Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 18 шілдедегі № 127-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 18-тарау мынадай мазмұндағы 309-1-баппен толықтырылсын:

      "309-1-бап. Электр желілеріне өз бетінше қосылу

      1. Электр желілеріне өз бетінше қосылу –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      2) 597-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "көлік құралдарының" деген сөздерден кейін ", оның ішінде электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 690-баптың бірінші бөлігі "305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін қоспағанда)" деген сөздерден кейін ", 309-1" деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 741-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) жол-көлік оқиғасы оңайлатылып ресімделген жағдайда.";

      5) 896-баптың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзацтағы "мемлекеттік сот орындаушыларына" деген сөздер "әділет органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "мемлекеттік сот орындаушыларына және" деген сөздер "әділет органдарына," деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ