"Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсететін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 200

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3793. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 173 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      "Қызылорда облысы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 218-2-жол алынып тасталсын;
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 264-2-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі