұйрығы

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мынадай:
      1) "Қазақстан Республикасы халқының жекелеген санаттары мен тұлғаларын жеңілдікті медициналық қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 1993 жылғы 25 қаңтардағы N 29 бұйрықтың;
      2) "Қазақстан Республикасы халқына көрсетілетін жедел және кезек күттірмейтін жәрдемді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 756 бұйрығының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегия. және денсаулық сақтау саласын дамыту департаментінің директоры (А.Айдарханов) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Б. Садықов