ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
409-баптың 7-3-бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру, сондай-ақ оған құжаттарды бір мезгілде қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жүргізу міндетін жүктеу;";
5) тармақшадағы "орта" деген сөз алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |