ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1) 24-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) коллекторлық агенттікпен жасасқан сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер жөніндегі мәліметтерді көрсетілген салық төлеушілердің орналасқан жеріндегі салық органына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға;";
2) 26-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қатысты құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.";
3) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Коллекторлық агенттіктер құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі, сондай-ақ коллекторлық агенттікпен жасасқан сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер жөніндегі мәліметтерді өзінің орналасқан жеріндегі салық органына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.";
4) 30-баптың 3-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдер жүргізілетін борышкерге қатысты өз құзыреті шегінде қаржы басқарушысына;";
4) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау, мемлекеттік статистика, сауда қызметін реттеу, сыртқы сауда қызметі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, мұнай-газ, мұнай-газ-химия өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау саласындағы, көмірсутектер, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржолдар бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық мемлекеттік органдарына, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына, монополияға қарсы органға және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынады.";
5) 117-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"сот "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде – осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;";
4-тармақтың 3) тармақшасындағы "бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады." деген сөздер "бастап;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешім заңды күшіне енген жағдайда – сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.";
6) 128-баптың 3-тармағы 3) тармақшасындағы "кешіктірмей, салық бұйрығының күшін жояды." деген сөздер "кешіктірмей;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылған жағдайда – сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот шешім шығарған күннен бастап;
5) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған жағдайда – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы сот шешім шығарған күннен бастап салық бұйрығының күшін жояды.";
7) 242-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде оларға байланысты шығыстар бойынша шегерімдер осы баптың 3-тармағының ережелері сақталған және электрондық нысандағы шот-фактура немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі не тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылған арнаулы мобильді қосымшаның чегі болған жағдайда жүргізіледі.";
8) 248-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге" деген сөздер "жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, күмәндi талаптар соттың банкроттық рәсімін аяқтау туралы ұйғарымы заңды күшіне енген не Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім шығарған салықтық кезеңде шегерiмге жатады.";
9) 319-баптың 2-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының өмiрдi сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына жіберілген зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша өтеу сомалары;";
мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:
"51) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған борышкердің міндеттемелерін есептен шығару.";
10) 384-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "кезеңде азайтуға құқығы бар." деген сөздер "кезеңде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталған немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот шешімі шығарылған салықтық кезеңде азайтуға құқығы бар.";
11) 412-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының талабы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін осы Кодекстің 242-бабы 3-2-тармағының ережелерін сақтау мақсатында қолданатын салық төлеушілер.";
13-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген" деген сөздер "қолдана отырып" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының сәйкестендіру нөмірін қамтитын арнаулы мобильді қосымшаның чегін ұсына отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;";
12) 69-тараудың 6-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-параграф. Орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы";
13) 584-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы):";
мынандай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін қоспағанда, фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындау (жинау) кезінде арнайы пайдалану тәртібімен жерлердің барлық санаттарындағы учаскелерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін алынады;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады:";
5) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 4-1-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдіктер ресурстарын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төленген және фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлама жіберілген жағдайда беріледі.";
"4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан (жылдан) кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер дүниесі саласындағы уәкілетті органдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын төлемақыны төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсынады.";
14) 585-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар.";
15) 586-бапта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алып қойылған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман ресурстарының көлемін қоспағанда, мыналар:";
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағынан тыс жерде фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындау (жинау) көлемі;
орманды пайдалану көлемі және (немесе) пайдалануға берілетін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы алаңы төлемақы салу объектілері болып табылады.";
16) 587-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"587-бап. Орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы мөлшерлемелерін орман шаруашылығы және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті органдар айқындаған тәртіпке сәйкес жасалған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының есеп-қисаптары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және пайдалану құқығы туындайтын тиісті қаржы жылының бірінші күніне қолданыста болатын еселенген АЕК мөлшерінде бір килограмм үшін айқындалады.";
17) 588-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және мөлшері осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін төлемақыны қоспағанда, рұқсат құжатында көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары есептейді.";
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы бюджетке орман пайдалану объектісінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағынан тыс жерде өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы бюджетке пайдалану объектісінің орналасқан жері бойынша тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмейтін мерзімде жылдық төлемақы сомасынан тең үлестермен төленеді.";
18) 610-бапта:
бірінші бөліктегі "талап арыздардан" деген сөздер "талап қоюлардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қоюлардан:
жеке тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 1 пайызы, 10 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер;
заңды тұлғалар үшiн – талап қою сомасының 3 пайызы, 20 000 АЕК-тен аспайтын мөлшер;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыздардан – 0,3 АЕК;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдері мен қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж жолданым субъектісі үшін осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.";
19) 615-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын мына көлемде бергені үшін:
24 бет – 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
36 бет – 8 АЕК;
48 бет – 12 АЕК;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін, жол жүру құжатын бергенi үшiн – 8 АЕК;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін – 0,2 АЕК;
бір жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін – 1 АЕК;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты бергенi үшiн – 0,2 АЕК;";
20) 644-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – осы тармақтың 8-1) тармақшасында көзделген кірісті қоспағанда, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс.
Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері талап ету құқығын басқаға беру күніне негізгі борышты, оның ішінде негізгі борыштан жоғары соманы талап ету бойынша борышкерден алуға жататын сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) талап ету құқығын сатып алатын бейрезидент үшін – Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе бейрезидент-заңды тұлғадан "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқаға берілген (қайта берілген) борышты талап ету құқықтарын сатып алу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кіріс.
Бұл ретте мұндай кірістің мөлшері борышкер нақты төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындалады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түскен кіріс оң айырма туындайтын (ұлғайтылатын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте алдыңғы салықтық кезеңдерде бұрын танылған оң айырма ескерілмейді;";
21) 645-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) борышкер бейрезидентке осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасында белгіленген, олар бойынша құқықтары (талаптары) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқаға берілген (қайта берілген) активтер бойынша кірісті төлеген кезде сервистік компания болып табылатын резидент-заңды тұлға.
Бейрезиденттің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару осы Кодекстің 645-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі;
8) бейрезидент пен осы тармақтың 7) тармақшасында айқындалған сервистік компания арасында сенімгерлік басқару шарты болмаған кезде осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасында белгіленген кіріс бойынша "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олар бойынша құқықтары (талаптары) басқаға берілген (қайта берілген) активтер бойынша борышкерлер болып табылатын дара кәсіпкер, резидент-заңды тұлға.";
22) 686-2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы отыз үшінші абзацтағы "бағуды жүзеге асыратын" деген сөздер "бағуды" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен толықтырылсын:
"пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізуді жүзеге асыратын;";
23) мынадай мазмұндағы 77-2-тараумен толықтырылсын:
"77-2-тарау. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі
696-3-бап. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану және оны қолдану кезінде салықтарды есептеу тәртібі
1. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:
1) салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;
2) күнтізбелік жылдағы кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
3) осы режимді қолдану мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады.
2. Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.
3. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
4. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі мөлшерлемені өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді:
егер осы тармақтың үшінші абзацында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4 %;
корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша осы Кодекстің 242-бабы 3-2-тармағының нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 %.
5. Жергілікті өкілді органдардың осы баптың 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара азайтуға тыйым салынады.
Мөлшерлеме мөлшерін азайту туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
6. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес қолданылатын мөлшерлемелер бойынша салық салынатын кірістер бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге тиіс.
7. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) салықтық кезеңде жиынтығында жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен:
заңды тұлға – осы Кодекстің 225 – 240-баптарына сәйкес;
дара кәсіпкер – осы Кодекстің 226 – 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 225-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жиынтық жылдық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас айқындалатын кіріс салық салу объектісі болып табылады.
Бұл ретте, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу кезінде бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осындай салық төлеуші-жұмыс берушінің жұмыскерлерінің кірістері бойынша оның шығыстарының сомасына азайтылуға жатады.
696-4-бап. Салықтық кезең, декларация тапсыру және салықтарды төлеу мерзімдері
1. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады.
2. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.
3. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.";
24) 702-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Шаруа немесе фермер қожалығында әртүрлі аумақтық аймақтарда орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаттары үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің ең жоғары шекті алаңынан аспауға тиіс.
Бұл ретте әрбір аумақтық аймақта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы осындай аумақтық аймақтар үшін белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс.";
25) 776-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында, 77-2 және 78-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, бейрезидент-жеке тұлғаны қоспағанда, жеке тұлғаға жалақы түрінде кіріс төлейтін және бірыңғай төлем құрамында осындай кірістерден жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы тараудың мақсаттары үшін салық агенттері деп танылады.";
26) 776-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"776-2-бап. Бірыңғай төлемді салық салу объектісі
Бейрезидент-жұмыскерді қоспағанда, осы Кодекстің 322-бабында көзделген, микро- және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында, 77-2 және 78-тарауларында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған жұмыскердің табысы бірыңғай төлемді салық салу объектісі болып табылады.";
27) 776-4-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.".
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Салық кодексінің 82-бабы 2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшу үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметтің мынадай түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыруға байланысты қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілерде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру жөнінде міндеттеме туындамайды деп белгіленсін:
№ р/с | ОҚЖС | Қызмет түрлері |
1. | 55.10.1* | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақүйлерді қоспағанда, мейрамханалары бар қонақүйлердің қызметтер көрсетуі |
2. | 55.10.3* | Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақүй қызметтерін көрсету |
3. | 56.10.1 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің қызметін қоспағанда, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер |
4. | 56.10.2 | Мейрамханалардың қызметі және жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер көрсетуі |
5. | 56.21.0 | Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу және тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша өзге қызмет |
6. | 56.29.1 | Елді мекендерден тыс жерде тамақтануды ұйымдастырудың өзге түрлері |
7. | 56.29.2 | Жолаушылар пойыздарында тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері |
8. | 56.29.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, тамақтануды қамтамасыз ету жөніндегі өзге қызмет |
* қонақүйлердің қызметтер (қонақүй қызметтерін) көрсетуін қоспағанда.";
2) мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:
"7-2-бап. Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінің ережелеріне қарамастан, Салық кодексінің 679-бабының 8-1-тармағы екінші бөлігінің ережелерін қолданатын салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті осы Заңның 57-16-бабында көрсетілген қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күні ұсынады деп белгіленсін.";
3) 33-баптың 2) тармақшасында:
қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының өмiрдi сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтарылуға жататын ақша сомасы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына жіберілген зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша өтеу сомалары;";
мынадай мазмұндағы бір жүз елу бірінші абзацпен толықтырылсын:
"51) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылған борышкердің міндеттемелерін есептен шығару.";
4) мынадай мазмұндағы 57-15-баппен толықтырылсын:
"57-15-бап. Салық кодексінің 679-бабы 8-тармағының 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"3) қалған жағдайларда – егер осы баптың 8-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-і күні.".";
5) мынадай мазмұндағы 57-16-баппен толықтырылсын:
"57-16-бап. Салық кодексінің 679-бабы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңге мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күннен бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.".";
6) мынадай мазмұндағы 57-17-баппен толықтырылсын:
"57-17-бап. Салық кодексінің 696-3-бабының 5-тармағы үшінші абзацының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.".".
2-бап. Осы Заң:
1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5), 6), 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 18) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 23), 24), 25), 26) және 27) тармақшаларын және 2-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 7), 11) тармақшаларын, 18) тармақшасының үшінші – жетінші, оныншы және он бірінші абзацтарын;
3) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 12), 13), 14), 15), 16), 17), 19), 20) және 21) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |