Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 15 наурыздағы № 208-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 137-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "сауда-саттық (аукциондар мен конкурстар)" деген сөздер "сауда-саттық (аукциондар) және конкурстар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, қандастарға, сондай-ақ шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда көрсетілген, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдарға жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдауы;

      10-2) жергілікті атқарушы органның, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық елді мекендер шекаралары шегіндегі шабындық алқаптар алып жатқан жер учаскелерін азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне және жер пайдалануына беру туралы шешім қабылдауы;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақшадағы "қарау және" деген сөздер алып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын, жалға алу және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу мерзімдерін бұзу;";

      мынадай мазмұндағы 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстарды және жер учаскелерін беруді немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай беруден бас тартылғаннан кейін оларды беру жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу;

      17) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу мерзімдерін бұзу;

      18) бос жер учаскелері мен жоспарланып отырған сауда-саттық (аукциондар) жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және халыққа қолжетімді жерлердегі арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру және жаңарту мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –";

      2) 138-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "және нивелирлiк" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 337-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатымен оны" деген сөздер "топырақтың құнарлы қабатын, оның ішінде басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 339-баптың бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы "жүзеге асырмаудан көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –" деген сөздер "жүзеге асырмаудан;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару туралы хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –";

      5) 343-бапта:

      тақырыптағы "геодезия және картография саласындағы" деген сөздер "геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды:

      1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығы не зауыттық нөмірлері көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар тұлғалармен жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарт;

      2) штатында геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маман болмаған кезде жүзеге асыру –";

      6) 710-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстiң 136, 137, 138 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 338, 339, 340, 341, 342, 342-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      екінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жетпіс беске дейінгі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүзге дейінгі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мыңға дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      7) 712-бапта:

      тақырыптағы "Геодезия және картография саласындағы" деген сөздер "Геодезиялық және картографиялық қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 343-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.";

      екінші бөліктегі "геодезия және картография саласындағы" деген сөздер "геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 713-баптың бірінші бөлігіндегі "163-1, 201-баптарында" деген сөздер "163-1-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 729-бапта:

      бірінші бөлікте:

      "75," деген цифрлардан кейін "138 (екінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      "193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 199, 202, 204, 204-2, 204-3, 204-4" деген сөздер "199, 204" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "338," деген цифрлар алып тасталсын;

      үшінші бөліктегі "136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),", "204-2, 204-3, 204-4,", "339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      10) 733-бапта:

      бірінші бөлік "жасаған кезде)," деген сөздерден кейін "193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 201, 202, 204-2, 204-3, 204-4," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "не оның мiндетiн атқарушы адам" деген сөздер ", оның орынбасарлары, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 804-баптың бірінші бөлігінің 63) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың (462-бап);".

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1) тармақшасының үшінші – жетінші, он екінші – он бесінші абзацтарын, 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ