Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 122-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тіртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "168-бап. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындамауы

      1. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның инвестициялық бағдарламада бекітілген іс-шараларды сақтамауы, сол сияқты орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Энергия өндіруші немесе энергия беруші ұйымның табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы –

      тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, кіріс (түсім) алуға алып келген әрекет (әрекетсіздік) –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      2) 172-бапта:

      тақырып "электр энергетикасы туралы" деген сөздерден кейін "және жылу энергетикасы саласындағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –";

      3) 293-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының болмауы

      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының болмауы –";

      4) 300-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "300-бап. Электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу

      1. Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетуші персоналдың өміріне қауіп төндіретін жай-күйге алып келген, электр қондырғыларын орнатудың, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға алып келген, энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу –

      энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Жабдықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне, белгіленген пайдалану көрсеткіштерінің тұрақтылығын, дайындық жұмыстарының орындалу толықтығын қамтамасыз ететін жөндеу жұмыстары көлемдерінің орындалуына, жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемдерін қосалқы бөлшектермен және материалдармен уақтылы қамтамасыз етуге, сондай-ақ орындалған жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сапасына жалпы басшылық жасау бөлігінде, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысқа жалпы басшылық жасау бөлігінде электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бұзу –

      энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      5) мынадай мазмұндағы 300-2-баппен толықтырылсын:

      "300-2-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы

      1. Энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін күзгі-қысқы кезеңде сақтамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Электр станциясының негізгі жабдығының және қазандықтың тоқтауына алып келген, энергия өндіруші ұйымдардың және жылу өндіруші субъектілердің бекітілген отын қоры нормативтерін сақтамауы –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      6) 301-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "301-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу

      1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін күзгі-қысқы кезеңде бұзуы –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескерту. Осы бапта энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамы деп энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды түсіну керек.";

      7) 301-2-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы "ұйымдардың" деген сөзден кейін "және жылумен жабдықтау субъектілерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацы "ұйымдардың" деген сөзден кейін "және жылумен жабдықтау субъектілерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 301-3-баппен толықтырылсын:

      "301-3-бап. Электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу

      1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарын, ғимараттары мен құрылысжайларын жөндеудің перспективалық жоспарын бекіту бөлігінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзуы –

      энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Жөндеу мерзімдері мен түрлерін сақтау бөлігінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылысжайларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бұзу, оның ішінде электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, электр беру желілерінің, қосалқы станциялардың және жылу желілерінің негізгі жабдығын жөндеу мерзімдерін келісілмеген ауыстыру –

      энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамдарына немесе бірінші басшыларына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      9) 302-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "302-бап. Электр желiлерiн бүлдiру

      1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру –

      жеке тұлғаларға жетпіс бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      10) 18-тарау мынадай мазмұндағы 309-2-баппен толықтырылсын:

      "309-2-бап. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу

      1. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу –

      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      11) 690-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстің 172 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 300-1, 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін қоспағанда), 302, 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерін және жылу энергиясын тұтынушыларды қоспағанда), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу желілерін қоспағанда), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылу желілерінің күзет аймақтарын қоспағанда), 309-1, 309-2 (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелері шеңберіндегі жылу желілері бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      12) 729-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде)" деген сөздер "172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде)" деген сөздер "300 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 300-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-1 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 301-3 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 309-2 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі және жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      "172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде)" деген сөздер "172 (үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде)" деген сөздер "301 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері бөлігінде), 303 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 304 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері бөлігінде), 305 (жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылу энергиясын тұтынушылардың жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 802-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасында "үшінші бөлігінің" деген сөздер "үшінші және бесінші бөліктерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:

      1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі;

      2) табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы негіздер болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы және жылу энергетикасы саласындағы заңдарында белгіленген, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-3, 6-4 және 6-5-баптарында және "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13, 14 және 15-баптарында көзделген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда тергеп-тексерудің нәтижесі бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздер болып табылады.

      Осы бөліктің күші Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 8-1-тармағын қоспағанда, 129-бабында көзделген салаларда бақылау мен қадағалау жүзеге асырылған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ