Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының са

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 11 маусымдағы № 307-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне:

      1) бүкіл мәтін бойынша: "шетелдіктер", "шетелдікті", "Шетелдікті", "шетелдік немесе", "Шетелдіктерге", шетелдіктерге", "шетелдік азамат", "шетелдіктерді" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматын", "Шетел азаматын", "шетел азаматы немесе", "Шетел азаматтарына", "шетел азаматтарына", "шетел азаматы", "шетел азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      екінші бөлікте:

      "Республиканың" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "заңдық күшін жояды және қолданылуға жатпайды" деген сөздер "қолданысын тоқтатады және қолданылмауға тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 2-баптың бірінші бөлігіндегі "құрылысы" деген сөз "құрылыс негіздері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 3-бапта:

      4) тармақтың екінші абзацындағы "мемлекет қауіпсіздігіне" деген сөздер "мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) тармақтағы "құрылысын құлатуға немесе бүлдіруге" деген сөздер "құрылыс негіздерін құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) тармақта:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      28) тармақта:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталсын;

      5) 15-баптың екінші бөлігіндегі "рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық" деген сөздер "этностық, нәсiлдiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 71-баптың алтыншы бөлігіндегі "және қауіпсіздігіне" деген сөздер "және ұлттық қауіпсіздігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 72-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені сот қараған кезде шартты түрде мерзімінен бұрын босату күні оған қатысты қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) ескеріле отырып айқындалады.";

      8) 73-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сот осы баптың төртінші бөлігінде айқындалған тәртіппен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы мәселені қарау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қолданылған сотталған адамға қатысты жазаның түпкілікті мерзімі немесе мөлшері бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) ескеріле отырып айқындалады.";

      9) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту

      1. Бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамның бір жыл ішінде тәртіптік жазасы болмаған кезде сот оны бас бостандығынан айырудың қалған өтелмеген мерзімін шартты түрде бір айға қысқартуға тиіс.

      Сотталған адамға тәртіптік жаза қолданылған жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту ол өтелген немесе алып тасталған күннен бастап бір жылдан кейін және сол кезеңде осы бапта көзделген талаптар сақталған кезде қолданылады.

      Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту қолданылғаннан кейін және сотталған адам осы бапта көзделген талаптарды сақтаған кезде осы шараның кезекті қолданылуы бір жылдан кейін жүзеге асырылады.

      2. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға, өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қылмыс үшін сотталғандарға, адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталғандарға қатысты қолданылмайды.

      3. Егер бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қолданылған сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот:

      1) үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидаларына сәйкес жаза тағайындау кезінде – қылмыстар бойынша;

      2) жаза тағайындау кезінде – қылмыстық теріс қылықтар бойынша;

      3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігі, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктері, 78-бабының екінші және төртінші бөліктері негізінде сот немесе қылмыстық қудалау органы қылмыстық жауаптылықтан босатқан сотталған адамдарға қатысты – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің ұсынуы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (шартты түрде қысқартулардың) күшін жояды.

      4. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) сотталған адамды жазаны өтеуіне байланысты босату, шартты түрде мерзімінен бұрын босату, осы Кодекстің 73-бабының төртінші бөлігінде айқындалған тәртіппен жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, жаза мерзімін қысқарту, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне ауыстыру жағдайларында жазаның өтелген мерзіміне қосылады.";

      10) 77-баптың бесінші бөлігіндегі "және қауіпсіздігіне" деген сөздер "және ұлттық қауіпсіздігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 78-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Парламентi" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 148-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "желісі бойынша" деген сөздерден кейін "немесе цифрлық технологияларды қолдана отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 161-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы "соғысты" деген сөзден кейін ", қарулы қақтығысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 163-баптың тақырыбы "Соғыс" деген сөзден кейін "және қарулы қақтығыс" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 170-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мен үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "құрылысты" деген сөз "құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 174-бапта:

      тақырыптағы "рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық" деген сөздер "этностық, нәсiлдiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацында:

      "рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға" деген сөздер "этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты қоздыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тектiк-топтық, ұлттық, рулық" деген сөздер "ұлттық, этностық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын" деген сөздер "этностық, нәсiлдiк немесе дiни алауыздықты насихаттайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 179-бапта:

      тақырыптағы "құрылысын" деген сөз "құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацы және үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күштеп басып алуды немесе билiктi күштеп ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді не ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді насихаттау немесе оларға жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату –";

      "3. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күштеп басып алуға немесе билiктi күштеп ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттер –";

      18) 181-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "құрылысын құлату немесе өзгерту не оның біртұтастығы" деген сөздер "құрылыс негіздерін құлату немесе өзгерту не оның унитарлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 183-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық, этностық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты қоздыруға бағытталған, соғысты, қарулы қақтығысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге шақыруды қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру –";

      20) 362-баптың төртінші бөлігінің 4) тармағындағы "заңнамалық актісінде" деген сөздер "заңында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 376-баптың тақырыбындағы, бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы, үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы және ескертудегі "Парламенті депутатының абыройы", "Парламентiнiң", "Парламентi" деген сөздер тиісінше "Құрылтайы депутатының ар-намысы", "Құрылтайының", "Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 404-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "рулық, әлеуметтiк, тектік-топтық" деген сөздер "этностық, әлеуметтiк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "құрылысты" деген сөз "құрылыс негіздерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қауіпсіздігіне" деген сөз "ұлттық қауіпсіздігіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "Шетелдіктер", "Шетелдіктің", "шетелдікке", "Шетелдік не", "шетелдіктің", "шетелдікті", "шетелдік болып табылса", "шетелдік немесе", "шетелдік, сол сияқты", "шетелдіктерді", "шетелдік азаматтарды беруге", "шетелдіктерге" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "Шетел азаматтары", "Шетел азаматының", "шетел азаматына", "Шетел азаматы не", "шетел азаматының", "шетел азаматын", "шетел азаматы болып табылса", "шетел азаматы немесе", "шетел азаматы, сол сияқты", "шетел азаматтарын", "шетел азаматтарын беруге", "шетел азаматтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "заңнамалық актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 10-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, олардың жекелеген ережелерін қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт, оның жекелеген ережелері адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану туралы ұсыну жасаумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінуге мiндеттi.";

      4) 16-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмау

      1. Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.

      Әр адамның банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпия болуына құқығы бар.";

      5) 27-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңда көзделген жағдайларда азаматтарға ақы төленбейтін білікті заң көмегі көрсетіледі.";

      6) 30-баптың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      7) 35-баптың бірінші бөлігінің 6) тармағында:

      "жататын" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "актіні" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 45-баптың екінші бөлігінде:

      бірінші абзацта:

      "жататын" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "актіні" деген сөздерден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацта:

      "жататын" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "актiнi" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 58-баптың бірінші бөлігінде:

      "83-бабына" деген сөздер "84-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "активтерді қайтару" деген сөздер "инвесторлардың құқықтарын қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 64-баптың екінші бөлігі "күдіктіге" деген сөзден кейін "бостандығын шектеу негіздерін және" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 68-баптың сегізінші бөлігіндегі "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" деген сөздер "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 71-баптың алтыншы бөлігінің жиырма жетінші абзацындағы "заң көмегі тегін" деген сөздер "ақы төленбейтін білікті заң көмегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 122-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы және үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 131-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "ұстап алу кезінде" деген сөздер "ұстаған сәтте" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "лауазымды адамы оның" деген сөздерден кейін "бостандығын шектеу негіздерін," деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 178-баптың төртінші бөлігіндегі "заң көмегін тегін" деген сөздер "ақы төленбейтін білікті заң көмегін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 186-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағындағы "облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан" деген сөздер "астанадан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 188-бапта:

      бірінші бөліктегі "(облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада)" деген сөздер "(астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "(облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада)" деген сөздер "(астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер "(астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 213-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 243-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы "жүйелер" деген сөзден кейін ", оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 390-баптың алтыншы бөлігінде:

      "жататын" деген сөз "тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "актіні" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 398-баптың бірінші бөлігі 4) тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаған кезде үкімде сотталған адам жазасын өтеуге тиіс мекеменің түрін көрсетеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының ережелерін түсіндіреді, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындаған кезде үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде пробация қызметіне есепке қою үшін келу міндетін белгілейді.";

      22) 476-бапта:

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақпен толықтырылсын:

      "13-1) бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту, сондай-ақ бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (қолданылған шартты түрде қысқартулардың) күшін жою туралы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының бірінші бөлігі және үшінші бөлігінің 3) тармағы);";

      15) тармақта:

      "актіні" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 478-бапта:

      екінші бөлік "12)," деген цифрлардан кейін "13-1)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      төртінші бөлік "өтінішхат" деген сөзден кейін ", ұсыну" деген сөзбен толықтырылсын;

      24) 499-баптың екінші бөлігінің 5) тармағында:

      "актіні" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 501-баптың төртінші бөлігінің 2) тармағында:

      "актіні" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "конституциялық емес" деген сөздер "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 547-бапта:

      тақырыптағы, бірінші және екінші бөліктердегі "Парламентiнiң", "Парламенті" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының", "Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келiсiмiнсiз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.";

      төртінші бөлікте:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      алтыншы және жетінші бөліктердегі "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы", "жатады" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Құрылтайы", "тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      тоғызыншы бөлікте:

      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламенттің тиісті Палаталарының" деген сөздер "Құрылтайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      оныншы бөліктегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27) 548-баптың тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      28) 549-бапта:

      тақырыптағы, бірінші және екінші бөліктердегі ", Төрағасының орынбасарына,", ", Төрағасының орынбасары,", ", Төрағасы орынбасарының," деген сөздер "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын қылмыс орнында не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

      4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгізеді.

      Ұсыну Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстау, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттілігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.";

      бесінші бөліктегі ", Төрағасының орынбасарын," деген сөздер "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктегі "Парламентiнiң" деген сөз "Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 550-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.";

      төртінші бөліктегі "ұстап алуға", "55-бабының 3) тармақшасында", "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына", "ұстап алу" деген сөздер тиісінше "ұстауға", "56-бабының 11) тармақшасында", "Қазақстан Республикасының Құрылтайына", "ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктегі "Парламенті Сенатының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      30) 551-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келiсiмiнсiз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.";

      төртінші бөліктегі "ұстап алуға", "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына", "ұстап алу" деген сөздер тиісінше "ұстауға", "Қазақстан Республикасының Президентіне", "ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "Парламенті Сенатының" деген сөздер "Президентінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31) 551-1-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің қол сұғылмау кепілдігінен айыруға берген келiсiмiнсiз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.";

      үшінші бөліктегі "ұстап алуға", "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына", "ұстап алу" деген сөздер тиісінше "ұстауға", "Қазақстан Республикасының Президентіне", "ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1-бөліктегі "Парламенті Сенатының" деген сөздер "Президентінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      32) 552-бапта:

      тақырыпта:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ", Төрағасының орынбасарына," деген сөздер "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ", Төрағасының орынбасарына," деген сөздер "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында және 83-1-бабының 3-тармағында" деген сөздер "55-бабының 3-тармағында, 72-бабының 6-тармағында, 80-бабының 2-тармағында, 84-бабының 4-тармағында және 85-бабының 4-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 569-баптың екінші бөлігінің 1) тармағындағы "егемендігіне," деген сөз "Егемендігіне, ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 617-4-баптың екінші бөлігіндегі "заңнамалық" деген сөз "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      35) 631-баптың бірінші бөлігінің 2) тармағындағы "мемлекет" деген сөз "мемлекеттің ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "шетелдiктер", "Шетелдiкті", "Шетелдiктің", "шетелдiк немесе", "шетелдiкті" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "Шетел азаматын", "Шетел азаматының", "шетел азаматын немесе", "шетел азаматын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 18-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздер "Қазақстан Республикасы астанасының, облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 32-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "Парламентiнің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстағы және республикалық маңызы бар қаладағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 33-баптың бірінші бөлігіндегі "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 34-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана" деген сөздер "Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 90-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Қауiпсiздiгі аралас мекеменiң әкiмшiлiгi сотталған адамды күшiне енген сот үкiмiн немесе қаулысын алған күннен кейiнгі бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-1-бабының ережелерiмен жазбаша таныстыруға мiндеттi.";

      7) 96-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау кезінде сотталған адамның жазасының өтелген мерзіміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 73-1-бабының бірінші бөлігі негізінде қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту (шартты түрде қысқартулар) қосылады.";

      3-1-бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.";

      8) 97-баптың сегізінші бөлігіндегі және 103-баптың үшінші бөлігіндегі "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 104-баптың үшінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 109-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген телефон арқылы сөйлесуге қойылатын шектеулер жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдерге және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдарға қолданылмайды, олардың телефон арқылы сөйлесу құқығы осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген кезеңділікке сәйкес жас балаларымен байланысып тұру үшін ғана сақталады.";

      11) 110-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сотталғандарға Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауды немесе үгiттеуді қамтитын, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы басылымдарды алуға, сатып алуға, жаздырып алуға, сақтауға және таратуға тыйым салынады.";

      12) 113-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдердің және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған сотталған ер адамдардың олармен кездесу үшін жылына екі рет қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден тысқары жерге қысқа мерзімге шығуға құқығы бар.";

      13) 116-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Тиісті күзету және оқшаулау жағдайында босанудың мекемеде емес, мекеме тұрған жердегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының босандыру бөлімшесінде өтуіне жол беріледі. Егер бала мекемеде туылса, ол жөнінде туу туралы куәлігінде көрсетілмейді.

      3-2. Сотталған жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың медициналық қорытындыға сәйкес өз қаражаты есебінен ана мен баланың қалыпты денсаулығын сақтау үшін қажетті мөлшерде және ассортиментте тамақ өнімдерін сатып алуына болады.";

      14) 129-баптың үшінші бөлігінің екінші сөйлеміндегі "Жазаны" деген сөз "Жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған сотталған әйелдерді және жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған сотталған ер адамдарды қоспағанда, жазаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) мынадай мазмұндағы 136-1 және 138-1-баптармен толықтырылсын:

      "136-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары

      1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты тоғыз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл iшiнде жеті сауқат немесе сәлемдеме және жеті бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде жеті қысқа мерзімді және үш ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

      2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде он екі сауқат немесе сәлемдеме және он екі бандероль алуға;

      3) бір жыл iшiнде жеті қысқа мерзiмдi және жеті ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

      3. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он сегіз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл iшiнде он бес сауқат немесе сәлемдеме және он бес бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде он екі ұзақ мерзімді кездесу, саны шектеусіз қысқа мерзімді кездесулер алуға құқылы.

      4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл iшiнде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу алуға;

      4) күн сайын ұзақтығы екі сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.";

      "138-1-бап. Әйелдерді ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары

      1. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталған адамдар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл iшiнде алты сауқат немесе сәлемдеме және алты бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде бес қысқа мерзімді және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

      2. Жазасын жеңiлдетiлген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл iшiнде сегіз сауқат немесе сәлемдеме және сегіз бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде алты қысқа мерзімді және алты ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

      3. Жазасын жеңiлдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты он бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл iшiнде он сауқат немесе сәлемдеме және он бандероль алуға;

      3) бір жыл ішінде жеті ұзақ мерзімді кездесу, саны шектеусіз қысқа мерзімді кездесулер алуға құқылы.

      4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

      Олар:

      1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезектегі қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты төрт айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;

      2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;

      3) бір жыл iшiнде үш қысқа мерзiмдi кездесу алуға;

      4) күн сайын ұзақтығы екі сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.";

      16) 143-баптың сегізінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтарындағы және оныншы бөлігіндегі "тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана" деген сөздер тиісінше "астананың, тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астана, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 150-баптың сегізінші бөлігінің екінші абзацындағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) мынадай мазмұндағы 162-1-баппен толықтырылсын:

      "162-1-бап. Бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуға ұсыну тәртібі

      1. Мекеме әкімшілігі сотталған адамды:

      1) соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген;

      2) бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқарту осының алдында қолданылған;

      3) соңғы жазалау өтелген немесе алып тасталған күннен бастап ол бас бостандығынан айыру жазасының бір жылын өтегеннен кейін бес күн ішінде және қолданыстағы жазалау болмаған жағдайда бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды қолдану үшін құқықтық негіздердің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.

      2. Сотталған адамға қатысты бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды қолдану үшін құқықтық негіздер басталған күннен бастап он күн ішінде мекеме әкімшілігі растайтын материалдарды қоса тіркей отырып, сотқа ұсыну жібереді, сондай-ақ прокурорды жазбаша нысанда хабардар етеді.

      3. Егер сотталған адам бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, мекеме әкімшілігі он күн ішінде:

      1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап қылмыстық қудалау органына сотталған адамға қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартуды (шартты түрде қысқартуларды) растайтын мәліметтерді қоса беріп, іске қосу үшін күдіктінің, айыпталушының жеке басына мінездеме беретін материалдарды жібереді;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 65-бабының бірінші бөлігінде, 68-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 78-бабының екінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алған күннен бастап сотқа бұрын қолданылған бас бостандығынан айыру мерзімін шартты түрде қысқартудың (шартты түрде қысқартулардың) күшін жою туралы ұсыну жібереді.

      Сонымен бір мезгілде мекеме әкімшілігі прокурорды осы бапта көзделген ережелердің сақталғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Сотқа жолданатын материалдар мен прокурорға жолданатын хабарлама электрондық құжат түрінде жіберілуі мүмкін.";

      19) 166-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың," деген сөздер "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "тұрғын үйiнiң" деген сөздер "тұрғынжайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 168-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың," деген сөздер "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың," деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

      1) бүкіл мәтін бойынша "заңнамалық актілеріне", "заңнамалық актілерде", "заңнамалық актілерінің", "заңнамалық актісіне", "заңнамалық актілерінде", "заңнамалық актісінде", "заңнамалық актісінің", "заңнамалық актіде", "заңнамалық актілерге" деген сөздер тиісінше "заңдарына", заңдарда", "заңдарының", "заңына", "заңдарында", "заңында", "заңының", "заңда", "заңдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) бүкіл мәтін бойынша "шетелдіктер", "шетелдікті", "шетелдіктерді", "шетелдіктерден", "шетелдіктерге", "шетелдіктермен", "шетелдікке", "Шетелдіктердің", "шетелдіктердің", "шетелдік не", "шетелдіктің", "шетелдік немесе", "Шетелдік немесе", "Шетелдікті", "Шетелдіктерді" деген сөздер тиісінше "шетел азаматтары", "шетел азаматын", "шетел азаматтарын", "шетел азаматтарынан", "шетел азаматтарына", "шетел азаматтарымен", "шетел азаматына", "Шетел азаматтарының", "шетел азаматтарының", "шетел азаматы не", "шетел азаматының", "шетел азаматы немесе", "Шетел азаматы немесе", "Шетел азаматын", "Шетел азаматтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) бүкіл мәтін бойынша "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" және "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер тиісінше "астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың", "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астана, облыс, республикалық маңызы бар қала", "астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы", "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың", "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың", "астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың", "Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың" және "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың үшінші бөлігінде:

      бірінші абзац:

      "актiлердi" деген сөзден кейін ", олардың жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "акт" деген сөзден кейін ", оның жекелеген ережелері" деген сөздермен толықтырылсын;

      "осы актiнi" деген сөздерден кейін "немесе оның жекелеген ережелерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзацтағы "конституциялық емес", "негізделген шешімдері орындалуға жатпайды" деген сөздер тиісінше "Конституцияға сәйкес келмейді", ", оның жекелеген ережелеріне негізделген шешімдері орындалмауға тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмау және құпияны қорғау

      Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.

      Әр адамның банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпия болуына құқығы бар.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол берiледi.";

      6) 20-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңда көзделген жағдайларда азаматтарға ақы төленбейтін білікті заң көмегi көрсетiледi.";

      7) 44-баптың бірінші бөлігінің он жетінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8) 63-баптың екінші бөлігіндегі "Парламентi" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 11-тараудың тақырыбындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 101-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 102-баптың бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 105-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 106-баптың бірінші абзацында:

      "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "таңдаушылар," деген сөз алып тасталсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      14) 107-баптың тақырыбындағы, бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 110-баптың бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      16) 111-бапта:

      тақырыптағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) 112-бапта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені немесе үгіт материалдары жарияланымдарының саны үшін төлемнің мөлшері, шарттары мен тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "6-1. Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның біріне ақпарат көлемін беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы онлайн-платформаларды пайдаланушы ақпарат көлемін беруге келісім берген болса –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Онлайн-платформаларды пайдаланушылардың кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын, ақпарат көлемін беру туралы шарт талаптарымен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық жасауы –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      18) 113-баптың бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19) 115-баптың тақырыбындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) мынадай мазмұндағы 116-1-баппен толықтырылсын:

      "116-1-бап. Сайлау қорларынан тыс қаржыландыруды тарту немесе өзге де материалдық көмекті қабылдау

      Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығумен, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізумен, қосымша үгіт материалдарын шығарумен, көлік және іссапар шығыстарын жабумен байланысты шығыстарды төлеу мақсатында өздерінің сайлау қорларынан тыс басқа көздерден өзге ақшаны тартуы, сондай-ақ сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен көрсететін қызметiн кандидаттардың қабылдауы, осы қызметтерді ұсынғаны үшін аталған жеке және заңды тұлғаларға кандидат тарапынан кез келген жәрдем көрсетілуі –

      жеке тұлғаларға – жиырма бес, заңды тұлғаларға елу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      21) 119-бапта:

      тақырыптағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22) 120-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "Бұқаралық ақпарат құралдарының" деген сөздерден кейін ", онлайн-платформаларды пайдаланушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы "Бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздерден кейін ", онлайн-платформаларда" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 121-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "(таңдаушылар)" деген сөз алып тасталсын;

      24) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамау

      Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      25) 193-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацында және 252-1-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      26) 434-1-баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасының бірінші абзацындағы ", тектiк-топтық және рулық" деген сөздер "және этностық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 444-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тек шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, ойын мекемесінің жұмыскерлеріне және ойын мекемесінде еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты болатын өзге де адамдарға ғана кіруге рұқсат етілетін казиноларға, ойын автоматтары залдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "6. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лицензияның қолданысын тоқтата тұруға алып келеді.";

      28) 445-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Ойын бизнесін ұйымдастырушының банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша есептілікті және (немесе) ақшаның болуы мен қозғалысы туралы анықтаманы ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы –

      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      он бірінші бөлік "төртінші," деген сөзден кейін "4-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      29) 445-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 5-1-бөліктермен толықтырылсын:

      "4-1. Мыналарды:

      1) лотерея операторының электрондық лотерея билеттерін өзінің ресми интернет-ресурсы және лотерея мобильді қосымшасы арқылы дербес таратуы жөніндегі талаптарды;

      2) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда, білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста, денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында), мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салуды бұзу түрінде көрінген, лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптарды сақтамау –

      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "5-1. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      30) 453-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы, екінші бөлігінің бірінші абзацы және төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау –";

      "2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, этностық, дiни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтер мен материалдар қамтылған масс-медиа өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      "4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдықты немесе алауыздықты, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған, масс-медиаға жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      31) 455-бапта:

      бесінші бөліктің бірінші абзацындағы "1-1," деген цифрлар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "6. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – бір жүз жетпіс, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      32) 472-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      33) 508-баптың бірінші абзацы "жеке өмірі" деген сөздерден кейін ", жеке және отбасы құпиясы" деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 584-бапта:

      тақырып "Кемелердi" деген сөзден кейін ", оның ішінде шағын көлемді кемелерді" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацы "Кеме" деген сөзден кейін ", оның ішінде шағын көлемді кеме" деген сөздермен толықтырылсын;

      35) 647-бапта:

      тақырыптағы "Азаматтардың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "азаматтың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 649-баптың бірінші абзацындағы "азаматтың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 655-баптың бірінші абзацындағы "азаматтың" деген сөз "Қазақстан Республикасы азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) 664-1-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігінің бірінші абзацы "қаулысын" деген сөзден кейін ", нұсқауын, нұсқамасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      39) 684-баптың бірінші бөлігі:

      "116," деген цифрлардан кейін "116-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "444 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "445 (үшінші және он екінші бөліктерінде), 445-1 (жетінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      40) 686-бапта:

      бірінші бөлік 3) тармақшадағы "саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды." деген сөздер "саласындағы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы Кодекстің 580, 581 (екінші бөлігінде), 582, 583 (екінші және үшінші бөліктерінде), 584, 586-баптарында көзделген шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері шағын көлемді кемелерді пайдаланудың тиісті тәртібін қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік жаза қолдануға құқылы.";

      41) 691-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      екінші бөліктің бірінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580 (шағын көлемді кемеде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 581 (бірінші бөлігінде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 618, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      "2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 583 (бірінші бөлігінде), 584 (шағын көлемді кемені пайдаланумен байланысты бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 585, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осындай уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.";

      42) 729-баптың бірінші бөлігіндегі "455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде)," деген сөздер "455 (бірінші, 1-1-бөліктерінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 732-баптың бірінші бөлігіндегі "444 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 445, 445-1, 455 (1-1-бөлігінде)" деген сөздер "444 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 445 (бірінші, екінші, төртінші, 4-1, бесінші, алтыншы, 6-1, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, 10-1, 10-2 және он бірінші бөліктерінде), 455 (1-1 және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      44) мынадай мазмұндағы 732-2-баппен толықтырылсын:

      "732-2-бап. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган

      1. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 445-1-бабында (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, 5-1 және алтыншы бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органның басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.";

      45) 738-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу қазақ тiлінде жүргiзiледi, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тiлдер қолданылады.";

      46) 741-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "жататын", "конституциялық емес" деген сөздер тиісінше "тиіс", "Конституцияға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) 787-бап 15) тармақшасындағы "сот приставтары жүргізе алады." деген сөздер "сот приставтары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидалар бұзылған кезде – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері жүргізе алады.";

      48) 788-бапта:

      үшінші бөліктегі "азаматты" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "Ұстап алынған адамға" деген сөздер "Адамға ұсталған сәтте бостандығын шектеу негіздері," деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "Ұстап алынған адамға" деген сөздер "Ұсталған адамға бостандығын шектеу негіздері," деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) 796-баптың екінші бөлігі "әскери полицияның қызметкерлері" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері" деген сөздермен толықтырылсын;

      50) 797-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының азаматтық қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын қызметкерлері, әскери қызметшілері, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әскери полиция органдарының әскери қызметшілері, өз өкілеттіктері шегінде көліктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы органдарының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде), ветеринария саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүргізеді.";

      51) 804-бапта:

      бірінші бөлікте:

      14) тармақша "444 (бірінші бөлігі)," деген сөздерден кейін "445 (үшінші және он екінші бөліктері)," деген сөздермен толықтырылсын;

      14-1) тармақшада:

      "214-бап" деген сөздер "214" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "он тоғызыншы бөліктері) деген сөздерден кейін ", 445-1 (жетінші бөлігі)-баптар" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 582 (шағын көлемді кемені пайдаланумен және (немесе) басқарумен байланысты құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);";

      52) 805-баптың бірінші бөлігі "116," деген цифрлардан кейін "116-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      53) 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы "116," деген цифрлардан кейін "116-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      54) 818-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) iсті қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде заңға сәйкес азаматтардың ақы төлемей білікті заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;";

      55) 829-10-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) iсті қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде заңға сәйкес азаматтардың ақы төлемей білікті заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;";

      56) 852-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы негіздер болып саналады.";

      57) 870-бапта:

      тақырыптағы "Парламентiнің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      "Парламентiнiң" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламентiнің тиiстi Палатасының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам депутаты болып табылатын" деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиісті Палатасына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "Парламентiнiң тиісті Палатасының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламентi" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші және бесінші бөліктердегі "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы және жетінші бөліктердегі "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөліктегі "Парламентiнiң" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      58) 871-баптың тақырыбындағы, бірінші және екінші бөліктеріндегі "Парламентiнің", "Парламент" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының", "Құрылтай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      59) 872-бапта:

      тақырыптағы ", Төрағасының орынбасарына" деген сөздер алып тасталсын;

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын өз өкiлеттiгі мерзiмi iшiнде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының келiсімінсіз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалауға болмайды.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалауға алып келетін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгiзедi.

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалауға алып келетін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгiзедi.

      Ұсыну әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органдарға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiлігi туралы мәселенi шешудің алдында енгiзiледi.";

      үшінші бөліктегі "Парламентiнiң" деген сөз "Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) 873-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "55-бабының 3) тармақшасында" деген сөздер "56-бабының 11) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламентi Сенатының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қамаққа алуға," деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлікте:

      "55-бабының 3) тармақшасында" деген сөздер "56-бабының 11) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Парламентi Сенатының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      61) 874-бапта:

      бірінші бөліктегі "Парламентi Сенатының" деген сөздер "Президентінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Парламентi Сенатының" деген сөздер "Президентінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      62) 874-1-бапта:

      бірінші бөліктегі "Парламенті Сенатының" деген сөздер "Президентінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Парламент Сенатының" деген сөздер "Президенттің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      63) 875-бапта:

      тақырыпта:

      "Парламентiнiң" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ", Төрағасының орынбасарына" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөлікте:

      "52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында" деген сөздер "55-бабының 3-тармағында, 72-бабының 6-тармағында, 80-бабының 2-тармағында, 84-бабының 4-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламентiнiң" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      ", Төрағасының орынбасарына" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларын, 2-тармағының 21) тармақшасын, 22) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 23) тармақшасын, 3-тармағының 6), 7), 10), 12), 13), 14), 15) және 18) тармақшаларын, 4-тармағының 17), 20), 22), 24), 27), 28), 29), 31), 38) 39), 42), 43) және 44) тармақшаларын, 51-тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 52) және 53) тармақшаларын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ