Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):

      1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";

      2) 741-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;".

      2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      18-бап "ортақ мүлікті бөлуге" деген сөздерден кейін ", кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге, білім беруге, тұрғылықты жеріне" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 155-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе оны лицензиясынан айыру туралы даулы құқықтық актісінің қолданысын тоқтата тұру түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға жол берілмейді.";

      2) 156-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшаның екінші абзацы "әлеуметтік төлемдерге" деген сөздерден кейін ", алименттерге (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша "туралы құқықтық актіні" деген сөздерден кейін ", атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе оны лицензиясынан айыру туралы құқықтық актісін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 241-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 252-1-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы "Салық органының" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеумен байланысты әрекеттерді қабылдау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 253-баптың 5-1-бөлігі алып тасталсын.

      4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

      1) 107-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "эксаумақтық соттылықты" деген сөздерден кейін "талап қоюды берген кезде бір рет" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 136-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік не жеке сот орындаушысының атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуға талап қою "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының не оның бөлімінің немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының не жеке сот орындаушысының шешімі алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сотқа беріледі.";

      3) 143-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "шешіміне" деген сөзден кейін ", заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 167-2-баптың екінші бөлігі "істі" деген сөзден кейін "сот отырысында талқылауға тағайындалған күнінен бастап" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      14-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына қатысты;";

      2-тармақ "(лауазымды адамға)" деген сөздерден кейін ", Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, жеке сот орындаушысына" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігі "лауазымды адамы" деген сөздерден кейін ", Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, жеке сот орындаушысы" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) аумақтық органның қаулысы – мәжбүрлеп орындатудың қамтамасыз ету шаралары мен өзге де шараларының күшін жою үшін қалыптастырылатын, аумақтық органның уәкілетті адамы қағаз жеткізгіште қол қойған не атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған процестік құжат;";

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты мен міндеті

      1. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі мақсаты – сот төрелігін іске асыру кезінде қабылданған сот актілерін, өзге органдар мен уәкілетті тұлғалардың актілерін мәжбүрлеп орындату арқылы жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекет мүдделерін қалпына келтіру.

      2. Атқарушылық іс жүргізудің негізгі міндеті – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды міндетті түрде және уақтылы қабылдау.";

      3) 10-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөлік "қаулысымен" деген сөзден кейін ", оның ішінде сот актісінің, прокурордың наразылығының немесе қаулысының негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "немесе прокурордың наразылығының" деген сөздер ", прокурордың наразылығының немесе қаулысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 48-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда сот орындаушысының атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету және мәжбүрлеп орындатудың өзге де шараларын қабылдау жөніндегі қаулысының күші аумақтық органның қаулысымен жойылуы мүмкін.";

      4) 10-1-бапта:

      1-тармақтағы "жиырма" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аумақтық органның қаулысы мен оңайлатылған іс жүргізу бойынша шығарылған қаулының сот орындаушысының қаулысымен мəні бірдей болады.";

      5) 11-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген атқарушылық құжаттарды, дереу орындалуға тиіс, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 470-бабының үшінші бөлігіне немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабы екінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес шығарылған атқарушылық құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін немесе өзге органдар мен уәкілетті тұлғалар осы құжаттарды шығарған, олардан үзінді көшірме берген не оларды берген кезден бастап бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.";

      6) 16-баптың 1-тармағында:

      "қатысуға" деген сөзден кейін ", атқарушылық әрекеттердің барысын аудио-, фото- және бейнетіркеп-белгілеу техникалық құралдарын пайдаланып тіркеп-белгілеуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен" деген сөздер "бітімгершілік келісімді немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішхатпен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 19-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "бітімгершілік келісім" деген сөздерден кейін "немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 20-баптың 2-тармағында:

      бірінші сөйлемдегі "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының" деген сөздер "сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса" деген сөздер "етушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, медиация рәсімін жүргізсе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 23-бапта:

      тақырып "не осындай іс жүргізудегі міндетті бейнетіркеп-белгілеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "қатысуымен" деген сөзден кейін "не міндетті бейнетіркеп-белгілеу арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "куәгерлер сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы" деген сөздер "сот орындаушысының бастамасы бойынша куәгерлер қатысуы не міндетті бейнетіркеп-белгілеу пайдаланылуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, куәгерлерді тарту мүмкін болмаған жағдайда, сот орындаушысы бейнетіркеп-белгілеу техникалық құралдарын пайдаланып, атқарушылық әрекеттердің барысын тіркеп-белгілейді.

      10. Бейнетіркеп-белгілеу жүргізілетін атқарушылық әрекеттер басталар алдында сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерге қатысушыларға бұл туралы хабарлайды.";

      10) 33-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "мерзімдік өндіріп алулар" деген сөздер "мерзімдік төлемдерді өндіріп алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 36-бапта:

      1-тармақта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

      Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы, баламен қарым-қатынас тәртібі туралы, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау мен олардың күшін жою туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сот орындаушысы Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізуге арналған мәліметтерді атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәліметтер – үш айдан астам берешек болған кезде, баламен қарым-қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәліметтер атқарушылық құжаттың талаптары дәлелді себепсіз қатарынан екі реттен артық орындалмаған кезде енгізіледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуы;

      2) мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша берешектің болмауы;

      3) борышкердің баламен қарым-қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттың талаптарын орындауы (қатарынан екі және одан көп рет);

      4) ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізудің аяқталуы;

      5) атқарушылық құжат осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша қайтарылғаннан кейін оны осы Заңның 11-бабында көзделген мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімінің өтуі.

      Сот орындаушысы осы Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізулер жөніндегі атқарушылық құжат талаптарының орындалғаны туралы мәліметтерді алған кезде Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастау үшін тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді.

      Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      12) 37-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді өзіне сот немесе басқа орган (лауазымды адам) жіберген атқарушылық құжаттың негізінде қозғайды.";

      4-тармақтың төртінші бөлігіндегі ", сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды, олар анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 39-бапта:

      1-тармақтағы "Мерзімді өндіріп алу" деген сөздер "Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу, баламен қарым-қатынас тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "берілген уақыт кірмейді." деген сөздер "берілген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалған;

      4) сот орындаушысының ұсынуын (өтінішхатын) сот қарауға қабылдаған;

      5) сот орындаушысы борышкердің өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде оның жалақысына және өзге де кіріс түрлеріне өндіріп алуды қолданған уақыт кірмейді.";

      14) 42-баптың бірінші бөлігінде:

      8) тармақша "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "борышкерге қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) және 9-1) тармақшалар "сот", "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "борышкерлер болып саналатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақша "егер" деген сөзден кейін "борышкер болып саналатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-1) тармақша "режиміндегі" деген сөзден кейін "және борышкер болып саналатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 44-баптың 8) тармақшасындағы "тараптар медиация туралы шарт жасасқан" деген сөздер "атқарушылық іс жүргізу тараптары бітімгершілік келісімді бекіту немесе медиация туралы шарт жасасу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 45-бапта:

      тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Борышкерді, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысын (оның міндетін атқарушыны) іздестіру

      1. Борышкердің болатын жері белгісіз болған, борышкер болып саналатын заңды тұлға тұрған жерінде немесе нақты мекенжайында, сондай-ақ оның мүлкі тіркелген не тұрған жерінде болмаған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, экономикалық тергеп-тексеру қызметі арқылы борышкерге, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға) іздестіру жариялау туралы қаулымен атқарушылық құжат орындалатын жердегі прокуратура органдарына жүгінуге міндетті. Борышкерге, борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға) іздестіру жарияланған және борышкердің өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

      Борышкердің, борышкер болып саналатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) тұрған жері белгілі болған немесе борышкердің мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.";

      2-тармақта:

      "Борышкерге" деген сөзден кейін ", борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ "Борышкерге" деген сөзден кейін ", борышкер болып саналатын заңды тұлғаның басшысына (оның міндетін атқарушыға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Сот орындаушысы борышкердің, борышкер болып саналатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) тұрған жерін анықтаған не олар сот орындаушысына келген жағдайда сот орындаушысы оларды іздестіруді жүзеге асыратын органды хабардар етеді.";

      17) 47-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына сәйкес алимент төлеу жөніндегі міндеттері тоқтатылса;";

      2-тармақтың екінші бөлігінде:

      бірінші сөйлем "шараларының" деген сөзден кейін ", оның ішінде осы атқарушылық құжат бойынша басқа сот орындаушылары қабылдаған шаралардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші сөйлемдегі "орындалуын қамтамасыз ету" деген сөздер "мәжбүрлеп орындату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 48-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы "жағдайларда" деген сөзден кейін "сот орындаушысының қаулысы не аумақтық органның қаулысы негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 52-бапта:

      4-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі "сот орындаушысына" деген сөздерден кейін "борышкердің басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жазасын өтеуі жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшаның бірінші бөлігі "құжатты" деген сөзден кейін ", борышкердің басқа атқарушы округтің аумағында жазасын өтеуі жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Борышкердің басқа атқарушы округтің (әкімшілік-аумақтық бірліктің) аумағында жазасын өтеуі атқарушылық құжатты аумағы бойынша жіберуге негіз болып саналмайды. Бұл жағдайда жеке сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және өзге де кірістерінен ұстап қалу туралы қаулыны тікелей жазасын өтеу орнына жібереді.";

      20) 55-баптың 6-тармағы "Борышкердің" деген сөзден кейін ", борышкер болып саналатын заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 58-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не ол лицензиясынан айырылған, жеке сот орындаушысы Республикалық палата мүшелігінен шығарылған немесе басқа атқарушы округке ауыстырылған кезде атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы шығарылған инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өкімді, атқарушылық құжатты өз іс жүргізуіне қабылдау туралы қаулыны атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы не қағаз жеткізгіште екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жібереді және осы Заңда белгіленген тәртіппен жаңа инкассолық өкім шығарады.";

      22) 59-баптың 4) тармақшасындағы "арызы бойынша жүргізіледі." деген сөздер "арызы бойынша;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) инкассолық өкімді орындау осы Заңның 58-бабының 2-тармағы немесе 95-бабының 1-тармағы талаптарының бұзылуына алып келетіні анықталған жағдайларда жүргізіледі.";

      23) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";

      24) 80-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Екі және одан көп қатысушы тең баға ұсынысын растаған жағдайда, электрондық аукцион оның жеңімпазы айқындалғанға дейін бағаны көтеру жағына көше отырып жалғастырылады.

      Егер қатысушылардың ешқайсысы сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдау арқылы мүліктің құнын өзгертетін белгіленген қадамды қолдамаса, аукцион өткізілмеді деп танылады.";

      4-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер:

      1) жеңімпаз сатып алынған мүліктің құнын белгіленген мерзімде төлемесе;

      2) қатысушының электрондық аукционға қатысуға құқығы болмаса, электрондық аукционға қатысушылардың кепілдік жарнасы қайтарылмайды.";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Егер жеңімпаз деп танылған электрондық аукционға қатысушы сатып алынған мүлік үшін ақыны осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде төлемеген болса, алдыңғы баға ұсынысын растаған тұлға жеңімпаз болып танылады.

      Егер алдыңғы баға ұсынысын растаған қатысушы мүлікті өзі ұсынған бағаға сатып алудан бас тартса, ұсыныс аукционның алдыңғы екі қатысушысына ретімен жіберіледі. Электрондық аукционға қатысушылар мүлікті ұсынылған бағаға сатып алудан бас тартқан жағдайда, электрондық аукцион өткізілмеді деп танылады.";

      5-тармақтағы "екінші және үшінші бөліктерінде" деген сөздер "екінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 84-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) қатысушылар мүлікті ұсынылған бағаға сатып алудан бас тартса;";

      26) 85-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі "Электрондық" деген сөз "Мүліктің құнын көтеруге не төмендетуге арналған электрондық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 93-баптың 1-тармағы "мүлкі болмаған" деген сөздерден кейін "не мүлкіне өндіріп алуды қолдану мүмкін болмаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерден, мүгедектігі бар адамдарға төленетін мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиесілі соманың жиырма бес пайызынан астамын ұстап қалуға болмайды.";

      29) 98-баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны);";

      30) 100-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "100-бап. Борышкердің жұмыс орны мен кірістері туралы мәліметтер

      Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе борышкер олардан кіріс алатын тұлғалар сот орындаушысы тағайындаған мерзімде борышкердің жұмыс орны мен кірістері, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалудың жүргiзiлгенi және борышкердiң ақша сомалары мен мүлкiне өндiрiп алуды қолдану бойынша өндіріп алынған соманың өндiрiп алушыға жiберiлгенi, сондай-ақ борышкердiң жұмыстан шығарылғаны туралы, егер бұл жөнінде өздерiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi туралы анық мәлiметтерді ұсынуға мiндеттi.

      Интернет-платформалардың және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларының операторлары, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар (букмекерлік кеңселер) сот орындаушысының сұрау салуы бойынша интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын борышкердің кірістері туралы анық мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      Сот орындаушысының осы бапта көзделген талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";

      31) мынадай мазмұндағы 102-1-баппен толықтырылсын:

      "102-1-бап. Өндіріп алушыға алименттерді аудару

      Өндіріп алушы алименттерді аудару үшін алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттың деректемелерін сот орындаушысына ұсынады.";

      32) 106-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі "орындаушысы" деген сөзден кейін "өзі көрсеткен мерзімнен күнтізбелік он күн бұрын" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 108-бапта:

      1-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде", "өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "есептейді, содан кейiн олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен" деген сөздер "есепке жатқызады, содан кейiн олар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Өндіріп алушыларға арналған ақшаны аударуды сот орындаушысы атқарушылық құжаттың талаптарына сәйкес жүзеге асырады.";

      34) мынадай мазмұндағы 109-1-баппен толықтырылсын:

      "109-1-бап. Ақшаны басқа сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу

      Инкассолық өкім шығару арқылы өндіріп алынған ақшаны қоспағанда, өндіріп алынған ақшаны бөлер алдында сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы тексеру жолымен Қазақстан Республикасының аумағында борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізулердің болу-болмауын тексеруге міндетті.

      Талаптары сот орындаушысының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжаттың талаптары алдында артықшылыққа ие атқарушылық іс жүргізулер не мұндай талаптардың осы Заңның 110, 111 және 112-баптарында көзделген бір кезектегі атқарушылық іс жүргізулерге жататыны анықталған жағдайда, ол сот орындаушыларына хабарлайды, атқарушылық құжаттың көшірмесін, берешектің қалдығы туралы мәліметтерді, өндіріп алынған ақшаны бөлу үшін банктік деректемелерді сұратады.

      Сұрау салуды алған сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды (мәліметтерді) ұсына отырып, өндіріп алынған ақшаны бөлуге қосылуға құқылы.

      Сот орындаушысы осы Заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандыру кезектілігінің тәртібін өндіріп алушыға түсіндіреді.

      Өндіріліп алынған ақшаны өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу, сондай-ақ олардың қызметіне ақы төлеуге арналған ақшаны бөлу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.";

      35) 114-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Борышкер атқарушылық әрекеттер жасау шығыстарын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулысына дау айту туралы талап қоюмен әкімшілік сотқа жүгінуге құқылы.

      Борышкердің атқарушылық әрекеттер жасау шығыстарын өндіріп алуды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, олардың мөлшерін азайту немесе оларды өндіріп алудан босату туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.";

      36) 123-бапта:

      4-тармақ "уәкілетті органның" деген сөздерден кейін "немесе оның аумақтық органының" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац "лицензиясынан айырылған" деген сөздерден кейін "немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақша "немесе жеке сот орындаушысын мүшеліктен шығару туралы Республикалық палатаның шешімі" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "лицензиясынан айырылған" деген сөздерден кейін "немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      37) 124-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Борышкер сот орындаушысының атқарушылық санкцияны өндіріп алу туралы қаулысына дау айту туралы талап қоюмен әкімшілік сотқа жүгінуге құқылы.

      Борышкердің атқарушылық санкцияны өндіріп алуды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, оның мөлшерін азайту немесе атқарушылық санкцияны өндіріп алудан босату туралы талап қоюмен сотқа жүгінуі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады.";

      38) 126-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) атқарушылық әрекеттердің жасалу барысын аудио-, фото- және бейнетіркеп-белгілеу техникалық құралдарын пайдаланып тіркеп-белгілеуге;";

      2-тармақта:

      3) тармақшадағы "арыздары мен өтiнiшхаттарын қарауға және олар бойынша қаулылар" деген сөздер "арыздарын, өтiнiшхаттарын қарауға және олар бойынша уәжді жауап ұсынуға, қажет болған кезде қаулы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) үйден шығарып жіберумен, үйге қоныстандырумен, үйді сүрумен байланысты атқарушылық құжаттарды орындау кезінде, сондай-ақ тізімдеме жасау, үй-жайды қарап-тексеру, құқық белгілейтін құжаттар мен мүлікті алып қою, мүлікті беру, тұрғынжайды, үй-жайлар мен қоймаларды ашу кезінде аудио-, фото- және бейнетіркеп-белгілеуді жүргізуге;";

      39) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "127-бап. Сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

      Өндіріп алушы немесе борышкер мемлекеттік сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына шағымды уәкілетті органның аумақтық органына не оның бөлімдеріне бере алады.

      Жеке сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына шағым әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын жеке сот орындаушысына не аумағы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына берілуі мүмкін.

      Уәкілетті органның аумақтық органының не жеке сот орындаушысының немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының шешімі алынғаннан кейін мемлекеттік не жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.";

      40) 140-баптың 2-тармағында:

      4) тармақшадағы ", әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, Қазақстан Республикасының" деген сөздер "немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақша "күшіне енген" деген сөздерден кейін "не уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімі шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      41) мынадай мазмұндағы 141-2-баппен толықтырылсын:

      "141-2-бап. Жеке сот орындаушысын аттестаттау

      1. Жеке сот орындаушысын аттестаттау Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын білу және практикада қолдану дағдыларының деңгейін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      2. Жеке сот орындаушысын аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі.

      3. Жеке сот орындаушысын аттестаттау қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданады:

      1) аттестатталды;

      2) аттестатталған жоқ.

      4. Аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушысы біліктілігін арттыруға және қайта аттестаттаудан өтуге жіберілуге тиіс.

      Жеке сот орындаушысын аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.

      5. Аттестаттауға дәлелді себепсіз қайта келмеген не қайта аттестаттаудан өтпеген жеке сот орындаушысы уәкілетті органның шешімі бойынша лицензиясынан айырылуға тиіс.";

      42) 142-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған не осы Заңның 144-бабына сәйкес жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылған адамдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан немесе арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған адамдар жеке сот орындаушысы лицензиясын осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша алады.";

      43) 143-бапта:

      2-тармақтың 6) тармақшасындағы "бұзғанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады." деген сөздер "бұзғанда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) жеке сот орындаушысы аумақтық органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуын қарамай қалдырғанда не онда көрсетiлген бұзушылықтарды жоюға қатысты шаралар қабылдамағанда, сол сияқты ұсынуға берілетін жауапты уақтылы ұсынбағанда алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту бұл шешімнің қолданысын тоқтата тұрмайды.";

      44) 144-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке сот орындаушысы өз қызметіне ақы төлеу сомаларын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асыра өндіріп алған;";

      7) тармақшадағы "жіберген жағдайларда уәкілетті органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады." деген сөздер "жіберген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) жеке сот орындаушысы қайта аттестаттаудан өтпеген;

      9) жеке сот орындаушысы дәлелді себепсіз қайта аттестаттауға келмеген жағдайларда уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту бұл шешімнің қолданысын тоқтата тұрмайды.";

      45) 148-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 5-3) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-3) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде аумақтық органның не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сұрау салуы бойынша өндіріп алушылардың пайдасына өндіріліп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірмені, сондай-ақ ол бойынша түсініктерді ұсынуға;";

      "7-2) жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша онда көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып, аумақтық орган белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аумақтық органның заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуын қарауға;";

      9-1) тармақшадағы "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      46) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі

      1. Жеке сот орындаушысының кеңсесі – жеке сот орындаушысының өз қызметін жүзеге асыратын тұрақты орын болып саналатын қызметтік үй-жайы.

      2. Жеке сот орындаушысының кеңсесі сот орындаушысы қызметін жүзеге асыратын атқарушы округтің аумағында орналасуға тиіс.

      3. Жеке сот орындаушысы қызметтік үй-жайының тұрған жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

      4. Жеке сот орындаушысы кеңсенің тұрған жері, мекенжайының өзгергені туралы бес жұмыс күні ішінде өңірлік және Республикалық палаталарға хабарлайды.";

      47) 153-1-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "Республикалық палата" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 156-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Мынадай адам:

      заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам;

      заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам, осындай оқиғалар орын алғаннан кейін үш жыл бойы;

      тағылымдамаға жіберілгенге дейін және жеке сот орындаушысының көмекшісі болып қабылданғанға дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жаза қолданылған адам;

      мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан немесе арнаулы мемлекеттік органдардан, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен теріс себептермен шығарылған адам қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде;

      психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бойынша психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған адам жеке сот орындаушысының көмекшісі, тағылымдамашысы бола алмайды.";

      49) 163-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      50) 163-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық палатаның басқарма төрағасын сайлау баламалы негізде жүзеге асырылады.";

      51) 164-баптың 3-тармағында:

      үшінші бөліктің 5) тармақшасы "шеңберінде" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Республикалық палата төрағасын сайлауды өткізудің күні мен уақыты туралы хабарлама сайлауды өткізу тағайындалған мерзімнен күнтізбелік он күн бұрын төралқа мүшелеріне жіберіледі.";

      52) 167-бапта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      4-1) тармақша "органнан" деген сөзден кейін "Республикалық палата төралқасының құрамына" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) осы Заңның 143-бабының 2-тармағында, 144-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдайды;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақшада:

      үшінші абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзацтағы "жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;" деген сөздер "жүзеге асыру тәртібін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін;";

      53) 168-баптың 1-тармағында:

      8) тармақша "лицензиясынан айырылған" деген сөздерден кейін "немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) жеке сот орындаушысын жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынуды негіздер болған кезде жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасына не өңірлік палатасына, жеке сот орындаушысына енгізеді.";

      54) 169-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "жылына" деген сөз "үш жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      55) 170-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады" деген сөздер "тәртібін уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық палата айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасындағы және 10-тармақтың үшінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды", "және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды" деген сөздер "балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ:

      екінші бөлік "әлеуметтік төлемдерді" деген сөздерден кейін ", алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлік "лицензиясынан айырылған" деген сөздерден кейін "немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Клиенттің банктік шотындағы ақшаға салынған тыйым клиенттің ақшасына тыйым салу құқығына ие тұлғаның ақшаға тыйым салу туралы бұрын өзі қабылдаған актінің күшін жою туралы тиісті жазбаша хабарламасы негізінде, тұлғалардың қаулылары негізінде және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда не банктік шоттағы ақшаға бұрын салынған тыйымды орындау үшін ұсынылған инкассолық өкімді банк орындағаннан кейін алынады.";

      2) 29-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды" деген сөздер "балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды" деген сөздер "балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 35-бапта:

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "белгіленбесе," деген сөз "белгіленбесе не жекелеген инкассолық өкімдермен өндіріп алынуға тиісті салықтар бойынша бересінің сомалары мен өсімпұл сомалары көрсетілген, жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының негізінде ақшаны өндіріп алу жүзеге асырылса," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Бұл ретте инкассолық өкімдерде көрсетілген сомалар жиынтығында салық бұйрығында көрсетілген сомаға сәйкес келуге тиіс.";

      екінші бөлік 3) тармақшадағы "айқындалған жағдайларды қоспағанда, инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сәйкес келуге тиіс." деген сөздер "айқындалған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының негізінде салықтар бойынша бересінің сомасы мен өсімпұл сомасын өндіріп алу жекелеген инкассолық өкімдер арқылы жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, инкассолық өкімде көрсетілген сомаға сәйкес келуге тиіс.";

      4) 46-баптың 7-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотқа қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы және (немесе) инкассолық өкім ұсынылған жағдайларда;";

      5) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумақтық әділет органының немесе лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының инкассолық өкімін кері қайтарып алуды "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органы немесе атқарушылық іс жүргізу берілген жеке сот орындаушысы жүзеге асырады.".

      8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 61-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы "толмағандарды және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды" деген сөздер "толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 70-баптың 1-тармағында:

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) алименттерді (кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке жарамсыз адамдарды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";

      төртінші және оныншы бөліктер "лицензиясынан айырылған" деген сөздерден кейін "немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларын, 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 6-тармағының 5) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 35) және 37) тармақшаларын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 24), 25), 26) және 41) тармақшаларын, 44) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ