"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгі

Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 4-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      38) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға;";

      45) тармақшадағы "жер қойнауының" деген сөз "құнарсыздануды есепке алмағанда, жер қойнауының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) өндіру – минералды шикізатты немесе пайдалы қатты қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға және (немесе) пайдалы қазбалар жатқан жерлерден, оның ішінде техногендік минералды түзілімдерден олардың бөлінуіне тікелей байланысты, сондай-ақ жерасты суларын алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;";

      49-1) тармақша алып тасталсын;

      53) тармақша "салықтарды" деген сөзден кейін "және (немесе) бірыңғай төлемді" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 16-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Электрондық салық төлеуші салық органдарының веб-қосымшасы арқылы өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін салық төлеушінің электрондық құжатын ресімдеу жолымен уәкілетті өкілді айқындауға құқылы.";

      3) 19-бапта:

      2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы Кодекстің 120-1-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды жазып беру шектелген;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ әдейі банкроттық фактілері анықталған кезде салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.";

      4) 24-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      бірінші бөліктегі "бір жұмыс күнінен" деген сөздер "екі жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) тармақшада:

      бірінші бөліктегі "бір жұмыс күнінен" деген сөздер "екі жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "туындаған күнінен бастап екі ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салықтық берешегі бар, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің;";

      15) тармақшада:

      бірінші абзац "шарт бойынша банктік шоттарды" деген сөздерден кейін ", жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, банк салық төлеушінің салықтық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін, оның ішінде берешектің осы түрлерін көрсетілген банктік шоттан аудару арқылы толық өтегеннен кейін осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру шартымен банктік шот ашуға құқылы.";

      5) 25-баптың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы ", сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 29-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.";

      7) 30-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақшадағы "19-бабында" деген сөздер "19 және 29-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигі туралы;";

      18) тармақшадағы "туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салықтық құпияны құрайды." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) салықтық есептілікте көрсетілген жалдамалы жұмыскерлердің саны туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салықтық құпияны құрайды.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне ұсынады.

      Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) жеке тұлғаның көлік құралы салығын төлеуі үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру;

      5) осы Кодексте көзделген салықтық міндеттемелерді орындау үшін дара кәсіпкердің заңды мекенжайы туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.";

      8) 44-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      9) 49-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі "салығы," деген сөзден кейін "қол қою бонусы," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 51-бапта:

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуды беру туралы шешімге салықтық міндеттемені орындау графигі қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Салықтық міндеттемені орындау графигі салық төлеушінің уәжді өтініші негізінде қайта қаралуы мүмкін.

      Бұл ретте салықтық міндеттемені орындау графигі бір реттен асырылмай қайта қаралуы мүмкін.";

      11) 52-баптың 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік кіріс органдары қойған шектеулерді қоспағанда, мемлекеттік органдар шектеулер қойған мүлік;";

      12) 54-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы "бойынша тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау графигінде белгіленген мерзім бес жұмыс күнінен астам уақытқа бұзылған жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.";

      13) 55-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 54-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда кейінге қалдырудың немесе мерзімін ұзартудың қолданылуы тоқтатылған кезде салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігін орындауды талап етеді.";

      14) 59-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген;";

      15) 66-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін белгілейді.";

      16) 67-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;";

      6-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған;";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) есептелген және төленген соңғы ай өткен күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.";

      17) 69-бапта:

      3-тармақтың 6) тармақшасындағы "және жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздер "органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекспен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.";

      18) 73-баптың 1-тармағы 8) тармақшасындағы "өткізу жолымен жәрдемдеседі." деген сөздер "өткізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы, оның ішінде басшыға және (немесе) бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты жұмыскерге ақпараттық хабарлар жіберу жолымен жәрдемдеседі.

      Осы тармақшаның ережелері ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.";

      19) 79-баптың 3-тармағындағы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы" деген сөздер "сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 80-баптың 3-тармағындағы "электрондық үкімет" веб-порталы" деген сөздер "сервистік бағдарламалық өнімдер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 85-бапта:

      4-тармақтың 1) тармақшасы "қосылған құн салығы" деген сөздерден кейін "немесе ойын бизнесі" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігіндегі "тоғызыншы абзацында" деген сөздер "сегізінші және тоғызыншы абзацтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 95-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Камералдық бақылау шот-фактуралар электрондық нысанда жазып берілгеннен кейін және (немесе) осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі.";

      23) 96-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:

      тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.

      Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады;

      тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

      тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат ресімделеді.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархаттың нысанын уәкілетті орган белгілейді.";

      2-тармақтың екінші бөлігінде:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:

      салық органдарында тіркеу есебіне қою;

      анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;

      салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомалар аударылған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру арқылы жоюы;

      2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген түсініктерде:

      салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;

      түсінікті ұсынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (тұрған жері);

      салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;

      түсінік ұсынылатын хабарламаның күні мен нөмірі;

      түсінікті ұсынған тұлғаның осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеу мән-жайлары көрсетілуге тиіс.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны түсінік ұсыну арқылы орындау шеңберінде хабарламада сипатталған бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бұзушылық жойылмаған немесе бұзушылық толық көлемде жойылмаған жағдайларда орындалмады деп таниды.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарады және оны салық төлеушiге мынадай тәсілдерінің бірімен:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;

      2) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді;

      3) оны салық төлеушіге қолын қойдыра отырып табыс етеді.

      Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілгенде – салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

      шешім пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде – оны келу тәртібімен алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.";

      "6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жою туралы хабарламаның осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде орындалмауы осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау және (немесе) орындалмады деп тану осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуге алып келеді.";

      24) 97-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірмені салық төлеушінің сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде береді.";

      25) 101-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "азаматтық авиация саласындағы сертификаттарды," деген сөздер алып тасталсын;

      26) 108-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақшадағы "талап арыз немесе өзге де өтініш (шағым) қайтарылған" деген сөздер "азаматтың жолданымын Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, талап арызды немесе өзге де өтінішті (шағымды) сот қайтарған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша:

      "егер iс" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында," деген сөздермен толықтырылсын;

      "іс бойынша" деген сөздерден кейін "конституциялық іс жүргізу," деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азамат Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өз жолданымын кері қайтарып алған, талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;";

      27) 11-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 108-1-баппен толықтырылсын:

      "108-1-бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттеме бойынша заттай нысанда есепке жатқызу ерекшеліктері

      1. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі есепке жатқызуды жүргізу күніне салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілген пайдалы қазбалардың көлемі мен салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілуге жататын пайдалы қазбалардың көлемі арасындағы оң айырма болып табылады.

      2. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды салық органы жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі жеке шотты жүргізу орны бойынша осындай жеке шоттың мәліметтері негізінде жүргізеді.

      3. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды салық органы мерзімінде орындалмаған Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда өтеу есебіне жер қойнауын пайдаланушының есепке жатқызуға салықтық өтінішінсіз жүргізеді.";

      28) 116-бапта:

      5-тармақтағы "Тексеру нәтижелері" деген сөздер "Егер осы баптың 5-1-тармағында өзгеше көзделмесе, тексеру нәтижелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылған кезден бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.";

      29) 117-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық салықтық кредит туралы келісім болған кезде оның қолданылу мерзімі ішінде және осындай кредит берілген салықтар бойынша;";

      30) 118-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "4-3-тармағында" деген сөздер "4 және 4-3-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 13-тарау мынадай мазмұндағы 120-1-баппен толықтырылсын:

      "120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу

      1. Салық органдары тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған жағдайда электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жүргізеді.

      2. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша шығарылған электрондық шот-фактуралар жазып беруді шектеу туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.

      3. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінің ішінде электрондық тәсілмен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне, веб-қосымшаға, пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.

      4. Салық органдары тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша шектеудің күшін жою туралы шешім шығару арқылы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеудің күшін жоюды жүргізеді.

      5. Салық төлеушінің электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешімге шағым жасауы оның қолданысын тоқтата тұрмайды.";

      32) 123-бапта:

      2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, осындай хабарламаны жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн ұсынуға мiндеттi.

      Соттардың дебиторлардан салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына берешек сомаларын өндіріп алу туралы заңды күшіне енген шешімдері болған кезде соттың осындай шешімі де беріледі.

      Бұл ретте салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) тексеру жүргізуге құқылы. Салық органы салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында дебиторларға қарсы тексеру жүргізуге құқылы.

      Салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.

      Салық төлеушi (салық агенті) салықтық берешекті өтеген жағдайда, дебиторлар тiзiмi немесе өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсi ұсынылмайды.";

      "4. Дебиторлар өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзiмде ұсынбаған не дебиторлық берешек сомасы расталмаған жағдайда, салық органы көрсетілген дебиторларға салықтық тексеру жүргiзеді. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес. Дебиторлық берешек болмаған жағдайда дебитор өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісімен бір мезгілде салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешекті өтеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру, оның ішінде осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген қарсы тексеру актісінің және (немесе) ұсынылған сот шешімінің негізінде салық органы дебитордың банктік шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.";

      33) 132-бапта:

      2-тармақтың бесінші бөлігіндегі "хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк бес күн" деген сөздер "хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы бапта көрсетілген талап, хабархат немесе уәжді шешім, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіге қолын қойғызып жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзгеше тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген талап, хабархат немесе уәжді шешім салық төлеушіге мынадай жағдайларда:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілгенде – салық төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай талапты, хабархатты немесе уәжді шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;

      2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      салық органы талапты, хабархатты немесе уәжді шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;

      талап, хабархат немесе уәжді шешім пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

      Талаптың, хабархаттың және уәжді шешімнің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.";

      34) 136-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу;";

      35) 137-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Кодекстің 136-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асыру мақсатында құпия өлшемшарттармен қатар құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар қолданылады. Тәуекел өлшемшарттарын және мұндай өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.";

      36) 145-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылады.

      Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.

      Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде интернет-ресурста орналастырады.";

      3-тармақта:

      4) тармақшаның бірінші бөлігі "анықталған" деген сөзден кейін "тәуекел дәрежесі орташа" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша;";

      37) 146-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнiнен аспайды.

      Осы бапта көзделген салықтық тексеру мерзімінің өтуін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде қолданылмайды.

      Хронометраждық зерттеп-қарау, егер тексерілетін тұлға өз қызметін көрсетілген уақытта және күндері жүзеге асыратын болса, жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс, мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.";

      38) 147-бапта:

      1-тармақта:

      "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша" деген сөздер "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жүргізілетін салықтық" деген сөздер "мерзімдік салықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін" деген сөздер "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "салықтық" деген сөз "мерзімдік салықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін" деген сөздер "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "салықтық" деген сөз "мерзімдік салықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін" деген сөздер "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "салықтық" деген сөз "мерзімдік салықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39) 150-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеру жүргізу кезінде – нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;";

      40) 158-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру актісін алудан бас тартқан кезде осы Кодекстің 71-бабында көзделген хаттама (акт) жасала отырып, салықтық тексеру актісінде тиісті жазба жүргізіледі.

      Бұл ретте хаттама (акт) жасалған күн салықтық тексеру актісін табыс ету күні болып табылады.";

      41) 172-баптың 10-тармағының бірінші абзацындағы "импорттаушының таңдауы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      42) 175-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "175-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау";

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "уәкiлеттi мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік "Уәкілетті мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін "және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" еген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "және жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының" деген сөздермен толықтырылсын;

      43) 189-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы он төртінші абзацындағы "орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады." деген сөздер "орналастырғаны;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "цифрлық майнинг үшін төлемақылар қолданылады.";

      44) 190-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде ресімделген бухгалтерлік құжаттама немесе бастапқы есепке алу құжаттары да есепке алу құжаттамасы болып танылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметке байланысты салықтық есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректеріне негізделеді.";

      45) 193-баптың 2-тармағы "шот-фактураларды" деген сөздерден кейін ", бухгалтерлік құжаттаманы және бастапқы есепке алу құжаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      46) 202-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аталған дара кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеуді жүргізуге де құқылы.";

      47) 208-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      48) 209-баптың 5-тармағы 11) тармақшасындағы "ұсынылмаса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі." деген сөздер "ұсынылмаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12) салықтық есептілікті тіркелуі заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынса;

      13) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған тұлғалар ұсынса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.";

      49) 211-баптың 5-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жеке тұлғаның декларация ұсыну жөніндегі міндеттемесі туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған мәмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегін (дебиторлық берешекті) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салық агентінің осы Кодекстің 648 және 657-баптарында көрсетілген салықтық есептілікке салық органы:

      төленген табыс салығын бюджеттен осы Кодекстің 672-бабында көзделген халықаралық шарт негізінде қайтаруға арналған өтінішті;

      осы Кодекстің 672-бабының негізінде ұсынылған өтінішке сәйкес жүргізілген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға берілетін шағымды қарамайтын бейрезиденттер бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құқығына осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережесі қолданылмайды.";

      50) 214-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өткен кезде дара кәсіпкер осындай арнаулы салық режимінің қолданылуы басталған күннен бастап қызметін қайта бастаған деп танылады.";

      51) 225-баптың 2-тармағында:

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) мынадай:

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған, энергия беруші ұйым өтеусіз негізде меншікке қабылдаған;

      энергия беруші ұйым мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан, басқа да энергия беруші ұйымдардан немесе электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын электр желілерінің меншік иелерінен балансқа өтеусіз негізде қабылдаған электр желілерінің құны;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) және 28-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) осы Кодекстің 258-бабының 6-тармағына және (немесе) 268-бабының 2-1-тармағына сәйкес күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының шартты коэффициентті қолдануы салдарынан пайда болған амортизацияланатын активтер топтарының (кіші топтарының) құндық балансының ұлғайтылуы;";

      "28-1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан қайырымдылық көмек шеңберінде өтеусіз алған мүліктің құны, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу, реконструкциялау құны;";

      52) 231-бапта:

      1-тармақта:

      2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін ұлғайту;";

      "4) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін төмендетуі;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты кірістер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректерінің негізінде айқындалады.";

      3-тармақтағы "құрылған" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      53) 232-баптың 6-тармағындағы "құрылған" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      54) 243-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде ірі кәсіпкерлік субъектісі шеккен тауарлардың бүлінуі, жоғалуы қылмыстық қудалауды жүргізетін органның салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде төтенше жағдай қолданылған кезеңде келтірілген, төтенше жағдай күніне бухгалтерлік есепке алуда ескерілген және:

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат;

      осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлардың құнындағы залал сомасында шегерімге жатады.

      Бұл ретте тауарлардың бүлінуінің, жоғалуының шегеріміне жатқызылатын сома осы тауарлардың баланстық құнынан аспайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына есепке жазылған аударымдар бойынша шығыстары шегерімге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 14-2-тармақпен толықтырылсын:

      "14-2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуге байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар шегерімге жатады.";

      55) 244-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;

      56) 246-баптың 4-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Д – мынадай:";

      мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк беретін кредиттер (қарыздар) үшін;

      ұстаушысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан алынатын сыйлықақыны ескере отырып) түріндегі сыйақы сомасы;";

      57) 249-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзацтағы "есепке жазылған" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "резервтерін құру жөніндегі шығыстарды" деген сөздер "резервтерін ұлғайтуды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты шегерімдер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректері негізінде айқындалады.";

      58) 250-баптың 5-тармағында:

      "сақтандыру резервтерін құру" деген сөздер "есептелген сақтандыру резервтері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "құрылған" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      59) 251-баптағы "құрылған" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      60) 252-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тарату қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында белгіленеді.";

      61) 255-бапта:

      2-тармақтың бірінші абзацындағы "Осы бапта" деген сөздер "Осы баптың 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "5. Жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына төленген уақытша теңгерімдеу төлемақысы бойынша шығыстарды шегеруге құқығы бар.

      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады.";

      62) 257-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасындағы "танылатындарды қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерiмге жатады." деген сөздер "танылатындарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) салық төлеушінің осы баптың 2-тармағында көзделген шығыстарын қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерiмге жатады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 10), 10-1), 10-2) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 42) және 44) тармақшаларында көрсетілген шығыстары, оның ішінде жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.";

      63) 258-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап жылдық жиынтық кірістен амортизациялық аударымдар түрінде шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салықтық кезеңнің соңында осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ:

      1) осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген мерзімге күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша – 37,5 пайыздан;

      2) жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар бойынша, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша – 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.

      Көрсетілген тәртіп сондай-ақ:

      егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы көрсетілген өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегеруге жатады;

      Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін, өзінен барлау учаскесінің бір бөлігін бөліп беру жүргізілетін барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы осындай учаскенің бір бөлігі бөліп берілген және бөліп берілген жер қойнауы учаскесі бойынша өндіруге арналған жеке келісімшарт жасалған жағдайда қолданылады. Бұл ретте амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстардың өндіруге арналған келісімшарт бойынша шегерімге жатқызу мақсаттары үшін ауыстырылуға жататын сомасы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған тиісті келісімшарт бойынша бөліп беру кезіне дейін жұмсаған тікелей шығыстардың жалпы сомасында барлау учаскесінің осындай бөліп берілетін бөлігіне тиесілі тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша айқындалады.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "Осы Кодекстің осы бабының және 260-бабының" деген сөздер "Осы баптың, осы Кодекстің 260 және 722-1-баптарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген шығыстардың сомалары осы баптың 6-тармағында белгіленген, бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстардың мөлшері осындай шығыстарға мынадай шартты коэффициентті қолдану жолымен айқындалады:

      құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша – 1,5;

      күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша – 2,0.";

      64) 260-баптың 2-тармағында:

      үшінші бөліктің оныншы абзацындағы "жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген запастарының" деген сөздер "өндірілген уранның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші бөліктің сегізінші абзацындағы "жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген запастарының" деген сөздер "өндірілген уранның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегізінші бөліктегі "уранның өтелген запастарының" деген сөздер "өндірілген уранның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      65) 268-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы активтердің бастапқы құнын осы бапта белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 258-бабының 6-тармағында көзделген тиісті коэффициентті қолдана отырып айқындайды.";

      66) 270-бап мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген активі шығып қалған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы Кодекстің 268-бабының 2-1-тармағында белгіленген бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып, шығып қалу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнға азайтылады.";";

      67) 271-бапта:

      7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың мақсаттары үшін жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай жерасты суларын өндіру құқығын иеленгендіктен ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген жерасты суын алкогольсіз сусындар өндіру үшін пайдаланатын жағдайда, жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдарды тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстарын айқындау және тіркелген активтер жөніндегі кейінгі шығыстар бойынша салықтық тіркелімде көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын кіші топтың, топтың салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансына қолдану арқылы айқындайды:

р/с №

топтың №

Тіркелген активтердің атауы

Амортизацияның шекті нормасы (%)

1

2

3

4

1.

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар

15

2.

II

Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық

37,5

3.

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдық

60

4.

IV

Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдығы

22,5

      ";

      68) 289-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "пәтерлер, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін ақша жинақтауға бағытталған міндетті шығыстары;";

      69) 293-бапта:

      1-тармақ 6) тармақшасындағы "салық төлеушілер қолданады." деген сөздер "салық төлеушілер;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар қолданады.";

      4-3-тармақтың үшінші бөлігі "кірістер бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер, өсімпұлдардың және айыппұлдардың сомасы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:

      "4-4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осындай келісімшарт бойынша бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.";

      70) 305-баптың 2-тармағы 10) тармақшасындағы "ұйым орындамайды." деген сөздер "ұйым;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды.";

      71) 317-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бірыңғай төлем төлеушінің төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы Кодекстің 89-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.";

      72) 319-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшадағы "осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 еселенген мөлшерінде" деген сөздер "ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар шегінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:

      қарыз алушы-жеке тұлға соттың заңды күшіне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жарияланған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;

      асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы-жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;

      ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағаға сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін мұндай мүлік "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:

      банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

      талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;

      24) банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кезде:

      негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде мұндай адам алған кіріс түрінде түзілген кіріс;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін жеке тұлғаның шотына банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қаражаты есебінен банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы есепке жатқызатын сома;";

      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) осы Кодекстің 22-бабының 14-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес алынған сыйақы сомасы;";

      73) 331-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "гараждар," деген сөз "гараждар, тұрақ орындары," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ерлі-зайыптылардың біреуі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мұраға алған кездегі құн өсімін айқындау мақсаттары үшін осы тармақшаларда көрсетілген кезең ерлі-зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалады.";

      7-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның өзі салған, өткізетін ғимарат, ғимараттың бір бөлігі өткізілген кезде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай ғимаратты, ғимараттың бір бөлігін салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Ғимараттың бір бөлігін өткізу кезінде жер учаскесінің құны ғимараттың өткізілетін бөлігіне пропорционалды түрде айқындалады.

      Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын жеке тұрғын үйден реконструкцияланған ғимарат өткізілген жағдайда, осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны жеке тұрғын үй ретінде сатып алу құнының арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы "баға (құн) мен" деген сөздерден кейін "кедендік және кәдеге жарату төлемдері, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;

      74) 332-баптың 4-тармағындағы "Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның бағалы қағаздар өткізген кезде" деген сөздер "Жеке тұлғаның цифрлық активті, борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      75) 341-баптың 1-тармағының 45) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан берілетін субсидиялар;";

      76) 348-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжат болып табылады.";

      77) 358-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері бірыңғай төлемнің есептелген сомаларын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда көрсетеді.";

      78) 372-бапта:

      2-тармақ 8) тармақшасындағы "қаржыландыруын білдіреді." деген сөздер "қаржыландыруын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының уақытша теңгерімдеу төлемақысын алуын білдіреді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:

      "38) Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуі.";

      79) 379-бап мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

      "16. Берешекті өтеу есебіне бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының балансына бұрын қабылданған кепілге салынған мүлікті төлемді кейінге қалдыру шарттарымен өткізу кезінде сатып алу-сату шарты бойынша осындай төлемді алу мерзімі басталған күн немесе оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай осындай төлемді алған күн өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.";

      80) 381-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "белгілейтін" деген сөзден кейін ", қосылған құн салығы қосылмаған" деген сөздермен толықтырылсын;

      81) 388-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "388-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу";

      1-тармақта:

      бірінші бөлік "әуежайлар" деген сөзден кейін ", жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік "әуежайларға" деген сөзден кейін ", жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзац "әуежайлар" деген сөзден кейін ", жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер" деген сөздермен толықтырылсын;

      1) тармақшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілердің шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;

      тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілердің шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).";

      төртінші бөліктің екінші абзацында:

      "қызметін" деген сөз "қызметі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "реттейтін" деген сөз "туралы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің тиісті қызметінің жанармай құюды жүзеге асырған қызметкерінің қолтаңбалары.";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әуежай, жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;";

      82) 394-баптың бірінші бөлігінде:

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) мынадай шарттар сақталған кезде:

      өткізуші заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылса;

      көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы, тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары осы баптың бірінші бөлігінің 38) тармақшасына немесе 53) тармақшасына сәйкес өндірушіден қосылған құн салығынсыз сатып алынса, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшаны қолдану мақсатында көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушімен жасалған мәміле шеңберінде уәкілетті өкіл тағайындаған және өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізіліміне енгізілген заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің уәкілетті өкілі деп танылады;";

      мынадай мазмұндағы 51), 52) және 53) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның қайырымдылық көмегі шеңберінде өтеусіз негізде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      52) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілеріне аффинирленген алтынды және (немесе) күмісті;

      53) мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

      өткізілетін тұрмыстық аспаптың және (немесе) тұрмыстық электроника аспабының, сондай-ақ олардың құрамдастарының құрамына бұрын әкелінген, осы Кодекстің 399-бабының 3-тармағына немесе 451-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ олардың құрамдастары кірсе;

      тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары тізбесіне енгізілсе, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      83) 395-баптың бірінші бөлігінің алтыншы абзацындағы "қызметін реттейтін" деген сөздер "қызметі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      84) 399-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19) шикі құрақ қантының;

      20) бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:

      көрсетілген тауарлар өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында болмаса немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппаса;

      әкелінген тауарлар уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілсе;

      әкелінген тауарлар тек қана пестицидтерді өндіруге арналса және одан әрі өткізуге арналмаса, пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, төленуге жатады;

      21) мемлекеттік емес музейлер әкелетін өнер туындыларының импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшада көрсетілген өнер туындыларының тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      85) 400-бапта:

      6-тармақтағы "Осы" деген сөз "Осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсету үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде есепке жатқызылуға жатады.";

      86) 402-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "шот-фактура осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 412-бабы 1-тармағының талаптары бұзыла отырып, қағаз жеткізгіште жазып берілген;";

      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 2-1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіште жазып берілген және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;";

      87) 404-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы және үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы "шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.

      Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осы Кодекстің 401-бабының 5-тармағында айқындалған салықтық кезеңде жүргізіледі.";

      88) 410-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Есепке жатқызылуға жатуына рұқсат етілмеген қосылған құн салығы осы Кодекстің 243-бабы 9-тармағының мақсаттары үшін есепке алынбайды.";

      89) 411-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында:

      бірінші абзацтың бірінші сөйлемі "балық өсіру шаруашылығының" деген сөздерден кейін "немесе кәсіпшілік балық өсіру шаруашылығының" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "ашытқы өндіру;

      салық төлеуші агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісім жасасқан жағдайда, ұзақ сақталатын шоколад, қантты кондитерлік өнімдер, печенье және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру;

      қант өндіру;";

      90) 412-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

      11) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын салық төлеуші.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу кезінде шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып беріледі.

      Бұл ретте қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруді шектеудің күші жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілуге жатады.";

      7-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;";

      14-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында және үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім берушi осындай талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.";

      екінші бөлік "жағдайда, көрсетілетін қызметтерді алушы" деген сөздерден кейін "өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөліктегі "осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде" деген сөздер "өнім беруші өткізу бойынша айналым жасаған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелеріне сәйкес шот-фактураны жазып беру тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны бойынша жүзеге асырылады.";

      91) 413-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күні немесе жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз тоқсан бес күн ішінде жүзеге асырылады.";

      92) 424-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 85-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында, 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды.";

      93) 431-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қалған жағдайларда – жетпіс бес жұмыс күні ішінде.";

      94) 434-баптың 2-тармағының он бірінші бөлігінде:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мыналарға:";

      мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "осы Кодекстің 429-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін, өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін – есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде;

      осы Кодекстің 429-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін, өңдеуші өнеркәсіптің өз өндірісінің тауарларын өндірушілер болып табылатын салық төлеушілер үшін – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызуға жатқызылған қосылған құн салығы сомасының бір бөлігінің 50 пайызынан аспайтын, бірақ есепті салықтық кезеңде қалыптасқан қосылған құн салығының асып кету сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде;";

      95) 440-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уақытша әкелінген тауарлар әкелу күнінен бастап екі жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, мұндай тауарларды әкелу салық салынатын импорт болып танылады және мұндай тауарларды есепке алуға қабылдаған күннен бастап импортталған тауарлар бойынша осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде қосылған құн салығы салынуға жатады.";

      96) 453-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды бір салықтық кезеңде өткізген кезде шот-фактура электрондық нысанда салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.

      Өзге жағдайларда импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура осы Кодекстің 47-тарауында белгіленген мерзімдерде жазып беріледі.";

      97) 463-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының кестесінде:

      1-жолдағы ", емдiк және фармацевтикалық препараттарды" деген сөздер алып тасталсын;

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

2208-ден

Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және 80 көлемдік пайыздан аз спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын және белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссіз емес, боялған) этил спиртінен (этанолдан) басқа

2550 теңге/литр 100% спирт

      ";

      мынадай мазмұндағы 3-1-жолмен толықтырылсын:

      "

3-1.

2208-ден

Емдік және фармацевтикалық препараттар үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спирті

600 теңге/литр 100% спирт

      ";

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

2208-ден

Коньяк, бренди

1000 теңге/литр 100% спирт

      ";

      98) 464-баптың 3-тармағының 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын квоталар шегіндегі, өз қызметінің басталғаны туралы белгіленген тәртіппен хабардар еткен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спирті;";

      "5) есептен шығару және жою туралы актінің негізінде салық органдары қабылдаған, ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сәйкестендіру құралдары.";

      99) 484-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "53) тармақшасында" деген сөздер "50) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      100) 494-бапта:

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.";";

      101) 505-баптың кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

28,95

2.

Шымкент

9,17

3.

Астана

19,30

4.

Актау

9,65

5.

Ақтөбе

6,75

6.

Атырау

8,20

7.

Жезқазған

8,20

8.

Көкшетау

5,79

9.

Қарағанды

9,65

10

Қонаев

9,17

11.

Қостанай

6,27

12.

Қызылорда

8,68

13.

Орал

5,79

14.

Өскемен

9,65

15.

Павлодар

9,65

16.

Петропавл

5,79

17.

Семей

8,68

18.

Талдықорған

9,17

19.

Тараз

9,17

20.

Түркістан

7,79

21.

Алматы облысы:


22.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

24.

Ақмола облысы:


25.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

26.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

27.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

28.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

29.

Кенттер

0,96

30.

Ауылдар

0,48

      ";

      102) 517-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, келісімшарттық қызмет шеңберінде күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар.";

      103) 518-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, қаржылық жалдауға берілген объектілер бойынша жалға беруші салық төлеуші болып табылады.

      Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.";

      104) 519-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы "құрылыстар салық салу объектісі болып табылады." деген сөздер "құрылысжайлар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген сыныптауышқа сәйкес осындайларға жататын ғимараттар мен құрылысжайлар, осындай ғимараттар мен құрылысжайлардың қаржылық жалға берілген және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес дебиторлық берешек ретінде ескерілетін бөліктері салық салу объектісі болып табылады.";

      105) 520-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің 519-бабы 1-тармағының 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықтық база халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы мөлшерінде белгіленеді.";

      "4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленетін дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің жылдық орташа сомасы ағымдағы салықтық кезеңнің әрбір айының 1-күніне және есептіден кейінгі салықтық кезең айының 1-күніне дебиторлық берешектің, оның ішінде ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің сомаларын қосқан кезде алынған соманың он үштен бір сомасы ретінде айқындалады.";

      106) 521-баптың 3-тармағының 9) тармақшасындағы "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      107) 529-баптың 2-тармағының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Базалық құны теңгемен

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

60 000

2.

Шымкент

60 000

3.

Астана

60 000

4.

Ақтау

36 000

5.

Ақтөбе

36 000

6.

Атырау

36 000

7.

Жезқазған

36 000

8.

Көкшетау

36 000

9.

Қарағанды

36 000

10.

Қонаев

36 000

11.

Қостанай

36 000

12.

Қызылорда

36 000

13.

Орал

36 000

14.

Өскемен

36 000

15.

Павлодар

36 000

16.

Петропавл

36 000

17.

Семей

36 000

18.

Талдықорған

36 000

19.

Тараз

36 000

20.

Түркістан

36 000

21.

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

22.

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

23.

Кенттер

4 200

24.

Ауылдар

2 700

      ";

      108) 531-баптың 2-тармағының кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

4


Қалалар:


1.

Алматы

0,96

2.

Шымкент

0,58

3.

Астана

0,96

4.

Ақтау

0,58

5.

Ақтөбе

0,58

6.

Атырау

0,58

7.

Жезқазған

0,58

8.

Көкшетау

0,58

9.

Қарағанды

0,58

10.

Қонаев

0,58

11.

Қостанай

0,58

12.

Қызылорда

0,58

13.

Орал

0,58

14.

Өскемен

0,58

15.

Павлодар

0,58

16.

Петропавл

0,58

17.

Семей

0,58

18.

Талдықорған

0,58

19.

Тараз

0,58

20.

Түркістан

0,39

21.

Алматы облысы:


22.

облыстық маңызы бар қалалар

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар

0,39

24.

Ақмола облысы:


25.

облыстық маңызы бар қалалар

0,39

26.

аудандық маңызы бар қалалар

0,39

27.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

0,39

28.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

0,19

29.

Кенттер

0,13

30.

Ауылдар

0,09

      ";

      109) 550-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу;";

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар, салық органдары, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алымдар алынады:";

      5) тармақша алып тасталсын;

      4-тармақтағы "және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақтағы "және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым" деген сөздер алып тасталсын;

      110) 552-баптың 1-тармағындағы ", жергілікті атқарушы органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға" деген сөздер "және жергілікті атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      111) 553-бапта:

      3-тармақ кестесінің 17., 17.1. және 17.2.-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17.

Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін:


17.1.

жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын тіркегені үшін:


      ";

      "

17.2.

жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін **

0,5

      ";

      4-тармақ кестесінің 1.5., 2.5. және 3.5.-жолдары алып тасталсын;

      112) 554-бапта:

      4-тармақтың кестесінде:

      мынадай мазмұндағы 1.85.-жолмен толықтырылсын:

      "

1.85.

Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер көрсету

10

      ";

      2.1. және 2.2.-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.1.

1.51. – 1.53.1., 1.55. – 1.59., 1.79. – 1.80.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түрлеріне

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100 %-ы

2.2.

1.51. – 1.53.1., 1.55. – 1.59.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне

осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10 %-ы

      ";

      7-тармақ алып тасталсын;

      113) 558-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын салық салынатын объектінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.";

      114) 582-баптың 3-тармағы кестесінің 1., 1.1., 1.3., 1.7.1. және 1.8.1.-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Кәсіпшілік, ғылыми және өсімін молайту мақсаттарында:



1.1.

бекiре тұқымдас балықтар (қортпа, бекіре, шоқыр, сүйрік, пілмай, Сiбip бeкipeci, Сырдария тасбекiресi)


0,064

  ";

      "

1.3.

албырт балықтар (құбылмалы бақтақ, майқан, хариус, Каспий албырты, Арал албырты, таймень, сылан, ақбалық)


0,017

  ";

      "

1.7.1.

ақ амур, сазан, тұқы, ақмарқа, берiш, жайын, нәлiм, дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық, көксерке, күтiм, шортан тектес ақмарқа (тазбалық), Арал қаязы, Түркiстан қаязы


0,013

  ";

      "

1.8.1.

табан, торта, тұрпа балық, майбалық, көкбас, қызылкөз, аққайран, мөңке, алабұға, оңғақ, кәдiмгi және Талас тарғақ балығы, қызылқанат, балпан балық, бiлеу балық, айнакөз, көктыран, қылыш балық, буффало, қарабалық, Іле қарабалығы (Іле популяциясы), Шу сүйрiкқанаты, Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясы), шатқалдық тас тасалағыш, Волга көп аталықты майшабағы


0,004

  ";

      115) 591-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қажеттігі туындайтын тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын мынадай АЕК есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады:

      жаяу жүргіншіден – 0,1 АЕК;

      мотоциклдерден, мопедтерден, квадроциклдерден – 0,2 АЕК;

      жеңіл автомобильдерден – 0,3 АЕК;

      орын саны 16-ға дейінгі шағын автобустар мен жүк автомобильдерінен – 1,0 АЕК;

      орын саны 32-ге дейінгі автобустардан – 2,0 АЕК;

      орын саны 32-ден жоғары автобустардан – 3,0 АЕК.";

      116) 605-бапта:

      3-тармақ кестесінің 8.1. және 8.2.-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.1.

20 ш.м-ге дейін

20

14

6

8.2.

20 ш.м-ден жоғары

30

24

16

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп, орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, оның ішінде көріністердің, бейнекөріністердің, қазақ және орыс тілдеріндегі жүгіртпе жолдардың санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен оны орналастыру жағының алаңы негізге алынатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жағы түсініледі.";

      117) 606-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "606-2-бап. Төлемақы төлеушілер

      Осы тараудың мақсатында:

      Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингті жүзеге асыратын;

      цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.";

      118) 606-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "606-4-бап. Салықтық кезең және салық декларациясы

      1. Төлемақыны есептеу үшін тоқсан салықтық кезең болып табылады.

      2. Декларация салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.";

      119) 606-5-бапта:

      2-тармақтағы "айдың 20-күнінен" деген сөздер "екінші айдың 25-күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Төлемақы сомасы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуге жатады.";

      120) 609-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "сотқа" деген сөз "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына берілетін азаматтардың жолданымдарынан, сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін есепке алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды сақтау үшін белгіленген мерзімнен аспайтын кезең ішінде сақтауда тұрған автомобильге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (телнұсқаларын) бергені үшін;";

      121) 610-бапта:

      тақырыптағы "Соттардағы" деген сөз "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына берілетін азаматтардың жолданымдарынан мемлекеттік баж 1 АЕК мөлшерінде алынады.";

      122) 616-бапта:

      тақырыптағы "Соттарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында және соттарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында мемлекеттік баж төлеуден жеке тұлғалар – Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған адамдар, "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі босатылады.";

      123) 621-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы және 2) тармақшасының үшінші абзацындағы "Конституциялық Кеңесінің" деген сөздер "Конституциялық Сотының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      124) 623-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты қарайтын азаматтардың жолданымдары бойынша – жолданым берілгенге дейін;";

      125) 628-баптың 5) тармақшасының төртінші абзацындағы және 6) тармақшасының төртінші абзацындағы "Конституциялық Кеңесінің" деген сөздер "Конституциялық Сотының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      126) 631-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;";

      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық активтер;";

      1) тармақша бірінші бөлігі "қалауы бойынша" деген сөздерден кейін "есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына" деген сөздермен толықтырылсын;

      127) 632-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары;";

      128) 634-баптың 2-тармағында:

      5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;";

      6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар, цифрлық активтер;";

      129) 644-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап екі жылдық кезең өткенге дейін авансты (алдын ала төлемді) төлеген тұлға таратылған кезде таратудың салықтық есептілігін ұсынған күнге бейрезидент қанағаттанбаған шарттардың бірі орындалған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі, осы бөліктің 5-1) тармақшасына сәйкес салық салынбаған кірістері:";

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 26-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) шет мемлекетте тіркелген тұлғаның бір мезгілде мынадай:

      бейрезиденттің мемлекетімен қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарт жасалмаған;

      шарт (келісімшарт) мерзімі екі жылдан асатын шарттар болған кезде алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер түріндегі кірістері;";

      "26-1) бейрезидент-жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;";

      130) 645-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген кірісті салық органында салық төлеуші ретінде тіркелмеген бейрезидент-заңды тұлғаға төлеген резидент-жеке тұлға.

      Бұл ретте, қор биржасында бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген кірісті төлеген резидент-жеке тұлға осы тармақшаның бірінші бөлігін іске асыру мақсатында салық агенті деп танылады.

      Бейрезидент-заңды тұлғаның кірістерінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару осы Кодекстің 650-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.";

      131) 655-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "бейрезидент-жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;";

      132) 667-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бұл ретте Қазақстан Республикасы көпжақты халықаралық шартпен өзгерістер енгізілген халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатын бейрезидент-өзара байланысты тарапқа дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде кіріс төлеу кезінде салық агенті мынадай:

      мұндай кіріс бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекеттегі бейрезиденттің салық салынатын кірісіне енгізілуге жататын және есепті кезеңде осындай кірісті салық салынатын кірістен алып тастау және (немесе) салық салынатын кірісті осындай кіріс сомасына азайту (түзету) және (немесе) осы салық салынатын кірістен төленген салықты есепті және (немесе) кейінгі кезеңдерде қайтару құқығынсыз салық салынуға жататын;

      бейрезидент резиденті болып табылатын шет мемлекетте осы кіріске салық салу кезінде қолданылатын номиналды салық мөлшерлемесі есепті кезеңде кемінде 15 пайызды құрайтын шарттар бір мезгілде орындалған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолдануға құқылы.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінің мақсаты үшін номиналды мөлшерлеме деп шет мемлекеттің салық заңнамасында белгіленген мөлшерлеме түсініледі.";

      133) 679-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өтуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін – қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін таңдау күні;";

      134) 683-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында:

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беруді;";

      он бесінші абзац алып тасталсын;

      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе қонақүй қызметтері көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында осындай қызметтерді көрсету саласындағы қызметін;";

      135) 684-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Күнтізбелік жыл патент негізіндегі арнаулы салық режимін, тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.";

      136) 686-1-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнаулы мобильді қосымшада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын дара кәсіпкер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы (клиент), алушы арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат ретінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі қалыптастырылады.";

      3-тармақта:

      5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өткізілетін тауар санаты, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақытын;

      6) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын (өлшем бірлігі үшін);

      7) өткізілетін тауар санатының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауын;

      8) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемін (олардың өлшем бірліктерімен);

      9) өткізілетін тауарлар санаттарының, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құнын;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың мақсаты үшін тауар санаты деп функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген тауарлар тобы түсініледі.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, электрондық алаңдар операторының мобильді қосымшасын пайдаланған кезде оларға арнаулы мобильді қосымшаның чектерін қалыптастыруға уәкілеттік беруге құқылы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнаулы мобильді қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымшаның чегін қалыптастыру және беру үшін, жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау үшін пайдалана алады.";

      137) 688-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодекстің 89-1-тарауына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын немесе бірыңғай төлемдегі әлеуметтік аударымдардың үлесіне тура келетін әлеуметтік аударымдардың сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "және әлеуметтік төлемдердің" деген сөздер ", әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      138) 689-бапта:

      тақырыптағы "түрлері мен әлеуметтік төлемдерді" деген сөздер "түрлерін, әлеуметтік төлемдерді және бірыңғай төлемді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлік "тәртіппен" деген сөзден кейін "және (немесе) осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктегі "және әлеуметтік төлемдердің" деген сөздер ", әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      139) 700-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Бірыңғай төлемге енгізілген сомаларды қоспағанда, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді, төлеуді және әлеуметтік төлемдерді аударуды осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      Бірыңғай төлем сомасын есептеу, төлеу осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.";

      140) 702-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:

      1-аумақтық аймақ – 5 000 га;

      2-аумақтық аймақ – 3 500 га;

      3-аумақтық аймақ – 1 500 га;

      4-аумақтық аймақ – 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының көлемінен аспауға тиіс.

      Осы тармақтың мақсаты үшін жер учаскелерін мынадай аймақтарға бөлу қолданылады:

      1-аумақтық аймақ: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлеріндегі жайылымдар;

      2-аумақтық аймақ: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының, Астана қаласының, сондай-ақ 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, Ақтөбе облысының жерлері;

      3-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерлерiн қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;

      4-аумақтық аймақ: 1-аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғанда, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының жерлері.";

      141) 705-баптың 2-тармағы "тәртіппен" деген сөзден кейін "не осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      142) 707-баптың 1-тармағындағы "және әлеуметтік аударымдардың" деген сөздер ", әлеуметтік аударымдардың және (немесе) бірыңғай төлемнің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      143) 708-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелерін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сәйкес келетін, көрсетілген арнайы экономикалық аймақ аумағының шегінен тыс жерде жүзеге асырылуы мүмкін басым қызмет түрлерінің жеке тізбесін айқындайды.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетін басым қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      144) 712-1-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялар туралы келісімде көзделген қызмет түрі бойынша инвестициялық жобаны іске асыратын;

      3) мыналарды:

      есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметті;

      акцизделетін өнімдерді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

      лотерея өткізуді;

      ойын бизнесі саласындағы қызметті;

      радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті;

      банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

      аудиторлық қызметті;

      бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

      цифрлық майнинг саласындағы қызметті;

      кредиттік бюролар қызметін;

      күзет қызметін;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызметті;

      жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

      пайдалы қазбаларды өткізуді, оның ішінде трейдерлер қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға болып табылмайтын;";

      145) 712-4-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көмірсутекті пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушыларды және мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, тауар өндіруші болып табылса, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан тұлға болып табылады. Осы тараудың мақсаттары үшін тауар өндіруші деп инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылдың алдындағы жыл үшін жылдық жиынтық кірісінің кемінде жетпіс пайызын өз өндірісінің тауарларын өткізуден не осындай тұлға өндірген пайдалы қазбаларды және (немесе) осындай тұлғаның пайдалы қазбаларды қайта өңдеуі нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін кіріс құрайтын заңды тұлға түсініледі;

      3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылса;";

      146) 713-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.";

      147) 720-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) және (немесе) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндiру салығының және үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу және төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.";

      148) 721-баптың 1-тармағы "722-бабының 1-тармағында" деген сөздерден кейін "және 722-1-бабында" деген сөздермен толықтырылсын;

      149) мынадай мазмұндағы 722-1-баппен толықтырылсын:

      "722-1-бап. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

      1. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекстің 258-бабы 6-тармағының, 268-бабы 2-1-тармағының, 271-бабы 7-1-тармағының, 293-бабы 4-4-тармағының, 517-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының, 767-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің және 768-бабы екінші бөлігінің ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшартқа қол қойылған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қолданылады.

      2. Салықтық міндеттемелерді орындау осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің күші жойылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша тиісті салықтар мен төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды осындай келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға немесе тараптардың келісімі бойынша оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін, тиісті келісімшартқа қол қойылған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалғастырады.

      3. Күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тоқтатылған жағдайда (оның ішінде мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда), тиісті келісімшартта белгіленген салдарлар қолданылады. Бұл ретте мұндай келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша берілген босатулар, жеңілдіктер немесе өзге де алып қоюлар салдарынан бюджетке төленбеген салықтар, төлемдер сомаларын төлемейді. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тоқтатылғаннан кейін (оның ішінде мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда) салықтық міндеттемелерді орындау осындай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейінгі салықтық кезеңнен бастап салықтық міндеттеме туындаған күнге қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Осы Кодекстің 258-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының және 6-тармағының, 268-бабы 2-1-тармағының, 271-бабы 7-1-тармағының, 293-бабы 4-4-тармағының және 517-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасының, 767-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің және 768-бабы екінші бөлігінің ережелерін жер қойнауын пайдаланушы – күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап, ал 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес жаңа редакцияда жазуды көздейтін осындай келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспорты басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма жыл өткенге дейін қолданады.";

      150) 736-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңде өндірілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың жалпы көлемінен технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың көлемі алып тасталуға жатады. Технологиялық сынап көру мен зерттеулер үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың көлемі көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтардың тиісті түрлері (сұрыптары) үшін ұлттық стандарттарда көрсетілген технологиялық сынамалардың ең төмен массасымен шектеледі.

      Бұл ретте технологиялық сынап көру мен зерттеулер жүргізу үшін берілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемін жоғарыда көрсетілген жалпы өндіру көлемінен алып тастау олар өткізілген жағдайда, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін, сондай-ақ олар қайта өңделген кезде жүргізілмейді.";

      151) 744-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "744-бап. Салық салу объектісі

      Салықтық кезеңдегі жер қойнауындағы нақты ысыраптардың Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасында белгіленген жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптардың шегінен асып түсетін көлемі ескеріле отырып, салықтық кезеңде жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі (пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға осындай уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өткен (есепті) күнтізбелік жылда жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі туралы мәліметтерді береді.

      Салық салу объектісін айқындау мақсаттары үшін өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар мен минералды запастар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексі (бұдан әрі – KAZRC кодексі) бойынша запастарды есепке алуға көшу күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша қолданыста болатын мемлекеттік баланс шеңберінде, сондай-ақ кен орнында есептен шығарылған запастар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілетін минералды шикізат ескеріле отырып айқындалады.

      Бұрын Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітпеген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар бойынша – өндірілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қазбалар KAZRC кодексіне сәйкес пайдалы қазбалар запастары шеңберінде айқындалады.

      Пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемін айқындау мақсаттары үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар запастарының есепті және жиынтық баланстарында пайдаланылатын өлшем бірліктері қолданылады.

      Жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен өндіру шеңберінде жер қойнауына қайтарылған уран көлемі салық салу объектісі болып табылмайды.";

      152) 745-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салықтық кезеңде пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салықтық база болып табылады.";

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "минералды шикізат;" деген сөздер "минералды шикізат болып бөлінеді." деген сөздермен ауыстырылып, 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салықтық кезеңдегі пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны:";

      1) тармақшаның бірінші және тоғызыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар бойынша – салықтық кезеңдегі осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.";

      "Пайдалы қазбаның орташа биржалық бағасы осы баптың 4-тармағында көрсетілген, өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбаның әрбір түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады;";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, өндірілген минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар бойынша:

      осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбалар бойынша – осы тармақтың 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен;

      өндірілген минералды шикізат құрамындағы өндірілген пайдалы қатты қазбалардың басқа түрлері бойынша – оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеу және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берілген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

      3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізат бойынша – минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткендерін өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.";

      4-тармақтағы "пайдалы қазба" деген сөздер "пайдалы қатты қазба" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткендерін өткізу болмаған жағдайда пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны мұндай өткізу орын алған соңғы салықтық кезеңдегі өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізатқа қатысты қолданылмайды.";

      6-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Келісімшарттың қолданылуы басталғаннан бастап минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткендерін өткізу мүлдем болмаған жағдайда, пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемінің құны:";

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қатты қазбалар бойынша – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында айқындалған тәртіппен;

      2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қатты қазбалардың басқа да түрлері бойынша – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қатты қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

      3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілгенді қоспағанда, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар бойынша – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне тура келетін, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

      Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден ғана өткендерін кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салықтық кезеңдегі өткізудің нақты орташа өлшемді бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету жүргізуге міндетті.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы баптың мақсатында салықтық кезеңде өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:

      Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. х Б2 ө.… + Vn ө.п. х Бn ө.)/V жалпы өткізу,

      мұнда:

      V1 ө.п., V2 ө.п.,. Vn ө.п. – салықтық кезеңде өткізілетін минералды шикізаттың және (немесе) пайдалы қатты қазбаның әрбір партиясының көлемдері;

      Б1 ө., Б2 ө..., Бn ө. – салықтық кезеңде әрбір партия бойынша минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің нақты бағалары;

      n – салықтық кезеңде өткізілген минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазба партияларының саны;

      V жалпы өткізу – салықтық кезеңде минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің жалпы көлемі.

      Бұл ретте, егер минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қатты қазбаны өткізудің орташа өлшемді бағасы олардың 20 пайызға ұлғайтылған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өндірістік өзіндік құнынан төмен болса, онда салықтық кезеңде өткізудің орташа өлшемді бағасы 20 пайызға ұлғайтылған осындай өндірістік өзіндік құн негізінде айқындалады.

      Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын пайдалы қазбалардың барлық салық салынатын көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.";

      153) 746-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:";

      үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс запастардың құрамынан өндірілетін пайдалы қатты қазбалардың және минералды шикізаттың барлық түрлеріне салынатын пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыз мөлшерлеме бойынша төленеді.

      Осы тараудың мақсаттарында баланстан тыс запастарға мыналар жатады:

      KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшудің алдындағы күнгі жағдай бойынша Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның кен орны бойынша баланстан тыс запастар етіп бекітуі негізінде осындай запастарға жатқызылған пайдалы қатты қазбалар мен минералды шикізат;

      KAZRC кодексі бойынша запастарды есепке алуға көшкеннен кейін алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар негізінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жүзеге асырылған жағдайда, баланстан тыс запастарға көлемдері болжанатын минералды ресурстар санатына енгізілген және тиісті салықтық кезеңде дәлелденген немесе ықтимал минералды запастар болып табылмайтын, минералды шикізат құрамындағы пайдалы қатты қазбалар жатады.

      Бұл ретте баланстан тыс запастар құрамынан өндірілетін минералды шикізат және (немесе) пайдалы қатты қазбалар өткізілген жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіру салығының 0 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемесі қолданылмайды.";

      154) 766-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес:

      1) толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді өндіруге және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;

      2) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындары жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген, көмірсутектер кенжатындары төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша көмірсутектерді өндіруге және (немесе) барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғалар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолдануға құқылы.";

      үшінші бөліктегі "жасалған" деген сөз "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жер қойнауын пайдаланушы-заңды тұлғалар тиісті келісімшарт тіркелген күннен бастап оған орай тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіру салығының, үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты қолданады. Аталған жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны жібермейді.

      Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес жаңа редакцияда жазылған көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт та күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт деп танылады. Мұндай жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері бұрын жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап қолданылады.";

      155) 767-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін шегерімдердің салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген жылдық жиынтық кірістің сомасынан асып кетуі кейінгі қоса алғандағы он жылға жер қойнауын пайдалануға баламалы салықтың мақсаттары үшін есептелген осы кейінгі салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісінің есебінен өтеу үшін ауыстырылады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Стратегиялық әріптес жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның міндеттемесін барлау кезеңінде коммерциялық табуға дейін есептен шығарған кезде туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі осы тармақтың мақсатында кіріс ретінде қарастырылмайды.";

      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан, оның ішінде осы Кодекстің 258-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылатын шығыстар құрамында асып кетуі шегерімге жатпайтыны;";

      156) 768-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "768-бап. Салық мөлшерлемесі

      Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі:

Р/с №

Әлемдік баға

Мөлшерлеме %-бен

1

2

3

1.

Бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

0

2.

Бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

6

3.

Бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

12

4.

Бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

18

5.

Бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

24

6.

Бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

30

7.

Бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

32

8.

Бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

34

9.

Бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

36

10.

Бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

38

11

Бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

40

12.

Бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларынан жоғары

42

      Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалануға баламалы салық осы Кодекстің 741-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасы негізге алына отырып, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледі:

Р/с №

Әлемдік баға

Мөлшерлеме %-бен

1

2

3

1.

Бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

0

2.

Бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

2

3.

Бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

4

4.

Бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

6

5.

Бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

8

6.

Бiр баррель үшiн 100 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

10

7.

Бiр баррель үшiн 110 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

10,7

8.

Бiр баррель үшiн 120 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

11,3

9.

Бiр баррель үшiн 130 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

12,0

10.

Бiр баррель үшiн 140 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

12,7

11

Бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларын қоса алғанға дейiн

13,3

12.

Бiр баррель үшiн 150 АҚШ долларынан жоғары

14,0

  ";

      157) 774-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы бесінші абзацындағы "жүзеге асыратын адамдар" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "цифрлық майнингті жүзеге асыру және (немесе) цифрлық активтер айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;";

      158) мынадай мазмұндағы 24-1-бөліммен толықтырылсын:

      "24-1-бөлім. Бірыңғай төлем

      89-1-тарау. Бірыңғай төлем

      776-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Салық агенті тиісті декларацияда осы тараудың ережелеріне немесе осы Кодекстің 8-бөлімінің ережелеріне сәйкес жұмыскерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістеріне салық салудың бірыңғай тәртібін дербес өзі айқындайды.

      2. Микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын, жеке тұлғаға жалақы түрінде кіріс төлейтін және бірыңғай төлем құрамында осындай кірістерден жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді орындауды таңдаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы тараудың мақсаттары үшін салық агенттері деп танылады.

      3. Бірыңғай төлемге төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығының төленуге жататын сомалары, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар енгізіледі.

      4. Бастапқы немесе кезекті декларацияда жұмыскерлердің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістеріне салық салудың таңдалған тәртібі салықтық кезең ішінде өзгертілуге жатпайды.

      776-2-бап. Бірыңғай төлемді салу объектісі

      Жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабында көзделген, микрокәсіпкерлік және шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын, осы Кодекстің 77-тарауының 3-параграфында және 78-тарауында көзделген арнаулы салық режимдерін қолданатын жұмыс беруші есепке жазған кірісі бірыңғай төлемді салу объектісі болып табылады.

      776-3-бап. Бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі және ондағы төлем көзінен салық салынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығының үлесі

      1. Салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем мөлшерлемесі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20,0 пайызды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3 пайызды құрайды.

      Бұл ретте "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдерді (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлеуден босатылған жұмыскерлер үшін, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды мемлекет төлейтін жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі әлеуметтік төлемдердің (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) тиісті үлесіне төмендетіледі.

      2. Бірыңғай төлем төлеушінің жеке табыс салығының бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі үлесі:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,0 пайызды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 8,4 пайызды;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,6 пайызды;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,3 пайызды;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,0 пайызды;

      2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 6,9 пайызды құрайды.

      776-4-бап. Бірыңғай төлемді есептеу, төлеу және ол бойынша міндеттемелерді тиісті салықтық есептілікте көрсету тәртібі

      1. Салық агенті бірыңғай төлемнің тиісті үлестерін есептеуді, ұстап қалуды және оны аударуды, сондай-ақ ол бойынша міндеттемелерді тиісті салықтық есептілікте көрсетуді осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

      2. Салық агенті салық салу объектісін есепке жазу кезінде бірыңғай төлемді есептеуді жүргізеді.

      3. Салық агенті төлем көзінен салық салынуға жататын кіріс төленетін күннен кешіктірмей, бірыңғай төлемнің жеке табыс салығына, міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына тиесілі тиісті үлестерінің сомаларын ұстап қалуды жүргізеді.

      4. Салық агенттері жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды өз қаражаты есебінен жұмыскерлердің пайдасына жүзеге асырады.

      5. Салық агенті есепке жазылған кірістер бойынша бірыңғай төлемді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына осындай бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып аударады.

      6. Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және оны жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Бірыңғай төлем сомалары осы Кодекстің 358, 688 және 707-баптарында көзделген тәртіппен тиісті декларацияларда көрсетіледі.

      776-5-бап. Салықтық кезең

      Салық агенттерінің бірыңғай төлемді есептеуі үшін күнтізбелік ай салықтық кезең болып табылады.

      776-6-бап. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бірыңғай төлем шеңберіндегі құзыреті

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бірыңғай төлем шеңберінде мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі базасында бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жүргізеді;

      2) бірыңғай төлем төлеушілерді дербестендіріп есепке алуды жаңартып отырады;

      3) бірыңғай төлемнің сомасын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және салық агентінің тұратын жері бойынша тиісті бюджетке бөледі және аударады;

      4) бірыңғай төлемнің қате (артық) төленген сомаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, уәкілетті органмен, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен қайтаруды жүзеге асырады.

      2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.";

      159) 780-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "тауар, көрсетілетін қызмет үшін төлем түскен күннің" деген сөздер "салық төлеу күнінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:

      "2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушының төлемді жүзеге асыру күні жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасы және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсету бойынша айналым жасау күні болып табылады.

      3. Қосылған құн салығының төленген сомалары осы бапқа сәйкес қайтарылуға жатпайды.".

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 33-баптың 2) тармақшасында:

      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "1-1. Салық агенті бірыңғай төлем төлеушінің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды осы Кодекстің 89-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.";

      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар шегінде өтемақы төлемдері;";

      мынадай мазмұндағы қырық бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "10-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында нысанды киім киіп жүру және (немесе) онымен қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда, жұмыскерге берілген нысанды киімнің құны;";

      елу алтыншы – алпыс бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:

      қарыз алушы-жеке тұлға соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жарияланған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;

      асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы-жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;

      ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағаға сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін мұндай мүлік "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:

      банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

      талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;

      24) банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кезде:";

      алпыс сегізінші абзацтағы "берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жетпіс төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "25-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ипотекалық ұйым сатып алған тұрғынжайды жалға алу бойынша берешекті есептен шығару кезінде түзілген кіріс;";

      тоқсан үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін жеке тұлғаның шотына банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қаражаты есебінен банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы есепке жатқызатын сома;";

      мынадай мазмұндағы бір жүзінші абзацпен толықтырылсын:

      "39-1) осы Кодекстің 22-бабының 14-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес алынған сыйақы сомасы;";

      бір жүз жетпіс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) осы баптың 1) – 16) тармақшаларында көрсетілмеген, Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алынған басқа да кірістер;";

      екі жүз алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық актив, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.";

      мынадай мазмұндағы екі жүз алпыс үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ерлі-зайыптылардың біреуі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мұраға алған кездегі құн өсімін айқындау мақсаттары үшін осы тармақшаларда көрсетілген кезең ерлі-зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалады.";

      екі жүз жетпіс алтыншы және екі жүз жетпіс жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның өзі салған, өткізетін ғимарат, ғимараттың бір бөлігі өткізілген кезде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай ғимаратты, ғимараттың бір бөлігін салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Ғимараттың бір бөлігін өткізу кезінде жер учаскесінің құны ғимараттың өткізілетін бөлігіне пропорционалды түрде айқындалады.

      Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын жеке тұрғын үйден реконструкцияланған ғимарат өткізілген жағдайда, осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны жеке тұрғын үй ретінде сатып алу құнының арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.";

      екі жүз тоқсан екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке тұлғаның цифрлық активті, борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу құнының арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы төрт жүз қырық тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "8-1) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер;";

      бес жүз қырық бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан субсидиялар;";

      мынадай мазмұндағы бес жүз алпыс бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "55) жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған депозиттері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен төленетін өтемақы (сыйлықақы).";

      алты жүз жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжат болып табылады.";

      алты жүз жиырма екінші және алты жүз жиырма үшінші абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жеті жүз қырық төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері бірыңғай төлемнің есептелген сомаларын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда көрсетеді.";

      сегіз жүз он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер осы Кодекстің 365-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:";

      мынадай мазмұндағы сегіз жүз қырқыншы абзацпен толықтырылсын:

      "12-1) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;";

      2) 43-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-1-бап. Мыналар:

      1) Салық кодексінің 505-бабы 1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "1. Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3

4


Қалалар:



1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Шымкент

9,17

0,58

3.

Нұр-Сұлтан

19,30

0,96

4.

Ақтау

9,65

0,58

5.

Ақтөбе

6,75

0,58

6.

Атырау

8,20

0,58

7.

Көкшетау

5,79

0,58

8.

Қарағанды

9,65

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Қызылорда

8,68

0,58

11.

Орал

5,79

0,58

12.

Өскемен

9,65

0,58

13.

Павлодар

9,65

0,58

14.

Петропавл

5,79

0,58

15.

Талдықорған

9,17

0,58

16.

Тараз

9,17

0,58

17.

Түркістан

7,79

0,39

18.

Алматы облысы:



19.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

20.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

21.

Ақмола облысы:



22.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

24.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

25.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

26.

Кенттер

0,96

0,13

27.

Ауылдар

0,48

0,09

  ";

      2) Салық кодексінің 505-бабы бірінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "Елді мекендердің жеріне (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

28,95

2.

Шымкент

9,17

3.

Астана

19,30

4.

Ақтау

9,65

5.

Ақтөбе

6,75

6.

Атырау

8,20

7.

Жезқазған

8,20

8.

Көкшетау

5,79

9.

Қарағанды

9,65

10.

Қонаев

6,75

11.

Қостанай

6,27

12.

Қызылорда

8,68

13.

Орал

5,79

14.

Өскемен

9,65

15.

Павлодар

9,65

16.

Петропавл

5,79

17.

Семей

8,20

18.

Талдықорған

9,17

19.

Тараз

9,17

20.

Түркістан

7,79

21.

Алматы облысы:


22.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

23.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

24.

Ақмола облысы:


25.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

26.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

27.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

28.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

29.

Кенттер

0,96

30.

Ауылдар

0,48

  ";

      3) 43-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-3-бап. Мыналар:

      1) Салық кодексінің 529-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Базалық құны теңгемен

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

60 000

2.

Шымкент

36 000

3.

Нұр-Сұлтан

60 000

4.

Ақтау

36 000

5.

Ақтөбе

36 000

6.

Атырау

36 000

7.

Көкшетау

36 000

8.

Қарағанды

36 000

9.

Қостанай

36 000

10.

Қызылорда

36 000

11.

Орал

36 000

12.

Өскемен

36 000

13.

Павлодар

36 000

14.

Петропавл

36 000

15.

Талдықорған

36 000

16.

Тараз

36 000

17.

Түркістан

12 000

18.

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

19.

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

20.

Кенттер

4 200

21.

Ауылдар

2 700

  ";

      2) Салық кодексінің 529-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Базалық құны теңгемен

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

60 000

2.

Шымкент

60 000

3.

Астана

60 000

4.

Ақтау

36 000

5.

Ақтөбе

36 000

6.

Атырау

36 000

7.

Жезқазған

12 000

8.

Көкшетау

36 000

9.

Қарағанды

36 000

10.

Қонаев

12 000

11.

Қостанай

36 000

12.

Қызылорда

36 000

13.

Орал

36 000

14.

Өскемен

36 000

15.

Павлодар

36 000

16.

Петропавл

36 000

17.

Семей

12 000

18.

Талдықорған

36 000

19.

Тараз

36 000

20.

Түркістан

36 000

21.

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

22.

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

23.

Кенттер

4 200

24.

Ауылдар

2 700

  ";";

      4) мынадай мазмұндағы 43-10-баппен толықтырылсын:

      "43-10-бап. Салық кодексінің 531-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің қолданысы 2022 жылғы 3 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелер алаңның бір шаршы метріне есептегенде мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге)

1

2

3


Қалалар:


1.

Алматы

0,96

2.

Шымкент

0,58

3.

Астана

0,96

4.

Ақтау

0,58

5.

Ақтөбе

0,58

6.

Атырау

0,58

7.

Жезқазған

0,39

8.

Көкшетау

0,58

9.

Қарағанды

0,58

10.

Қонаев

0,39

11.

Қостанай

0,58

12.

Қызылорда

0,58

13.

Орал

0,58

14.

Өскемен

0,58

15.

Павлодар

0,58

16.

Петропавл

0,58

17.

Семей

0,39

18.

Талдықорған

0,58

19.

Тараз

0,58

20.

Түркістан

0,39

21.

Алматы облысы:


22.

облыстық маңызы бар қалалар

0,39

23.

аудандық маңызы бар қалалар

0,39

24.

Ақмола облысы:


25.

облыстық маңызы бар қалалар

0,39

26.

аудандық маңызы бар қалалар

0,39

27.

Облыстық маңызы бар қалған қалалар

0,39

28.

Аудандық маңызы бар қалған қалалар

0,19

29.

Кенттер

0,13

30.

Ауылдар

0,09

  ";";

      5) мынадай мазмұндағы 44-2 және 44-3-баптармен толықтырылсын:

      "44-2-бап. Салық кодексінің 606-4-бабының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "606-4-бап. Салықтық кезең және салық декларациясы

      1. Төлемақыны есептеу үшін күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.

      2. 2022 жыл үшін декларация салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.".

      44-3-бап. Салық кодексінің 606-5-бабы 2-тармағының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілесін:

      "2. Салық төлеуші төлемақы сомасын бюджетке декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.".";

      6) 45-2-бапта:

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;";

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық активтер;";

      он тоғызыншы абзац "қалауы бойынша" деген сөздерден кейін "есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына" деген сөздермен толықтырылсын:

      7) мынадай мазмұндағы 46-1, 57-11, 57-12, 57-13 және 57-14-баптармен толықтырылсын:

      "46-1-бап. Салық кодексінің 683-бабының 2-тармағы 3) тармақшасы алтыншы абзацының қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "жер қойнауын пайдалануды (кен іздеушілікке арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда);".";

      "57-11-бап. Жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі бар төлеушілер тіркейтін, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылға дейінгі N3 санатындағы көлік құралдарына (ершікті тартқыштар) қатысты 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін Салық кодексінің 553-бабының 4-тармағында белгіленген, механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелері қолданылмайды деп белгіленсін.

      57-12-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерінің экспортын растау мақсаттары үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін қолдануға болады деп белгіленсін.

      57-13-бап. 2018 жылғы 1 қаңтар – 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында лотерея операторы лотерея билеттерін, квитанцияларды немесе өзге де құжаттарды өткізген кездегі айналым мөлшері өткізілген лотерея билеттерінің, квитанциялар мен өзге де құжаттардың құны мен лотереяға қатысушыларға төленген ұтыстар, сондай-ақ салықтық емес төлем түрінде бюджетке есепке жатқызуға жататын талап етілмеген ұтыстар арасындағы оң айырма мөлшерінде айқындалады деп белгіленсін.

      57-14-бап. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер Салық кодексінде көзделген белгіленген мерзімдерде аяқталады деп белгіленсін.".

      2-бап. Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген механикалық көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым 200 000 теңге мөлшерінде төленеді және оларға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553-бабы 4-тармағы кестесінің 4-жолының ережесі қолданылмайды деп белгіленсін.

      Механикалық көлік құралдарының санаттарын, осы бапта көрсетілген алым мөлшерлемесін қолдану тәртібін, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      3-бап. Жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 766-бабының 1-тармағына сәйкес 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жіберілген хабарлама негізінде жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты осындай хабарлама жіберілген күнге қолданыста болатын мөлшерлемелер бойынша есептеуді және төлеуді 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.

      4-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 27) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;

      2) 2018 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 44) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 45) және 46) тармақшаларын;

      3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 51) тармақшасының сегізінші абзацын, 2-тармағы 1) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын;

      4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын;

      5) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 43) тармақшасын, 73) тармақшасының үшінші абзацын, 82) тармақшасының сегізінші абзацын, 87) тармақшасының екінші абзацын және 135) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының сегізінші – он тоғызыншы, отыз жетінші – қырқыншы абзацтарын;

      6) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 130) тармақшасын;

      7) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 5), 25), 109), 110) және 111) тармақшаларын, 112) тармақшасының жетінші абзацын;

      8) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 2), 26), 33), 64), 74), 97), 98), 101), 107) және 108) тармақшаларын, 112) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 114), 115), 116) және 117) тармақшаларын, 120) тармақшасының екінші абзацын, 121), 124), 150), 151), 152) және 153) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналар:

      1) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 54) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтары, 2-тармағы 1) тармақшасының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 54) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары, 61), 78) және 85) тармақшалары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының қырық бірінші және қырық екінші абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      4) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 84) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      5) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 82) тармақшасының екінші – алтыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады;

      6) осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 69) тармақшасының төртінші абзацы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ