Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 117-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 189-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының он бірінші абзацы алып тасталсын;

      2) 381-баптың 17-тармағындағы "квитанцияларды немесе өзге де құжаттарды", "квитанциялардың немесе өзге де құжаттардың", "квитанциялар немесе өзге де құжаттар" деген сөздер тиісінше "электрондық лотерея билеттерін", "электрондық лотерея билеттерінің", "электрондық лотерея билеттері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 394-баптың бірінші бөлігінің 48) және 53) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) мынадай шарттар сақталған кезде:

      өткізуші заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылса;

      көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы өндірушіден осы баптың бірінші бөлігінің 38) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушімен жасалған мәміле шеңберінде уәкілетті өкіл болып тағайындалған және өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізіліміне енгізілген заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі деп танылады.

      Өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өзі бекіткен нысан бойынша жүргізеді;";

      53) мынадай шарттар сақталған кезде:

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндіруші үшін – өткізілетін тұрмыстық аспаптың және (немесе) тұрмыстық электроника аспабының, сондай-ақ олардың (оның) құрамдастарының құрамына бұрын әкелінген, осы Кодекстің 399-бабының 3-тармағына немесе 451-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар кірсе;

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушінің уәкілетті өкілі үшін – тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары өндірушіден осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса;

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар үшін – көрсетілген тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары өндірушіден немесе уәкілетті өкілден осы тармақшаға сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер;

      өндірушінің уәкілетті өкілдері;

      тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың тізілімін өзі бекіткен нысан бойынша жүргізеді.";

      4) 69-тараудың 7-параграфы алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ