Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2026 жылғы 11 маусымдағы № 305-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің", "Парламент Мәжілісі мен", "Парламентi Мәжiлiсiнiң және", "Парламентiнiң және мәслихаттарының", "Парламент депутаттарын", "Парламенттiң депутаттарын", "Парламент депутаттарының", "Қазақстан Республикасы Парламенті", "Парламент және мәслихаттар", "Парламент, мәслихаттар", "Парламенттiң және мәслихаттардың", "Парламент Мәжiлiсiнiң және", "Парламент Мәжiлiсiнiң", "Парламент Мәжілісі депутаттарының", "Парламент депутаты", "Парламенттiң, мәслихаттардың", "Мәжілістің депутаттарын", "Парламент, мәслихат", "Республика Парламентi депутаттарын", "Парламент депутаттығына", "Мәжіліс Төрағасының", "Парламент депутаттары", "Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң", "Мәжiлiс депутаттары", "Парламент немесе Парламент Мәжілісі", "Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің", "Парламентті немесе Парламент Мәжілісін", "Мәжiлiс депутаттығына", "Парламент Мәжілісінің депутаттығына", "Парламент Мәжілісі депутаттарын", "Мәжiлiс депутаттарының", "Мәжiлiс депутаттарын", "Мәжiлiс депутаттары", "Парламент Мәжілісінің депутатын" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының", "Құрылтай мен", "Құрылтайы мен", "Құрылтайы мен мәслихаттарының", "Құрылтай депутаттарын", "Құрылтай депутаттарын", "Құрылтай депутаттарының", "Қазақстан Республикасының Құрылтайы", "Құрылтай мен мәслихаттар", "Құрылтай, мәслихаттар", "Құрылтай мен мәслихаттардың", "Құрылтай мен", "Құрылтайдың", "Құрылтай депутаттарының", "Құрылтай депутаты", "Құрылтайдың, мәслихаттардың", "Құрылтай депутаттарын", "Құрылтай, мәслихат", "Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын", "Құрылтай депутаттығына", "Құрылтай Төрағасының", "Құрылтай депутаттары", "Қазақстан Республикасы Құрылтайының", "Құрылтай депутаттары", "Құрылтай", "Құрылтайдың", "Құрылтайды", "Құрылтай депутаттығына", "Құрылтай депутаттығына", "Құрылтай депутаттарын", "Құрылтай депутаттарының", "Құрылтай депутаттарын", "Құрылтай депутаттары", "Құрылтай депутатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республика азаматтарының", "Республикадағы", "Республика азаматының", "Республика Президентiн", "Республиканың", "Республика аумағында", "Республика сайлау комиссияларының", "Республика Үкiметiне", "Республика Президенттiгiне", "Республика бойынша", "Республика астанасы", "Республика заңдарына", "Республика Президентi", "Республика Сыртқы", "Республика азаматтары", "республикадағы", "Республика Президентінің", "Республика Конституциялық Кеңесінің", "Республика Президентіне", "Республика астанасының", "Республика Конституциялық Сотының", "Республика Премьер-Министрiнiң", "Республиканы", "Республика мәслихаттары", "Республика Конституциясында" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы азаматтарының", "Қазақстан Республикасындағы", "Қазақстан Республикасы азаматының", "Қазақстан Республикасының Президентін", "Қазақстан Республикасының", "Қазақстан Республикасының аумағында", "Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының", "Қазақстан Республикасының Үкiметiне", "Қазақстан Республикасының Президенттiгiне", "Қазақстан Республикасы бойынша", "Қазақстан Республикасының астанасы", "Қазақстан Республикасының заңдарына", "Қазақстан Республикасының Президенті", "Қазақстан Республикасының Сыртқы", "Қазақстан Республикасының азаматтары", "Қазақстан Республикасындағы", "Қазақстан Республикасы Президентінің", "Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің", "Қазақстан Республикасының Президентіне", "Қазақстан Республикасы астанасының", "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының", "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң", "Қазақстан Республикасын", "Қазақстан Республикасының мәслихаттары", "Қазақстан Республикасының Конституциясында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "таңдаушылар", "(таңдаушылардың)", "(таңдаушылар)", "таңдаушылардың", "таңдаушы", "(таңдаушы)", "(таңдаушыларға)", "(таңдаушылармен)", "(таңдаушының)" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 1-бапта:

      "аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың," деген сөздер алып тасталсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) 3-бапта:

      1-тармақтағы "аудандар, облыстық маңызы бар қалалар," деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      4) 4-бапта:

      3-тармақтағы "іс-әрекетке" деген сөз "әрекетке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мыналар:

      1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған;

      2) сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болуға кандидат бола алмайды.";

      5) 7-бап алып тасталсын;

      6) 9-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацындағы ", Парламент Сенатының депутаттарын" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құрылтай депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланады.";

      3-тармақтағы "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана", "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана", "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер тиісінше "Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар", "астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар", "Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 10-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аумақтық сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi бес жылды құрайды. Жаңадан құрылған немесе қайта құрылғаннан кейін қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі тиісті сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.";

      8) 11-баптың 4-1-тармағында:

      "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөздер "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ведомстволық бағынысты ұйым сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында дербес деректерді жинау мен өңдеуді субъектінің келісімінсіз жүзеге асырады.";

      9) 12-бапта:

      2) және 2-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Президенттің және Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткiзудi ұйымдастырады;

      2-1) саяси партияларды Құрылтай депутаттарын және мәслихат депутаттарының партиялық тiзiмдер бойынша сайланатын бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды;";

      2-2) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу жөніндегі" деген сөздер "Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Президенттi және Құрылтай депутаттарын сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньнiң нысаны мен мәтiнiн, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды дайындау тәртiбiн, сондай-ақ олардың қорғалу дәрежесiн, сайлаушылар тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған және әкім болуға кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналған, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктердiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Құрылтай депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуді жарамсыз деп таниды;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      16-7) тармақшадағы "ақпараттық-коммуникациялық" деген сөздер "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 14-бапта:

      4-1) тармақшадағы "және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі мәслихат депутаттарын, әкімді сайлауды өткізуді жарамсыз деп таниды;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мәслихаттар депутаттарын, әкімді қайта сайлауды, сондай-ақ мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады;";

      11) 15-1-баптың 1-тармағындағы "Парламент Мәжілісінің және" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 16-1-баптың 2), 3), 4) және 6) тармақшаларындағы "Парламент Мәжілісінің және" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 18-баптың 4-1) тармақшасындағы "мүмкіндігі шектеулі" деген сөздер "мүгедектігі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 19-бапта:

      2-тармақтағы "заң актiлерiмен" деген сөздер "заңдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Мыналар:

      сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен жойылмаған немесе алынбаған адам;

      сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам;

      сот әрекетке қабілетсiздігін таныған немесе сот әрекетке қабілеттілігін шектеген адам;

      халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.";

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "66-бабының 9-1) тармақшасына" деген сөздер "65-бабының 8) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми, шығармашылық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі шегінде аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыруын:

      бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу;

      оқу демалысында болу кезеңіне тоқтата тұрады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Сайлау комиссиясы мүшесінің тарапынан лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бұзу анықталған кезде сайлау комиссиясы ескерту жасауға құқылы.

      Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын сайлау комиссиясы мүшесінің лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын алты ай ішінде, өзге сайлау комиссиясы мүшесінің сайлау науқаны ішінде бірнеше рет бұзуы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихаттың тиісті аумақтық сайлау комиссиясының немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтатуына алып келеді.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоғары тұрған сайлау комиссиясы қажеттілік болған кезде уақытша бос орынға өкілеттік мерзімі тоқтатыла тұрған сайлау комиссиясының мүшесі шыққанға дейін сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.";

      15) 20-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері алып тасталсын;

      8-тармақ "тапсырмасы болған кезде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган есепке қойған" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ақы төлене отырып, өздерінің қалауымен комиссияның шешімі бойынша өндірістік немесе қызметтік міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.

      Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болатын мүшелерінің сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде негізгі жалақысы сақталады.

      Сайлау комиссияларының өзге де мүшелеріне осы кезеңде сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ең төмен үш жалақы есебімен жалақы белгіленеді.

      Бұл ретте жалақыны есептеу нақты жұмыс істеген уақыт үшін жүргізіледі.

      Сайлау комиссиялары мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ең төмен үш жалақы есебі негізге алына отырып жүзеге асырылады.";

      16) 20-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан байқаушылар ретінде жіберіледі.";

      17) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi

      1. Қазақстан Республикасында мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтері жүйесі құрылады және пайдаланылады.

      2. Қазақстан Республикасының Президентiн және Құрылтай депутаттарын сайлау кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып саналады.

      3. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді сайлау кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аумақтық сайлау округі құрылады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері өңірлердің әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.

      4. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және ауылдық жергілікті қоғамдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.";

      18) 22-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;

      19) 23-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде, сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша тиiсті сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi өкiлдiктерiнiң жанынан Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орналасқан аумақтағы сайлау округiне қарайтын сайлау учаскелерi құрылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сайлау учаскелерінің жұмыс істеу ерекшеліктері олардың өткізу режимінің ішкі тәртібі болған кезде соған сәйкес айқындалады.";

      5-тармақ "шекаралары" деген сөзден кейін "және сайлау комиссияларының орналасқан жерлері" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 24-бапта:

      1-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;

      4-тармақта:

      екінші сөйлем "әкесінің аты" деген сөздерден кейін "(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші сөйлем алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Демалыс үйлерiнде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi өкiлдiктерiнің жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер, аталған өкiлдiктердің басшылары мен кеме капитандары ұсынған деректер негiзiнде жасалады.

      Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерiнің жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тізімдері дауыс беру күнінің алдындағы күндегі жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.";

      9-тармақ алып тасталсын;

      21) 25-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) демалыс үйлерiнде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болатын азаматтардың бәрi;";

      2-тармақ алып тасталсын;

      22) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-бап. Сайлаушылардың тізімдерімен таныстыру

      1. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері сайлаушыларға өздері туралы деректермен танысу үшін дауыс беру күнінен он бес күн бұрын ұсынылады.

      Әскери бөлімдерде, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі шет елдердегі мекемелерінің жанынан құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушыларға сайлаушылардың тізімдері өздері туралы деректермен танысу үшін дауыс беру күнінен бес күн бұрын (өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды өткізу кезінде құрылған сайлау учаскелерінде – дауыс беру күнінен жеті күн бұрын) ұсынылады.

      2. Әрбiр азамат сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенiне, дұрыс енгiзiлмегенiне немесе тiзiмнен шығарып тасталғанына, сондай-ақ тiзiмдегi сайлаушы туралы деректерде дәлсіздіктердің жiберiлгенiне шағым жасауға құқылы. Сайлаушылардың тізімдеріне енгізу, олардан шығарып тастау не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiлігi туралы өтініштерді тиiстi сайлау комиссиясы өтініш сайлау комиссиясына келiп түскен күнi қарайды. Сайлау комиссиясы өтініш мақұлданбаған жағдайда өтініш берушіге оның өтінішінің мақұлданбағаны туралы уәжді шешiмнiң көшiрмесiн дереу бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды. Өтініш беруші үшiн оң шешiм қабылданған жағдайда сайлаушылар тiзiмін түзетуді немесе тiзiмге енгiзiлмеген сайлаушыны енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргiзедi.

      3. Дауыс беру күнін қоспағанда, учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс графигін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.";

      23) 27-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Шетелдіктердiң" деген сөз "Шетел азаматтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарына;";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Толтырылған бюллетеньнің фото- және (немесе) бейнетүсірілімін жүзеге асыруға және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.";

      24) 28-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      үшінші бөліктегі "Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар,", "Парламент Мәжілісі мен" деген сөздер алып тасталсын;

      алтыншы бөліктегі "Онлайн-платформаларды" деген сөздер "Өздерінің интернет-ресурстарын, онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын саяси партиялар мен кандидаттарды қоспағанда, онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөлікте:

      "партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі" деген сөздер "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Парламент Сенаты, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын," деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігі "материалдарын таратуға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ ағымдағы науқанға арналып дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 29-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Президенттiкке, мәслихат депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергiлiктi өзін-өзi басқару органына мүше болуға кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзінің болашақ қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғыс, қарулы қақтығыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдық немесе алауыздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеясы, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыру уағыздалмауға тиiс.";

      26) 31-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сенiм білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы болуға тиiс, ол Президенттікке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүше болуға кандидат, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам болмауы керек.";

      27) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дауыс беру күні және оның алдындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.";

      28) 33-бапта:

      1-тармақ "сайлауы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 5) тармақшасындағы "Парламенттің және" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "шет елдердiң Заңды тұлғалары мен", "республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына" деген сөздер тиісінше "шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтары, сондай-ақ", "Қазақстан Республикасындағы сайлаумен байланысты іс-шараларды қаржыландыруға және өзгедей қамтамасыз етуге қатысуына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 34-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Президенттікке, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiтi осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау қорларынан басқа қаржыландыруды тартуына немесе өзге де материалдық көмекті қабылдауына тыйым салынады.";

      3-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;

      2) кандидатқа оны ұсынған Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;";

      3) тармақшаның бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.";

      4-тармақта:

      бірінші абзацтағы "бес күн" деген сөздер "он жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзац алып тасталсын;

      6-тармақтағы "комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi" деген сөздер "комиссиясының жазбаша ақпараты негізінде Орталық сайлау комиссиясы айқындаған банктерде кандидаттар, саяси партиялар ашатын арнаулы уақытша шотқа есепке жатқызылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың бірінші сөйлемі "ақша қаражаты" деген сөздерден кейін "осы Конституциялық заңға сәйкес тиісті шешімге шағым жасау кезеңі өткеннен кейін" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Президенттi, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезiнде сайлау iс-шараларын қаржыландыруды, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алуды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.";

      31) 38-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, әскери бөлiмдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, демалыс үйлерiнде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi өкiлдiктерi жанынан құрылған сайлау учаскелерiнде учаскелiк сайлау комиссиясы, егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi дауыс берсе, дауыс берудi аяқталды деп кез келген уақытта жариялауы мүмкін. Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi сайлау комиссиясы сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды өткiзу кезінде үш күннен кешiктiрмей бекiтедi.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      32) 39-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Президенттi, Құрылтайдың, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда дауыс беру арнайы бөлiнген үй-жайларда өткiзiлуге тиiс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленуге және дауыс беруге арналған жәшiктер дауыс беретiн адамдар оларға міндетті түрде жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей етіп қойылуға тиiс. Бұл ретте байқаушыларға, сенiм бiлдiрілген адамдарға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi мен сайлау комиссиясының мүшелерiне сайлау жәшiктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кірудi және шығуды бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиiс.";

      1-1-тармақтағы "мүмкіндігі шектеулі" деген сөздер "мүгедектігі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 40-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      34) 41-бапта:

      3-тармақтағы "(таңдаушылар тiзiмдерi)" деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақтың үшінші бөлігіндегі "жәшіктерді" деген сөз "жәшікті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Жалпы жұрттың танысуы" деген сөздер "Танысу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      35) 43-бапта:

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-1-тармақтың екінші бөлігінде:

      үшінші сөйлемдегі "сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі барлық" деген сөздер "сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштер санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі тиісті сайлау бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші сөйлемдегі "барлық" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) учаскедегi сайлаушылардың жалпы санын;";

      7-1-тармақтағы "(Сенат депутаттарын сайлау кезiнде аумақтық сайлау комиссиясы)" деген сөздер алып тасталсын;

      8-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1. Сайлау округi бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпы жұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының үй-жайында ілінедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.";

      9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудiң дұрыстығына күмәнданатын болса, бұл комиссия тиiстi учаскелiк сайлау комиссиясының сайлаушылардың дауыстарын қайта санауы туралы шешiм қабылдауға құқылы.";

      36) 44-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Егер дауыс беру барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерін айқындау кезінде учаскеде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы Президентті, Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау кезінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлауды өткізуді жарамсыз деп тануы мүмкін.";

      "2-1. Егер дауыс беру барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерін айқындау кезінде учаскеде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, аумақтық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын, әкімді, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау қорытындыларын анықтау кезінде жекелеген сайлау учаскелеріндегі сайлауды өткізуді тиісті төмен тұрған сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орталық сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау күні, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; Президенттікке сайлауға түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің саны; Президенттікке әрбір кандидат үшін, әрбір саяси партия үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша берілген дауыстардың саны; "Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайланған Президент туралы мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (қызмет түрі), тұрғылықты жері, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, ұлты туралы мәліметтер.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау күні, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерінің жалпы саны, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын, сайланған мәслихат депутаттары; сайлауға түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктердің (сайлау округтерінің) саны; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын мәслихат депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға кандидаттардың әрқайсысы үшін, әрбір саяси партия үшін берілген дауыстар саны; "Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын, сайланған мәслихат депутаттары, әкімдер, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері туралы мәліметтер – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (қызмет түрі), тұрғылықты жері, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы, ұлты туралы мәліметтер.";

      37) 48-баптың 2-1-тармағындағы "мүмкіндігі шектеулі" деген сөздер "мүгедектігі бар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) 50-баптың 2-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі өздері туралы деректерді тексеру құқығын бұзған;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) сайлау қорларынан басқа қаржыландыруды тартқан немесе өзге де материалдық көмекті қабылдаған;";

      39) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы жетi жылда бiр рет оның өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі және Құрылтайдың жаңа құрамын сайлау мерзімімен тұспа-тұс келмеуге тиіс.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 51-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы осы Конституциялық заңда белгіленген қағидаларға сәйкес Құрылтай сайлау өткізу туралы жариялаған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      40) 51-1-бап алып тасталсын;

      41) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын жариялау

      1. Президенттің сайлауын Президенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес ай бұрын Құрылтай жариялайды.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 51-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда Президенттің сайлауы Президент өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін атқаруға тұрақты қабілетінің болмауына немесе Президенттің қызметінен кетірілуіне байланысты мерзімінен бұрын лауазымынан босатылған не қайтыс болған күннен бастап жеті күн ішінде жарияланады.";

      42) 54-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 43-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарға сай болуға, сондай-ақ Конституцияның 35-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.";

      2-тармақта:

      бірінші бөліктегі "және осы Конституциялық заңда" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлікте:

      "ал кандидаттың" деген сөздер "кандидаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы шешіміне сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;

      төртінші бөлік алып тасталсын;

      43) 56-бапта:

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі;";

      44) 59-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "әкесiнiң атын" деген сөздерден кейін "(егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      45) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті болып:

      1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астам дауысын;

      2) қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбірек дауыс санын жинаған кандидат саналады.";

      46) 66-1-бап алып тасталсын;

      47) 68-баптың 1-тармағындағы "Сенат Төрағасының," деген сөздер алып тасталсын;

      48) 11-тарау алып тасталсын;

      49) 85-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "сайлауды;" деген сөз "сайлауды тағайындауға негiз болады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша және 4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақтағы "41-бабының" деген сөздер "43-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 86-баптағы "51-бабының 4-тармағында", "33-бабының" деген сөздер тиісінше "54-бабының 3-тармағында", "35-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51) 87-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Құрылтай депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.";

      2-тармақта:

      үшінші бөлік "адам" деген сөзден кейін "мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бір адам Құрылтай депутаттығына кандидат және партиялық тізімдер бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидат ретінде бір мезгілде ұсынылуы мүмкін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлаудан алпыс күн бұрын басталады және қырық күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      52) 88-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

      53) 89-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.";

      4-1, 4-2 және 4-3-тармақтар алып тасталсын;

      7-тармақтағы ", бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидатты" деген сөздер алып тасталсын;

      54) 90-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;

      55) 92-1-бапта:

      тақырыптағы ", Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшаларындағы "бес", "он" деген сөздер тиісінше "он бес", "отыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "жүз", "бес жүз" деген сөздер тиісінше "үш жүз", "бір жарым мың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      56) 93-2-бап алып тасталсын;

      57) 94-бапта:

      1-тармақтағы "немесе округтік" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жіберіледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс беру күнінен бастап үш күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.";

      3-тармақтағы "және округтік" деген сөздер алып тасталсын;

      58) 95-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не учаскелердің немесе сайлау нәтижелерін анықтау кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің жалпы санының кемінде төрттен бір бөлігінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Құрылтай депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті сайлау учаскесінде немесе әкімшілік-аумақтық бірлікте қайта дауыс беруді тағайындайды.";

      2-тармақтағы "және сол кандидаттар" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      59) 96-баптың 1-тармағының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер Құрылтай депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылса, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын қайта сайлауды өткізу туралы шешім қабылдайды.";

      60) 99-бапта:

      тақырыптағы "Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау" деген сөздер "Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Мәжiлiс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау" деген сөздер "Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      61) 100-бапта:

      1-тармақтағы "Сенат Төрағасының, Мәжiлiс" деген сөздер "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "немесе сайлау округтерінің" деген сөздер алып тасталсын;

      62) 101-баптың 5-тармағындағы "сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына" деген сөздер "сайлауымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      63) 102-баптағы "86-бабының", "33-бабының" деген сөздер тиісінше "88-бабының", "35-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      64) 103-баптың 6-тармағындағы "Ешкім" деген сөз "Мәслихаттар депутаттарының сайлауында ешкім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      65) 104-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігінде:

      "депозит ретінде" деген сөздер алып тасталсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      66) 106-баптың 3-тармағының бірінші абзацындағы "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың" деген сөздер "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      67) 108-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері бойынша округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау күнінен бастап екі күн мерзімнен кешіктірмей аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлаудың дауыс беру нәтижелерін анықтайды.

      3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік сайлау комиссиялары астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау барысында дауыс беру нәтижелері бойынша учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларын жоғары тұрған сайлау комиссияларына дереу жібереді.

      Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары көрсетілген хаттамалар негізінде сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың дауыс беру нәтижелерін анықтайды.";

      68) 113-1-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші сөйлем алып тасталсын;

      екінші сөйлемдегі "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздер "Әкімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, оның шекаралары өзгерген (қосылған, бөліп шығарылған немесе бөлінген) күннен бастап екі ай ішінде тағайындайды және ол сайлау тағайындалған күннен бастап қырық күн ішінде өткізіледі.";

      69) 113-3-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бір адам мәслихат депутаттығына және әкім болуға, сондай-ақ әртүрлі сайлау округтері бойынша әкім болуға кандидат ретінде бір мезгілде ұсыныла алмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және әкімдерді сайлау өткізілетін күннен жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.";

      70) 113-4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған кезде, сайлау округінде елді мекендер (әкімшілік-аумақтық бірлік) болған жағдайда, олардың кемінде жартысын білдіретін, дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысының қолдауын алуға тиіс.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі;";

      71) 113-5-баптың 2 және 14-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

      Кандидатты ұсынған саяси партия ұсынылған әрбір кандидат үшін өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

      Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылмайды және жергілікті бюджет кірісіне аударылады.";

      "14. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және әкімдерді сайлау өткізілетін күннен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.";

      72) 113-6-бапта:

      1-тармақтағы "тіркелген күннен бастап және" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "тіркеуге" деген сөз "дауыс беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      73) 113-9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "113-9-бап. Әкімді сайлау кезінде қайта дауыс беру, әкімді қайта сайлау

      1. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Қайта дауыс беру тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімдерде, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде сол бір сайлау учаскелерінде және осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып, бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол бір тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      3. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлауды өткізу туралы шешім қабылдайды.

      4. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол бір сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол бір тізімдері бойынша өткізіледі.

      Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі.";

      74) 13-2-тараудың тақырыбындағы "Парламент Мәжілісі мен" деген сөздер алып тасталсын;

      75) 113-12-баптағы "депутатты" деген сөз "мәслихат депутатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      76) 113-13-баптағы "депутатты" деген сөз "мәслихат депутатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      77) 113-14-баптың 1-тармағындағы "депутатты" деген сөз "мәслихат депутатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      78) 113-15-бапта:

      1-тармақтағы "депутатты" деген сөз "мәслихат депутатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "депутатқа" деген сөз "мәслихат депутатына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "депутатты" деген сөз "мәслихат депутатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдаған кезден бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатына және оны кері шақырып алудың бастамашысына кері шақырып алуға қатысты күнтізбелік үш күн ішінде үгіт жүргізу құқығы беріледі.";

      79) 113-16-бапта:

      тақырыптағы "депутатты" деген сөз "мәслихат депутатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Парламент Мәжілісінің немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      80) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      81) 115-баптағы "33-бабының" деген сөздер "35-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      82) 129-бап алып тасталсын;

      83) 133-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Конституциялық заңның 88-бабының 2 және 3-тармақтарының күші 2023 жылғы 19 наурыздағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауысының белгіленген пайызын алған, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының бірінші сайлауына қатысатын саяси партияларға қолданылады деп белгіленсін.".

      2. "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпыхалықтық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы";

      2) бүкіл мәтін бойынша:

      "республикалық референдумды", "Республикалық референдум", "Республикалық референдумды", "Республикалық референдумға", "республикалық референдумға", "республикалық референдум", "Республикалық референдумның", "республикалық референдумның" деген сөздер тиісінше "жалпыхалықтық референдумды", "Жалпыхалықтық референдум", "Жалпыхалықтық референдумды", "Жалпыхалықтық референдумға", "жалпыхалықтық референдумға", "жалпыхалықтық референдум", "Жалпыхалықтық референдумның", "жалпыхалықтық референдумның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Республиканың", "Республика Конституциясын", "Республика қызметінің", "Республика Президенті", "Республика Президентінің", "Республика азаматтарының", "Республика азаматтарында", "Республика Президентіне", "Республика Жоғарғы Сотына", "Республика бойынша", "Республика Конституциясына", "Республика Конституциясының", "Республика азаматының" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының", "Қазақстан Республикасының Конституциясын", "Қазақстан Республикасы қызметінің", "Қазақстан Республикасының Президенті", "Қазақстан Республикасы Президентінің", "Қазақстан Республикасы азаматтарының", "Қазақстан Республикасының азаматтарында", "Қазақстан Республикасының Президентіне", "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына", "Қазақстан Республикасы бойынша", "Қазақстан Республикасының Конституциясына", "Қазақстан Республикасы Конституциясының", "Қазақстан Республикасы азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-бапта:

      2) тармақшадағы "тәуелсіздігін" деген сөз "Егемендігін, Тәуелсіздігін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "Парламент Палаталары" деген сөздер "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-баптың 1-тармағындағы "іс-әрекетке" деген сөз "әрекетке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 9-баптың 2) тармақшасындағы "Жарлыққа" деген сөз "Конституциялық заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 11-баптың 1-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Құрылтайына тиесілі, ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында референдум тағайындау туралы бастама көтереді. Бастама көтеру Құрылтайдың отырысында жүзеге асырылады және Құрылтайдың тиісті қаулысымен ресімделеді;";

      3-тармашадағы "бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тілек бiлдiредi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің алдында бастама көтереді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі, ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында референдум тағайындау туралы бастама көтереді. Бастама көтеру Қазақстан Халық Кеңесі сессиясының отырысында жүзеге асырылады және Қазақстан Халық Кеңесінің тиісті шешімімен ресімделеді;";

      4) тармақшадағы "Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының астанасын, барлық облыстарды және республикалық маңызы бар қалаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 12-бапта:

      1 және 2-тармақтардағы "әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан" деген сөздер "астанасынан, әр облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтар "әкесінің аты" деген сөздерден кейін "(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 14-баптың 4-тармағы "әкесінің атын" деген сөздерден кейін "(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 17-бапта:

      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың, Үкіметтің, Қазақстан Халық Кеңесінің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының бастамасы бойынша референдум тағайындау туралы мынадай:

      1) референдум өткізу туралы;";

      2) тармақшадағы "референдум өткізбей-ақ" деген сөздер "референдум өткізбей" деген сөздермен ауыстырылып, "Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу," деген сөздер алып тасталсын;

      1-1-тармақ алып тасталсын;

      10) 18-бапта:

      тақырыптағы және 1-тармақтың бірінші абзацындағы "тағайындау" деген сөз "өткізу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "бастамашыларының" деген сөз "бастамашысының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "тағайындау" деген сөз "өткізу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 31-бапта:

      3-тармақтың екінші бөлігі "шығарылған" деген сөзден кейін "Конституция жобасы," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтағы "бөліністерде)" деген сөз "бірліктерде)" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 32-баптың 1-тармағының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтай Төрағасының, Құрылтай депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша Конституциялық Сот даулы жағдайда жалпыхалықтық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді.".

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша:

      "Республика Үкіметі", "Республика Конституциясының", "Республиканың", "Республика Президенті", "Республика Премьер-Министрі", "Республика Президентіне", "Республика Үкіметінің", "Республика Президентінің", "Республика Конституциясында", "Республика Президентімен", "Республика Премьер-Министрінің", "Республика заңдарының", "Республика заңдарын", "Республика атқарушы", "Республика Үкіметіне", "Республика министрлігі" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Үкіметі", "Қазақстан Республикасы Конституциясының", "Қазақстан Республикасының", "Қазақстан Республикасының Президенті", "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі", "Қазақстан Республикасының Президентіне", "Қазақстан Республикасы Үкіметінің", "Қазақстан Республикасы Президентінің", "Қазақстан Республикасының Конституциясында", "Қазақстан Республикасының Президентімен", "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің", "Қазақстан Республикасы заңдарының", "Қазақстан Республикасының заңдарын", "Қазақстан Республикасы атқарушы", "Қазақстан Республикасының Үкіметіне", "Қазақстан Республикасының министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламент Мәжілісінің", "Республика Парламенті Мәжілісінің", "Парламент Мәжілісі немесе Парламент", "Парламентке", "Парламент қабылдаған", "Парламент заңдарды", "Парламенттің", "Республика Парламентімен", "Парламент Мәжілісінде", "Парламент депутаттарының", "Парламентпен", "Парламент Мәжілісімен" деген сөздер тиісінше "Құрылтайдың", "Қазақстан Республикасы Құрылтайының", "Құрылтай", "Құрылтайға", "Құрылтай қабылдаған", "Құрылтай заңдарды", "Құрылтайдың", "Қазақстан Республикасының Құрылтайымен", "Құрылтайда", "Құрылтай депутаттарының", "Құрылтаймен", "Құрылтаймен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-1-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "Қазақстан халқына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының халқына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Құрылтайының өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкiлеттiгiн доғарады.";

      4) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуі қабылданбаған кезде Қазақстан Республикасының Президенті оған міндеттерін одан әрі атқаруды тапсырады.";

      5) 8-бапта:

      2) тармақшадағы "ғылыми немесе өзге" деген сөздер "ғылыми," деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеті болатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.";

      6) 9-баптың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындайды;";

      7) 10-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін" деген сөздер "Құрылтай қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Құрылтай заңдарды қабылдамай тастағанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Конституциясы 56-бабының 17) тармақшасында көзделген жағдайда Үкімет мүшелері Құрылтайға есеп береді.";

      9) 13-баптың 1-тармағындағы "Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен" деген сөздер "Заң жобасын енгізу туралы шешім Үкіметтің тиісті қаулысын шығару арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "Парламентпен," деген сөз "Құрылтаймен, Қазақстан Халық Кеңесімен," деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "Республика Конституциясының", "Республиканың Конституциясында", "Республика соттарының", "Республиканың өзге де", "Республика сот жүйесiнiң", "республика судьяларын", "республика соттарының", "Республиканың қалған", "Республика соттары" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Конституциясының", "Қазақстан Республикасының Конституциясында", "Қазақстан Республикасы соттарының", "Қазақстан Республикасының өзге де", "Қазақстан Республикасы сот жүйесінің", "Қазақстан Республикасының судьяларын", "Қазақстан Республикасы соттарының", "Қазақстан Республикасының қалған", "Қазақстан Республикасының соттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігіндегі "заң актілерін" деген сөздер "заңдарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады, ол адамның, азаматтың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын мақсат етеді.";

      екінші бөліктегі "Әркімге" деген сөз "Әр адамға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөлік "азаматтық," деген сөзден кейін "әкімшілік," деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "Республика астанасының" деген сөздер "астананың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-баптағы "Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актiлерiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және өзге де заңдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 16-бапта:

      1-тармақтың 6) тармақшасындағы "облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстағы және республикалық маңызы бар қаладағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2 және 2-1-тармақтардың екінші бөлігіндегі "тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздер "астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғарғы Сот – жергілікті және басқа да соттардың қарауына жататын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы, ол заңда көзделген жағдайда өзінің қарауына жататын сот істерін қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндіру береді.";

      7) 20-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жоғарғы Сот Төрағасы өз өкілеттігі мерзімі ішінде Жоғарғы Сот судьясы да болады және судья мiндетiн атқарумен қатар:";

      8) 22-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "47-бабының 2-тармағында" деген сөздер "50-бабының 3-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Судья – Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде атқаратын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы.";

      10) 25-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі "Конституциямен" деген сөз "Қазақстан Республикасының Конституциясымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 27-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Судьяны қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, тиісінше Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Құрылтайдың келісімінсіз оны ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамақта ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.";

      2-тармақтағы "заңнамалық актілерінде" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 28-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      "ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді" деген сөздер "ғылыми, шығармашылық қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Судьялардың саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.";

      13) 30-баптың 4-тармағында:

      он бірінші бөлікте:

      "Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына" деген сөздер "судьясының бос лауазымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он екінші бөлікте:

      "тоғызыншы" деген сөз "оныншы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 31-бапта:

      1-тармақтағы "Сенат" деген сөз "Құрылтай" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жоғарғы Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымымен алты жыл мерзімге тағайындайды.

      Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Жоғарғы Соттың Төрағасы болып тағайындалмайды.";

      7-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі "Жоғарғы Соттың Төрағасы мен" деген сөздер "Жоғарғы Соттың судьясы лауазымынан тағайындалған жағдайда, Жоғарғы Соттың Төрағасы," деген сөздермен ауыстырылсын, 9-тармақтың бірінші және үшінші бөліктеріндегі "Жоғарғы Соттың Төрағасы және" деген сөздер "Жоғарғы Соттың судьясы лауазымынан тағайындалған жағдайда, Жоғарғы Соттың Төрағасы," деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен ант береді.

      Жоғарғы Соттың судьялары Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында ант бередi.";

      16) 34-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;";

      3-тармақта:

      1) тармақшада:

      "Төрағасына," деген сөз алып тасталсын;

      "Парламентi Сенатының" деген сөздер "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "Жоғарғы Соттың" деген сөздер "Жоғарғы Соттың Төрағасына, Жоғарғы Соттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 35-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Президенті басқа лауазымға немесе Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындауға байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьяның осы бапта белгіленген талаптарға сай келген жағдайда орнынан түсуге және осы бапта көзделген төлемдер мен кепілдіктерге құқығы бар.";

      18) 47-баптың 2-тармағындағы "66-бабының 9-1) тармақшасына" деген сөздер "65-бабының 8) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 56-баптың 2 және 5-тармақтарындағы "облыстардағы, астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 57-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "белгіленген", "алты" деген сөздер тиісінше "бекітілген", "тоғыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "бюджеттік өтінімі", "бюджеттік өтініміне" деген сөздер тиісінше "бюджеттік сұранымы", "бюджеттік сұранымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 59-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Конституциялық заңның 35-бабы 1-1-тармағының күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін судья өкілеттігін тоқтатқан адамдарға не Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына тағайындалуына байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьяға қолданылады.".

      5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "жергілікті соттарының", "жергілікті соттары" деген сөздер тиісінше "жергілікті және басқа да соттарының", "жергілікті және басқа да соттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 4-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің" деген сөздер "Құрылтайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Үкіметтің," деген сөзден кейін "Қазақстан Халық Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік кеңесшінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының, Премьер-Министрдің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшада:

      "Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстары, Қазақстан Республикасы Құрылтайының үйлестіру және жұмыс органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары" деген сөздер "Үкіметтің отырыстары, Қазақстан Халық Кеңесінің сессиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және жергілікті соттарының" деген сөздер ", жергілікті және басқа да соттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының," деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "Парламенті палаталарының төрағалары" деген сөздер "Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:

      "Парламенттің," деген сөз "Құрылтайдың," деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Үкіметтің," деген сөзден кейін "Қазақстан Халық Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "және жергілікті соттарының" деген сөздер ", жергілікті және басқа да соттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің" деген сөздер "Құрылтайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Үкіметтің," деген сөзден кейін "Қазақстан Халық Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік кеңесшінің" деген сөздер "Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының, Премьер-Министрдің, Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшада:

      "Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының" деген сөздер "Құрылтайының отырыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Құрылтайының үйлестіру және жұмыс органдарының, Үкіметтің отырыстары, Қазақстан Халық Кеңесінің сессиялары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және жергілікті соттарының" деген сөздер ", жергілікті және басқа да соттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      "Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның Палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары Бюроларының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы мен оның Аппаратының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Бюросының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Үкіметінің және Үкіметі Аппаратының" деген сөздер "Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Халық Кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшада:

      "Парламенттің" деген сөз "Құрылтайдың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Үкіметтің," деген сөзден кейін "Қазақстан Халық Кеңесінің," деген сөздермен толықтырылсын;

      "және жергілікті соттарының" деген сөздер ", жергілікті және басқа да соттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 8-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "Парламенті" деген сөз "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "жолданым", "жолданымдардың", "жолданымдарын", "жолданымдары", "жолданымы", "жолданымды", "Жолданымның", "жолданымның", "Жолданымдарды", "жолданымының", "жолданымда", "Жолданымды", "жолданымдар", "Жолданымда", "жолданымында", "Жолданымға", "жолданымын", "ЖОЛДАНЫМДАРДЫ", "Жолданым", "жолданымдарды" деген сөздер тиісінше "өтініш", "өтініштердің", "өтініштерін", "өтініштері", "өтініші", "өтінішті", "Өтініштің", "өтініштің", "Өтініштерді", "өтінішінің", "өтініште", "Өтінішті", "өтініштер", "Өтініште", "өтінішінде", "Өтінішке", "өтінішін", "ӨТІНІШТЕРДІ", "Өтініш", "өтініштерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі – Конституциялық Сот) – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.";

      екінші бөлік "лауазымды" деген сөзден кейін "және өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 3-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады.

      2. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.";

      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьяларының арасынан" деген сөздер "Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.";

      4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Конституциялық Сот судьяларына қойылатын талаптар

      1. Конституциялық Сот судьялары – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, олардың мәртебесі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады.

      2. Конституциялық Сот судьяларының саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.

      3. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.

      Егер Конституциялық Сот судьясы лауазымға тағайындалған кезде саяси партияда, кәсіптік одақта болса, ол тағайындалған күнінен бастап он күн ішінде олардан шығуға міндетті.";

      5) 6-баптың 1-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бір адам бір реттен артық Конституциялық Сот Төрағасы немесе Конституциялық Сот судьясы болып тағайындалмайды.";

      6) 8-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақшадағы "заңда" деген сөз "Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сот оны хабарсыз кеткен деп тану туралы іс қозғаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.

      Конституциялық Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентін хабардар ете отырып, Конституциялық Сот Төрағасы орынбасарының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.

      Конституциялық Сот Төрағасы Конституциялық Соттың өзге де судьяларының өкілеттігін тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.

      Өкілеттіктерді тоқтата тұру туралы шешім өкілеттіктерді тоқтата тұруға негіздер анықталған күннен бастап он күннен кешіктірілмей қабылданады.";

      7) 9-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының өкілеттігін тоқтатады.

      Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті Конституциялық Сот Төрағасы орынбасарының өкілеттігін тоқтатады.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      8) 11-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларын қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда жерде ұстау жағдайларын қоспағанда, оларды өз өкілеттігі мерзімі ішінде тиісінше Президенттің не Құрылтайдың келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, күштеп әкелуге, үйқамаққа алуға, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Сот Төрағасына немесе судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол тиісінше Қазақстан Республикасының Президентіне немесе Құрылтайға Конституциялық Сот Төрағасын немесе судьясын ұстауға, қамауда ұстауға, күштеп әкелуге, қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсыну енгізеді. Конституциялық Соттың Төрағасы немесе судьясы қылмыс орнында ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ ол бір тәулік ішінде міндетті түрде хабардар етіле отырып жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

      Конституциялық Сот судьясына қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының санкциясымен жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларының қол сұғылмау кепілдігінен айыруды тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті не Құрылтай жүзеге асырады.";

      9) 14-бапта:

      1-тармақтағы "66-бабының 9-1) тармақшасында" деген сөздер "65-бабының 8) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы Конституциялық заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілмеген, судьяға байланысты емес және теріс сипаты жоқ өзге де негіздер бойынша өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған Конституциялық сот судьясына Конституциялық Соттағы судьялық жұмыс өтілі кемінде үш жыл болған кезде бір айлық орташа жалақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.";

      10) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Конституциялық Соттың құзыреті

      1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес даулы жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнің сайлауын;

      2) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын;

      3) жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселенi шешедi.

      2. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғанға дейін Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдаған заңдардың;

      2) Қазақстан Республикасының Құрылтайы қабылдаған қаулылардың;

      3) ратификацияланғанға дейін халықаралық шарттардың;

      4) халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарайды.

      3. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларына және 6-тармағына сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына ресми түсiндiрме;

      2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 50 және 51-баптарында белгіленген жағдайларда қорытынды береді.

      4. Конституциялық Сот:

      1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабының 14) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын жинақтап қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасының Құрылтайына Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау жiбередi;

      2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасы Президентінің өтінішін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабында көзделген жағдайда соттың өтініштерін қарайды;

      3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды;

      4) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өтініштерін қарайды;

      5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініштерін қарайды.

      5. Конституциялық Сот тек қана құқық мәселелерін шешеді және жүгінуге себеп болған нақты мән-жайларға, лауазымды адамдар мен судьялардың әрекеттеріне және (немесе) әрекетсіздігіне баға бермейді.";

      11) 25-баптың 5-тармағындағы "72-бабының" деген сөздер "73-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 27-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында" деген сөздер "Құрылтайының отырысында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 36-баптың 1-тармағындағы "орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең" деген сөздер "қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 38-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конституциялық iс жүргiзу:";

      15) 39-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конституциялық Сот отырысының хаттамасы жасалады. Конституциялық Соттың Регламентінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оның отырысында аудио-, бейнежазба қолданылуы мүмкін.";

      16) 40-бап алып тасталсын;

      17) 42-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конституциялық іс жүргізуге қатысушының:";

      5) тармақшадағы "беруге құқығы бар." деген сөздер "беруге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) өтініштің негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға, қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажеттілігі болмаған кезде және судьялар құрамы кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін өзі берген өтінішті кері қайтарып алуға;

      7) өтініште мәлімделген талаптарды толық немесе ішінара мойындауға не оларға қарсылық білдіруге құқығы бар.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      18) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің түрлері

      Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің түрлері – Қазақстан Республикасы Конституциясының 50, 51, 73 және 79-баптарында көрсетілген мәлімдеме, өтініш және соттардың ұсынуы.";

      19) 44-бапта:

      2-тармақта:

      4) тармақшадағы "91-бабының 3-тармағында" деген сөздер "93-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "Парламенті депутаттарының сайлауларын және республикалық" деген сөздер "Құрылтайы депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған" деген сөздер алып тасталсын;

      7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламенті және оның Палаталары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) егер өтініште халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, халықаралық ұйымдар және олардың органдары шешімдерінің атауы, қабылданған күні;";

      12) тармақшада:

      "47-бабының 1-тармағына" деген сөздер "50-бабының 2-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Парламенті", "Парламентінің" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Құрылтайы", "Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселеге бастама жасаған депутаттар және олардың саны туралы мәліметтер; Құрылтайда дауыс берудің нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы тағылған айыпты тергеп-тексеру нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тағылған айыптың негізділігі жөніндегі қорытындысы туралы мәліметтер; Құрылтайдың Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселені қарауымен байланысты актілердің атауы, қабылданған күні және мазмұны;";

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 1-тармағында көзделген өз құқығын іске асыруы туралы мәліметтер;

      13-2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, адамның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаудан бас тартуы туралы мәліметтер;";

      "15-1) сот арқылы қорғалу құқығын қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада белгіленген басқа тәсілдерін пайдаланғаны туралы мәліметтер (олар болған кезде);";

      4-тармақта:

      2) тармақшадағы "құжаттар" деген сөз "сенімхат немесе өзге құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) егер ұйымның уәкілетті адамы өтініш субъектісінің өкілі болса, жарғының, ереженің, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;";

      20) 45-бапта:

      тақырыптағы "азаматтардың жолданымдары" деген сөздер "өтініштер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының жүгінуі бойынша олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, олардың жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарайды.";

      2-тармақта:

      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы азаматының өтініші жол берудің мынадай:

      1) соттың дау айтылып отырған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні қолдануы және оның жүгінуші субъект қатысатын нақты істе құқықтар мен бостандықтарды тікелей қозғауы және іс бойынша апелляциялық сатыдағы күшіне енген сот актісінің болуы;";

      2) тармақшадағы "жолданым", "берілсе, азаматтың жүгінуіне жол беріледі." деген сөздер тиісінше "өтініштің", "берілуі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) жүгінген субъектінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы белгілерінің болуы шарттарына сай келуге тиіс.";

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      21) 46-бапта:

      1) тармақшада:

      "72-бабы" деген сөздер "73-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламентінің", "республикалық" деген сөздер тиісінше "Құрылтайының", "жалпыхалықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "72-бабы", "3) тармақшаларында" деген сөздер тиісінше "73-бабы", "4) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "78-бабында" деген сөздер "79-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 47-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өтініштердің Конституциялық Соттың құзыретіне, тиісті субъект, нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкестігін сырттай (формальды) тұрғыдан тексеру мақсатында оларды алдын ала қарауды осы Конституциялық заңға және Конституциялық Соттың Регламентіне сәйкес Конституциялық Соттың Аппараты қамтамасыз етеді.";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер анықталған сәйкессіздік анық (айқын) болса және жеке талдауды және (немесе) сараптаманы талап етпесе, өтініш қайтарылуға тиіс. Өтініш Конституциялық Сот Аппаратының хабарламасы негізінде мынадай негіздер бойынша:";

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өтінішті беру шарттары анық сақталмаған болса, қайтарылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтағы "2) және 4) тармақшаларында" деген сөздер "2) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 48-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Конституциялық Сот судьясының (судьяларының) өтінішті алдын ала зерделеуі

      1. Төраға белгіленген талаптарға сай келетін өтінішті алдын ала зерделеу үшін бір немесе бірнеше судьяға береді.

      Алдын ала зерделеу шеңберінде Конституциялық Сот судьясы өтініштің мәніне, негіздеріне және талаптарына жататын қосымша құжаттар мен анықтамалық ақпаратты талап етуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың уәкілетті өкілдеріне алдын ала сұрау жүргізуге құқылы. Көрсетілген әрекеттер баяндамашы судьяның ұйғарымы негізінде жүргізіледі.

      Алдын ала зерделеу нәтижелері Конституциялық Соттың отырысында баяндалады. Баяндаманы қарау нәтижелері бойынша Конституциялық Соттың өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қаулысы қабылданады.";

      24) 53-бапта:

      бірінші бөліктегі "Бұл ретте азаматтардың" деген сөздер "Азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "соңғы жолданым келіп түскен" деген сөздер "оларды біріктіру туралы шешім қабылданған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес берілген мәлімдеме бойынша Конституциялық Сот күнтізбелік үш күн ішінде қорытынды шешім шығарады.";

      25) 57-бапта:

      1-тармақта:

      9) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сайлауларын немесе республикалық" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауын немесе жалпыхалықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11), 12), 13) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Конституциялық Сот қараған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны;

      12) сақталуы немесе болуы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тексерілген рәсімдер, мән-жайлар мен фактілер;

      13) Конституциялық Сот ұйғарған шешімнің (қорытындының) пайдасына келтірілген құқықтық сипаттағы дәлелдер;";

      "15) шешімнің (қорытындының) қарар бөлігі;";

      2-тармақта:

      2) тармақшадағы "Конституциялық Сот берген түсіндірмеде" деген сөздер "Конституциялық Соттың түсіндірмесінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша "ережелерін" деген сөзден кейін "толық немесе жекелеген бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындаудың конституциялылығын тексеру туралы өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот:

      1) халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану туралы;

      2) халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тану туралы нормативтік қаулылардың бірін қабылдайды.";

      26) 62-баптың 2-тармағындағы "осы баптың 1-тармағында көрсетілген" деген сөздер алып тасталсын;

      27) 63-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 7-тармағында және 43-бабының 1 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейді деп танылған, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жалпыхалықтық референдумға шығарылмайды.";

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "күші жойылады" деген сөздер "қолданысы тоқтатылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "құқық қолдану органдарының", "белгіленген тәртіппен" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік органдардың", "заңда белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "белгіленген тәртіппен күшін жоюға" деген сөздер "белгіленген тәртіппен қолданысын тоқтатуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылған заңдар және өзге де құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.

      Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге не олардың жекелеген ережелеріне негізделген соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың шешімдері, егер Конституциялық Сот өзгеше белгілемесе, заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен қайта қаралады.";

      6-тармақтағы "Парламенті Сенаты мен Мәжілісі" деген сөздер "Құрылтайы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "47-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің" деген сөздер "50-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Президентінің орнынан түсу туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растау туралы қорытынды оның өз еркімен орнынан түсуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылғанын білдіреді.

      10. Адамның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растау туралы қорытынды Конституцияға сәйкес Президент өкілеттігінің одан әрі өтуі бойынша рәсімдерді бастауға алып келеді.

      11. Конституциялық Сот орындалуын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдері, осы шешімдердің жекелеген ережелері орындалуға жатпайды.";

      28) 64-баптың 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 65-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарына", "министріне" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Құрылтайына", "министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "заңнамалық актілерді" деген сөздер "заңдарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      30) 66-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қарауындағы өтініштер жүгінуші субъектілер оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіргеннен кейін осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қаралады.".

      7. "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамақта ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.";

      2) 3-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздер "осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-бапта:

      тақырыптағы "сайлау" деген сөз "тағайындау" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.";

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "сайланатын" деген сөз "тағайындалатын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан босатады.";

      2-тармақта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Конституциялық заңда белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы.";

      5) 6-бапта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "педагогтік, ғылыми және өзге де" деген сөздер "оқытушылық, ғылыми," деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "сайланған" деген сөз "тағайындалған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "өзінің оларға мүшелігін тоқтатуға тиіс" деген сөздер "олардан шығуға міндетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 7-бапта:

      1) тармақшадағы "Парламентіне" деген сөз "Құрылтайына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаманы дайындауды және үш жылда бір рет таратуды қамтамасыз етеді;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс органдарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының қатысуымен өтетін өзге де іс-шараларға шақыру бойынша қатысады;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары сессиясының жалпы отырыстарына қатысуға құқылы;";

      7) тармақшадағы "Парламентінің" деген сөз "Құрылтайының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұлттық баяндамашының функцияларын жүзеге асырады;";

      7) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тиісті ұсынымдармен Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал және қабылданатын шаралар туралы баяндаманы дайындауды және үш жылда бір рет таратуды қамтамасыз етеді.";

      8) 17-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Құрылтайына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 18-баптың 3 және 4-тармақтарындағы "облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 5-тараудың тақырыбындағы "облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 19-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы" деген сөздер "астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Прокуратура туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 4-баптың 3) тармақшасындағы "қылмысқа" деген сөз "қылмыскерлікке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-бапта:

      1) тармақшада:

      бірінші абзац "заңдарына" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы;";

      3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1) осы Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – активтерді қайтару);";

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті;";

      4) тармақшада:

      "салада" деген сөзден кейін ", инвестициялар және инвестициялық қызмет саласында" деген сөздермен толықтырылсын;

      "активтерді қайтару саласындағы" деген сөздерден кейін ", инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшадағы "заңдарында және" деген сөздер "заңдарында," деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 7-баптың 2-тармағында:

      2) тармақша "ақпараттық жүйелерде" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) тармақша "қылмыстық-құқықтық саладағы" деген сөздерден кейін ", инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 8-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды.";

      6) 9-бапта:

      6) тармақшадағы "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) инвестициялық омбудсменнің функцияларын жүзеге асырады;";

      9) тармақшадағы "қылмысқа" деген сөз "қылмыскерлікке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) және 13) тармақшалардағы "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) тармақшадағы "72-бабының" деген сөздер "73-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) тармақша мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "инвесторлардың құқықтарын қорғау;";

      24) тармақшадағы "заңдарында және" деген сөздер "заңдарында," деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 10-бапта:

      1-тармақта:

      1-1) тармақшадағы "активті иемдену" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "өзге де заңдарында" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша "заңдарына" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшада:

      "заңдарына" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      "адамдарға, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса," деген сөздер "және адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғаса," деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жүктелген функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін, заңдылықтың сақталуын тексеруге қатысуға және қорытынды беруге өзге де органдар мен ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды, сарапшыларды, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тартуға;";

      27) тармақша "активтерді қайтару" деген сөздерден кейін ", инвесторлардың құқықтарын қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) тармақша "активтерді қайтару" деген сөздерден кейін ", инвесторлардың құқықтарын қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.";

      8) 11-1-бап алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:

      "11-2-бап. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы

      1. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылықты жоғары қадағалауды, инвесторлардың құқықтарын қорғауды, олардың бұзылуының жолын кесуді және алдын алуды жүзеге асырады.

      2. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоның құрылымын Бас Прокурор бекітеді.

      3. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі мен қағидаттары осы Конституциялық заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.";

      10) 15-бапта:

      тақырыптағы және 1-тармақтағы "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "қылмысқа" деген сөз "қылмыскерлікке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) инвестициялық прокурорлар болып саналады;";

      5) тармақшадағы "заңдарында және" деген сөздер "заңдарында," деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 17-баптың 2-тармағындағы "заңдарында және" деген сөздер "заңдарында," деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 18-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады.";

      екінші бөлік "субъектілеріне" деген сөзден кейін ", инвесторларға" деген сөзбен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы жүргізетін заңдылықтың сақталуын тексеру прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы бірінші басшысының шешімі бойынша осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың актілерінде белгіленген шекте жүзеге асырылады.";

      6-тармақтағы "прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосы жүргізетін" деген сөздер "жүргізілетін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобына" деген сөздер "адамдардың шектелмеген тобына, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша инвесторларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 22-баптың 2-тармағындағы "құқықтарын қорғау" деген сөздер "құқықтарын, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы мәселелер бойынша инвесторларды қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 24-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы "субъектілерінің" деген сөзден кейін ", инвесторлардың" деген сөзбен толықтырылсын;

      16) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу

      1. Инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу (бұдан әрі – инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу) үшін прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы Бас прокурор айқындайтын тәртіппен Дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын (бұдан әрі – Комиссия) құруға құқылы.

      Дауларды реттеу рәсіміне қатысу ерікті болады және сотқа жүгіну құқығын шектемейді.

      2. Инвестордың инвестициялық қызметке байланысты дауды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші инвесторға өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған немесе белгілі болуы тиіс күннен бастап үш айдан кешіктірілмей прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі.

      3. Мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарының, инвестициялық прокурорлардың инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өтерден кемінде бір ай бұрын прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі.

      Жолданым көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайда прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы жолданымды қарауға қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      4. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды шығарады.

      Заңдылықтың бұзылғаны анықталған кезде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды негізінде прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін шығаруға құқылы.

      5. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.";

      17) 26-бапта:

      4-тармақ "заңды мүдделері," деген сөздерден кейін "инвесторлар құқықтарының қорғалуы," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Прокурордың талап етуі бойынша органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тексеруге, қорытынды беруге қатысу үшін ғалымдар, сарапшылар, мамандар бөлуге міндетті.";

      11-тармақта:

      "активтерді қайтару" деген сөздер "инвесторлардың құқықтарын қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы "кәмелетке толмағандар және" деген сөздер "кәмелетке толмағандар, ал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 28-бапта:

      тақырыптағы және 1-тармақтағы "қылмысқа", "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер тиісінше "қылмыскерлікке", "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "қылмысқа" деген сөз "қылмыскерлікке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      19) 29-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы "тұлғалардың," деген сөзден кейін "инвесторлардың," деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "оның ішінде қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін" деген сөздер "инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру, оның ішінде қылмыстық процестен тыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 31-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің жаңа нысандары мен құралдарын қатаңдатуға не енгізуге байланысты заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды келіседі және береді;";

      21) 32-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы ", ұйғарым" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақ "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 33-бапта:

      5-тармақтағы (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "заңнамалық актілері" деген сөздер "заңдары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      23) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық қызметті жүзеге асыру;";

      24) мынадай мазмұндағы 37-1-баппен толықтырылсын:

      "37-1-бап. Ұйғарым

      1. Заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымды прокурор заң бұзушылыққа жол берген не жол берілген бұзушылықты жоюға құқылы мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарына, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарға шығарады.

      2. Заң бұзушылық айқын сипатта болған, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келуі не инвестициялық қызметті жүзеге асыруға теріс әсер етуі мүмкін болған және ол дереу жойылмаған жағдайда, прокурор заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарады.

      Ұйғарым нормативтiк құқықтық актiлерге шығарылмайды.

      3. Ұйғарымда Конституцияның, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің бұзылған нормаларына нұсқаулар, құқық бұзушылықтың сипаты және бұзушылықты жою жөніндегі шаралар туралы нақты ұсыныстар қамтылуға тиіс.

      4. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс.

      Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады.

      5. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.

      6. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Ұйғарымға шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      7. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұруы мүмкін.";

      25) 40-баптың бірінші бөлігіндегі "(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың)" деген сөздер "(астананың және республикалық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 43-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Прокурордың активтерді қайтару мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      27) 45-бапта:

      1-тармақ "бюджет қаражаты" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес активтерді қайтаруға қатысты қызмет бөлігінде Арнаулы мемлекеттік қор" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      28) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Прокурорлар мен өзге де жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін бірыңғай қаржыландыру және еңбекақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.".

      9. "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" 2026 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

      1) 4-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы "республикалық" деген сөз "жалпыхалықтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Алатау қаласының заңнамасы – Қазақстан Республикасының Конституциясынан, осы Конституциялық заңнан, осы Конституциялық заңды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінен, сондай-ақ осы Конституциялық заң негізінде қабылданған Алатау қаласы әкімшілігінің, мәслихатының, әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінен тұратын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;";

      3) 36-баптың 17-тармағының төртінші бөлігіндегі "қабылданған кезде" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 42-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "қадағалауы" деген сөз "жоғары қадағалауы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 59-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "немесе әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі және өтпелі ережелер

      1. Осы Конституциялық заң:

      1) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 8) тармақшасын, 9) тармақшасының он екінші абзацын;

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 20) тармақшасының екінші абзацын;

      3) алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 19) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 20) тармақшасының бірінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 21) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 22) тармақшасын, 31) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 38) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 68), 69), 70), 71), 72) тармақшаларын, 8-тармағының 3), 4) тармақшаларын, 6) тармақшасының бірінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 7), 8), 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының бірінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 11) тармақшасын, 12) тармақшасының бірінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 13), 14), 15), 16) тармақшаларын, 17) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарын, 19), 20), 21), 23), 24), 26), 27) тармақшаларын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Конституциялық заңның 1-бабының 1-тармағы 83) тармақшасының күші 2023 жылғы 19 наурыздағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында сайлаушылар дауысының белгіленген пайызын алған, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының бірінші сайлауына қатысаты н саяси партияларға қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Конституциялық заңның 1-бабының 8-тармағы 27) тармақшасының күші 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ