"Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 мамырдағы № 119-VII ҚРЗ.

      1-бап. "Республикалық референдум туралы" 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту;";

      2) 28-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "сызылып тасталмаған" деген сөздер "белгіленбеген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "сызылып тасталған" деген сөздер "белгіленген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Азамат дауыс берген кезде өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ