Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 173 бұйрығы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:
      2005 жылғы 15 наурыздағы N 78 "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2005 жылы 17 наурызда N 3497 тіркелген);
      2005 жылғы 20 шілдедегі N 276 "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсететін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2005 жылы 18 наурызда N 3793 тіркелген, 2005 жылы 13 желтоқсанда N 168 (792) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             Б. Жәмішев