2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұр

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 181-VІ ҚРЗ.

      2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 9 қарашада Челябинскіде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      (2018 жылғы 10 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 6, 75-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап

      1. Тараптардың уәкілетті органдары:

      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      Ресей тарапынан - Федералдық медициналық-биологиялық агенттік болып табылады.

      2. Осы Келісімді іске асыру мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:

      Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары - Байқоңыр қаласында орналасқан және негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың филиалдары;

      федералдық медициналық ұйымдар - Ресей тарапының уәкілетті органының қарамағындағы медициналық ұйымдар, оның ішінде олардың "Байқоңыр" кешенінің аумағында орналасқан оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;

      жедел медициналық көмек (кезек күттірмейтін нысандағы) - пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда кенеттен болған қатты аурулар, жай-күйлер, созылмалы аурулар асқынған кезде көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені;

      жедел медициналық көмек (шұғыл нысандағы) - пациенттің өміріне қауіп төндіретін қатты аурулар, жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар мен басқа да жай-күйлер кезінде көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені.".

2-бап

      Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"2-бап

      Медициналық ұйымдардың қызметін қаржылық қамтамасыз ету:

      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына қатысты;

      Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдарға қатысты жүзеге асырылады.".

3-бап

      Келісімнің 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"3-бап

      1. Ресей Федерациясының азаматтарына ("Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналы, "Байқоңыр" ғарыш айлағы персоналының отбасы мүшелері; "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар; Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің жұмыс істемейтін тұрғындары; "Байқоңыр" кешенінің, Төретам және Ақай кенттерінің аумақтарында уақытша болатын азаматтар) медициналық көмекті Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдар көрсетеді.

      2. Еңбек шартының негізінде "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары еңбек шартының қолданысы кезеңінде міндетті медициналық сақтандыруға жатады және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдарда медициналық көмек алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының көрсетілген азаматтары жұмыс істейтін "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдары олар үшін сақтандырушылар және сақтандыру жарналарын төлеушілер болып табылады.

      "Байқоңыр" ғарыш айлағының персоналына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына федералдық медициналық ұйымдарда еңбек жағдайлары аса қауіпті өнеркәсіптің жекелеген салалары ұйымдарының тізбесіне енгізілген ұйымдардың жұмыскерлері үшін Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген медициналық көмектің қосымша түрлері мен көлемі ұсынылады.

      "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарында еңбек шартының негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтары мен міндеттері сақталады.

      3. Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің аумақтарында жұмыс істейтін, "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болып табылады.

      Көрсетілген Ресей Федерациясының азаматтарына медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында көрсетіледі.

      Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің аумақтарында жұмыс істейтін, "Байқоңыр" кешенінің Ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын Ресей Федерациясының азаматтарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін жарналар мен аударымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың жұмыс берушілері жүргізеді.

      4. Қазақстан Республикасының азаматтарына ("Байқоңыр" кешеніндегі Ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратындар; "Байқоңыр" кешенінің аумағында уақытша болатындар) медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары көрсетеді.

      5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары көрсете алмайтын медициналық көмекті Ресей Федерациясының заңнамасымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәйкес Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарының жолдамасы бойынша федералдық медициналық ұйымдар көрсетеді.

      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген көрсетілген медициналық көмек үшін есеп айырысу Ресей тарапының уәкілетті органы, федералдық медициналық ұйымдар мен Қазақстан тарапының уәкілетті органы арасындағы шарттарда айқындалған тарифтер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Байқоңыр қаласының аумағында жедел медициналық көмек (шұғыл және кезек күттірмейтін нысандарда) федералдық медициналық ұйымдарда және Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында азаматтығына, тұратын жеріне және жұмыс орнына, сондай-ақ медициналық сақтандыру полисінің болуына (болмауына) қарамастан, барлық санаттағы адамдарға тегін және кезек күттірмейтін түрде көрсетіледі.".

4-бап

      Келісімнің 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"4-бап

      1. Осы баптың 2-тармағының бірінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қадағалауды және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей тарапының уәкілетті органы мен федералдық медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

      2. Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасының медициналық және білім беру ұйымдарына қатысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы ведомствосының тиісті аумақтық органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.

      Төретам және Ақай кенттерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын бақылауды және қадағалауды, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы ведомствосының тиісті аумақтық органдары мен ұйымдары жүзеге асырады.".

5-бап

      Келісімнің 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"5-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің халқына медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және олардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелерін халық денсаулығын сақтау жөніндегі бағдарламаларға енгізу үшін:

      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі бағдарламаларының шеңберінде;

      Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларының және өзге де бағдарламаларының шеңберінде шаралар қабылдайды.".

6-бап

      Келісімнің 7-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"7-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары "Байқоңыр" кешенінің аумағында, Қызылорда облысының Қазалы және Қармақшы аудандарының аумақтарында санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың туындағаны, оның ішінде халық арасында инфекциялық аурулардың таралу жағдайлары, жануарлар мен адамның аса қауіпті инфекциялық аурулары жағдайлары, табиғи-ошақтық инфекциялар бойынша эпизоотикалық жағдайдың асқынуы туралы бірін-бірі хабардар етеді және төтенше жағдайлардың салдары мен инфекциялық аурулардың ошақтарын жою үшін қажетті медициналық көмек көрсету және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу кезінде өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.".

7-бап

      Келісімнің 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап

      Тараптардың уәкілетті органдары әр Тараптың өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес федералдық медициналық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тиісті бейіндегі білім беру ұйымдарында медициналық кадрлардың біліктілігін арттыруға қажетті көмек көрсетеді.".

8-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама өз қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.

      2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Осы Хаттама мәтіндерінің арасында алшақтық болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін