Қазақстан Республикасы халқына көрсетілетін жедел және кезек күттірмейтін жәрдемді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 16 тамыз N 756 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 24 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1631. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 8 маусымдағы N 297 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.06.08 N 297 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы тұрғындарына көрсетілетін жедел және кезек күттірмейтін жәрдемді жетілдіру және көрсетілетін жәрдем сапасын жоғарылату, оның нормативті-құқықтық негізін күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қосымшалар бекітілсін: 1) жедел және кезек күттірмейтін жәрдем станциясы (бөлімінің) қызметінің ережесі; 2) жедел және кезек күттірмейтін жәрдем шақыру ережесі. 2. Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары: 1) осы бұйрық ведомствоға қарасты құрылымдарға таратылсын және орындалсын; 2) осы бұйрыққа сәйкес аймақтық директивалы құжаттар келтірілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР денсаулық сақтау істері жөніндегі Агенттік төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін. Төраға "Келісілген " "Келісілген" "Бекітілген" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Төтенше жағдайлар Денсаулық сақтау ісі міндетін атқарушы жөніндегі жөніндегі агенттігінің әділет генерал-майоры агенттігі төрағасы 2001 жылғы 16 тамыздағы N 756 бұйрығы Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы (бөлімшелері) туралы ЕРЕЖЕ 1. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы ересек және жас тұрғындардың өміріне қауіп төндіретін жағдай туындағанда, бақытсыздыққа, ауыр науқасқа ұшырағандарға оқиға болған жерде және жол бағытында тәулік бойы ақысыз медициналық жәрдем көрсететін мекеме болып табылады. 2. Ұйымның негізгі принциптері мыналар: 1) тұрғындардың қолы жетерліктей болу; 2) жұмыстағы жеделдік және жәрдемнің уақытылы болуы; 3) көлемнің толықтығы және жоғары санат; 4) медициналық мекемелерді еш қарсылықсыз госпитализациямен қамтамасыз ету.
      3. Медициналық жәрдемде "шұғыл" деген түсінік сын көтермейтін жағдайда, жедел диагностикалауды және емдеуді талап ететін ішкі және сыртқы факторлардың арқасында күтпеген жерден туындаған, барлық кезек күттірмейтін патологиялық жағдайды жедел жою.
      4. "Кезек күттірмейтін жағдай" деген түсінік өмірге қауіп төндіретін және денсаулықтың күрт төмендеуіне әкеліп соқтыратын, адам ағзасында болатын патологиялық өзгерістерді анықтайды. Оларды емдеуде кезек күттіртуге болмайтын шұғыл емдеу шараларының жиынтықтылығы талап етіледі.
      5. Осыған байланысты бригадалардың шығу уақыты реттеледі:
      1) жедел медициналық жәрдем бойынша - 4 минутқа дейін;
      2) шұғыл тасымалдау жөнінде - 30 минутқа дейін;
      3) жоспарлы тасымалдау бойынша - 90 минут ішінде.
      6. Шұғыл жәрдем көрсетілген патологиялық жағдайлардың негізгі түрлерін анықтай білу қажет:
      1) уақытылы медициналық жәрдем көрсетілмесе өлімге әкеліп соқтыратын, өмірге тікелей қауіп бар;
      2) өмірге тікелей қауіп жоқ, бірақ патологиялық тұрғыдан қарағанда қауіпті кезең кез-келген уақытта туындауы мүмкін;
      3) өмірге тікелей қауіп жоқ, бірақ науқастың сырқатын жеңілдету қажет;
      4) науқастың өміріне қауіп төнбесе де, ұжымның мүддесі үшін жедел жәрдем қажет.
      7. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы тұрғындары 30 мыңнан асатын қалаларда, аудан орталықтарында ұйымдастырылады және жеке емдеу-профилактикалық мекеме болып табылады немесе құрылымдық бөлімше құқығымен қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының құрамына кіреді.
      Тұрғындар аз қалаларда қалалық, аудандық, орталық және басқа да ауруханалардың жанынан жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем бөлімшесі ұйымдастырылады.
      Әр қалада бір ғана жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы немесе бөлімшесі болады. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясына бас дәрігер жетекшілік етеді. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем подстанциялары мен бөлімшелері бөлім (подстанция) меңгерушілері басқарады.
      8. Үлкен қалаларда немесе аудан орталықтарында жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының құрамында подстанция ұйымдастырылады. Подстанцияның қызмет көрсету аумағы жергілікті денсаулық сақтау органдарымен немесе бас дәрігердің ұсынуы бойынша белгіленеді.
      Подстанциялар көлікпен 15 минөтте жететіндей есеп бойынша ұйымдастырылады. Подстанцияның қызмет ету аймағы тұрғындардың санына, тығыздығына және жас ерекшелігіне қарай, үйлердің орналасуына, ауданда өндірістік кәсіпорындардың немесе үлкен ауылшаруашылық кешендерінің тығыздығына, транспорттық магистральдардың жағдайына, жүргіншілердің көптігіне т.с.с. байланысты белгіленеді.
      9. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станцияларында (бөлімшелері) шұғыл медициналық жәрдем бағыттық бригадалармен жүзеге асырылады.
      Тұрғындары 70 мыңнан асатын қалалар мен аудан орталықтарында балаларға қызмет көрсететін бригада, 100 мыңнан асатын тұрғыны бар қалаға психиатриялық бригада бөлінеді. Сонымен қатар созылмалы психикалық науқастыларға шұғыл жәрдем бригадасы ұйымдастырылады. Қажеттілікке қарай босанатындарды тасымалдайтын машиналар бөлінеді.
      10. Шұғыл жәрдем көрсету үшін станция дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері бар дәрігерлік бригада жібереді. Бригада (дәрігерлік, фельдшерлік) жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) бір ауысылымда жұмыспен қамтамасыз ететін штаттық нормативтерге сай ұйымдастырылған қызметтік бірлік болып табылады.
      11. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы (бөлімше) 100 мың адамға арналған екі кірісті қалалық телефон байланысымен, шығу бригадасымен, емдеу-профилактикалық мекемелермен, милиция, МАИ, өртке қарсы қызметпен, ТЖ қызметімен тікелей байланыса алатын радиобайланыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
      12. Интенсивті бригаданы бағыттау дәрігерлердің, орта медициналық қызметкерлердің шақыруымен немесе тұрғындар тарапынан шақыртылады.
      13. Интенсивті терапия бригадасын шақыртқан медициналық қызметкерлер шақыртылған бригада келгенше барлық медициналық шараларды жасауы тиіс.
      14. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы (бөлімшесі) немесе подстанциясы жәрдем сұраған науқастарға немесе зардап шеккендерге шұғыл медициналық жәрдем көрсетуі тиіс.
      15. 500 мыңнан астам тұрғыны бар қалада жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы науқастар легін тиімді орналастыру мақсатында стационарлардағы, перзентханалардағы және басқа да емдеу-профилактикалық мекемелердегі бос орындарды есепке алып госпитализация бөлімдері ұйымдастырылады.
      16. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) бригадаларымен жеткізілген науқастар және зардап шеккендер стационардың қабылдау бөлімінде кідіріссіз қаралады және қажеттілікке қарай стационарда бос орын болмасада госпитализацияланады.
      17. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшелерінің) автокөліктерінің белгіленген нормативтермен белгіленген айырым белгілері болуы керек (жарық маягімен, дыбыс шығарғышпен арнайы жабдықталуы).
      18. Санитарлық көлік жұқпалы аурумен ауырған адамды тасымалдаса, ауруды қабылдаған аурухана көлікке дезинфекция жүргізуге міндетті.
      19. Жұмыстың ерекшелігіне қарай, жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) қызметкерлері жыл маусымына қарай арнайы киіммен жабдықталады.
      20. Зардап шеккендерді (жаппай зардап шеккендерді, апаттан, төтенше жағдайларда) медицинамен қамтамасыз ету үшін жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы (бөлімшесінде) бір айға жететін тану материалдарымен, дәрі-дәрмектермен, жұмсақ және қатты мүлікпен, тасығыштармен, сонымен қатар тоқ болмаған жағдайда жарық беретін құралдармен және басқада арнайы тағайындалған заттармен қамтамасыз етілуі қажет.
      21. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы немесе бөлімшесі үшін бюджеттен бөлінген қаражат шегінде, қала және ауылдың әр 10000 тұрғынына тасығышы бар 1 санитарлық автокөлік бөлінеді.
      22. Шақырту саны жылына 75 мыңнан асатын жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының шығуын бақылау үшін жылына арнайы жабдықталмаған бір машина бөлінеді.
      Жылына шақыртулары 500 мыңнан асатын станцияларға осы мақсаттар үшін екі машина бөлінеді.
      Одан әрі жылына 250 мың шақыртылымға бір машина бөлу жеткілікті.
      23. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) жұмысы Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
      24. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы (бөлімшесі) өз жұмысына есепті Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Агенттігімен бекітілген үлгілер бойынша жасайды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистикасымен бекітілген үлгілермен есеп береді.
      Табиғи және техногендік сипаттағы табиғи апаттар туындағанда немесе тұрғындарды уақытылы емдеу-қоныс аудару, медициналық-санитарлық, эпидемияға қарсы жәрдеммен қамтамасыз ету шараларын өткізу қажет болған жағдайда, жедел және кезек күттірмейтін жәрдем станциясы (бөлімі) ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің және оның аумақтық органдарын тікелей басшылығымен Республикалық апат медицинасы Орталығының бөлімшелерімен бірігіп жұмыс істейді.
      25. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясы (бөлімшесі) жұмысқа жарамсыздық туралы анықтама, сот медициналық қорытынды бермейді, мас адамға экспертиза жүргізбейді, сонымен қатар науқасқа және оның туыстарына ешқандай да анықтама бермейді. Өзі келген науқасқа немесе телефон арқылы байланысқандарға медициналық жәрдем көрсетілгендігі туралы ауызша анықтама береді. 26. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) қызметін жоспарлау, штатын айқындау, қаржыландыру, құралдармен, қондырғылармен, шаруашылық мүліктермен жабдықтау қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. "Келісілген " "Келісілген" "Бекітілген" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Төтенше жағдайлар Денсаулық сақтау ісі міндетін атқарушы жөніндегі жөніндегі агенттігінің әділет генерал-майоры агенттігінің төрағасы 2001 жылғы 16 тамыздағы N 756 бұйрығы Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем шақырту ТӘРТІБІ
      1. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем бригадасы "03" телефоны бойынша немесе "01", "02", "051" қызметтерімен шақыртылады. 2. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем станциясының (бөлімшесінің) бригадасы шұғыл медициналық жәрдем көрсету үшін бағытталады: 1) бақытсыздық жағдайларға ұшырағанда; 2) өмірге қауіп төндіретін ауруларда. 3. Мамандандырылған медициналық ұйымдарға тасымалдау және басқа да жәрдем көрсетеді: 1) жүктілік барысындағы асқынуларда және арнайы мекемелерге тасымалдағанда жәрдем көрсетеді; 2) 1 жасқа дейінгі балаларға; 3) созылмалы аурулардың асқынуына байланысты, денсаулық күрт төмендегенде; 4) тасымалдаушы көліктің бағытында жәрдем көрсету үшін емдеп жүрген дәрігерінің шақыртуымен науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялау, денсаулық жағдайына байланысты санитарлық көлік қажет болғанда. Машинаны шақыртқан емдеуші дәрігер өзінің аты-жөнін және жұмыс орнын атауы тиіс. 4. Жедел жәрдем мына жағдайларда шақыртуды қабылдамайды және бармайды.
      1) емханалар мен отбасылық дәрігерлік амбулаториялардың жұмыс уақытында шақыртылған, шұғыл жәрдем талап етпейтін, үйдегі науқастарға;
      2) өлім туралы акті жазуға және куәландыруға;
      3) емдеуші дәрігерлердің тағайындауы бойынша және жоспарлы ем жүргізуге;
      4) медициналық ұйымдарға консультативтік кеңес береді;
      5) ауруларды стационардан үйіне жеткізу.
      Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем бригадасымен жәрдем көрсетудің қаншалықты қажеттілігін аға дәрігер шешеді, шақырту қабылданбаған жағдайда дәрігер аты-жөнін атап қайда хабарласуы керектігі туралы кеңес береді.
      5. Науқастың туыс-таныстарынан тек бір адам ғана дәрігердің рұқсаты бойынша ілесуіне болады. 6. Зардап шеккендерді және науқастарды госпитализациялау туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін станцияның анықтама бөлімінен алуға болады. 7. Ешбір себепсіз жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыртқандар және жалған мәліметтер берген тұлғалар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес жауапқа тартылады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Багарова Ж.А.