Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 295-VІ ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 624-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "624-1-бап. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу";

      2) 559-баптың алтыншы бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) теміржол желісінің бағыттамалық бұрмаларын, станциялық және магистральдық жолдарын және теміржол кірме жолдарын күтіп-ұстау;

      2) жылжымалы құрамды, теміржол көлігіндегі жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды, жасанды құрылысжайларды, сондай-ақ теміржол өткелдерін күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу кезінде жасалған бұзушылық –";

      3) мынадай мазмұндағы 624-1-баппен толықтырылсын:

      "624-1-бап. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу

      1. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сату, заңсыз сату түрінде жасалған бұзушылық, сол сияқты теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта сатуға, заңсыз сатуға жәрдем көрсету –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      4) 691-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы "623," деген цифрлардан кейін "624-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) 812-баптың екінші бөлігі "623," деген цифрлардан кейін "624-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      6) 829-1-баптың екінші бөлігі "623," деген цифрлардан кейін "624-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 124-6-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      2) 292-баптың 2-тармағындағы "жобалау алдындағы құжаттамаға және (немесе) жобалау құжаттамасына басшының қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік сараптаманың" деген сөздер "құрылыс жобаларына басшының қолтаңбасымен куәландырылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 225-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысы үшін – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін Ұлттық инфрақұрылым операторынан өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып алуға байланысты туындайтын кіріс.";

      2) 243-бап мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуге байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар шегерімге жатады.";

      3) 255-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Жүк тасымалдаушысының Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына төленген уақытша теңгерімдеу төлемақысы бойынша шығыстарды шегеруге құқығы бар.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады.";

      4) 372-бапта:

      2-тармақтың 8) тармақшасындағы "қаржыландыруын білдіреді." деген сөздер "қаржыландыруын;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының уақытша теңгерімдеу төлемақысын алуын білдіреді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:

      "35) Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуі.";

      5) 400-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсету үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде есепке жатқызылуға тиіс.".

      4. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 13-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы – жолаушылар тасымалдары үшін пайдаланылатын тартқыш көлік құралын (локомотивті) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;";

      "22-1) жүк транзиті – жүкті бір елден екінші елге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, ол процесте мынадай бір немесе бірнеше операция: жүктің тоқтап тұруы, оны қайта тиеу, қоймаға қою, бөлшектеу, жүктің орындарын, массасын, санын және көлік түрін өзгерту орындала отырып, жүк Қазақстан Республикасының теміржол станциясына келеді және (немесе) теміржол станциясынан Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетеді;";

      37) және 54) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) локомотивтік тартқыш операторы – жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторын қоспағанда, тартқыш көлік құралын (локомотивті) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға;";

      "54) тасымалдау процесіне қатысушы – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тармақ иеленуші, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарды иеленуші;";

      мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "62-1) уақытша теңгерімдеу төлемақысы – Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалдарын қолдауға бағытталған шығыстары;";

      64-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      2) 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өзінің жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесіне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтік тартқыш операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланады.";

      3) 6-2-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы тасымалдар немесе жүк транзиті;";

      4) 8-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және тасымалдаушылардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.";

      2-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар жазбаша нысанда жасалады. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттар уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жазбаша нысанда жасалады.";

      2-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-3. Уәкілетті орган және (немесе) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мынадай міндеттемелер бойынша шарттар жасаса алады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;

      3) осы баптың 2-2-тармағының екінші бөлігінде аталған тасымалдаушыны айқындау;

      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген басқа да міндеттемелер.";

      5) 12-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган локомотивтік тартқыштың көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейлерін қалыптастыру кезінде белгілейді және ол:

      1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына;

      2) Ұлттық инфрақұрылым операторына жіберіледі.

      Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

      Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары уақытша теңгерімдеу төлемақысын қалыптастыру кезінде есепке алынатын шығыстардың тізбесін қамтиды.

      Ұлттық жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтен кірістері уақытша теңгерімдеу төлемақысының көзі болып табылады.";

      6) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 19-1), 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19-1) магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "33-1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      33-2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      7) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жүк транзиті;";

      8) 44-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасындағы "өз басын", "тексеруге құқылы." деген сөздер тиісінше "жеке басын", "тексеруге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жүк транзиті кезінде жүк алушыдан, жүк жөнелтушіден тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін алуға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жүк жөнелтушінің өкілі жүк жөнелтудің мәлімделген күніне дейін бір тәулік бұрын жүкті әкелу, әкету тәсілі мен орнын көрсете отырып, жүк транзиті туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлайды.";

      9) 57-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алуға тыйым салынады.";

      "4. Тармақ иеленушілер бәсекелес кірме жол болмаған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушыларға кірме жол қызметтерін көрсетуді тоқтатуға алып келетін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.";

      10) 64-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жолаушылар тасымалдаушыларының әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жолаушылар тасымалдаушыларының әлеуметтік маңызы бар жолаушылар қатынастарына жатпайтын жаңа теміржол қатынастарын ашуын келісу тәртібі Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларында айқындалады.".

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат):

      3-бапта:

      4-тармақта:

      бірінші абзацтағы "2020" деген цифрлар "2023" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) тармақшаның бірінші абзацындағы "2020" деген цифрлар "2023" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4-1-тармақтың бірінші абзацындағы "2020" деген цифрлар "2023" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      6. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-ІІІ, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      мынадай мазмұндағы 30-1 және 36-1-баптармен толықтырылсын:

      "30-1-бап. Мыналар:

      1) Салық кодексінің мазмұнындағы 255-баптың тақырыбының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тақырып мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының, жүк тасымалдаушының жекелеген шығыс түрлерін шегеру";

      2) Салық кодексінің 255-бабы тақырыбының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тақырып мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "255-бап. Жер қойнауын пайдаланушының, жүк тасымалдаушының жекелеген шығыс түрлерін шегеру";

      3) Салық кодексінің 255-бабы 2-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай:".";

      "36-1-бап. Салық кодексінің 400-бабы 6-тармағының қолданысы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "6. Осы баптың ережелеріне сәйкес келмейтін қосылған құн салығының, сондай-ақ осы Кодекстің 402-бабында көрсетілген қосылған құн салығының сомасы, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының сомасы деп танылады.".".

      7. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат):

      1) 13-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын болса, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік табиғи монополия субъектісінің меншігінде реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету күнінен бастап он сегіз айдан аз болса;

      4-2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға бекітілген уақытша өтемдік тарифке сәйкес өтеуді жүргізбесе;";

      2) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелері сатып алынған (салынған) жағдайда;";

      3) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      28) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия саласына жатқызылатын кірме жол иеліктен шығарылған жағдайда, осы кірме жолды иеленуші:

      кірме жолдар қызметтерін көрсетуге жасалған шарттары бар тұтынушыларды тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тендердің өткізілетіні туралы жазбаша хабардар етуге;

      тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп жүрген тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алу бойынша артықшылық құқық беруге міндетті.";

      32) тармақшадағы "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33) кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алмауға;

      34) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар қызметтерін көрсеткені үшін тұтынушы жылжымалы құрамның жүріп өтуі үшін пайдаланатын кірме жолдың нақты ұзындығы бойынша төлемақы алуға міндетті.".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;

      2) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацын, 7-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы, 3-тармағы, 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары, 5) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ