Ескерту. Заңның күші жойылды – ҚР 24.11.2022 № 159-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2022 жыл – 4 030 000 000 мың теңге;
2023 жыл – 2 200 000 000 мың теңге;
2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталсын.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.05.2022 № 120-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2020 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |