10.12.1993

Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы

      Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару жүйесiн, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, оларды ұйымдастыру тәртiбi мен қызметiн айқындайды.
 
                       I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, олардың
             мiндеттерi
 
      Облыс, аудан, қала (аудандық бағыныстағы қаладан және қаладағы ауданнан, поселкеден, ауылдан (селодан), ауылдық (селолық) округтен басқасы) аумағындағы халықтың өкiлдi органы Мәслихат - Депутаттары жиналысы болып табылады.
      Мәслихаттар - Депутаттар жиналысы жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық мекен халқының еркiн бiлдiрiп, жүзеге асырады.
      Облыс, аудан, қала, қаладағы аудан аумағындағы атқарушы орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей өкiлi - жергiлiктi әкiм болып табылады. Жергiлiктi әкiм дара басшылық қағидаттарымен әрекет етедi және мемлекеттiк басқару қызметiн жүзеге асырады.
      Поселке аумағында атқарушы орган әкiмi, ал ауыл (село), ауылдық (селолық) округ аумағында - село әкiмi болып табылады.
      Өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақтың әлеуметтiк және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын, жергiлiктi жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарының, Жоғарғы Кеңес қаулыларының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi құжаттарының, жоғарғы тұрған Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары мен әкiмдердiң өз құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдерiнiң орындалуын, республикалық және жергiлiктi өкiмет органдары арасындағы байланысты, халықты жергiлiктi iстердi басқаруға қатыстыруды қамтамасыз етедi.
      Облыстық, аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық поселкелiк және селолық әкiмшiлiктер Республиканың мемлекеттiк атқарушы билiгiнiң бiрыңай жүйесiне кiредi.
 
      2-бап. Мәслихатты - Депутаттар жиналысын сайлау, әкiмдердi
             тағайындау
 
      Мәслихатты - Депутаттар жиналысын Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық мекенiнде тұратын азаматтары бес жыл мерзiмге сайлайды.
      Сайлауды өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңымен белгiленедi.
      Тиісті мәслихат депутаттарының санын (жоғары және төменгі шегі) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шекте анықтайды: облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге дейін; қалалық мәслихатқа - 30-ға дейін, аудандық мәслихатқа - 25-ке дейін.
      Депутаттар санын тиiстi Мәслихат - Депутаттар жиналысы мынадай шекте белгiлейдi: облыстық Мәслихат - Жиналысқа, Алматы қалалық Мәслихат - Жиналысына - 50-ге дейiн, қалалық Мәслихат - Жиналысқа - 30-ға дейiн, аудандық Мәслихат - Жиналысқа - 25-ке дейiн.
      Депутаттардың белгiленген санының кемiнде төрттен үш бөлiгi сайланған жағдайда Мәслихат - Депутаттық жиналыс заңды деп есептеледi.
      Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерiн - Қазақстан Республикасының Президентi, аудандық, қалалық әкiмдердi облыстың әкiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсуі бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қаладағы ауданның, аудандық бағыныстағы қаланың әкiмiн тиiсiнше қаланың, ауданның әкiмi облыс әкiмiнiң келiсуi бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      ЕСКЕРТУ. 2-бабтың 3 бөлiгiнiң күшi Қазақстан Республикасының
               1997.06.19. N 130-I Заңының қолдану мерзiмiне тоқтатыла
               тұрады. Z970130_
 
      3-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысының басқа Мәслихат -
             Депутаттар жиналыстарымен өзара қатынасы
 
      Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары қызметiн өзiнiң құзыретi шегiнде дербес жүзеге асырады және тiкелей қосымша бағыныстылықта болмайды.
      Жоғары тұрған Мәслихат - Депутаттар жиналысының өз құзыретi шегiнде қабылданған және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн төменгi Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары мiндеттi түрде орындауға тиiс.
      Әртүрлi деңгейдегi Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары арасында өздерiнiң аумағындағы мүлiктi иелену мәселелерi жөнiндегi туындаған келiспеушiлiктердi, сондай-ақ олардың бюджеттерi арасындағы кiрiстердiң аражiгiн ашу iсiн сот қарап, шешедi.
      Жоғары тұрған Мәслихат - Депутаттар жиналысы төменгi Мәслихат - Депутаттар жиналысына өз өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн беруге және төменгi Мәслихаттар - Депутаттар жиналысы өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн өзара келiсiм бойынша өзiне алуға құқылы.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы аумақтың экономикалық және әлеуметтiк даму мәселелерiн шешу үшiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық мекеннiң Мәслихаттарымен - Депутаттар жиналыстарымен өзара iс-қимылды шарттық негiзде жүзеге асырады.
 
      4-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысының жергiлiктi әкiмшiлiкпен
             өзара қатынасы
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiктiң өзара қатынасы өздерiнiң қызметiн бөлiсу және өз өкiлеттiгiн дербес жүзеге асыру, жергiлiктi әкiмшiлiктiң осы заңда белгiленген мәселелер бойынша Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына бағыныстылық қағидаты негiзiнде құрылады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк өздерiне берiлген өкiлеттiк шегiнде тиiстi аумақтың кешендi әлеуметтiк-экономикалық дамуын, азаматтар құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету, олардың заңды мүдделерiн қанғаттандыру үшiн жауапты болуды негiзге алады.
 
      5-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi
             әкiмшiлiктiң кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен
             өзара қатынасы
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiктiң кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара қатынасы Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiктiң өз құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдерiнiң мiндеттiлiгi негiзiнде, сондай-ақ аумақтың, кәсiпорындар мен еңбек ұжымдарының өзара мүдделерiн ескеретiн шарттар негiзiнде құрылады.
      Мәслихат - депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк-кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң азаматтар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын құжаттарын жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ олардың халыққа, тиiстi аумаққа келтiрген залалын өтеу туралы сотқа талап арыз жасауға, ал сот шешiмдi қабылдағанға дейiн талас тудыратын құжаттардың күшiн тоқтата тұруға құқылы.
      Кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер Мәслихат - Депутаттар жиналысының, жергiлiктi әкiмшiлiктiң өз құқықтарын бұзатын құжаттарын заңсыз деп тану туралы және Депутаттар жиналысының, жергiлiктi әкiмшiлiктiң заңсыз әрекеттерiнен келген залалды өтеу туралы сотқа талап арыз жасауға құқылы.
 
      6-бап. Заңды ұйым құқықтарын пайдалану
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк заңды ұйым құқықтарын пайдаланады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiктiң Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк елтаңбасының бейнесi бар мөрi болады.
 
      7-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын құру құқығы
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң баспа органын құруға, жергiлiктi радионы, теледидар мен бақса да бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға құқылы.
 
      8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауын тiгу
 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк үйлерiнде, Мәслихат - Депутаттар жиналысының сессиялары өткiзiлетiн залдарда - ұдайы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы туралы" (ҚР Президентiнiң 1996.01.24. N 2797 жарлығымен күшiн жойған) Заңда белгiленген реттерде тiгiледi.
 
      9-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы заңдар
 
      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қызметi Қазақстан

 

Республикасының Конституциясымен, осы заңмен және Қазақстан

Республикасының басқа да заң құжаттарымен реттеледi.

     Бұл заңның күшi шағын қызмет атқаратын қоныстарға (әскери

қалашықтарға, жабық түрдегi қоныстарға) да қолданылады.

     Осы Заң арнайы экономикалық аймақта арнайы экономикалық

аймақтар туралы заңға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.



     Ескерту. 9-бап 3 тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң

              1996.01.26. N 2824 жарлығымен.


            II. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТIНIҢ

                ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҰЙЫМДЫҚ НЕГIЗДЕРI


     1. Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары қызметiнiң құрылымы мен

        ұйымдық негiздерi


     10-бап. Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары қызметiнiң ұйымдық

             түрлерi



 
       Мәслихат - Депутаттар жиналысы өз қызметiн сессияларда, тұрақты және өзге де комиссиялар арқылы, сондай-ақ депутаттардың өз өкiлеттiгiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асыруы жолымен атқарады.
 
      11-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысының сессиясы
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы қызметiнiң негiзгi түрi сессия болып табылады, ол сессияда Қазақстан Республикасы заңдарында өзiнiң қарауына жатқызылған мәселелердi шешедi.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысының сессиясы, егер оған осы Мәслихат - Жиналысқа сайланған депутаттардың кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, заңды болып табылады.
 
      12-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясын шақыру тәртiбi
 
      Жаңадан сайланған Мәслихат - Депутаттар жиналысының бiрiншi сессиясын өткен сайлаудағы Мәслихат - Депутаттар жиналысының хатшысы осы Мәслихат - Жиналыс үшiн белгiленген депутаттардың кемiнде төреттен үш бөлiгi Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына сайланғаннан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.
      Жаңадан құрылған облыстағы, аудандағы, қаладағы Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы облыс, аудан, қала құрылған күннен соң бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал жаңадан құрылған облыстың, ауданның, қаланың Мәслихатына - Депутаттар жиналысына сайлау өткiзiлген ретте тиiстi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының сайлауы өткен күннен бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей шақырады.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының сессиясын оның төрағасы шақырады.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының кезектi сессиясы жылына кемiнде төрт рет шақырылады. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының кезектен тыс сессиясы осы Мәслихатқа - Жиналысқа сайланған депутаттардың кемiнде үштен екi бөлiгiнiң, сондай-ақ жергiлiктi әкiмнiң бастамасы бойынша екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады. Талқылауға ұсынылатын мәселелерде сессияны шақыру туралы ұсыныс болуға тиiс.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы депутаттарға, жергiлiктi әкiм мен халыққа Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясының шақырылатын уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлген мәселелер туралы сессияға дейiн он күннен кешiктiрмей хабарлайды. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы депутаттар мен жергiлiктi әкiмге сессияның қарауына енгiзген мәселелер жөнiндегi қажеттi материалдарды белгiленген мерзiмде тапсырады.
 
      13-бап. Мәслихатты - Депутаттар жиналысы сессиясын өткiзу тәртiбi
 
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Бiрiншi сессияның бұдан кейiнгi жұмысы. Мәслихат - Депутаттар жиналысы хатшысының төрағалық етуiмен өтедi.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының бұдан кейiнгi кезектi және кезектен тыс сессиялары сайланатын сессияның төрағасы осы заңмен белгiленген тәртiппен ашады және жүргiзедi.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының сессиясы пленарлық мәжiлiстер, сондай-ақ ортақ күн тәртiбiмен бiрiккен тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерi түрiнде өткiзiледi. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының шешiмi бойынша Мәслихат - Депутаттар жиналысы белгiлейтiн мерзiмге сессия жұмысында үзiлiс жасалуы мүмкiн.
      Сессияның ұзақтығын Мәслихат - Депутаттар жиналысы айқындайды.
 
      14-бап. Сессияның күн тәртiбiн қалыптастыру
 
      Мәселелердi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының қарауына Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясының төрағасы, тұрақты және өзге комиссиялар, депутаттық топтар мен депутаттар, жергiлiктi әкiм енгiзедi.
      Сессияның күн тәртiбiне ұсыныстарды төменгi Мәслихаттар - Депутаттар жиналыстары, жоғары тұрған өкiмет және басқару органдары, поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ азаматтары өкiлдерiнiң жиналыстары, қоғамдық бiрлестiктер сессияның төрағасына тапсыруы мүмкiн.
      Сессияның күн тәртiбi талқылаған кезде толықтырылып, өзгертiлуi мүмкiн. Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессияның күн тәртiбiн бекiту туралы қаулы қабылдайды.
 
      15-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының жұмысындағы
              жариялылық
 
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының сессиялары мен оның органдарының мәжiлiстерi жария түрде және ашық сипатта өткiзiледi. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен оның органдары көпшiлiк дауыспен жабық мәжiлiс өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Жергiлiктi әкiм немесе оның орнындағы адам Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен оның органдарының кез келген мәжiлiстерiне, соның iшiнде жабық мәжiлiстерiне қатысуға құқылы.
      Жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары сессияның жұмысы, онда қабылданған шешiмдер туралы жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей халыққа хабарлап отырады.
 
      16-бап. Лауазымды адамдардың Мәслихат - Депутаттар жиналысы
              сессиясына келу мiндеттiлiгi
 
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының, сессия төрағасының, Мәслихат - Депутаттар жиналысы хатшысының шақыруы бойынша Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының аумағында орналасқан жергiлiктi әкiмшiлiк органдарының басшылары, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары немесе өзге лауазымды адамдары депутаттардың сауалдарына жауап беру және Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат тапсыру үшiн Мәслихат - Жиналыс сессиясына келуге мiндеттi.
 
      17-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының регламентi
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясын, оның органдары мәжiлiстерiн өткiзу, сессияға мәселелер енгiзiп, қарау, Мәслихат - Депутаттар жиналысы органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептi тыңдау, депутаттық сауалдарды, шешiмдер жобаларын қарау тәртiбiн, дауыс беру тәртiбiн, сессияға шақырылатын адамдардың санын анықтау және сессия жұмысын ұйымдастырудың басқа да мәселелерiн Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының сессиясында бекiтiлетiн оның регламентi айқындайды.
 
      18-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясының төрағасы
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясының төрағасын Мәслихат - Жиналыс өз депутаттары арасынан сайлайды.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы кезектi сессиясының төрағасы Мәслихаттың - Жиналысытың жұмыс жоспарын ескере отырып, Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы жоқ болған жағдайда оның өкiлеттiгiн Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы жүзеге асырады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясының төрағасы:
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясын шақыру туралы қаулы қабылдайды;
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясын және оның қарауына енгiзiлген мәселелердi әзiрлеуге басшылықты жүзеге асырады;
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясының мәжiлiсiн жүргiзедi. Мәслихат - Депутаттар жиналысы регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының қаулыларына, хаттамаларына, Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясында қабылданатын немесе бекiтiлетiн өзге де құжаттарға қол қояды.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясының төрағасы өз қызметiн қоғамдық негiзде атқарады.
 
      19-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы
 
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы Мәслихат - Депутаттар жиналысы қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөнiндегi ағымдық жұмысты атқарады.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы Мәслихат - Депутаттар жиналысында тұрақты жұмыс iстейтiн және оған есеп берiп отыратын лауазымды адам болып табылады.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы депутаттар арасынан сайланады және оны Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессияда қызметiнен босатады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы хатшысын сайлау және оны қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзу тәртiбi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының регламентiмен айқындалады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы хатшысының өз өкiлеттiгiн ерiктi түрде доғаруы оның өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы хатшысының қызметiнен өз еркiмен кетуiн Мәслихат - Депутаттар жиналысы қабылдамаған жағдайда ол өтiнiш бергеннен кейiн екi ай өткен соң өз өкiлеттiгiн доғаруға құқылы.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы.
      а) Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясын өткiзу уақыты мен орнын, сондай-ақ оның күн тәртiбiнiң жобасын депутаттардың, әкiмдер мен халықтың назарына жеткiзедi;
      б) Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясын және Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеу, сессия хаттамасын жасау iсiн қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге Мәслихат - Жиналыс қаулысы мен сессия хаттамасына қол қояды;
      в) Мәслихат - Жиналыс депутаттарына өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруда көмек көрсетедi, олардың қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады, депутаттарды Мәслихатта - Жиналыста, оның органдары мен сайлау округтерiнде жұмыс iстеу үшiн қызмет немесе өндiрiстiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      г) депутаттардың жергiлiктi әкiмшiлiк, оның органдары, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының атына сессия барысында келiп түскен сауалдары мен мәлiмдемелерiнiң қаралуын бақылайды;
      д) Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тұрақты және өзге комиссияларының, депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
      е) Мәслихат - Жиналыс аппараты құрылымын Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының бекiтуiне енгiзедi, оның жұмысына басшылық жасайды, оның қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      ж) халықпен, меншiк түрiне қарамастан, еңбек ұжымдарымен, кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен Мәслихат - Депутаттар жиналысы атынан байланыс жасайды;
      з) сайлаушылардан келiп түскен ұсыныстар, талап-тiлектер мен хаттар туралы жиынтық деректердi Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына ұдайы тапсырып отырады;
      и) Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының шешiмдерiне сәйкес мәслихаттық Депутаттар жиналысының маңызды жобаларын, сондай-ақ жергiлiктi және республикалық маңызы бар мәселелердi азаматтардың талқылауын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, Мәслихатта - Депутаттар жиналысында азаматтардың қабылдануын, олардың өтiнiштерiнiң, арыздары мен шағымдарының қаралуын ұйымдастырады;
      к) заңдарға сәйкес депутаттардың сайлауы мен өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын доғару мәселелерiн қарайды;
      л) заңдарда көзделген реттерде сотқа жiберiлетiн талаптарға арыздарға Мәслихат - Депутаттар жиналысы атынан қол қояды;
      м) Мәслихат - Депутаттар жиналысы өзiне тапсыруы немесе өзiне заңдарда жүктелуi мүмкiн өзге де мәселелердi шешедi.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысына тұтастай Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына немесе оның органдарына тиесiлi құқықтар, қызметтер берiлмейдi.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы жоқ болған кезде оның өкiлеттiгiн Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессиясы төрағасының өкiмi бойынша сол Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тұрақты комиссиялары төрағаларының бiрi уақытша жүзеге асырады.
 
      20-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының комиссиялары
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы өз өкiлеттiгi мерзiмiне Мәслихаттың - Жиналыстың қарауына жататын мәселелердi алдын ала қарап, әзiрлеу, оның шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы заң құжаттарын жүзеге асыруға көмектесу, өз құзыретi шегiнде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн тұрақты комиссиялар құрады.
      Тұрақты комиссияларды және олардың төрағаларын тиiстi Мәслихат - Жиналыс оның депутаттары арасынан сайлайды.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының шешiмi бойынша тұрақты комиссиялардың төрағалары басқа жұмыстан босатылған негiзде жұмыс iстей алады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы тұрақты комиссияларының құрамына тиiстi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы сайлана алмайды.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы уақытша комиссиялар құра алады. Уақытша комиссиялардың құрамына тиiстi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының депутаттары болып табылмайтын адамдар сайлана алады. Уақытша комиссиялардың мiндеттерiн, өкiлеттiгiнiң көлемi мен мерзiмiн Мәслихат -Депутаттар жиналысы оларды құрған кезде белгiлейдi.
      Мәселелердi шешу және әзiрлеу үшiн комиссиялар ақылы негiзде мамандар тарта алады. Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына жұмыс iстеу үшiн тартылған мамандар комиссиялардың мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
      Тұрақты комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңымен белгiленедi.
 
      21-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тұрақты
                комиссияларында жұрт алдындағы тыңдаулар
 
      Тұрақты комиссия өз бастамасы бойынша немесе Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының шешiмi бойынша өзiнiң қарауына жатқызылған және қоғамдық мүдденi бiлдiретiн мәселелер бойынша жұрт алдындағы тыңдаулар өткiзе алады.
      Тұрақты комиссияларда жұрт алдындағы тыңдауларды өткiзудiң тәртiбi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының регламентiмен белгiленедi.
 
      22-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысының депутаты
 
      Депутаттар сайлаушылардың өкiлеттi өкiлдерi болып табылады және Мәслихатта - Депутаттар жиналысында олардың еркi мен мүдделерiн бiлдiредi.
      Депутаттың өкiлеттiгi ол депутат болып сайланған күннен басталады және жаңадан сайланатын Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының депутаттары сайланған күнi не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда аяқталады.
      Депутат Мәслихат - депутаттар жиналысы мен олар құратын органдардың қызметiне өзiнiң белсендi қатысуын қамтамасыз ететiн құқықтардың бәрiне толық ие болады, Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен оның органдарының алдында мiндеттердi мойнына алады, олардың тапсырмаларын орындайды.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысының сессиялары, тұрақты комиссияларының мәжiлiстерi кезiнде, сондай-ақ депутаттық өкiлеттiктi заңда көзделген өзге реттерде жүзеге асыру үшiн депутат өндiрiстiк немесе қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылып, оған негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы және депутаттық қызметке байланысты шығындары тиiстi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
      Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары Мәслихаттардың - Депутаттар жиналыстарының депутаттарына жүктелген функцияларды олардың жүзеге асыруына қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi.
      Депутаттардың заңды талаптарына бiрнеше рет құлақ аспаған жағдайда лауазымды адамдар заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi Мәслихат - Депутаттар жиналысы хатшысының ұсынуы бойынша тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.
      Депутаттың депутаттық мiндетiн орындаумен заң бойынша сыйыспайтын қызметке сайлануына немесе тағайындалуына байланысты, не депутат болып табылатын адам жөнiнде соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмiне байланысты, сондай-ақ депутат Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан жағдайда қабылданатын Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының шешiмi бойынша депутаттық өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      Өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн жағдайдың болу себептi депутаттың қызметтен өз еркiмен кететiндiгi туралы өз өтiнiшiне байланысты қабылданатын Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының шешiмi бойынша депутаттың өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
      Депутаттың өкiлеттiгi өзiнiң сайлаушылары керi шақырып алу себептi де мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
      Депутат сайлаушыларымен байланыс жасап тұрады, оларды Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының жұмысы, олардың аумағында жоспарлардың, экономикалық, әлеуметтiк даму бағдарламаларының орындалуы туралы ұдайы хабардар етедi, Мәслихат - Депутаттар жиналысы шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға қатысады және бақылау жасайды, қоғамдық пiкiрдi, халықтың мұқтаждары мен сауалдарын зерделейдi, Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына ұсыныстар енгiзедi.
 
            Ескерту. 22-баптың 11 бөлігі алып тасталды - Қазақстан
               Республикасының 1999.11.16. N 476 Заңымен. Z990476_
 
              23-бап. Сауал беру құқығы
 
      Депутат, Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тұрақты комиссиясы Мәслихат - Жиналыс сессиясының төрағасына, Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысына, тиiстi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының аумағында орналасқан жергiлiктi әкiмшiлiк пен оның органдарының, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларына мәслихаттың - Депутаттар жиналысының құзыретiне жататын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы.
      Сауал сессияға жазбаша немесе ауызша түрде енгiзiледi. Жазбаша түрде енгiзiлген сауал жария етiлуге тиiс.
      Сауал берiлген мемлекеттiк орган, лауазымды адам Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге мiндеттi. Сауалға жауап Мәслихат - Депутаттар жиналысы белгiлеген мерзiмде берiледi және сессияда жария етiледi. Сауалға қайтарылған жауап бойынша жарыссөз жүргiзiлуi мүмкiн.
      Сауалға қайтарылған жауап және оны талқылаудың нәтижелерi бойынша Мәслихат - Депутаттар жиналысы қаулы қабылдайды.
 
       24-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тексеру комиссиясы
 
      Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау жасау үшiн Мәслихат - Депутаттар жиналысы өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Комиссия мүшелерiнiң санын Мәслихат - Жиналыс белгiлейдi. Комиссияның құрамына Мәслихат - Жиналыс депутаты болып табылмайтын адамдар да ене алады. Тексеру комиссиясының төрағасын Мәслихат - Жиналыс депутаттардың iшiнен сайлайды және ол өз функциясын басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясы тексерудi кез келген уақытта өзiнiң қалауынша, бiрақ жылына кемiнде бiр рет жүргiзедi. Тексеру Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының не оның хатшысының шешiмi бойынша да, сондай-ақ Мәслихаттың - Жиналыстың сайланған депутаттарының кемiнде жалпы санының үштен бiрiнiң талап етуi бойынша жүргiзе алады. Тексеру комиссиялары

 

тексерулердi мемлекеттiк қаржы бақылау орындарымен бiрге де жүргiзе

алады.

     Тексерудiң нәтижелерi туралы Мәсихат - Депутаттар жиналысы мен

әкiмге хабарланады.

     Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының шешiмi бойынша тексеру

комиссиясының мүшелерi де өз функцияларын басқа жұмыстан босатылған

негiзде жүзеге асыруы мүмкiн.


     25-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен оның

             органдарының құжаттары


     Мәслихат - Депутаттар жиналысы қаулылар қабылдайды.

     Сессия төрағасы Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының сессиясын

шақыру туралы қаулылар қабылдайды.

     Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы өкiмдер шығарады.

     Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тұрақты комиссиялары

қаулылар мен қорытындылар қабылдайды.


 
       Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тексеру комиссиясы тексеру құжаттарын ресiмдейдi. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының өз құзыретi шегiнде қабылдаған құжаттарын тиiстi аумақта меншiк түрiне қарамастан барлық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн қаулысы сот тәртiбiмен күшiн жоюы мүмкiн.
 
          26-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының аппараты
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен оның органдарының қызметiн

 

ұйымдық, құқылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету

үшiн, депутаттардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруда оларға көмек көрсету

үшiн  Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының аппараты құрылады.

     Аппараттың штатын, еңбекке ақы төлеу шарттары мен

материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн Мәслихат - Депутаттар

жиналысы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген

лимиттер мен шектi қаржы ақшасы шегiнде белгiлейдi және өзгертедi.


         II. Жергiлiктi әкiмшiлiктiң құрылымы

             және қызметiнiң ұйымдық негiздерi


     27-бап. Жергiлiктi әкiмшiлiктiң құрылымы



 
       Жергiлiктi әкiмшiлiк әкiмнен, оның орынбасарларынан, сондай-ақ бөлiмдерден, басқармалардан, басқа бөлiмшелер мен қызметтерден тұрады. Әкiм орынбасарларының саны, бөлiмдердiң, басқармалардың, басқа бөлiмшелердiң жүйесi жергiлiктi әкiмнiң ұсынуы бойынша тиiстi Мәслихат - Депутаттар жиналысы бекiтетiн облысты, ауданды, қаланы басқарудың схемасына сәйкес белгiленедi.
      Әкiмдердiң орынбасарлары функцияларды тиiстi әкiм белгiлеген мiндеттердiң бөлiнiсiне сәйкес атқарады. Әкiм болмаған немесе ол оның өз мiндеттерiн орындауы мүмкiн болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн бiрiншi орынбасар жүзеге асырады.
      Әкiмдердiң орынбасарларын жергiлiктi әкiм қызметке тағайындайды және одан босатады.
      Әкiм және оның орынбасарлары, сондай-ақ әкiмшiлiк бөлiмдерiнiң, басқармаларының, басқа қызметтерiнiң басшылары кез келген деңгейдегi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының депутаттары бола алмайды.
 
          28-бап. Жергiлiктi әкiмшiлiктiң органдары
 
      Жергiлiктi әкiмшiлiктiң бөлiмдерi, басқармалары, басқа бөлiмшелерi мен қызметтерi оның органдары болып табылады.
      Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктер бөлiмдерiнiң, басқармаларының және басқа бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң, жоба тiзбесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi әзiрлеп, бекiтедi.
      Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әкiмшiлiктер бөлiмдерiнiң, басқармаларының және басқа бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң жоба тiзбесiн жоғары тұрған әкiм әзiрлеп, бекiтедi.
      Жергiлiктi әкiмшiлiк органдарының штатын, еңбекке ақы төлеу шарттары мен материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн, бұған республикалық бюджеттен қаржыландырылатындары жатпайды, әкiм Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген лимиттер мен шектi қаржы ақшасы шегiнде белгiлейдi және өзгертедi.
 
           29-бап. Жергiлiктi әкiмнiң аппараты
 
       Жергiлiктi әкiмшiлiк пен оның органдарын ұйымдық, құқылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi әкiмнiң аппараты құрылады.
      Жергiлiктi әкiмнiң аппараты туралы ереженi әкiм бекiтедi.
      Аппараттың штатын, еңбекке ақы төлеу шарттары мен материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн әкiм Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген лимиттер мен шектi қаржы ақшасы шегiнде бекiтедi.
 
          30-бап. Жергiлiктi әкiмшiлiк органдарының басшылары
 
      Әкiмшiлiк органдарының басшылары мен басқа да лауазымды адамдарын әкiм қызметке тағайындайды және одан босатады.
      Облыстық, аудандық, қалалық Мәслихат - Депутаттар жиналысы депутаттардың жалпы санының үштен екiсiнiң жасырын көпшiлiк даусымен жергiлiктi әкiмшiлiк органының басшысына сенiмсiздiк бiлдiрiп, оны қызметiнен босату туралы мәселенi әкiмнiң алдына қоюға қақылы, ол осы мәселе бойынша уәждi шешiм қабылдап, ол туралы тиiстi Мәслихат - Депутаттар жиналысына хабарлайды.
 

 

     31-бап. Жергiлiктi әкiмшiлiк алқасы


     Әкiмшiлiк қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарау үшiн әкiмнiң

жанынан ақылдасу-кеңесшi орган - алқа құрылады, оның құрамын әкiм

бекiтедi.

     Алқаның мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi. Оның

шешiмдерi әкiмнiң қаулыларымен жүзеге асырылады. Алқаның мәжiлiсiне

Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысы шақырылады.


     32-бап. Жергiлiктi әкiмшiлiк құжаттары


     Әкiм өзiнiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар мен

өкiмдер қабылдайды.

     Әкiмнiң орынбасарлары өкiмдер шығарады.

     Жергiлiктi әкiмшiлiк органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде

бұйрықтар шығарады.


 
       Жергiлiктi әкiмшiлiк құжаттары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына қайшы келмеуге тиiс. Жергiлiктi әкiмшiлiк құжаттарының күшiн жоғары тұрған атқарушы орган не Қазақстан Республикасының Президентi жоюы немесе сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
      Әкiмнiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған құжаттарын тиiстi аумақта меншiк түрiне қарамастан барлық кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi.
 
      33-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар құқықтарының
              кепiлдiктерi
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк өздерiне берiлген өкiлеттiктi дербес жүзеге асырады және заңға қайшы құжаттары мен iс-әрекеттерi үшiн заңдарға сәйкес жауаптылықты мойнына алады.
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi органдарға мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң лауазымды адамдарын Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының, әкiмшiлiктiң шешiмдерiн орындамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс жасауға қақылы.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының жергiлiктi әкiмшiлiктiң

 

ұсынысын тиiстi орган оны алған күннен бастап 15 күндiк мерзiм iшiнде

қарауға тиiс.

     Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының, жергiлiктi әкiмшiлiктiң

шешiмдерiн лауазымды адамдар мен азаматтар бiрнеше мәрте орындамаса

сот тiртiбiмен әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады.

     Тұрақты комиссиялардың шешiмдерiн орындамаған немесе оларға бiле

тұра жалған ақпарат берген жағдайда лауазымды адамдар заңдарда

белгiленген тәртiппен тиiстi Мәслихат - Депутаттар жиналысы

хатшысының ұсынуы бойынша тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.


            III. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТIНIҢ

                 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ НЕГIЗДЕРI


         34-бап. Әкімшілік-аумақтық мекеннің

                 экономикалық және қаржылық негізі


     Облыстың, аудан (қаладағы ауданнан басқа) мен республикалық және

облыстық маңызы бар қаланың экономикалық және қаржылық негізін мыналар

құрайды:

     1) жергілікті бюджет;

     2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік;

     3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік-аумақтық

мекендердің меншігіндегі өзге де мүлік.



     Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының

              1999.04.05. N 360 Заңымен. 


Z990360_




     35-бап. Әкiмшiлiк-аумақтық мекендердiң меншiгi



 
       Әкiмшiлiк-аумақтық мекендердiң меншiгiнде тиiстi Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiктердiң мүлкi, жергiлiктi бюджеттiң қаражаты, сондай-ақ өз қаражаты есебiнен жасалған немесе сатып алынған мүлiк және меншiк иесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берген әлеуметтiк-экономикалық даму және Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк алдында тұрған мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мүлiк болады.
 
      36-бап. Жергiлiктi бюджет
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы әкiмшiлiк-аумақтық мекеннiң бюджетiн бекiтедi. Бюджет жобасын әзiрлеу мен бюджеттi атқаруды жергiлiктi әкiмшiлiк жүзеге асырады. Жоғары тұрған органдардың бюджеттi әзiрлеу, бекiту және атқару процесiне араласуына жол берiлмейдi.

 

     Өкiлдi органды ұстауға жұмсалатын шығындарды Мәслихат -

Депутаттар жиналысы белгiлейдi.

     Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк

бюджеттiң атқарылуы үшiн өз құзыретi шегiнде жауаптылықты мойнына

алады.



     Жергілікті бюджетке түсімдер көздері, оны әзірлеу, бекіту және

атқару тәртібі "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының

Заңымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді.



     Ескерту. 36-бап өгертілді және толықтырылды - Қазақстан

Республикасының

              1999.04.05. N 360 Заңымен. 


Z990360_




     37-бап. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары




     Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары "Бюджет жүйесі

туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптасады.

     Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.10.05.

              N 2488 жарлығымен. 


U952488_



     Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының

              1999.04.05. N 360 Заңымен. 


Z990360_




     38-бап.



     39-бап. Қаржы



     Ескерту. 38-39-баптардың күші жойылды - Қазақстан Республикасының

              1999.04.05. N 360 Заңымен. 


Z990360_



     Ескерту. 39-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.10.05.

              N 2488 жарлығымен.


         IV. Жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының құзыретi


                 1. Жергiлiктi өкiлеттi органдар өкiлеттiгi


         40-бап. Облыстық, аудандық, қалалық Мәслихаттың - Депутаттар

                 жиналысының өкiлеттiгi


     1. Облыстық, аудандық, қалалық Мәслихаттың - Депутаттар

жиналысының негiзгi өкiлеттiгiне мыналар жатады:

     - Мәслихат - Депутаттар жиналысы хатшысын сайлау және оны

қызметiнен босату;


 
       - тексеру комиссиясын, оның төрағасын сайлау және оны қызметiнен босату, Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының тұрақты және өзге де комиссияларын құру, олардың төрағаларын қызметiнен босату, олардың жұмысы туралы есептер тыңдау;
      - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен лимиттер мен шектiк қаражат бөлу шегiнде Мәслихат - Депутаттар жиналысы аппараты штатын, еңбекақыны, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығындарды бекiту;
      - Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген ретте депутаттар өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын доғару;
      - Мәслихат - Депутаттар жиналысы регламентiн бекiту;
      - Мәслихат - Депутаттар жиналысы қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығындардың сомасын бекiту;
      - жергiлiктi әкiмнiң ұсынуы бойынша облысты, ауданды, қаланы, басқару схемасын;
      - облыс, аудан, қала әкiмiнiң, сондай-ақ олар уәкiлеттiк берген әкiм орынбасарларының, жергiлiктi әкiмшiлiк органдары басшыларының Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының құзыретiне осы Заңмен жатқызылған мәселелер жөнiндегi есептерiн тыңдау;
      - депутаттардың сауалдарын қарау және олар бойынша шешiмдер қабылдау;
      - жергiлiктi әкiм табыс еткен аумақты өркендетудiң жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, олардың орындалуы туралы есептердi бекiту;
      - жергiлiктi әкiм табыс еткен бюджет жобасын, оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды, оның орындалуы туралы есептердi бекiту;
      - облыс, аудан, қала меншiгiнде тұрған кәсiпорындар мен ұйымдардың көрсетiлген қызметке төлейтiн тарифтердi белгiлеу;
      - облыс, аудан, қала меншiгiнде тұрған кәсiпорындар төлемдерiнен бөлiнетiн қаржы мөлшерiн бекiту;
 
            - бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделген мiндеттi ережелердi бекiту;
      - жергiлiктi әкiмшiлiктiң табыс етуi бойынша әкiмшiлiк, бақылау комиссияларының, кәмелетке толмағандар iсi, маскүнемдiк пен алкоголизмге қарсы күрес жөнiндегi, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiндегi комиссиялар құру және олардың құрамын бекiту;
      - Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық құрылым мәселелерiн шешү;
      - Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттi жүзеге асыру.
      2. Мәслихаттардың - Депутаттар жиналыстарының I-тармағында аталғандардан басқа:
      а) облыстық Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының өкiлеттiгiне мыналар жатады:
      - лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру және өткізу туралы шешімдер, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қарыз алу лимиті шегінде қарыз алу туралы шешімдер қабылдау;
      - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне облыстың, аудандық жоспарлау схемаларын, облыс орталығының бас жоспарының жобасын бекiту туралы ұсыныс енгiзу;
      - Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк аудандарды аудандық жоспарлау жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық бағыныстағы қалалар мен поселкелердiң бас жоспарларын бекiту;
 
            - әдiлет басқармасының нотариат, азаматтардың хал актiлерiн жазу, адвокатура органдары сондай-ақ халыққа заң жөнiнде бiлiм беру жұмысының жай-күйi туралы хабарламасын тыңдау;
      - облыс аумағындағы Аумақтық қоғамдық өзiн-өзi басқару органдары туралы ереженi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу.
      б) Астана және Алматы қалалары Мәслихаттарының - Депуттар жиналыстарының өкілеттігіне мыналар жатады:
      - лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру және өткізу туралы шешімдер, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қарыз алу лимиті шегінде қарыз алу туралы шешімдер қабылдау;
      - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне қаланың бас жоспары жобасын бекiту туралы ұсыныстар енгiзу;
      - Қазақстан Республикасы Президентiне мемлекеттiк наградалармен марапаттау және құрметтi атақтар беру туралы ұсыныстар енгiзу;
      - қала аумағындағы Аумақтық қоғамдық өзiн-өзi басқару органдары туралы ереженi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу.
      в) аудандық, қалалық Депутаттар жиналысының өкiлеттiгiне мыналар жатады:
      - селолық елдi мекендерге, қалаға үйлер салу ережелерiн, селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын бекiту, олардың шекараларын белгiлеу және өзгерту;
      - Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығының ставкаларын, жер туралы заңдарға сәйкес жер үшiн жалға алу ақысын төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi белгiлеу.
      Облыстық, аудандық, қалалық Мәслихат - Депутаттар жиналысы сайланған депутаттар санының үштен екi даусымен жергiлiктi әкiмге дәлелдi сенiмсiздiк бiлдiруге және оны қызметтен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Қазақстан Республикасының Президентi, облыстық Алматы

 

қалалық, аудандық әкiм бiр ай iшiнде бұл мәселе жөнiнде дәлелдi шешiм

қабылдайды және ол туралы тиiстi Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына

хабарлайды.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың "а" тармақшасы 3-шi абзацпен толықтырылды -

              ҚР Президентiнiң 1995.05.02. N 2254 жарлығымен. 


U952254_



     Ескерту. 2-тармағының "в" тармақшасының 3-абзацы жаңа редакцияда -

              ҚР Президентiнiң 1995.10.05. N 2488 жарлығымен.

     Ескерту. 2-тармағының "а" тармақшасындағы 4 абзац алынып

              тасталған - ҚР Президентiнiң 1996.01.03. N 2740 


U962740_



              жарлығымен.

     Ескерту. 1-тармағының 15 абзацы жаңа редакцияда - Қазақстан

              Республикасының 1998.11.20. N 303 Заңымен. 


Z980303_



     Ескерту. 40-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360

              Заңымен. 


Z990360_




          41-бап. Бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық

                  көзделген мiндеттi ережелер


     Облыстық, аудандық, қалалық Мәслихат - Депутаттар жиналысы мына

мәселелер бойынша бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделген

мiндеттi ережелер қабылдауға құқылы:

     - елдi мекендер аумағына құрылыс салу;

     - жердi, орманды, су ресурстарын, бiрегей табиғат объектiлерiн,

сондай-ақ тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау және күтiп ұстау;

     - қоғамдық орындарда сауда жасау;

     - қоғамдық тәртiп, өрт және жол қауiпсiздiгi, судағы қауiпсiздiк;

     - жұқпалы аурулар мен iндеттердi болдырмау жөнiндегi шаралар;

     - инженерлiк коммуникацияларды қорғау;

     - аумақтарда санитариялық тазалау;

     - жарнамаларды, маңдайшаларды, хабарландыруды және басқа да

хабарламалық материалдарды пайдалану;

     - қоғамдық көлiктi пайдалану;

     - аумақты көркейту, жасыл желектердi күтiп ұстау және қорғау;

     - үй жануарларын күту;

     - автокөлiктердi паркке қою;


 
       - дүлей апат жағдайларындағы немесе басқа да төтенше

 

жағдайлардағы қоғамдық тәртiп, олардың зардаптарын болдырмау және жою

жөнiндегi шаралар;

     - заңмен көзделген басқа мәселелер бойынша.

     Мiндеттi ережелер Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы

келмеуге тиiс.

     Мәслихат - Депутаттар жиналысы осы бапта көзделген мiндеттi

ережелердi халық назарына жеткiзедi. Ережелер, дереу күшiне енетiн

дүлей апаттарға, жұқпалы аурулар мен iндеттерге қарсы күрес жөнiндегi

ережелердi қоспағанда, жария етiлгеннен кейiн кеш дегенде екi аптада

күшiне енгiзедi.

     Мiндеттi ережелердiң сақталуын Мәслихат - Депутаттар жиналысы

және жергiлiктi әкiмшiлiк бақылап отырады.


              2. Жергiлiктi атқару органдарының өкiлеттiгi


         42-бап. Әкiмнiң өкiлеттiгi


     Әкiм:


 
       - Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен жергiлiктi әкiмшiлiк бөлiмдерiнiң, басқармалары мен қызметтерiнiң үлгi тiзбесiн ескере отырып әзiрленген облысты, ауданды, қаланы басқару схемасын бекiтуге табыс етедi;
      - Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына тиiстi әкiмшiлiк аумақтық мекен бюджетiнiң жобасын бекiтуге табыс етедi, бюджеттiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      - Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына тиiстi әкiмшiлiк аумақтық мекендi экономикалық және әлеуметтiк дамыту жоспарлары мен бағдармаларын бекiтуге табыс етедi, олардың орындалуын қамтамасыз етедi, Мәслихат - Депутаттар жиналысы сессияларында олардың орындалуы туралы есеп бередi;
      - әкiмшiлiк-аумақтық мекен меншiгiн басқаруды жүзеге асырады, қарауындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады;
      - жоғары атқару органдары берген өкiлеттiкке сәйкес республикалық меншiктегi кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiредi;
      - Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      - шарттарға, заңдық және банкiлiк құжаттарға қол қояды;
      - аппараттың, жергілікті әкімшілік органдарының және оның шешімдері бойынша құрылатын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын өзге мемлекеттік мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көзделген қаржы бөлу шегінде олардың штат санының лимитін және материалдық-техникалық қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;
      - Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволарының, аумақтық органдарының (прокуратура мен соттардан және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардан басқасы), республикалық бағыныстағы ұйымдардың бірінші басшыларын қызметке тағайындауға келісім береді, оларды қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді;
      - жылына кем дегенде екi рет Мәслихат - Депутаттар жиналысы алдында жергiлiктi бюджеттiң орындалуы туралы есеп бередi;
      - Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының ұсынысы бойынша кем дегенде екi рет тиiстi аумақты дамыту жоспарлары мен бағдарламалары туралы, осы аумақта орналасқан мемлекеттiк мүлiктi иеленудiң, пайдалану мен басқарудың, жер мәселелерiн шешудiң жай-күйi туралы, жергiлiктi әкiмшiлiкке бағынышты кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қызметi туралы есеп табыс етедi;
       - Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына әкiмшiлiк-аумақтық құрылым мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      - азаматтарды қабылдауды, азаматтардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын қарауды, олар бойынша шешiмдер қабылдауды жүзеге асырады;
      - Мәслихатқа - Депутаттар жиналысына арнаулы комиссияларды құру және олардың құрамы туралы ұсыныстар енгiзедi;
      - төменгi жергiлiктi атқару органдары шешiмдерiнiң күшiн жояды.
      Әкiм облыстық, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық атқару органдарына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен жүктелген, сондай-ақ тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi не облыс әкiмi, Алматы қаласының әкiмшiлiгi берген өзге де өкiлеттiлiктi жүзеге асырады.

 

     Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерiнiң тиiстi

әкiмшiлiк-аумақтық мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамыту

жөнiндегi қызметiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi

үйлестiрiп отырады.

     Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдер Министрлер

Кабинетiне өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар

енгiзуге құқылы.

     Ескерту. 42-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.11.20. N 303

              Заңымен. 


Z980303_



     Ескерту. 42-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 360

              Заңымен. 


Z990360_





         43-бап. Жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, көлiк

                 және байланыс саласындағы өкiлеттiк


     Облыстық, аудандық, қалалық әкiмшiлiк:


 
       - "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті бюджет жобаларын, облыстың, ауданның, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлейді;
      - кәсiпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден облыс, аудан, қала халқының мүдделерiн қозғайтын экологиялық зардаптары бар жоспарлары мен шараларының жобалары туралы қажеттi мәлiметтер алады;
      - әкiмшiлiк-аумақтық мекендер меншiгiндегi кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi құрады, қайта құрады және таратады;
      - облыс, аудан, қала меншiгiндегi жолаушылар және жүк автокөлiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарын басқарады; жергiлiктi жолаушылар көлiгiнiң маршруттары мен кестесiн бекiтедi; шарттық негiзде халыққа көлiктiк қызмет көрсетуге кәсiпорындар мен ұйымдарды тартады;
      - байланыс кәсiпорындары мен ұйымдарының халыққа қызмет көрсету сапасына бақылау жасайды, оларға шарттық негiзде почта, телефон және өзге де байланысты жақсартуға, радиоландыру мен телевидениенi дамытуға, байланыс және электр берiлiсi желiлерiн жөндеу мен қорғауға көмек көрсетедi;
      - сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырады;
      - еңбек ресурстарын есепке алуды қамтамасыз етедi және оларды бөлудi реттеп отырады.
 
          44-бап. Жердi пайдалану, табиғат қорғау және табиғи
                  ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы өкiлеттiк
 
      Облыстық, аудандық, қалалық әкiмшiлiк:
      - табиғатты қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      - табиғатты қорғау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеудi; экологиялық сараптаманы, табиғат қорғау объектiлерiн салу мен қайта салуды ұйымдастырады;
      - экологиялық сараптама терiс қорытынды шығарған объектiлердi салуға және қайта салуға тыйым салу туралы қорытындылар дайындайды;
      - табиғатты қорғау туралы заңдар өрескел бұзылған реттерде шаруашылық қызметтi немесе объектiлер салуды тоқтата тұрады және тиiстi шаралар қолданады;
      - тиiстi аумақта тұрған экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құнды табиғи және өзге де объектiлердi қорғауға алынған табиғат, тарих немесе мәдениет ескерткiштерi деп жариялау туралы шешiм қабылдайды немесе жоғарғы органдарға ұсыныстар енгiзедi.
 
      45-бап. Құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық тұрмыстық
              қызмет көрсету, сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы
              өкiлеттiгi
 
      Облыстық, аудандық, қалалық әкiмшiлiк:
      - сәулет және қала салу саласындағы орталық мемлекеттiк органмен немесе ол уәкiлдiк берген органмен мiндеттi түрде келiсе отырып аумақта құрылыс салуды жүзеге асырады;
      - әкiмшiлiк аудандарды аудандық жоспарлау жобаларын, аудандық бағыныстағы қалалардың және қарауындағы аумақтағы басқа да елдi мекендердiң бас жоспарларының жобаларын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;
      - әлеуметтiк-мәдени және өнеркәсiптiк объектiлердi салу жөнiнде тапсырыс берушi болуға құқылы;
      - коммерциялық құрылыс салу қызметiндегi мемлекеттiк және акционерлiк компнаияларға өз қаржысы есебiнен және үлестiк негiзде тұрғын үйлер, коммуналдық шаруашылық және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер, жолдар салу мен жөндеудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
      - Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын жобаларға мемлекеттiк сараптама жасалуына, жеке және заңды тұлғалардың жобалау және құрылыс салу қызметiн мемлекеттiк лицензиялауға жәрдемдеседi, құрылыс өнiмдерi сапасына сәулет-құрылыс бақылауын жасауды қамтамасыз етедi;
      - елдi мекендер мен аумақтардың әлеуметтiк, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз етедi әрi осы инфрақұрылымның түрлi иелiктегi тұрғын үй қорын және басқа объектiлерiн пайдалану мен күтiп ұстауды ұйымдастыруға жәрдемдеседi және қатысады;
      - тұрғын үйлердi жеке салушылар серiктестiгiн ұйымдастыру туралы шешiм қабылдайды;
      - коммерциялық құрылыс салушы қызметiндегi компаниялар арасында конкурстар ұйымдастырады;
      - облыс, аудан, қала қарауындағы тұрғын үй қорын бөледi, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды жүргiзедi, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану, облыс, аудан, қала меншiгiндегi үйлер мен құрылыстарды жалға беру мәселелерiн шешедi;
      - тұрғын үй-құрылыс және гараж-құрылыс кооперативтерiн ұйымдастыру туралы шешiм қабылдайды, олардың жарғыларын тiркейдi, олардың қызметiне бақылау жасайды;
      - елдi мекендердi электерлендiрудi, газбен жабдықтауды, сумен жабдықтауды дамыту жөнiнде тапсырыстарды орындайды; кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң коммуналдық торап пен құрылыстарын салу жоспарлары жөнiнде қорытындылар бередi;
      - тұрғындарды отынмен бiр орталықтан қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      - облыс, аудан, қала меншiгiне жатпайтын тұрғын үй қорын, коммуналдық шаруашылық, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары мен құрылыстарының пайдалануын бақылайды.
      ЕСКЕРТУ. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң
               1995.05.02. N 2254 жарлығымен.
 
      46-бап. Халыққа әлеуметтiк-мәдени қызмет көрсету саласындағы
              өкiлеттiк
 
      Облыстық, аудандық, қалалық әкiмшiлiк:
      - бiлiм беруге, балаларға мектепке дейiнгi және мектептен тыс тәрбие беру жөнiндегi жұмысқа басшылық жасайды, облыстық, аудандық, қалалық бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға қамқорлық жасайды;
      - облыс, аудан, қала аумағында тұрып жатқан халықтардың тарихи

 

және мәдени дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын насихаттауға және дамытуға

жәрдемдеседi;

     - халыққа кино және бейне қызмет көрсетiлуiне бақылау жасайды;

     - тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғауды жүзеге асырып,

пайдалануды ұйымдастырады;

     - дене тәрбиесi-спорт жұмысының дамуына жәрдемдеседi;

     - денсаулық сақтау мекемелерiне басшылық жасайды, олардың

материалдық-техникалық базасын нығайту және халықтың денсаулығын

сақтау жөнiнде шаралар қолданады;

     - халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерiне басшылық жасайды.


     47-бап. Заңдылықты, құқылық тәртiптi, азаматтардың құқыларын,

             бостандықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету

             саласындағы өкiлеттiктерi


     Облыстық аудандық, қалалық әкiмшiлiктер:


 
       - Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарының, басқа жоғарғы мемлекеттiк органдар құжаттарының орындалуын ұйымдастырады, Мәслихат - Депутаттар жиналысы аумағына орналасқан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен азаматтардың оларды бұзбауын бақылауды жүзеге асырады, құқылық тәртiптi, меншiктiң барлық түрiн, азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi, заңдарды түсiндiрудi және тұрғындарға заң көмегiн көрсетудi ұйымдастырады;
      - iшкi iстер органдарының жұмысына жетекшiлiк етедi;
      - сот, прокуратура, адвокатура органдарының, нотариаттың жұмыс жағдайларын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдайды;
      - еңбекпен түзеу мекемелерiнiң жұмысына көмек көрсетедi;
      - азаматтардың жиналыстарын, митингiлерiн, шерулерiн, демонстрацияларын өткiзу тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде заңда көзделген шараларды қабылдайды;
      - азаматтардың хал актiлерiн тiркеу органдарына жалпы жетекшiлiктi жүзеге асырады;
      - өрт қауiпсiздiгi және судағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысқа жетекшiлiк етедi;
      - табиғат зiлзаласы, экологиялық апат, жұқпалы аурулар, мал

 

iндетi тарау, өрт, қоғамдық тәртiптiң жаппай бұзылуы жағдайларында

адамдардың өмiрiн сақтау, олардың саулығы мен құқыларын қорғау,

материалдық құндылықтарды бүлдiрмей сақтап қалу, заңдылық пен құқылық

тәртiптi қамтамасыз ету жөнiнде заңда көзделген ерекше шаралар

қабылдайды; өртке қарсы шараларды жүргiзудi ұйымдастырады;

     - жалпыға бiрдей әскери мiндеттер туралы заңдардың орындалуын

қамтамасыз етедi;

     - азаматтық қорғанысқа жетекшiлiк етедi.


            V. ПОСЕЛКЕ, АУЫЛ (СЕЛО), АУЫЛДЫҚ (СЕЛОЛЫҚ) ОКРУГ

               АУМАҒЫНДА БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


     48-бап. Жалпы ережелер



 
       Поселке аумағында басқару iсiн - поселке әкiмi, ал ауыл (село), ауылдық (селолық) округ аумағында аудан (қала) әкiмi тағайындайтын село әкiмi жүзеге асырады.
      Әкiм тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте атқарушы органның мiндеттерiн жүзеге асырады және аудан (қала) әкiмiнiң өкiлi болып табылады.
      Әкiм Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, жоғары тұрған өкiмет пен басқару органдары құжаттарының орындалуын қамтамасыз етедi, мемлекеттiк және қоғамдық органдармен, кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен қатынастарда поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ өкiлi болады.
      Әкiмнiң акционерлiк қоғамды, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк емес шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға өз бетiмен қатысуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
 
      49-бап. Поселке, село әкiмінiң өкiлеттiгi
 
      Әкiм:
      - Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, жоғары тұрған мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының шешiмдерiн орындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      - поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ азаматтары өкiлдерiнiң жиналыстарын шақырады, оларда қабылданған шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      Ескерту: мұнан былай - жиналыс
      - азаматтардың өтiнiштерiн, арыз-шағымдарын және үндеулерiн қарайды;
      - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық мекеннiң кiрiстер және шығыстар сметасын дайындап, аудандық (қалалық) Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
      - Қазақстан Республикасының тиiстi жер туралы заңдарына сәйкес поселкенiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ аумағының шегiнде жер пайдалануға байланысты мәселелердi шешедi;
      - заңды ұйымдармен және нақты адамдармен шарттар жасасады, заңдық және банк құжаттарына қол қояды;
      - тұрғын үй қорын, жолдарды жөндеудi және салуды, аула маңы аумақтарын күтiп ұстауға бақылауды ұйымдастырады;
      - шаруа (фермерлiк) қожалықтарын, поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ тұрғындарына қызмет көрсететiн шағын кәсiпорындар, коперативтер ұйымдастыруға ықпал етедi;
      - қоғамдық тәртiптi нығайтумен байланысты мәселелердi шешедi. Өртке қарсы қауiпсiздiктi және судағы қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бақылау жасайды;
      - Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiпте нотариалдық әрекеттер мен азаматтық хал актiлерiн тiркеу жүргiзудi ұйымдастырады;
      - әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылғандарды алғаш есепке алуды ұйымдастырады;
      - табиғат зiлзаласы, экологиялық апат, мал iндетi тарау, өрт, қоғамдық тәртiптiң жаппай бұзылуы жағдайларында адамдардың өмiрiн сақтау, олардың саулығы мен құқықтарын қорғау, материалдық құндылықтарды бүлдiрмей сақтап қалу жөнiнде заңда қарастырылғандай ерекше шаралар қабылдайды;
      - мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарында, сот орындарында, кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен қарым-қатынас жағдайларында заңда қарастырылғандай азаматтардың мүдделерiн көздейдi;
      - тарих пен мәдениет ескерткiштерiн, зираттарды, өзге де жерлеу орындарын тиiстi жағдайда ұстау жөнiнде қоғамдық жұмысты ұйымдастырады;
      - тұрғындардан салық, сақтандыру және өзге төлемдердiң дер кезiнде түсiп отыруына ықпал етедi;
      - мүгедектердiң, асыраушысынан айрылған отбасылардың, көп балалы отбасылардың, жалғызiлiктi аналардың, табиғат зiлзаласынан зардап шеккен азаматтардың материалдық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуын болдырмау жөнiнде мемлекеттiк және қоғамдық органдарға ұсыныстар енгiзедi;
      - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық орналастыру мәселелерiн шешедi;
      - заңда белгiленген шектерде және тәртiпте, тиiстi аумақ халқын еңбекке орналастыру, оларға әлеуметтiк-мәдени, медициналық, сауда, тұрмыстық және өзге қызмет көрсету мәселелерiн, аудан (қала) әкiмi өзiне берген, сондай-ақ осы Заңда қарастырылған басқа да мәселелердi шешедi.
      Әкiм заңды ұйым құқыларымен пайдаланады және үлгi бойынша елтаңбалы мөрi болады.
 
      50-бап. Поселке, село әкiмiнiң есеп беруге мiндеттiлiгі және оны
              қызметтен босату тәртiбi
 
      Әкiм өз қызметiнде аудан (қала) әкiмiне және жиналысқа есеп беруге мiндеттi, олардың алдында жылына кемiнде бiр рет есеп бередi.
      Әкiмдi аудан (қала) әкiмi:
      - Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;
      - өзiнiң қызмет мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған;
      - өкiлдер жиналысы оған сенiмсiздiк бiлдiрген жағдайларда атқарып отырған қызметiнен босата алады.
      Аудан (қала) әкiмi бiр ай iшiнде осы мәселе жөнiнде уәждi шешiм қабылдайды және ол туралы өкiлдер жиналысына хабарлайды.
      Поселке, село әкiмiнiң өз өкiлеттiгiн мерзiмнен бұрын тоқтату туралы мәлiмдеуге құқығы бар.
 
      51-бап. Әкiмнiң аппараты
 
      Әкiмнiң өз аппараты болады, оның сандық мөлшерiн аудан (қала) әкiмi белгiлейдi.
      Әкiм мен оның аппараты қызметкерлерiне еңбекақы төлеу тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық мекеннiң кiрiстерi мен шығыстары сметасының шегiнде жүзеге асырылады.
      Әкiм аппараты iс қағаздарын жүргiзедi, құжаттардың сақталуына жауап бередi, азаматтарға анықтамалар бередi, поселкелерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылғандарды алғаш есепке алуды қамтамасыз етедi, жиналыстарды өткiзуге материалдар әзiрлейдi, жиналыс пен әкiм шешiмдерiнiң орындаушыларға дер кезiнде жетуiн қадағалайды, әкiмнiң тапсыруы бойынша басқа да жұмыстар атқарады.
 
      52-бап. Поселке, село әкiмiнiң құжаттары
 
      Әкiм тиiстi аумақта орындалуы мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер шығарады.
      Әкiмнiң құжаттары қабылданған күннен бастап бескүндiк мерзiмде тиiстi кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, лауазымды адамдар және азаматтар назарына жеткiзiледi.
      Әкiмнiң заңдарға қайшы келетiн шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн жоюға аудан (қала) әкiмiнiң немесе халық сотының құқығы бар.
 
      53-бап. Жиналысты шақыру тәртiбi
 
      Тиiстi аумақ тұрғындарының мүддесiне қатысты неғұрлым маңызды мәселелердi қарау үшiн поселкенiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың 18 жасқа толған азаматтары өкiлдерiнiң жиналысы өткiзiледi.
      Жиналысты поселке, село әкiмi шақырады. Оны сондай-ақ аудан (қала) әкiмi шақыруы немесе алдыңғы жиналыс құрамының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша шақырылуы мүмкiн.
      Жиналысқа көшелерден, тұрғын үйлерден, шағын аудандардан немесе басқа аумақтық құрылымдардан азаматтар өкiлдерi жiберiледi. Өкiлеттiктiң қалыпты мөлшерiн поселке, село әкiмi немесе аудан (қала) әкiмi белгiлейдi.
      Өкiлдердiң кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда жиналыс заңды деп табылады.
      Жиналысты әкiм, ал ол болмаған жағдайда жиналыс ұсынған адам жүргiзедi. Барлық мәселелер бойынша шешiмдер ашық дауыс берумен және қатысушы өкiлдердiң көпшiлiк жай дауысымен қабылданады.
      Жиналыста жиналыстың өткiзiлген күнi, қатысқан өкiлдер саны, күн тәртiбi және қабылданған шешiмдер көрсетiлген хаттама жазылады. Жиналыстың хаттамасы мен шешiмiне төрағалық етушi қол қояды және құжаттар тиiстi аудан (қала) әкiмiне жiберiледi.
 
      54-бап. Жиналыстың құзыретi
 
      Жиналыстың қарауына мыналар жатады:
      - поселке, село әкiмiнiң өз қызметi туралы есебiн тыңдау;
      - өкiлдер жиналысы қызметiнiң бағдарламасын, елдi мекендердi көрiктендiру және олардың санитариялық жағдайларын жақсарту жөнiндегi шаралар жоспарын бекiту;
      - өз аумағының инфрақұрылымын дамыту үшiн меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, азаматтардың қаржыларын ерiктi негiзде бiрлестiру мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау;
      - заңдарға сәйкес әкiмшiлiк-аумақтық орналастыру мәселелерiн қарау;
      - поселке, село әкiмiнiң өз қызметi туралы баяндамаларын тыңдау

 

және қажеттi жағдайларда жиналысқа қатысушылардың жартысынан көбiнiң

дауыс беруiмен оған сенiмсiздiк бiлдiру;

     - заңдарға сәйкес жер қатынастары саласындағы мәселелердi қарау;

     - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi маңызы

бар басқа да мәселелер шешу.

     Жиналыс өзiне берiлген өкiлеттiк шегiнде шешiмдер қабылдайды,

оларды орындау тиiстi аумақта тұратын барлық азаматтар үшiн мiндеттi.

     Жиналыстың заңдарға қайшы келетiн шешiмдерi бойынша сотқа шағым

жасалуы мүмкiн.


            VI. ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТIНIҢ

                ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ


     55-бап. Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының және жергiлiктi

             әкiмшiлiктiң шешiмдерi бойынша сотқа шағым түсiру



 
       Егер Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының және жергiлiктi әкiмшiлiктiң шешiмдерi заңдарға қайшы келсе, азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, мемлекеттiк өкiмет пен басқармалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, онда ол шешiмдер бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Мүлiктiк дауларды облыстық Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының, облыстық әкiмшiлiктiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Жоғары Төрелiк Соты шешедi.
 
      56-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмшiлiк
              қызметiнiң заңдылығына прокуратураның қадағалауы
 
      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының, жергiлiктi әкiмшiлiктiң Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын, Жоғарғы Кеңестiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң құжаттарын бұзбауын бақылауды жүзеге асырады.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының, жергiлiктi әкiмшiлiктiң Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Жоғарғы Кеңестiң қаулыларына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң құжаттарына қайшы келетiн шешiмдерi заңда белгiленген тәртiппен прокурордың наразылық бiлдiруiне жатады.
 
      57-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi
              әкiмшiлiктiң өздерi қабылдаған шешiмдерi мен құжаттарға
              жауаптылығы
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы және жергiлiктi әкiмшiлiк, өздерi қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, заңсыз шешiмдерi, құжаттары, әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi салдарынан мемлекеттiк органдарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтарға келтiрiлген зиян өз қаржылары есебiнен толық өтеледi. Шығынды өтеу туралы дау сотта шешiледi.
      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өз қызметкерлерi немесе лауазымды адамдары келтiрген шығындарды өтесе, осы өтелген шығын мөлшерiнде, егер заң жүзiнде өзге мөлшер белгiленбеген болса, керi талап қоюға құқықтары бар.
 
      58-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiмнiң
              бiр-бiрiнiң заңдарға қайшы келетiн шешiмдерiнiң күшiн
              жоюды талап етуге құқықтары
 
      Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келедi, не қаржылық, материалдық немесе ұйымдық құралдармен жеткiлiксiз қамтамасыз етiлген деген пiкiрмен бiр-бiрiнiң кез-келген шешiмдерiнiң күшiн жоюды талап етуге Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен әкiмнiң құқығы бар.
      Бұл туралы уәждi ұсыныс тиiстi шешiм қабылданған кезден бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей енгiзiледi. Ұсыныс түсiру шешiмнiң орындалуын тоқтатады.
      Егер Мәслихат - Депутаттар жиналысы сайланған депутаттар санының үштен екi көпшiлiгiмен, не яки әкiм ұсынысты қабыл алмаған жағдайда, даулы шешiмге сот тәртiбiмен шағым белгiлеуi мүмкiн.
 
      59-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi
              әкiмшiлiктiң лауазымды адамдары үшiн лауазым иелену мен
              кiрiс алуды шектеу
 
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының хатшысына, жергiлiктi әкiмге және оның орынбасарларына, сондай-ақ Мәслихат - Депутаттар жиналысы органдары (тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн) және әкiмшiлiк басшыларына:
      - акционерлiк қоғамды, серiктестiктi және жауапкершiлiгi шектеулi, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк емес шаруашылық субъектiлерiн басқаруға дербес қатысуға;
      - саяси партиялардың, қозғалыстардың, клубтардың басшы органдарында болуға тыйым салынады.
      Аталған лауазымды адамдар осы баптың талаптарын бұзса, егер олардың әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе қылмысты жауапқа тартатындай iс-әрекет болмаса, онда қызметтен босатуға дейiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
 
      60-бап. Мәслихат - Депутаттар жиналысы мен жергiлiктi әкiм
              өкiлеттiктерiнiң мерзiмнен бұрын тоқтатылуы
 
      Мәслихат - Депутаттар жиналысы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын әлденеше рет бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының өкiлеттiгiн мерзiмнен бұрын тоқтатуы мүмкiн.
      Сондай-ақ жоғары тұрған Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мынадай жағдайларда:
      - егер жаңадан сайланған Мәслихат - Депутаттар жиналысы бiрiншi сессия ашылған күннен бастап бiр ай iшiнде құрылымын анықтамаса және өз органдарын құрмаса;
      - егер Мәслихат - Депутаттар жиналысы депутаттардың кворум үшiн қажеттi санының келмеуi салдарынан екi айдан аса сессия шақыра алмаса, Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының өкiлеттiгiн мерзiмнен бұрын тоқтатуы мүмкiн.
      Мәслихаттың - Депутаттар жиналысының өкiлеттiгi сондай-ақ Мәслихат - Депутаттар жиналысының өзiн-өзi таратқан жағдайда, егер бұл туралы шешiм осы Мәслихат - Жиналыс депутаттарының кемiнде үштен екiсiнiң дауыс беруiмен қабылданса, мерзiмнен бұрын тоқтатылады.
      Жергiлiктi әкiмнiң өкiлеттiгi:
      - ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылған;
      - жергiлiктi әкiм тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық мекен шегiнен тыс

 

жерге тұрақты тұруға және жұмысқа кеткен;

     - соттың әкiмге айыптау үкiмi заңдық күшiне енген;

     - өкiлеттiгiн тоқтату туралы өзi өтiнiш берген жағдайларда

тоқтатылады.

     Аталған жағдайларда жергiлiктi әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтату

туралы шешiмдi жоғары тұрған атқарушы өкiмет әкiмi қабылдайды.

     Жергiлiктi әкiмнiң өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн

қызметiнен босатылуы жергiлiктi әкiмшiлiк органдары басшыларының

қызметтен кетуiне әкеп соғады.


     Қазақстан Республикасының

         Президентi







Дата изменения акта:  08.05.2001
Дата принятия акта:  10.12.1993
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  102000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  104184
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  4100
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001007000000
Форма акта:  ЗАК
Юридическая сила:  0400
Язык акта:  kaz