Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 112-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 3-бапта:

      3) тармақтағы "234-бапта – жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын, алып өткізілген тауарлардың құны" деген сөздер "234-бапта – алып өткізілген тауарлардың отыз мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) тармақта:

      "219," деген цифрлар алып тасталсын;

      ", 228 және 241-баптарда" деген сөздер "және 228-баптарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "234-бапта – алып өткізілген тауарлардың он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны" деген сөздер "234-бапта – алып өткізілген тауарлардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "236-бапта – төленбеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны" деген сөздер "236-бапта – төленбеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын құны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 219-бап алып тасталсын;

      3) 234-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "өткізу" деген сөзден кейін "не Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салу немесе шектеу белгіленген тауарларды немесе өзге де заттарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізу" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы "мүлкі тәркіленіп" деген сөздерден кейін "немесе онсыз" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 236-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      5) 241-бап алып тасталсын.

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 32-баптың үшінші бөлігіндегі "219 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      2) 179-баптың бірінші бөлігі 2) тармағындағы "бұзушылықтар жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды." деген сөздер "бұзушылықтар жөнінде;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақпен толықтырылсын:

      "3) мынадай:

      салықтық тексеру актісі, тұжырымдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің барын көрсететін жеткілікті деректер қамтылған мемлекеттік кіріс органдары маманының қорытындысы (анықтамасы) қоса берілмей;

      мемлекеттік кіріс органдарының салықтық тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі шағым жасау кезінде уәкілетті органның шешімі шығарылғанға дейін, ал сотқа шағым жасау жағдайларында сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;

      іс-әрекетті қылмыстық топтың құрамында жасау белгілері болған, сондай-ақ есепке жазу іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген, тауарлар тиеп-жөнелтілмеген мәмілелер бойынша жүргізілген не тапсырылуы міндетті болатын декларация ұсынылмаған не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру арқылы декларацияға кірістері және (немесе) шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізілген жағдайларды қоспағанда, салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың есепке жазылған сомалары толық өтелген кезде салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.";

      3) 187-баптың 3-1-бөлігіндегі "219-221" деген цифрлар "220, 221" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 191-бапта:

      үшінші бөлік "233," деген цифрлардан кейін "234 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      он жетінші бөлікте:

      "234 (бірінші бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын.

      3. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 489-баптың 5) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      2) 492-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      3) 496-баптың 1-тармағының 9) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      4) 499-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      5) 503-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      6) 506-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      7) 510-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      8) 513-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      9) 517-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      10) 520-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      11) 524-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      12) 527-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      13) 532-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының екінші абзацында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      14) 534-бапта:

      1-тармақтың 11) тармақшасының бірінші абзацында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын;

      7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші абзацында:

      "235" деген цифрлар "235-1" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "241," деген цифрлар алып тасталсын.

      4. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-баптармен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері

      1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық тетігін жасау арқылы азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері:

      1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау;

      2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың жалпыға танылған халықаралық стандарттарға сай келетін тиімді жүйесін құру;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктердің жасалуын болғызбау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға ықпал ететін осалдықтарды анықтауға және жоюға бағытталған шараларды қабылдау;

      6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында қаржы мониторингі субъектілерін және мемлекеттік органдардың жұмыскерлерін оқытудың өткізілуін ұйымдастыру;

      7) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

      2-2-бап. Осы Заңның қағидаттары

      Осы Заң мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі, әділдік;

      2) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қатерінен қорғау.";

      2) 3-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар жатады.";

      3) 15-баптың 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      4) 16-бапта:

      1) тармақшадағы "ақпаратты жинауды және өңдеуді" деген сөздер "мәліметтер мен ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2), 6), 10) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      13-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-6) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 13-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-9) қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударылуын жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;";

      5) 17-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы және 7) тармақшасындағы "айқындауға;" деген сөз "айқындауға құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, 7-1) тармақшасы алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      4-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ