ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 453-бапта:
тақырып "дайындау," деген сөзден кейін "басып шығару," деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы "дайындау," деген сөзден кейін "басып шығару," деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацы "дайындау," деген сөзден кейін "басып шығару," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 504-бап мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
"7. Осы баптың бiрiншi, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
3) 804-баптың бірінші бөлігінің 46) тармақшасындағы "436," деген цифрлар "436, 462 (үшінші және төртінші бөліктері)," деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 889-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.".
2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |