Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 492-V ҚРЗ

      2007 жылғы 23 қарашада Гаагада жасалған Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенция және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттама осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес мәлімдемелермен және ескертпемен қоса ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

2016 жылғы 9 сәуірдегі 
Қазақстан Республикасының
№ 492-V ҚРЗ Заңына  
1-қосымша      

Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да
нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы
конвенцияға мәлімдемелер

      Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) 63-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мынадай мәлімдемелер жасайды:
      1) шешімді тану және орындау туралы мәлімдемеге қатысты Конвенцияның 23 (2) – (11)-бабының ережелеріне қарамастан, Конвенцияның 24-бабында көзделген тану және орындау рәсімі қолданылатын болады;
      2) Конвенцияның 30 (7)-бабында көзделген алименттер туралы келісімді тану және орындау туралы мәлімдеме Қазақстан Республикасының орталық органы арқылы ғана берілуі мүмкін.
      3) Конвенцияның 44 (1)-бабына сәйкес сұрау салушы мүше мемлекеттердің кез келген мәлімдемелері және ілеспе құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында, егер олар тиісті түрде куәландырылған қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге берілсе, орындалуға қабылданады.

2016 жылғы 9 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының
№ 492-V ҚРЗ Заңына  
2-қосымша      

Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да
нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы
конвенцияға мәлімдеме

      Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияның 62 және 44 (3)-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы орталық органдар арасында өзге хабарламаларды жүзеге асырған кезде француз тілін қолданудан бас тартады. Мұндай өзге хабарламалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде не ағылшын тілінде жүзеге асырылады.

БАЛАЛАРҒА АЛИМЕНТТЕРДІ ЖӘНЕ ОТБАСЫН КҮТІП-БАҒУДЫҢ БАСҚА ДА
НЫСАНДАРЫН ӨНДІРІП АЛУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

КІРІСПЕ

      Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер,
      балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі мәселесі бойынша мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға ниет білдіре отырып,
      нәтижелі, қолжетімді, жедел, тиімді, экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай, икемді және әділ тәртіпті орнату қажеттігін түсіне отырып,
      қолданылып жүрген Гаага конвенцияларының және өзге де халықаралық актілердің, атап айтқанда, 1956 жылғы 20 маусымдағы Шет елде алиментті өндіріп алу туралы БҰҰ конвенциясының ең үздік шарттарын негізге алуға ұмтыла отырып,
      технологиялар саласындағы жетістіктерден пайда табуға және технологиялар саласындағы өзгерістер мен кейінгі жетістіктерді қажеттігіне қарай пайдалануға мүмкіндік беретін икемді жүйе құруға, жаңа мүмкіндіктер жасауға ниет білдіре отырып,
      1989 жылғы 20 қарашадағы Баланың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының 3 және 27-баптарына сәйкес,
      - балаларға қатысты барлық іс-әрекеттерде баланың мүдделерін барынша қамтамасыз етуге бірінші кезекте назар аударылатынын,
      - әрбір баланың дене бітімі тұрғысынан, ақыл-ой, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан дамуына қажетті өмір сүру деңгейіне құқығы бар екенін,
      - ата-анасына (ата-аналарына) немесе балаға жауапты басқа адамдарға өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуына қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілік жүктелетінін, және
      - қатысушы мемлекеттер, халықаралық шарттар жасасуды қоса алғанда, ата-анасының (ата-аналарының) немесе басқа жауапты адамдардың, атап айтқанда, осындай адамдар бала тұратын мемлекеттен бөлек мемлекетте тұратын жағдайда, баланы күтіп-бағу төлемін өндіріп алуды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын еске сала отырып,
      осы Конвенцияны жасасуға шешім қабылдады және оның мынадай ережелері туралы уағдаласты:

I ТАРАУ
МАҚСАТЫ, ҚОЛДАНУ АЯСЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

1-бап
Мақсаты

      Осы Конвенцияның мақсаты - балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың тиімді халықаралық тәртібін қамтамасыз ету, атап айтқанда:
      а) Уағдаласушы мемлекеттердің органдары арасында өзара іс-қимылдың әмбебап жүйесін орнату;
      b) алименттер туралы шешімдерге қатысты берілетін өтініштердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      c) алименттерді төлеу туралы шешімдерді тануды және олардың орындалуын қамтамасыз ету; және
      d) алименттер туралы шешімдерді дереу мәжбүрлеп орындату үшін тиімді шараларды айқындау арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

2-бап
Қолдану аясы

      1. Осы Конвенция:
      а) 21 жасқа дейінгі бала - ата-ана арасындағы қатынастардан туындайтын алименттік міндеттемелерге;
      b) жұбайын күтіп-бағу туралы шешімді тануға және орындатуға немесе а) тармақшасы шеңберіндегі талаппен бірге осындай өтініш берілген болса, шешімді орындауға; және
      c) ІІ және ІІІ тарауларды қоспағанда, жұбайын күтіп-бағуға қатысты қолданылады.
      2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет 62-бапқа сәйкес а) тармақшаға сай 18 жасқа толмаған адамдарға Конвенцияның қолданылу аясын шектеу құқығын өзіне қалдыра алады. Осындай ескертуді жасаған Уағдаласушы мемлекеттің көрсетілген ескертумен жасы алып тасталған адамдарға Конвенцияның қолданылуын талап етуге құқығы жоқ.
      3. Кез келген Уағдаласушы мемлекет 63-бапқа сәйкес отбасылық қатынастардан, әке болудан/ана болудан, некеден немесе өзге де туыстық қатынастардан туындайтын кез келген міндеттемелерге, атап айтқанда, әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарға қатысты міндеттемелерді қоса алғанда, бүкіл Конвенцияға немесе оның бір бөлігіне күші қолданылатынын мәлімдей алады. Кез келген осындай мәлімдеме Уағдаласушы екі мемлекет арасында олардың мәлімдемелері сол бірдей алименттік міндеттемелер мен Конвенцияның бөліктерін қамтитын шектерде ғана міндеттемелерді туындатады.
      4. Осы Конвенцияның ережелері ата-аналарының некелік мәртебесіне қарамастан балаларға қатысты қолданылады.

3-бап
Негізгі ұғымдар

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:
      а) «кредитор» күтіп-бағу төлемі төленетін немесе күтіп-бағу төлемі төленуге тиіс деп болжанатын жеке тұлғаны білдіреді;
      b) «борышкер» күтіп-бағу төлемін төлеуі тиіс немесе төлеуге тиіс деп болжанатын жеке тұлғаны білдіреді;
      c) «құқықтық көмек» өтініш берушілердің өздерінің құқықтарымен және оларды іске асыру жолдарымен танысуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ өтініштерді сұрау салынатын мемлекеттің аумағында тиімді және жан-жақты қарауға кепілдік беру үшін қажетті көмекті білдіреді. Осындай көмек көрсету тәсілдері, қажетіне қарай, заң көмегін, істерді құзыретті органдарда қарау кезіндегі көмекті, заңгерлік өкілдік етуді және тиісті баждарды төлеуден босатуды қамтуы мүмкін;
      d) «жазбаша келісім» онда қамтылған ақпаратты кейін сілтеме жасау үшін қолжетімді ететін, кез келген тәсілмен жазылған келісімді білдіреді;
      e) «күтіп-бағу туралы келісім» мына:
      i) формальды түрде жасалған немесе уәкілетті орган сенімді құжат ретінде тіркеген; немесе
      ii) куәландырылған, жасалған, тіркелген немесе уәкілетті органға берілген және уәкілетті орган өзгерте алатын немесе қайта қарай алатын, күтіп-бағуға төлеуге қатысты жазбаша келісімді білдіреді;
      f) «осал адам» мүгедектігіне немесе денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі өз бетінше қамтамасыз ете алмайтын адамды білдіреді.

ІІ ТАРАУ
ӘКІМШІЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

4-бап
Орталық органдарды тағайындау

      1. Уағдаласушы мемлекет Конвенциямен осындай органға жүктелетін функцияларды жүзеге асыру үшін Орталық органды тағайындайды.
      2. Федеративтік мемлекеттердің, біреуден астам құқықтық жүйесі бар мемлекеттердің немесе автономиялық аумақтық құрылымдары бар мемлекеттердің біреуден астам Орталық орган тағайындауға және істі аумақта немесе адамдарға қатысты қарау бойынша олардың өкілеттіктерінің шегін белгілеуге құқығы бар. Мемлекет біреуден астам Орталық органды тағайындаған жағдайда, осы мемлекеттегі тиісті Орталық органға беру үшін хабарлама жіберілуі мүмкін Орталық органды тағайындайды.
      3. Уағдаласушы мемлекет Халықаралық Жеке Құқық жөніндегі Гаага Конференциясының Тұрақты Бюросын ратификациялау немесе қосылу туралы құжатты депозиттеу кезінде немесе 61-бапқа сәйкес мәлімдеме беру кезінде Орталық органды немесе Орталық органдарды тағайындау, оның/олардың байланыс деректері туралы және егер қолданылатындай болса, оның/олардың 2-бөлікте айқындалған өкілеттіктерінің шегі туралы хабардар етуге тиіс. Уағдаласушы мемлекеттер Тұрақты Бюроға кез келген өзгерістер туралы уақтылы хабардар етуге міндеттенеді.

5-бап
Орталық органдардың жалпы функциялары

      Орталық органдар:
      а) Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізу мақсатында бір-бірімен ынтымақтастықта болуға және өз мемлекеттерінде уәкілетті органдар арасында ынтымақтастықты кеңейтуге;
      b) Конвенцияны қолдану процесінде туындайтын проблемалардың шешімін мүмкіндігінше іздестіруге міндеттенеді.

6-бап
Орталық органдардың ерекше функциялары

      1. Орталық органдар ІІІ тарауға сәйкес өтініштерге қатысты жәрдем көректеседі. Олар, атап айтқанда:
      а) осындай өтініштерді беретін және қабылдайтын;
      b) осындай өтініштерге қатысты шаралар қолданатын немесе іс жүргізудің басталуына ықпал ететін болады.
      2. Олар осындай өтініштерге қатысты қажетті шаралар қолданады:
      а) қажет болған кезде, құқықтық көмек ұсынады немесе ұсынуға ықпал етеді;
      b) борышкерді немесе кредиторды іздеуге жәрдемдеседі;
      c) борышкердің немесе кредитордың кірістері немесе қажет болған кезде, активтерін анықтауды қоса алғанда, қаржылық жағдайы туралы басқа да мәліметтерді алуға жәрдемдеседі;
      d) алименттерді ерікті түрде төлету мақсатында, қажет болған жағдайда, медиация, келісу немесе осыған ұқсас рәсімдер арқылы бітімгершілік келісімдерді қолдайды;
      e) берешектердің барлық түрін қоса алғанда, алименттер бойынша шешімдердің тұрақты орындалуына жәрдемдеседі;
      f) алименттерді өндіріп алуға және оның уақтылы аударылып отыруына жәрдемдеседі;
      g) құжаттамалық немесе өзге де дәлелдемелерді алуға жәрдемдеседі;
      h) алименттерді өндіріп алу мақсатында әке болуды/ана болуды анықтауға көмек көрсетеді;
      і) аумақтық сипаттағы алдын ала қамтамасыз ету шараларын қолдану мақсатында және мақсаты қаралып отырған алименттер туралы өтініш бойынша нәтижені қамтамасыз ету болып табылатын іс жүргізуге бастамашылық жасайды немесе қажетті іс жүргізудің басталуына жәрдемдеседі;
      j) құжаттарды табыс етуге жәрдемдеседі;
      3. Осы бапқа сәйкес орталық органның функцияларын, осы мемлекеттің құқығында белгіленген шектерде мемлекеттік органдар немесе осы мемлекеттің құзыретті органдарының бақылауындағы өзге де органдар орындай алады. Осындай мемлекеттік органдарды немесе өзге де органдарды, сондай-ақ олардың координаттарын және өкілеттіктерінің шегін айқындауды Уағдаласушы мемлекет Халықаралық Жеке Құқық жөніндегі Гаага Конференциясының Тұрақты Бюросына хабарлауға тиіс. Уағдаласушы мемлекеттер Тұрақты Бюроны кез келген өзгерістер туралы уақтылы хабардар етеді.
      4. Осы бапта немесе 7-бапта ешнәрсе де Орталық органға мемлекеттің құқығына сәйкес тек сот органдары ғана жүзеге асыруы мүмкін өкілеттіктерді іске асыру жөніндегі міндетті жүктеу ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

7-бап
Арнайы шаралар туралы сұрау салулар

      1. Орталық орган, егер оған себеп бар болса, басқа Орталық органнан 10-бапта көзделген өтініш қаралмайтын жағдайларда да 6 (2) b), c), g), h), i) және j)-бабында көзделген шараларды қолдануды сұрата алады. Сұрау салынатын Орталық орган егер әлеуетті өтініш беруші 10-бапта көзделген өтінішті бере алуы үшін тиісті немесе осындай өтініш беру қажеттігін анықтау үшін қажет деп есептесе, шараларды қолдануы керек.
      2. Орталық орган, екінші Орталық органның сұрау салуы бойынша сұрау салушы мемлекетте ол туралы өтініш қаралып отырған алименттерді өндіріп алуға қатысты халықаралық элементі бар іске қатысты арнайы шаралар қолдануға құқылы.

8-бап
Орталық органның шығыстары

      1. Әрбір Орталық орган осы Конвенцияны қолдануға байланысты туындайтын шығыстарды өз есебінен төлейді.
      2. Орталық органның 7-бапта көзделген арнайы шаралар туралы сұрау салуларға байланысты ерекше шығыстарды қоспағанда, Конвенцияға сәйкес көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу мақсатында өтініш берушіден төлем алуға құқығы жоқ.
      3. Сұрау салуды алған Орталық органның 2-бөлікте көрсетілген көрсетілетін қызметтердің құнын, өтініш берушінің осы көрсетілетін қызметтерді ақылы көрсетуге алдын ала келісуінсіз жабуға құқығы жоқ.

ІІІ ТАРАУ
ӨТІНІШТЕРДІ ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР АРҚЫЛЫ БЕРУ

9-бап
Өтініштерді Орталық органдар арқылы беру

      Осы тарауға сәйкес өтініштер сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органына өтініш беруші тұратын Уағдаласушы мемлекеттің Орталық органы арқылы берілуге тиіс. Осы ереженің мақсаттары үшін тек қана онда болуы тұру болып саналмайды.

10-бап
Қабылданатын өтініштер

      1. Осы Конвенцияға сәйкес алименттерді алу мақсатында сұрау салушы мемлекетте кредиторларға өтініштердің мынадай санаттары берілуге тиіс:
      а) шешімді тану немесе тану және орындау;
      b) сұрау салынатын мемлекетте шығарылған немесе танылған шешімді орындау;
      c) шығарылған шешім болмаған кезде, қажет болған жағдайда, әке болуды немесе ана болуды анықтауды қоса алғанда, сұрау салынатын мемлекетте шешім шығару;
      d) егер шешімді тану және орындау мүмкін болмаса немесе 20-бапқа сәйкес тану және орындау үшін негіздердің болмауына байланысты немесе 22 b) немесе e)-бабында көрсетілген негіздер бойынша одан бас тартылса, шешімді сұрау салынатын мемлекетте шығару;
      e) сұрау салынатын мемлекетте қабылданған шешімді өзгерту;
      f) өзге мемлекетте қабылданған шешімді өзгерту.
      2. Сұрау салушы мемлекетте оған қатысты алименттерді төлеу туралы шешім шығарылған борышкерге өтініштердің мынадай санаттары:
      а) шешімді тану немесе сұрау салынатын мемлекетте шығарылған алдыңғы шешімді орындауды тоқтата тұруға әкелетін немесе шектейтін балама рәсім;
      b) сұрау салынатын мемлекетте қабылданған шешімді өзгерту;
      c) өзге мемлекетте қабылданған шешімді өзгерту қолжетімді болуға тиіс.
      3. Осы Конвенцияның өзгені көздейтін ережелерін қоспағанда, 1 және 2-тармақтарда көрсетілген өтініштер сұрау салынатын мемлекеттің құқығына сәйкес айқындалуға тиіс, ал 1 c)- дан f) дейінгі және 2 b) және c) тармақтарда көрсетілген өтініштер сұрау салынатын мемлекеттің юрисдикциялық қағидаларына бағынуға тиіс.

11-бап
Өтініштердің мазмұны

      1. Барлық өтініштер 10-бапқа сәйкес кем дегенде:
      а) өтініштің немесе өтініштердің мәнін;
      b) өтініш берушінің мекенжайы мен туған күнін, айын, жылын баяндауды қоса алғанда, атын және байланыс деректерін;
      c) жауапкердің атын және егер белгілі болса, мекенжайы мен туған күнін, айын, жылын;
      d) пайдасына алименттер сұратылатын адамдардың аттары мен туған күндерін, айларын, жылдарын;
      e) өтініш негізделетін негіздерді;
      f) егер өтінішті кредитор берген болса, алименттерді қайда жіберу немесе электрондық нысанда қайда аудару тиістігі туралы ақпаратты;
      g) 10 (1) а) және (2) а)-баптарға сәйкес өтініштерді қоспағанда, сұрау салынатын мемлекет 63-бапқа сәйкес жасаған мәлімдемемен айқындалған кез келген ақпаратты немесе құжатты;
      h) өтінішті өңдеуге жауапты адамның немесе сұрау салушы мемлекеттің Орталық органы бөлімшесінің аты мен байланыс деректерін қамтуға тиіс.
      2. Өтініште, қажет болған кезде және егер бұл белгілі болса, атап айтқанда:
      а) кредитордың қаржылық жағдайы;
      b) борышкердің жұмыс берушісінің аты мен мекенжайын қоса алғанда, борышкердің қаржылық жағдайы, сондай-ақ борышкердің активтерінің сипаты мен орналасқан жері;
      c) жауапкердің тұратын жерін анықтауға ықпал ететін кез келген өзге мәлімет туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
      3. Өтініш, кез келген қажетті ілеспе ақпаратпен немесе тегін құқықтық көмек алу құқығына қатысты құжаттаманы қоса алғанда, құжаттамамен толықтырылуға тиіс. 10 (1) a) және (2) a)-баптарда көзделген өтініштер берілген жағдайда, өтініш 25-бапта көрсетілген құжаттармен ғана толықтырылуға тиіс.
      4. Өтініш 10-бапқа сәйкес Халықаралық Жеке Құқық жөніндегі Гаага конференциясы ұсынған және жариялаған нысанда жасалуға тиіс.

12-бап
Өтініштерді және істерді Орталық органдар арқылы беру,
қабылдау және қарау

      1. Сұрау салушы мемлекеттің Орталық органы өтініш, Орталық органның пікірінше, өтінішті қарау үшін қажетті деп табылған барлық керекті ақпаратпен және құжаттармен қоса берілуі үшін шара қолданып, өтініш берушіге көмектесуге тиіс.
      2. Сұрау салушы мемлекеттің Орталық органы, егер ол өтінішті Конвенцияның талаптарына сәйкес деп таныған болса, өтінішті өтініш берушінің атынан және оның келісімімен сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органына беруге тиіс. Өтінішке 1-қосымшада белгіленген беру туралы нысан қоса берілуге тиіс. Сұрау салушы мемлекеттің Орталық органы сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органының талап етуі бойынша 16 (3), 25 (1) а), b) және d) және (3) b) және 30 (3)-баптарға сәйкес кез келген құжаттың, осындай құжатты берген мемлекеттің құзыретті органы куәландырған толық көшірмесін беруге тиіс.
      3. Сұрау салынатын Орталық орган өтінішті қабылдаған кезден бастап алты апта ішінде 2-қосымшада белгіленген нысанда алғанын растауға және сұрау салушы мемлекеттің Орталық органын өтінішті қарау процесінде қабылданған немесе қабылданатын бастапқы шаралар туралы хабардар етуге тиіс; сондай-ақ, оның кез келген қосымша құжаттар мен ақпаратты талап етуге құқығы бар. Сұрау салынатын Орталық орган осы алты апта кезең ішіңде сұрау салушы Орталық органға өтінішті қарау барысына қатысты сұрау салуларға жауап беруге жауапты адамның немесе бөлімшенің атын және байланыс деректерін беруге тиіс.
      4. Сұрау салынатын Орталық орган алғанын растаған кезден бастап үш ай ішінде сұрау салушы Орталық органға өтініштің жағдайы туралы хабардар етуге тиіс.
      5. Сұрау салушы және сұрау салынатын Орталық органдар бір-бірін:
      а) нақты іске жауапты адам немесе бөлімше;
      b) істі қарау барысы туралы хабардар етеді, сондай-ақ сұрау салуларға уақтылы жауап берілуін қамтамасыз етуге тиіс.
      6. Орталық органдар істі оның мән-жайларын жан-жақты қарауға қаншалықты мүмкіндік болса, соншалықты тездетіп қарауға тиіс.
      7. Орталық органдар өздерінің иелігіндегі коммуникацияның неғұрлым тез әр тиімді құралдарын пайдалануға тиіс.
      8. Сұрау салынатын Орталық орган, егер Конвенция талаптарының орындалмағаны айқын болған жағдайда ғана өтінішті қараудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда Орталық орган сұрау салушы Орталық органды өзінің бас тарту себептері туралы уақтылы хабардар етуге тиіс.
      9. Сұрау салынатын Орталық орган қосымша құжаттардың немесе ақпараттың болмауы негізінде ғана өтініштен бас тарта алмайды. Алайда сұрау салынатын Орталық орган сұрау салушы Орталық органнан осы қосымша құжаттарды немесе ақпаратты ұсынуды сұрата алады. Сұрау салушы Орталық орган осы талапты сұрау салынатын Орталық орган көрсеткен үш ай немесе одан да ұзақ уақыт бойы орындамаған жағдайда, сұрау салынатын Орталық орган өтініштің қаралуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдай алады. Мұндай жағдайда ол осы шешім туралы сұрау салушы Орталық органды хабардар етеді.

13-бап
Коммуникация құралдары

      Жауапкер Уағдаласушы мемлекеттердің Орталық органдары арқылы осы Тарауға сәйкес берілген кез келген өтінішке және оған қоса берілген немесе Орталық орган берген кез келген құжатқа немесе ақпаратқа тек қана тиісті Орталық органдар қолданған коммуникация құралдарына немесе тәсілдеріне байланысты наразылық білдіре алмайды.

14-бап
Рәсімдерге тиімді қол жеткізу

      1. Сұрау салынатын мемлекет өтініш берушілерге осы Тарауға сәйкес өтініштерден туындайтын шешімді және апелляцияны орындау рәсімдерін қоса алғанда, рәсімдерге тиімді қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      2. Сұрау салынатын мемлекет осындай тиімді қол жеткізуді ұсына отырып, 14-17-баптарға сәйкес, 3-тармақта көзделген жағдайлардан басқа, тегін құқықтық көмек ұсынады.
      3. Сұрау салынатын мемлекет осы мемлекеттің рәсімдері өтініш берушіге істі мұндай көмекке жүгінбестен жүргізуге мүмкіндік беретін жағдайларда және шектерде осындай тегін құқықтық көмекті көрсетуге міндетті емес және Орталық орган мұндай көрсетілетін қызметтерді қажеттілігіне қарай тегін көрсетеді.
      4. Тегін құқықтық көмек алуға арналған құқықтың көлемі тиісті ішкі істермен салыстырғанда аз көлемде болмауға тиіс.
      5. Ешқандай қамтамасыз етулер, кепіл немесе депозит, олар қалай аталса да Конвенция щеңберінде іс жүргізу процесінде туындайтын шығыстар мен шығындарды төлеуді қамтамасыз ету үшін талап етілмеуге тиіс.

15-бап
Баланы күтіп-бағу туралы өтініштерді беру кезіндегі
тегін құқықтық көмек

      1. Сұрау салынатын мемлекет кредиторлар 21 жасқа толмаған адамдарға қатысты ата-ана - бала арасындағы қатынастардан туындайтын алименттік міндеттемелерге қатысы бар осы Тарауға сәйкес беретін кез келген өтініштерге қатысты тегін құқықтық көмек ұсынады.
      2. Сұрау салынатын мемлекет 1-тармақты ескерместен, 10 (1) а) және b)-бабында көзделгендерден өзге өтініштерге қатысты және 20 (4)-бапқа жататын істер үшін, ол өтініш немесе кез келген апелляция мәні бойынша айқын негізсіз деп санаған жағдайда, тегін құқықтық көмек ұсынудан бас тарта алады.

16-бап
Балаға қолжетімді материалдық құралдарға арналған тестіні
пайдалануға рұқсат беру туралы мәлімдеме

      1. Мемлекет 15 (1)-баптың ережелеріне қарамастан, 63-бапқа сәйкес 10 (1) а) және b)-баппен көзделгендерден және 20 (4)-бапқа жататындардан басқа, барлық өтініштерге қатысты тегін құқықтық көмекті балаға қолжетімді материалдық құралдарды айқындауға бағытталған тест өткізілгеннен кейін ұсынатыны туралы мәлімдей алады.
      2. Мемлекет осындай мәлімдемені беру кезінде Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына тестіден өту үшін сәйкес келуі қажет қаржылық критерийлерді қоса алғанда, баланың материалдық құралдарын тексеру кезінде пайдаланылатын әдістерге қатысты ақпаратты береді.
      3. 1-тармақта көрсетілген, осы тармақта көрсетілген мәлімдемені берген мемлекетке жіберілетін өтініште өтініш берушінің баланың материалдық құралдары 2-тармақта белгіленген критерийлерге сәйкес келетінін көрсететін формальды түрде растау қамтылуға тиіс. Сұрау салынатын мемлекет, егер өтініш беруші берген ақпарат нақты емес деп санауға оның негізді себептері болған жағдайда ғана баланың материалдық құралдары туралы қосымша куәліктерді талап ете алады.
      4. Осы Тарауда айқындалған ата-ана - бала арасындағы қатынастардан туындайтын күтіп-бағу жөніндегі алименттік міндеттемелерге қатысы бар өтініштерге қатысты сұрау салынатын мемлекеттің құқығымен көзделетін анағұрлым қолайлы құқықтық көмек 1-3-тармақтарда айқындалғаннан гөрі неғұрлым қолайлы болған жағдайда, барынша қолайлы құқықтық көмекті көрсеткен жөн.

17-бап
15 және 16-баптарға жатпайтын өтініштер

      Осы Конвенцияға сәйкес, 15 және 16-баптарға жататындардан басқа, өзге өтініштерге қатысты:
      а) тегін құқықтық көмекті ұсыну материалдық құралдардың болуына арналған тест немесе мәтіннің мәні негізінде жүзеге асырылуы мүмкін;
      b) тану немесе орындау туралы мәселені кез келген қарау кезінде өз мемлекетінде тегін құқықтық көмек алған өтініш берушінің тегін құқықтық көмекті, кем дегенде, осындай жағдайларда сұрау салынатын мемлекеттің құқығында көзделген нақ сол шектерде пайдалануға мүмкіндігі болуға тиіс.

VI ТАРАУ
ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚОЗҒАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ШЕКТЕУЛЕР

18-бап
Іс жүргізуді бастауға қойылатын шектеулер

      1. Егер шешім кредитор тұрақты тұратын Уағдаласушы мемлекетте шығарылса, кредитор шешім қабылданған мемлекетте тұрақты тұруын жалғастыра беретін болса, борышкер шешімді өзгерту, жаңадан шешім шығару жөнінде рәсімді қандай да бұл өзге Уағдаласушы мемлекетте қозғай алмайды.
      2. 1-тармақ, егер:
      а) балаларға қатысты алименттік міндеттемелерге қатысы бар дауларды қоспағанда, тараптардың арасында осы өзге Уағдаласушы мемлекеттің юрисдикциясы туралы жазбаша келісім болса;
      b) кредитор не өзінің осы өзге Уағдаласушы мемлекеттің юрисдикциясына бағынатыны туралы анық мәлімдесе не істің мәні бойынша қорғана отырып, бірінші мүмкіндік берілген кезде-ақ юрисдикцияға қарсылық білдірмесе;
      c) шешім шығарылған мемлекеттің құзыретті органы шешімді өзгерту немесе жаңа шешім қабылдау үшін юрисдикцияны жүзеге асыра алмаса немесе жүзеге асырудан бас тартса; немесе
      d) бір мемлекетте қабылданған шешім шешімді өзгерту немесе жаңадан шешім қабылдау жөнінде іс жүргізуді бастау болжанатын Уағдаласушы мемлекетте танылуы мүмкін болмаса немесе орындалуға болмайды деп жарияланса, қолданылмайды.

V ТАРАУ
ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ

19-бап
Тараудың қолданылу аясы

      1. Осы тарау алименттік міндеттемелерге қатысты сот немесе әкімшілік орган қабылдаған шешімге қолданылады. «Шешім» деген термин сондай-ақ бітімгершілік келісімді немесе осындай органның қатысуымен немесе мақұлдауымен жасалған келісімді де қамтиды. Шешім міндеттеменің бағалар деңгейімен автоматты түрдегі арақатысын және берешекті төлеу, өткен кезең ішінде күтіп-бағуды немесе оның пайыздарын төлеу туралы талапты және шығыстар мен шығындарды айқындауды қамтуы мүмкін.
      2. Егер шешім алименттік міндеттемелерге ғана қатысты болмаса, осы тараудың қолданысы алименттік міндеттемелерге қатысы бар шешімдердің бөліктерімен шектеледі.
      3. 1-тармақтың мақсаттары үшін «Әкімшілік орган» - осы орган құрылған мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешімдері:
      а) шағым жасау немесе сот органының қайта қарау нысаны болуы мүмкін; және
      b) сол мәселе бойынша сот органының шешіміндей күшімен қолданысы бар мемлекеттік органды білдіреді.
      4. Осы тарау 30-бапқа сәйкес алименттер туралы келісімдерге де қолданылады.
      5. Осы тараудың ережелері 37-бапқа сәйкес сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына тікелей берілген тану және орындау туралы сұрау салуға да қолданылады.

20-бап
Тану және орындау үшін негіздер

      1. Уағдаласушы мемлекеттің бірінде («Шешім қабылдаған мемлекет») қабылданған шешім, егер:
      а) жауапкер іс жүргізу басталған кезде шешім шығарған мемлекетте тұрақты тұрған болса;
      b) жауапкер бірінші мүмкіндік болған кезде-ақ құзыретке қарсылық білдірместен, құзыретті нақты түрде, сондай-ақ істің мәні бойынша қорғана отырып, таныса;
      c) кредитор іс жүргізу басталған кезде шешім шығарған мемлекетте тұрақты тұрған болса;
      d) жауапкер баламен осы мемлекетте тұрған немесе осы мемлекетте тұрып, осы мемлекетте балаға күтіп-бағуды ұсынған жағдайда, асырып-бағу айқындалған бала іс жүргізу басталған кезде шешім шығарған мемлекетте тұрақты тұрған болса;
      e) балаларға қатысты алименттік міндеттемелерге қатысы бар дауларды қоспағанда, тараптар арасында құзырет туралы жазбаша келісім болса; немесе
      f) осы құзырет тек қана тараптардың бірінің азаматтығына негізделген жағдайдарды қоспағанда, шешімді адамдардың жағдайына немесе ата-ананың жауапкершілігіне қатысты құзыретті орган қабылдаған болса, басқа Уағдаласушы мемлекеттерде танылуға және орындалуға жатады.
      2. Уағдаласушы мемлекет 62-бапқа сәйкес 1 с), е) немесе f)-тармақтарға қатысты ескерту жасай алады.
      3. 2-тармаққа сәйкес ескерту жасаған Уағдаласушы мемлекет, егер оның өз заңнамасына сәйкес оның органдарына ұқсас нақты жағдайларда осындай шешімді қабылдауға құзырет берілген болса, шешімді таниды және орындайды.
      4. Уағдаласушы мемлекет, егер 2-тармаққа сәйкес жасалған ескерту нәтижесінде шешімді тану мүмкін болмаса және егер борышкер осы мемлекетте тұрақты тұратын болса, шешімді кредитордың пайдасына шығару үшін барлық қажетті шараларды қолданатын болады. Алдыңғы сөйлем 19 (5)-бапта көзделген тану және орындау туралы тікелей өтініштерге де не 2 (1) b)-бапта көзделген күтіп-бағуды төлеу туралы өтініштерге де қолданылмайды.
      5. Тек қана 1 c), е) немесе f)-тармақтарға қатысты ескертулерге бола танылуы мүмкін емес, 18 жасқа толмаған баланың пайдасына шығарылған шешім сұрау салынатын мемлекетте алименттерді алу үшін балаға мүмкіндік жасайтын шешім ретінде танылуға жатады.
      6. Шешім оны шығарған Мемлекетте күші болған жағдайда ғана танылуға жатады және оны шығарған мемлекетте орындалуы мүмкін болған жағдайда ғана орындалуға жатады.

21-бап
Бөліну және ішінара тану мен орындау

      1. Егер сұрау салынатын мемлекет шешімді тұтастай тани немесе орындай алмаса, ол танылуы немесе орындалуы мүмкін шешімнің әрбір бөлінетін бөлігін тануға немесе орындауға тиіс.
      2. Барлық жағдайларда шешімді ішінара тану немесе орындау туралы өтініш беруге болады.

22-бап
Танудан және орындаудан бас тартуға негіздер

      1. Егер:
      а) шешімді тану және орындау сұрау салынатын мемлекеттің жариялы тәртібіне анық қайшы келсе;
      b) шешім рәсімдердегі алаяқтық нәтижесінде алынған болса;
      c) сол бір тараптар арасында және сол бір негіздер бойынша іс жүргізу сұрау салынатын мемлекеттің бұрын осы іс жүргізу басталған органында жүргізілетін болса;
      d) көрсетілген соңғы шешім сұрау салынатын мемлекеттің тану және орындау үшін қажетті талаптарына сәйкес келген жағдайда, шешім сол бір тараптарға қатысты және сол бір негіздер бойынша не сұрау салынатын мемлекетте не қандай да бір басқа мемлекетте қабылданған шешімге қайшы келетін болса;
      e) жауапкер шешім шығарған мемлекеттегі процесс кезінде не қатыспаса не оның өкілі болмаса:
      і) егер шешім шығарған мемлекеттің заңнамасы іс жүргізудің  басталғаны туралы хабардар етуді көздесе және жауапкер іс жүргізу туралы тиісті хабарламаны алмаған болса және тыңдалу мүмкіндігіне ие болмаса; немесе
      іі) егер шешім шығарған мемлекеттің заңнамасы іс жүргізудің  басталғаны туралы хабардар етуді көздемесе және жауапкер шығарылған шешім туралы хабарламаны алмаған болса және оны даулауға немесе шешімге мәні бойынша немесе құқық бойынша апелляция беруге оның мүмкіндігі болмаса; немесе
      f) шешім 18-бапты бұза отырып қабылданған болса, шешімді танудан немесе орындаудан бас тартылуы мүмкін.

23-бап
Тану және орындау туралы өтініш беру рәсімі

      1. Осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес тану және орындау рәсімі сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасымен реттеледі.
      2. Егер шешімді тану және орындау туралы өтініш ІІІ тарауға сәйкес Орталық органдар арқылы берілген болса, сұрау салынатын Орталық орган уақтылы не:
      а) шешімді орындауға болады деп кешіктермей жариялауға немесе шешімді орындау үшін тіркеуге тиіс құзыретті органға қолдаухат беруге; немесе
      b) егер ол осындай құзыретті орган болып табылса, көрсетілген шараларды өз бетінше қабылдауға тиіс.
      3. Сұрау салу сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына 19 (5)-бапқа сәйкес тікелей жасалған жағдайларда, осы орган шешімді орындауға болады деп кешіктермей жариялайды немесе шешімді орындау үшін тіркейді.
      4. Жариялаудан немесе тіркеуден 22 а)-бапта баяндалған негіздер бойынша ғана бас тартылуы мүмкін. Осы кезеңде не өтініш берушінің не жауапкердің қандай да бір қарсылық білдіруге құқығы жоқ.
      5. Өтініш беруші және жауапкер 2 немесе 3-тармақтарға сәйкес жасалған жариялау немесе тіркеу туралы немесе 4-тармаққа сәйкес бас тарту туралы уақтылы хабардар етілуге тиіс және олар осы шешімді мәні бойынша немесе құқық бойынша даулай алады немесе оған апелляция бере алады.
      6. Наразылық немесе апелляция 5-тармаққа сәйкес хабардар етілген кезден бастап 30 күн ішінде берілуге тиіс. Егер дауласып отырған тарап жариялау немесе тіркеу жасалған не олардан бас тартылған Уағдаласушы мемлекетте тұрмайтын болса, наразылық немесе апелляция хабардар етілген кезден бастап 60 күн ішінде берілуге тиіс.
      7. Наразылық немесе апелляция тек қана мына негіздерге:
      а) 22-бапта көзделген танудан және орындаудан бас тарту үшін негіздерге;
      b) 20-бапқа сәйкес тану және орындау үшін негіздерге;
      c) 25 (1) а), b) немесе d) немесе 3 b)-бапқа сәйкес берілген қандай да бір құжаттың төлнұсқалығына немесе анықтығына негізделуі мүмкін.
      8. Жауапкер тарапынан наразылық немесе апелляция тану және орындау өткен уақытта жасалған төлемдерге қатысты болатын дәрежеде берешекті ерікті түрде төлеу фактісінде негізделуі мүмкін.
      9. Өтініш беруші және жауапкер наразылық немесе апелляция жөніндегі шешім туралы уақтылы хабардар етілуге тиіс.
      10. Кейінгі апелляция, егер сұрау салынатын мемлекеттің заңнамасында бұған рұқсат етілсе, айрықша мән-жайлардың болу жағдайларын қоспағанда, шешімнің орындалуын тоқтата тұра алмайды.
      11. Құзыретті орган кез келген апелляцияларды қоса алғанда, тануға және орындауға қатысты шешімдерді уақтылы қабылдауға тиіс.

24-бап
Тану және орындау туралы өтінішті берудің баламалы рәсімі

      1. Мемлекет 23 (2)-(11)-баптың ережелеріне қарамастан, 63-бапқа сәйкес ол осы бапта көзделген тану және орындау рәсімін қолданатынын мәлімдей алады.
      2. Шешімді тану және орындау туралы өтініш ІІІ тарауға сәйкес Орталық органдар арқылы берілген жағдайларда, сұрау салынған Орталық орган уақтылы не:
      а) тану және орындау туралы өтініш бойынша шешімді қабылдайтын құзыретті органға өтінішхат береді; не
      b) егер ол осында құзыретті орган болып табылса, көрсетілген шешімді өз бетінше қабылдайды.
      3. Жауапкерге іс жүргізу туралы тиісті түрде және уақтылы хабарланғаннан кейін және тараптардың екеуіне де тыңдалу үшін жеткілікті мүмкіндік берілгеннен кейін құзыретті орган тану және орындау туралы шешім шығарады.
      4. Құзыретті орган танудан және орындаудан бас тарту үшін 22 (а), с) және d)- бабында баяндалған негіздерді өзінің қалауы бойынша қарай алады. Ол жауапкердің талап ету бойынша немесе егер осы негіздерге қатысты сұрақ 25-бапқа сәйкес ұсынылған құжаттардың сөзбе-сөз мағынасынан туындайтын болса, 2022 және 23 (7)-баптарда санамаланған қандай да бір негіздерді қайта қарауы мүмкін.
      5. Танудан және орындаудан бас тарту - тану және орындау өткен уақытта төлеуге жататын берешекке қатысты жасалған төлемдерге қатысы болуы сондай дәрежеде берешекті ерікті түрде төлеу фактісіне де негізделуі мүмкін.
      6. Кез келген апелляция, егер сұрау салынатын мемлекеттің құқығы ондайға жол берсе, айрықша мән-жайлардың болу жағдайларын қоспағанда, шешімді орындауды тоқтата тұра алмайды.
      7. Құзыретті орган, кез келген апелляцияларды қоса алғанда, тануға және орындауға қатысты шешімді уақтылы қабылдайды.

25-бап
Құжаттар

      1. Тану және орындау туралы өтінішке 23 немесе 24-баптарға сәйкес мынадай құжаттар:
      а) шешімнің толық мәтіні;
      b) шешімді әкімшілік орган қабылдаған жағдайда, шешімді шығарған мемлекетте оның орындалуы мүмкін екендігін растайтын құжат, мемлекет 57-бапқа сәйкес оның әкімшілік органдары шешімдерінің әрқашан осы талаптарға сәйкес болатыны белгіленген жағдайларды қоспағанда, 19 (3)-баптың талаптары орындалғанын растайтын құжат;
      c) егер жауапкер келмесе және іс жүргізу барысында шешім шығарған мемлекетте өкілі болмаса, тиісінше, жауапкерге іс жүргізу туралы тиісті түрде хабарланғанын және оның тыңдалу мүмкіндігі болғанын немесе жауапкерге шешім туралы тиісті түрде хабарланғанын және оған мәні мен құқығы бойынша дауласу немесе апелляция беруге мүмкіндігі болғанын растайтын құжат немесе құжаттар;
      d) қажетті жағдайларда, берешек сомасы мен осы сома есептелген күн көрсетілген құжат;
      e) шешім бағалар деңгейіне сәйкес берешекті автоматты түрде индекстеуді белгілейтін қажетті жағдайларда, тиісті есептеулерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты қамтитын құжат;
      f) қажетті жағдайларда, өтініш беруші шешім шығарған мемлекетте тегін құқықтық көмектің қандай түрін алғанын растайтын құжаттама бірге берілуге тиіс.
      2. 23 (7) c)-бапта көзделген наразылық немесе апелляция берілген кезде немесе сұрау салынатын мемлекеттегі құзыретті органның талап етуі бойынша шешім шығарған мемлекеттің құзыретті органы куәландырған тиісті құжаттың толық көшірмесін:
      а) ІІІ тарауға сәйкес өтініш берілген сұрау салушы мемлекеттің Орталық органы;
      b) сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органына сұрау салу тікелей берілген жағдайларда, өтініш беруші уақтылы беруге тиіс.
      3. Уағдаласушы мемлекет 57-бапқа сәйкес:
      а) шешім шығарған мемлекеттің құзыретті органы куәландырған шешімнің толық көшірмесі өтінішке қоса берілуге тиіс екенін;
      b) шешімнің толық мәтінінің орнына ол шешім шығарған мемлекеттің құзыретті органы жасаған, Халықаралық Жеке Құқық жөніндегі Гаага конференциясы ұсынған және жариялаған нысанда ұсынылуы мүмкін шешімнен үзіндіні немесе үзінді көшірмені қабылдайтын мән-жайларды; немесе
      c) ол 19 (3)-баптың талаптарының орындалуын растайтын құжатты талап етпейтінін көздей алады.

26-бап
Тану туралы өтінішті беру рәсімі

      Осы тарау, қолданылу туралы талап шешім шығарған мемлекетте заңды күшін талап етумен ауыстырылатынын қоспағанда, шешімді тану туралы өтінішке mutatis mutandis қолданылады.

27-бап
Фактілерді анықтау

      Сұрау салынатын мемлекеттің кез келген құзыретті органы өзінің юрисдикциясын негіздеген шешімді шығарған мемлекеттің органы анықтаған фактілерді танитын болады.

28-бап
Істі мәні бойынша қайта қарауға тыйым салу

      Сұрау салынатын мемлекеттің кез келген құзыретті органдары шешімді мәні бойынша қайта қарауға тиіс емес.

29-бап
Баланың немесе өтініш берушінің жеке қатысуын талап етпеу

      Осы Тарауға сәйкес сұрау салынатын мемлекеттегі қандай да бір процестерге баланың немесе өтініш берушінің жеке қатысуы талап етілмейді.

30-бап
Алименттер туралы келісім

      1. Уағдаласушы мемлекетте жасалған алименттер туралы келісім қабылданған мемлекетте ол шешім ретінде орындалатын жағдайда, осы Тарауда көзделген шешім ретінде танылуға және орындалуға жатады.
      2. «Шешім» деген термин 10 (1) а) және b) және (2) а)-баптың мақсаттары үшін алименттер туралы кез келген келісімді де қамтиды.
      3. Алименттер туралы келісімді тану және орындау туралы өтінішке мынадай құжаттар:
      а) алименттер туралы келісім толық мәтіні; және
      b) алименттер туралы осы келісім ол жасалған мемлекет шешім ретінде орындалатының растайтын құжаттар бірге берілуге тиіс.
      4. Егер:
      а) тану және орындау сұрау салынатын мемлекеттің жариялы тәртібіне анық қайшы келетін болса;
      b) алименттер туралы келісімге алаяқтық немесе бұрмалау жолымен қол жеткізілсе;
      c) алименттер туралы келісім, көрсетілген шешім сұрау салынатын мемлекетте тану және орындау үшін қажет талаптарға сәйкес келетін жағдайда, сол тараптарға қатысты және сол негіз бойынша не сұрау салынатын мемлекетте не қандай да бір басқа мемлекетте қабылданған шешімге қайшы келетін болса, алименттер туралы келісімді танудан және орындаудан бас тартылуы мүмкін.
      5. Осы Тараудың ережелері 202223 (7) және 25 (1) және (3)-баптарды қоспағанда, алименттер туралы келісімді тануға және орындауға:
      а) 23 (2) және (3)-бапқа сәйкес жариялаудан немесе тіркеуден  4а)-тармақта көзделген негіз бойынша ғана бас тартылуы мүмкін болуын;
      b) 23 (6)-бапта көзделген наразылық немесе апелляция тек мынадай негіздерге ғана:
      i) 4-тармақта баяндалған танудан және орындаудан бас тарту үшін негіздерге;
      іі) 3-тармаққа сәйкес берілген кез келген құжаттың төлнұсқалылығына және анықтығына негізделуі мүмкін екенін;
      c) 24 (4)-бапта көзделген рәсімге қатысты құзыретті орган тану және орындаудан бас тарту үшін осы баптың 4 а)-тармағында көзделген негіздерді өз қалауы бойынша қайта қарай алатынын қоспағанда, mutatis mutandis қолданылуға тиіс. Ол осы баптың 4-тармағында санамаланған кез келген негіздерді қайта қарай алады, сондай-ақ 3-тармаққа сәйкес жауапкердің талап етуі бойынша берілген немесе егер осы негіздерге қатысты мәселе осы құжаттардың сөзбе-сөз мағынасынан туындаса, кез келген құжаттың төлнұсқалылығы мен анықтығына күмән келтіре алады.
      6. Алименттер туралы келісімді тану және орындау жөніндегі іс жүргізу, егер көрсетілген келісімге қатысты наразылық Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органында қарауда болса, тоқтатыла тұрады.
      7. Мемлекет 63-бапқа сәйкес алименттер туралы келісімді тану және орындау туралы өтініш Орталық органдар арқылы ғана берілуі мүмкін деп мәлімдей алады.
      8. Уағдаласушы мемлекет 62-бапқа сәйкес, алименттер туралы келісімді танымау және орындамау құқығын өзіне қалдыра алады.

31-бап
Алдын ала және растау бұйрықтары қолданудың нәтижесі
болып табылатын шешімдер

      Шешім бір мемлекетте шығарылған алдын ала бұйрықтың және екінші мемлекеттегі («Растаушы мемлекет») алдын ала бұйрықты растайтын орган бұйрығының бірлескен қолданылуы нәтижесінде шығарылған жағдайда:
      а) осы мемлекеттердің әрқайсысы осы Тараудың мақсаттары үшін шешім шығарған мемлекет деп саналуға тиіс;
      b) егер жауапкер растаушы мемлекетте іс жүргізу туралы тиісті түрде хабардар етілген болса және оның алдын ала бұйрықтың расталуына наразылық білдіруге мүмкіндігі болса, 22 е)-баптың талаптары орындалды деп саналады;
      c) шешім оны шығарған мемлекетте орындалатын болып табылатыны туралы 20 b)-баптың талабы, егер шешім Растаушы мемлекетте орындалатындай болса, орындалатын болады; және
      d) 18-бап шешімді өзгерту жөніндегі іс жүргізудің екінші мемлекетте басталуына кедергі жасай алмайды.

VI ТАРАУ
СҰРАУ САЛЫНАТЫН МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРЫНДАУЫ 32-бап
Ішкі құқық бойынша орындау

      1. Осы Тараудың ережелеріне сәйкес орындау сұрау салынатын мемлекеттің құқығына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Орындау уақтылы болуға тиіс.
      3. Өтінішхаттар шешім орындалатын деп жарияланған немесе V тарауға сәйкес орындау үшін тіркелген Орталық орган арқылы берілген жағдайда, орындау өтініш беруші тарапынан ешқандай қосымша іс-әрекеттерсіз жүзеге асырылады.
      4. Алименттік міндеттемелердің қолданылу мерзімдеріне қатысты шешім шығарған мемлекетте қолданылып жүрген барлық қағидалар қолданылады.
      5. Берешек алынуы мүмкін кезеңді кез келген шектеулер не шешім шығарған мемлекеттің құқығымен не сұрау салынатын мемлекеттің құқығымен, қандай құқық неғұрлым ұзақ мерзімді көздейтініне байланысты айқындалады.

33-бап
Кемсітпеушілік

      Сұрау салынатын мемлекет осы Конвенция бойынша істер үшін ішкі істерге көзделетін әдістердің кем дегенде сол деңгейін ұсынуға тиіс.

34-бап
Шешімдерді орындау жөніндегі шаралар

      1. Уағдаласушы мемлекеттер ішкі құқығында осы Конвенцияда көзделген шешімдерді орындау жөніндегі тиімді шараларды көздейді.
      2. Бұл шаралар:
      а) жолақыны ұстап қалуды;
      b) банктік шоттарға және өзге де табыс көздеріне тыйым салуды қолдануды;
      c) әлеуметтік сақтандыру төлемдерінен шегерімдерді;
      d) мүлікті кепілге алуды немесе мәжбүрлеп сатуды;
      e) өтелетін салықтарды ұстап қалуды;
      f) зейнетақы төлемдерін ұстап қалуды немесе оларға тыйым салуды қолдануды;
      g) кредиттер жөніндегі қызметке ақпарат беруді;
      h) түрлі лицензияларды беруден бас тартуды; оның қолданысын тоқтата тұруды немесе одан (мысалы, жүргізу құқығынан) айыруды;
      i) ерікті орындауға қол жеткізу мақсатында медиацияны, бітімгершілік рәсімді немесе осыған ұқсас процестерді қамтуы мүмкін.

35-бап
Ақшалай қаражатты жіберу

      1. Уағдаласушы мемлекеттер, алименттер ретінде төленуге жататын ақшалай қаражатты берудің экономикалық тұрғыдан барынша пайдалы және тиімді әдістерін пайдалануда, оның ішінде халықаралық келісімдерді жасасу арқылы пайдалануда ынталандырылады.
      2. Қаражатты беру өз құқығымен шектелетін Уағдаласушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес төленуге жататын қаражатты беруге ең жоғары басымдық береді.

VII ТАРАУ
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР

36-бап
Өтініш берушілер ретінде әрекет ететін мемлекеттік органдар

      1. 10 (1) а) және b)-бапқа сәйкес тану және орындау туралы өтініштерге және 20 (4)-бапта көзделген істерге қатысты «кредитор» термині өзіне алименттер төленуге жататын не алимент орнына ұсынылған өтемақы төлеуге тиісті жеке тұлғаның атынан әрекет ететін мемлекеттік органды қамтиды.
      2. Мемлекеттік органның өзіне алименттер төленуге жататын немесе кредиторға алимент орнына ұсынылатын өтемақыны алуға әрекеттеніп жүрген жеке тұлғаның атынан әрекет ету құқығы мемлекеттік органның құқығымен реттеледі.
      3. Мемлекеттік орган:
      а) мемлекеттік органның алименттердің орнына ұсынылған жәрдем ақыларды төлеу туралы өтініші бойынша борышкерге қатысты қабылданған шешімнің;
      b) кредиторға алименттердің орнына ұсынылған жәрдем ақылар сомасының мөлшері туралы кредитор мен борышкер арасында қабылданған шешімнің танылуына қол жеткізе алады немесе орындалуын талап ете алады.
      4. Шешімнің танылуына қол жеткізуге әрекеттенетін немесе орындалуын талап ететін мемлекеттік орган, талап ету бойынша 2-бөлікке сәйкес оның құқығын және кредиторға жәрдем ақының берілу фактісін растайтын қажетті құжаттарды ұсынуға тиіс.

VІІІ ТАРАУ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

37-бап
Құзыретті органдарға тікелей сұрау салулар

      1. Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттің ішкі құқығында көзделуі мүмкін, жеке тұлғаның (өтініш берушінің), 18-бапқа сәйкес алименттер алу мақсатында шешім шығаруды немесе өзгертуді қоса алғанда, осы Конвенциямен реттелетін іс бойынша осы Мемлекеттің құзыретті органымен тікелей байланысуына мүмкіндік беретін рәсімдерді қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды.
      2. 14 (5) және 17 b)-баптар, сондай-ақ VVIVII Тараулардың ережелері және 40 (2), 4243 (3), 45 және 55-баптарды қоспағанда, және осы Тараудың ережелері Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органына тікелей жасалған тану және орындау туралы сұрау салуға қатысты қолданылады.
      3. 2-тармақтың мақсаттары үшін 2 (1) a)-бап осы тармақшада көзделгеннен жасы үлкен қауқарсыз адамға алименттер төлеу туралы шешімге қатысты, осындай шешім осы адамның көрсетілген жасқа толғанға дейін шығарылған және осы жасқа толғаннан кейін денсаулығына байланысты алименттер төлеуді көздеген жағдайларда қолданылады.

38-бап
Жеке бас деректерін қорғау

      Осы Конвенцияға сәйкес жиналған немесе берілген жеке бас деректері, олар жиналған немесе берілген мақсаттарда ғана пайдаланылуға тиіс.

39-бап
Құпиялылық

      Ақпаратты өңдейтін барлық органдар өз мемлекетінің құқығына сәйкес құпиялылықты қамтамасыз етуге тиіс.

40-бап
Ақпаратты жария етпеу

      1. Орган осы Конвенцияға сәйкес, өтініште жиналған немесе берілген ақпаратты, егер бұл жеке тұлғаның денсаулығы, қауіпсіздігі немесе бостандығы үшін қатер болуы мүмкін екені анық болса, жария етпеуге және растамауға тиіс.
      2. Осындай салдардың бір Орталық орган жасаған анықтамасын екінші Орталық орган назарға алуға, атап айтқанда, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларында назарға алуға тиіс.
      3. Осы бапта ешнәрсе де органдардың немесе органдар арасында ақпарат жинауға және беруге кедергі жасамайды, себебі бұл осы Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет.

41-бап
Заңдастыру туралы талаптың болмауы

      Осы Конвенцияның мағынасында заңдастыруда немесе оған ұқсас формальдылықтарда талап етіле алмайды.

42-бап
Сенімхат

      Сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органы, егер ол сот процесінде немесе басқа органдардың алдында өтініш берушінің атынан әрекет еткен жағдайда немесе осы функцияларды орындауға өкіл тағайындау үшін ғана одан сенімхатты талап ете алады.

43-бап
Шығыстарды өтеу

      1. Осы Конвенцияны қолдану кезінде шеккен кез келген шығыстарды өтеу алименттерді төлеу алдында басым бола алмайды.
      2. Мемлекет шығыстардың өтемін ұтылған тараптан өндіріп алуы мүмкін.
      3. 10 (1) b)-бапта көзделген, 2-бөлікке сәйкес ұтылған тараптан шығыстарды өндіріп алуға бағытталған өтініштерді беру мақсатында 10 (1)-баптағы «кредитор» термині мемлекетті қамтиды.
      4. Осы бап 8-бапқа қатысты болмайды.

44-бап
Тілге қойылатын талаптар

      1. Кез келген өтініш және ілеспе құжаттар түпнұсқа тілінде ұсынылады және сұрау салынатын мемлекеттің ресми тіліне немесе сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы аударманың болмауына жол берген жағдайларды қоспағанда, осы мемлекет 63-бапқа сәйкес берген мәлімдемеде көрсеткен өзге тілге аудармасымен қоса берілуге тиіс.
      2. Аумағында бірнеше ресми тілдер қолданылатын және өзінің ішкі құқығы бойынша олардың біреуінде өзінің барлық аумағы бойынша құжат қабылдай алмайтын Уағдаласушы мемлекет, 63-бапқа сәйкес берген мәлімдемеде өз аумағының белгілі бір бөліктерінде беру үшін құжаттар немесе олардың аудармасы ресімделуге тиіс тілді айқындауға тиіс.
      3. Егер Орталық органдар арасында өзге туралы келісім болмаса, осындай органдар арасындағы кез келген өзге хабарламалар не сұрау салынатын мемлекеттің ресми тілінде не ағылшын немесе француз тілінде жүзеге асырылуға тиіс. Алайда, Уағдаласушы мемлекет 62-бапқа сәйкес ескерту жасай алады, онда ол ағылшын немесе француз тілін пайдаланудан бас тарта алады.

45-бап
Аудару құралдары және аудармаға арналған шығыстар

      1. ІІІ тарауда көзделген өтініштер берілген жағдайда, Орталық органдар нақты іс бойынша немесе жалпы алғанда, сұрау салынатын мемлекеттің ресми тіліне аударма сұрау салынатын мемлекетте төлнұсқаның тілінен не кез келген басқа келісілген тілден жасала алатынын уағдаласып алуы мүмкін. Келісім болмаған жағдайда және сұрау салушы мемлекет үшін 44 (1) және (2)-баптың орындалуы мүмкін болмаған кезде, өтініш пен ілеспе құжаттар одан әрі сұрау салынатын мемлекеттің ресми тіліне аудару үшін ағылшын немесе француз тіліне аудармасымен берілуі мүмкін.
      2. 1-тармақты қолдану кезінде туындайтын аудармаға арналған шығыстарды, егер тиісті мемлекеттердің Орталық органдары арасында өзгеше келісілмеген болса, сұрау салушы мемлекет көтереді.
      3. Сұрау салушы мемлекет 8-баптың ережелеріне қарамастан, егер өтінішті және ілеспе құжаттарды аудару бойынша шығыстарды, оның тегін құқықтық көмек жүйесі щеңберінде төлеу мүмкін болмаса, осы шығыстарды өтініш берушіге жүктей алады.

46-бап
Біріздендірілмеген құқықтық жүйелер – түсіндіру

      1. Аумағындағы әртүрлі аумақтық құрылымдарында осы Конвенцияда көзделген қандай да бір мәселелерге қатысты екі және одан да көп құқық жүйелері не құқық нормаларының жиынтығы қолданылатын мемлекетке қатысты:
      а) мемлекеттің құқығына не рәсіміне кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымда қолданылатын құқыққа не рәсімге сілтеме ретінде түсінілуге тиіс;
      b) осы мемлекетте шығарылған, танылған, танылған және орындалған, орындалған және өзгертілген шешімге кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымда шығарылған, танылған, танылған және орындалған, орындалған және өзгертілген шешімге сілтеме ретінде түсініледі;
      c) осы мемлекеттің сот немесе әкімшілік органына кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымның сот немесе әкімшілік органына сілтеме ретінде түсініледі;
      d) осы мемлекеттің құзырлы органдарына, мемлекеттік органдарына және Орталық органдарды қоспағанда, басқа органдарына кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымда әрекет ететін өкілетті органдарға сілтеме ретінде түсініледі;
      e) осы мемлекеттегі тұрғылықты жеріне не тұрақты тұратын жеріне кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымдағы тұрғылықты жеріне не тұрақты тұратын жеріне сілтеме ретінде түсініледі;
      f) осы мемлекетте мүліктің орналасқан жеріне кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымда мүліктің орналасқан жеріне сілтеме ретінде түсініледі;
      g) осы мемлекетте қолданылатын өзара уағдаластыққа кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымда қолданылатын өзара уағдаластыққа сілтеме ретінде түсініледі;
      h) осы мемлекеттегі тегін құқықтық көмекке кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымдағы тегін құқықтық көмекке сілтеме ретінде түсініледі;
      i) осы мемлекетте жасалған алименттер туралы келісімге кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымда жасалған алименттер туралы келісімге сілтеме ретінде түсініледі;
      j) мемлекеттің шығыстарды өтеуіне кез келген сілтеме тиісінше, тиісті аумақтық құрылымның шығыстарды өтеуіне сілтеме ретінде түсініледі.
      2. Осы бап Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына қолданылмайды.

47-бап
Біріздендірілмеген құқықтық жүйелер – материалдық-құқықтық нормалар

      1. Әртүрлі құқықтық жүйелерге ие екі және одан да көп аумақтық құрылымдары бар Уағдаласушы мемлекет осы Конвенцияны тек осы аумақтық құрылымдарға қатысты болатын жағдайларға қолдануға міндетті емес.
      2. Әртүрлі құқықтық жүйелерге ие екі және одан да көп аумақтық құрылымдары бар Уағдаласушы мемлекеттің аумақтық құрылымындағы құзыретті орган екінші Уағдаласушы мемлекеттің шешімін тек осы шешім осы Уағдаласушы мемлекеттің басқа аумақтық құрылымында осы Конвенцияға сәйкес танылғанына және орындалғанына байланысты ғана тануға немесе орындауға міндетті емес.
      3. Осы бап Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына қолданылмайды.

48-бап
Алименттік міндеттемелер туралы алдыңғы Гаага
конвенцияларымен келісу

      Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы қатынастарда, 56 (2)-бапты орындаған жағдайда, 1973 жылғы 2 қазандағы Алименттік міндеттемелерге қатысты шешімдерді тану және орындау туралы Гаага конвенциясын және 1958 жылғы 15 сәуірдегі Балаларды күту-бағу жөніндегі алименттік міндеттемелерге қатысы бар шешімдерді тануға және орындауға қатысты Гаага конвенциясын ауыстырады, өйткені оларды қолдану аясы осы Конвенцияны қолдану аясымен сәйкес келеді.

49-бап
1956 жылғы Нью-Йорк конвенциясымен келісу

      Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы қатынастарда, 1956 жылғы 20 маусымдағы Алименттерді шет елдерде өндіріп алу туралы БҰҰ конвенциясын ауыстырады, өйткені оның осындай мемлекеттер арасында қолданылу аясы осы Конвенцияны қолдану аясына сәйкес келеді.

50-бап
Құжаттарды тапсыру және дәлелдемелерді алу туралы
алдыңғы Гаага конвенцияларымен арақатынас

      Осы Конвенция 1954 жылғы 1 наурыздағы Азаматтық процесс мәселелері жөніндегі Гаага конвенциясының, 1965 жылғы 15 қарашадағы Шетелде азаматтық және сауда істері бойынша сот және соттан тыс құжаттарды тапсыру туралы Гаага конвенциясының және 1970 жылғы 18 наурыздағы Шетелде азаматтық және сауда істері бойынша дәлелдемелерді алу туралы Гаага конвенциясының қолданысына қатысты болмайды.

51-бап
Актілер мен қосымша келісімдерді келісу

      1. Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттер қатысушы болып табылатын, осы Конвенцияға дейін жасалған және осы Конвенция реттейтін мәселелер бойынша ережелерді қамтитын кез келген халықаралық актілердің қолданысына әсер етпейді.
      2. Кез келген Уағдаласушы мемлекет бір және одан да көп Уағдаласушы мемлекетпен осы Конвенция реттейтін мәселелер бойынша ережелерді қамтитын, өздерінің арасында осы Конвенцияны қолдануды жетілдіруге бағытталған келісімдерді, бұл келісімдер осы Конвенцияның міндеттері мен мақсаттарына сәйкес келуін және мұндай келісімдер осы Конвенцияның ережелерін көрсетілген мемлекеттер мен өзге де Уағдаласушы мемлекеттер арасында қолдануға әсер етпеуін көздей отырып, жасай алады. Осындай келісімдерді жасаған мемлекеттер олардың көшірмелерін Конвенцияның депозитарийіне беруге тиіс.
      3. 1 және 2-тармақтар, сондай-ақ тиісті мемлекеттер арасындағы ерекше қатынастарға негізделген өзара уағдаластықтарға да, үлгі заңдарға да қолданылады.
      4. Осы Конвенция осы Конвенцияға қатысушы болып табылатын Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымының осы Конвенция жасалғаннан кейін қабылданған актілердің қолданылуын, мұндай актілер Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына мүше мемлекеттер мен өзге де Уағдаласушы мемлекеттер арасында осы Конвенция ережелерін қолданылуын қозғамаған жағдайда осы Конвенция реттейтін мәселелер бойынша қозғамайды. Өңірлік экономикалық интеграция ұйымына мүше мемлекеттердің шешімдерді тануына немесе орындауына келетін болсақ, осы Конвенция Өңірлік экономикалық интеграция ұйымының нормаларын, олар осы Конвенция жасалғанға дейін не жасалғаннған кейін қабылданғанына қарамастан, қозғамайды.

52-бап
Неғұрлым тиімді норма

      1. Осы Конвенция:
      a) Конвенцияның 22 f)-тармағына қайшы келмейтін, алименттер туралы шешімдерді тану үшін неғұрлым кеңірек негіздерді;
      b) алимент туралы шешімдерді тану немесе тану және орындау туралы өтініштер бойынша оңайлатылған, неғұрлым жылдам рәсімдерді;
      c) құқықтық көмек ұсынудың 14-17-баптарда көзделгендерден гөрі үздік жағдайларын;
      d) сұрау салушы мемлекеттегі өтініш берушінің сұрау салынатын мемлекеттің Орталық ұйымына сұратуды тікелей беруіне мүмкіндік беретін рәсімдерді көздейтін, сұрау салушы және сұрау салынатын мемлекеттердің арасында қолданылатын келісімдерді, уағдаластықтарды не халықаралық актіні, не сұрау салынатын мемлекетте қолданылатын өзара уағдаластықты қолдануға кедергі келтірмейді.
      2. Осы Конвенция сұрау салынатын мемлекетте қолданылатын, 1 а)-с)-тармағында айтылғаннан гөрі неғұрлым тиімді нормаларды көздейтін заңды қолдануға кедергі жасамайды. Алайда, 1 b)-тармақта айтылған оңайлатылған, неғұрлым жылдам рәсімдерге келетін болсақ, олар 23 және 24-баптарға сәйкес, атап айтқанда тараптардың іс жүргізу туралы уақтылы хабарландырылуға және тыңдалу мүмкіндігіне, сондай-ақ қандайда бір дауласу не апелляция нәтижелері туралы хабарландырылу құқықтарына қатысты тараптарға ұсынылатын қорғаумен үйлесімді болуға тиіс.

53-бап
Біркелкі түсіндіру

      Осы Конвенцияны түсіндіру кезінде оның халықаралық сипатын және оның біркелкі қолданылуына жәрдемдесу қажеттігін ескеру қажет.

54-бап
Осы Конвенцияның іс жүзіндегі қолданысы туралы есеп

      1. Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас Хатшысы осы Конвенцияның іс жүзіндегі қолданысын қарау және Конвенцияға сәйкес адал практиканың дамытылуын көтермелеу мақсатында Ерекше комиссияны ұдайы шақырып отырады.
      2. Уағдаласушы мемлекеттер осындай қараудың мақсаттары үшін статистикалық деректерді жинауды және Конвенцияның іс жүзіндегі қолданысы жөніндегі сот практикасын қоса алғанда, ақпарат жинауда Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросымен ынтымақтасады.

55-бап
Нысандарға өзгерістер енгізу

      1. Осы Конвенцияға қоса берілетін нысандар Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас Хатшысы шақыратын Ерекше комиссияның шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін, оған барлық Уағдаласушы мемлекеттер мен барлық мүшелер шақырылады. Нысандарға өзгерістерді қарауға енгізу туралы хабарлама күн тәртібіне енгізілуге тиіс.
      2. Ерекше комиссияның отырысына қатысатын Уағдаласушы мемлекеттер мақұлдаған өзгерістер барлық Уағдаласушы мемлекеттер үшін оларды депозитарий барлық Уағдаласушы мемлекеттерге берген күннен бастап күнтізбелік жетінші айдың бірінші күні күшіне енеді.
      3. Кез келген Уағдаласушы мемлекет 2-тармақта көзделген мерзім ішінде депозитарийге жазбаша хабарлама жіберу арқылы 62-бапқа сәйкес өзгерістерге қатысты ескерту жасай алады. Осындай ескертуді жасайтын мемлекет ескерту кері қайтарылып алынғанға дейін осындай түзетуге қатысты осы Конвенцияға қатысушы болып табылмайтын мемлекет болып саналады.

56-бап
Өтпелі ережелер

      1. Осы Конвенция:
      а) сұрау салынатын мемлекеттің Орталық органы 7-бапқа сәйкес сұрау салуды не ІІІ тарауға сәйкес өтінішті осы Конвенция сұрау салушы мемлекет үшін және сұрау салынатын мемлекет үшін күшіне енгеннен кейін алған;
      b) осы Конвенция шешім қабылдаған мемлекет пен сұрау салынатын мемлекет арасында күшіне енгеннен кейін, сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органы тану және орындау туралы тікелей сұрау cалуды алған әрбір жағдайда қолданылады.
      2. Егер осы Конвенцияға сәйкес тану және орындау үшін шарттар осы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгенге дейін шешім қабылданған мемлекетте шығарылған, осы Конвенцияның шешім қабылданған кезде күшінде болған ережелеріне сәйкес танылуы және орындалуы мүмкін болатын шешімді тануға және орындауға кедергі келтіретін болса, осы Конвенцияның, оған қоса 48-бапта айтылған Алименттер туралы Гаага конвенцияларының қандай да бірінің қатысушысы болып та табылатын Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы шешімдерді тануға және орындауға қатысты сол Конвенцияның ережелері қолданылады.
      3. Cұрау салынатын мемлекет осы Конвенцияға сәйкес, 21 жасқа толмаған адамға қатысты ата-ана - бала қатынастарының жолы бойынша туындайтын алименттік міндеттемелерді қоспағанда, шешім қабылдаған мемлекет пен сұрау салынатын мемлекет арасында осы Конвенция күшіне енгенге дейінгі төленуге жататын төлемдерге қатысты алименттер туралы шешімді не уағдаластықты орындауға міндетті емес.

57-бап
Заңдарға, рәсімдерге және көрсетілетін қызметтерге қатысты
ақпарат туралы ереже

      1. Уағдаласушы мемлекет ратификациялау немесе қосылу туралы құжаттарды депозиттау кезінде немесе осы Конвенцияның 61-бабына сәйкес мәлімдеме беру кезінде Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына:
      а) алименттік міндеттемелерге қатысты өз заңдары мен рәсімдерінің сипаттамасын;
      b) 6-бапқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін өзі қабылдайтын шаралардың сипаттамасын;
      c) өзінің 14-бап талап ететіндей, өтініш берушілерді рәсімдерге тиімді қол жеткізумен қалайша қамтамасыз ететінің сипаттамасын;
      d) орындау жөніндегі кез келген шектеулерді, атап айтқанда, борышкерді қорғау жөніндегі нормаларды және қуынудың ескіру мерзімін қоса алғанда, орындау жөніндегі өз нормалары мен рәсімдерінің сипаттамасын;
      e) 25 (1) b) және (3)-бапта айтылған өзге де арнайы ақпаратты ұсынады.
      2. Уағдаласушы мемлекеттер 1-тармаққа сәйкес өздерінің міндеттемелерін орындау барысында Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясы ұсынған және жариялаған үлгі нысанды пайдалана алады.
      3. Уағдаласушы мемлекеттер ақпаратты уақтылы түрде жаңартып отыруға тиіс.

ІХ ТАРАУ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

58-бап
Қол қою, ратификациялау және қосылу

      1. Осы Конвенция Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына жиырма бірінші сессияны өткізу кезінде мүше болған және осы сессияға қатысқан басқа мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.
      2. Оны ратификациялауға, қабылдауға немесе мақұлдауға болады және ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Конвенцияның депозитарийі болып табылатын Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде депозитке қойылуға жатады.
      3. Кез келген өзге мемлекет немесе Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы Конвенция 60 (1)-бапқа сәйкес күшіне енгеннен кейін оған қосыла алады.
      4. Қосылу туралы құжат сақтау үшін депозитарийге тапсырылады.
      5. Мұндай қосылу қосылған мемлекет пен 65-бапта көрсетілген хабарлама жіберілген күннен бастап 12 ай ішінде оның қосылуына қарсылық білдірмеген Уағдаласушы мемлекеттер арасындағы қатынастарда ғана қолданылады. Сонымен қатар, мемлекеттер осындай қарсылықты олар Конвенцияны ратификациялаған, қабылдаған немесе Конвенцияға қосылғаннан кейін оны мақұлдаған кезде мәлімдеуі мүмкін. Депозитарий осындай кез келген қарсылық туралы хабардар етілуге тиіс.

59-бап
Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары

      1. Тұтас егемен мемлекеттерден тұратын және осы Конвенциямен реттелетін кейбір немесе барлық мәселелер бойынша құзыретке ие Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы да осы Конвенцияға қол қоюы, оны қабылдауы, мақұлдауы немесе оған қосылуы мүмкін. Көрсетілген жағдайда, Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы осы Конвенция реттейтін мәселелер бойынша құзыреті бар шекте Уағдаласушы мемлекеттің құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
      2. Өңірлік экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы қол қою, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде осы Конвенциямен реттелетін, олар бойынша қатысушы мемлекеттер өздерінің құзыретін Ұйымға берген мәселелер туралы депозитарийге жазбаша хабарлайды. Ұйым осы тармаққа сәйкес жасалған ең соңғы хабарламада көрсетілген өзінің құзыретіндегі кез келген өзгерістер туралы депозитарийге уақтылы түрде жазбаша хабарлайды.
      3. Өңірлік экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы қол қою, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде 63-бапқа сәйкес осы Конвенциямен реттелетін барлық мәселелер бойынша құзыретті жүзеге асыратынын және Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына тиісті мәселе бойынша құзыретін берген оған мүше мемлекеттер Ұйымның қол қоюына, қабылдауына, мақұлдауына немесе қосылуына байланысты осы Конвенциямен байланыста болады.
      4. Осы Конвенцияның күшіне енуі мақсаттарында, Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы сақтауға тапсырған кез келген құжат Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы 3-тармаққа сәйкес мәлімдеме бергенге дейін есептелмейтін болады.
      5. Осы Конвенциядағы «Уағдаласушы мемлекетке» немесе «Мемлекетке» кез келген сілтеме оның тарапы болып табылатын Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына да бірдей қолданылады. Мәлімдемені 3-тармаққа сәйкес Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы берген жағдайда, осы Конвенциядағы «Уағдаласушы мемлекетке» немесе «Мемлекетке» кез келген сілтеме Ұйымға мүше әрбір мемлекетке бірдей қолданылады.

60-бап
Күшіне ену

      1. Конвенция 58-бапта айтылған ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы екінші құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін үш ай өткен соң басталатын айдың бірінші күні күшіне енеді.
      2. Конвенция тиісінше:
      а) оны ратификациялаған, қабылдаған немесе мақұлдаған әрбір мемлекет немесе 59 (1)-бапта көрсетілген Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы үшін ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін үш ай өткен соң келесі айдың бірінші күні;
      b) әрбір мемлекет немесе 58 (3)-бапта айтылған Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы үшін 58 (5)-бапқа сәйкес қарсылық мәлімдеуге болатын кезең аяқталған күні;
      c) 61-бапқа сәйкес Конвенция қолданылатын аумақтық құрылым үшін көрсетілген бапта айтылған хабарлау кезінен бастап үш ай өткен соң басталатын айдың бірінші күні күшіне енеді.

61-бап
Біріздендірілмеген құқықтық жүйелерге қатысты мәлімдеме

      1. Егер, мемлекетте осы Конвенциямен реттелетін мәселелерге әртүрлі құқық жүйелері қолданылатын екі немесе одан да көп аумақтық құрылымдар болса, ол қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде 63-бапқа сәйкес осы Конвенция өзінің барлық аумақтық құрылымдарына не олардың тек біреуіне немесе одан да көбіне қолданылатынын және осы мәлімдемені кез келген уақытта басқа мәлімдеме беру арқылы өзгерте алатынын мәлімдей алады.
      2. Кез келген осындай мәлімдеме туралы депозитарийге хабарланады және осы Конвенция қолданылатын аумақтық құрылымдар нақты көрсетілуге тиіс.
      3. Егер мемлекет осы бапқа сәйкес мәлімдеме жасамаса, онда осы Конвенция осындай мемлекеттің барлық аумақтық құрылымдарына қолданылатын болады.
      4. Осы Конвенция Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдарына қолданылмайды.

62-бап
Ескертулер

      1. Кез келген Уағдаласушы мемлекет қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінен кешіктірмей, не 61-баптың мағынасы бойынша мәлімдеме беру кезінде 2 (2), 20 (2), 30 (8), 44 (3) және 55 (3)-баптарда көзделген бір немесе одан да көп ескерту жасай алады. Қандай да бір өзге ескертулерге жол берілмейді.
      2. Кез келген мемлекет кез келген уақытта жасаған ескертуін кері қайтарып алуы мүмкін. Ескертудің кері қайтарып алыну фактісі туралы депозитарийдің назарына жеткізілуге тиіс.
      3. Ескерту 2-тармақта айтылған хабарлау кезінен бастап күнтізбелік үшінші айдың бірінші күні күшін жояды.
      4. 2 (2)-бапта көзделген ескертулерді қоспағанда, осы бапқа сәйкес ескертулердің кері күші болмайды.

63-бап
Мәлімдемелер

      1. 2 (3), 11 (1) g)16 (1), 24 (1), 30 (7), 44 (1) және (2), 59 (3) және 61 (1)-баптарда айтылған мәлімдемелер қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде, не одан кейін кез келген уақытта жасалуы мүмкін және кез келген уақытта өзгертілуі не кері қайтарып алынуы мүмкін.
      2. Мәлімдемелер, олардың өзгертілуі не кері қайтарып алынуы депозитарийге хабарланады.
      3. Қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде жасалған мәлімдеме осы Конвенцияның тиісті мемлекет үшін күшіне енуімен бір мезгілде күшіне енеді.
      4. Кейін берілген өтініш, сондай-ақ мәлімдеменің кез келген өзгертілуі мен кері қайтарып алынуы депозитарий хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткен соң басталатын айдың бірінші күні күшіне енеді.

64-бап
Денонсация

      1. Уағдаласушы мемлекет депозитарийге жазбаша хабарлама жіберу арқылы Конвенцияға денонсация жасай алады. Денонсация Конвенция қолданылатын біреуден артық аумақтық бірлігі бар мемлекетте нақты аумақтық құрылымдармен шектелуі мүмкін.
      2. Денонсация депозитарий хабарламаны алған күннен бастап 12 ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді. Хабарламада денонсацияның күшіне ену үшін неғұрлым ұзақ кезең көрсетілген жағдайда, денонсация хабарламаны депозитарий алған күннен кейінгі осы неғұрлым ұзақ кезең өткен соң күшіне енеді.

65-бап
Хабарлама

      Депозитарий 58 және 59-баптарға сәйкес қол қойған, ратификациялаған, қабылдаған, мақұлдаған немесе қосылған Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелеріне және басқа мемлекеттерге және Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына:
      а) 58 және 59-баптарда көрсетілген қол қоюлар, ратификациялаулар, қабылдаулар және мақұлдаулар туралы;
      b) қосылулар және 58 (3) және (5) және 59-баптарда көрсетілген қосылуларға қарсы ұсынылған қарсылықтар туралы;
      c) Конвенция 60-бапқа сәйкес күшіне енетін күн туралы;
      d) 2 (3), 11 (1) g)16 (1), 24 (1), 30 (7), 44 (1) және (2), 59 (3) және 61 (1)-баптарда көрсетілген мәлімдемелер туралы;
      e) 51 (2)-бапта көрсетілген келісімдер туралы;
      f) 2 (2), 20 (2), 30 (8), 44 (3), 55 (3)-баптарда көрсетілген ескертулер мен 62 (2)-бапта көзделген кері қайтарып алулар туралы;
      g) 64-бапта көрсетілген денонсациялар туралы хабарлайды.

      Осыны куәландыру үшін осыған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

      2007 жылғы 23 қарашада Гаагада ағылшын және француз тілдерінде бір данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей, ол Нидерланд Үкіметінің мұрағаттарында сақталатын болады және оның расталған бір көшірмесі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жиырма бірінші сессиясында өкілдік еткен мүшелердің әрқайсысына және осы сессияға қатысқан барлық басқа мемлекеттерге дипломатиялық арналар бойынша жіберілетін болады.

1-ҚОСЫМША
12 (2)-бапқа сәйкес беру нысаны ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

      Осы Конвенцияға сәйкес жиналған және берілген жеке бас деректері, тек олар жиналған және берілген мақсаттарда ғана пайдаланылуға тиіс. Кез келген орган осындай деректерді өңдеу кезінде өз мемлекетінің заңнамасы бойынша оның құпиялылығын қамтамасыз етуге тиіс.
      Орган осы Конвенцияға сәйкес жиналған немесе берілген ақпаратты, егер бұл тұлғаның денсаулығына, қауіпсіздігіне немесе бостандығына зиян келтіретінін анықтаса, 40-бапқа сәйкес жарияламауға және растамауға тиіс.
       Орталық орган жарияламау туралы шешімді 40-бапқа сәйкес қабылдайды.

1. Сұрау салушы Орталық орган
а. Мекенжай
b. Телефон
с. Факс
d. е-mail
е. Қайталау нөмірі

1. Сұрау салушы органдағы байланысатын тұлға
а. Мекенжай (егер өзгеше болса)
b. Телефон (егер өзгеше болса)
с. Факс (егер өзгеше болса)
d. е-mail (егер өзгеше болса)
е. Тілі (тілдері)

      3. Сұрау салынатын Орталық орган
                      _______________________________________________
      Мекенжай        _______________________________________________
                      _______________________________________________
      4. Өтініш берушінің дербес деректері
      а. Тегі (тектері): ____________________________________________
      b. Аты (аттары): ______________________________________________
      с. Туған күні:   ______________________ (кк / аа / жжжж) немесе
      а. Мемлекеттік органның атауы: ________________________________
                              _______________________________________
      5. Өзі (Өздері) үшін Алименттер сұратылатын немесе берешек бар адамның (адамдардың) дербес деректері
      a. 4-тармақта көрсетілген өтініш берушідей адам
      b. і. Тегі (тектері): _________________________________________
      Аты (аттары): _________________________________________________
      Туған күні: ___________________________________(кк / аа / жжжж)
      іі. Тегі (тектері): ___________________________________________
      Аты (аттары): _________________________________________________
      Туған күні: __________________________________ (кк / аа / жжжж)
      ііі. Тегі (тектері): __________________________________________
      Аты (аттары): _________________________________________________
      Туған күні: __________________________________ (кк / аа / жжжж)
      6. Борышкердің дербес деректері1
      а. 4-тармақта көрсетілген өтініш иесіндей адам
      b. Тегі (тектері): ____________________________________________
      с. Аты (аттары): ______________________________________________
      d. Туған күні: _______________________________ (кк / аа / жжжж)
      7. Осы нысан:
       10 (1) a) -бапқа
       10 (1) b) -бапқа
       10 (1) c) -бапқа
       10 (1) d) -бапқа
       10 (1) e) -бапқа
       10 (1) f) -бапқа
       10 (2) a) -бапқа
       10 (2) b) -бапқа
       10 (2) c) -бапқа сәйкес берілуге жатады және қосымшалармен қоса беріледі.
      8. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      а. Қосымшаның мақсатында 10 (1) a)-бапқа сәйкес, сондай-ақ:
      25-бапқа сәйкес:
       Шешімнің толық мәтіні (25 (1) а)-бап).
       Шешім шығарған мемлекеттің құзыретті органы қабылдаған шешімнің қысқа мазмұны немесе шешімнен үзінді көшірме (25 (3) b)-бап) (егер ол қолдануға келетін болса).
       Шешімнің шығарылған мемлекетте орындалуға жататыны туралы құжат және, шешімді әкімшілік орган қабылдаған жағдайда, егер осы Мемлекет 57-бапқа сәйкес оның әкімшілік органдарының шешімдері әрдайым осы талаптарға (25 (1) b)-бап) сай екенін нақтылап бермеген болса, немесе 25 (3) с)-бап қолданылатын жерде 19 (3)-бапта жазылған талаптар орындалатыны туралы құжат.
       Жауапкер талқылау туралы тиісті түрде хабардар етілген және оның тыңдалуға мүмкіндігі болған немесе қабылданған шешім туралы тиісті түрде хабардар етілген және оны мәні бойынша және құқық бойынша даулауға немесе оған наразылық білдіруге (25 (1) с)-бап) мүмкіндігі болған жағдайдан бөлек, егер жауапкер шешім шығарылған мемлекетте талқылауға келмесе, және онда оның атынан өкілдік етілмесе, оны растайтын құжат немесе құжаттар.
       Қажет болса, берешек сомасы және есеп айырысу жасалған кез келген күн көрсетілген құжат (25 (1) d)-бап).
       Қажет болған жағдайда, автоматы түрде индекстеуді көздейтін шешім шеңберінде тиісті есептеулерді жасау үшін қажет ақпаратты қамтитын құжат (25 (1) е)-бап).
       Қажет болған кезде, өтініш иесі шешім шығарылған мемлекетте алған тегін заң көмегінің дәрежесін растайтын құжаттар (25 (1) f)-бап)
      30 (3)-бапқа сәйкес:
       Конвенцияның тағамға қатысты толық мәтіні (30 (3) а)-бап)
       Техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісім оны шығарған мемлекеттің шешімі ретінде орындауға жататынын растайтын құжат (30 (3) c)-бап).
       Өтінімге қоса берілетін кез келген басқа құжаттар (мысалы, қажет болған кезде, 36 (4)-баптың мақсаттары үшін құжаттар):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      b. 10 (1) b), c), d), e), f) және (2) a), b) немесе c)-бапқа сәйкес өтініштің мақсаттары үшін 11 (3)-бапқа сәйкес (нысанды және қосымшаның өзін жіберуді ескермегенде) құжаттар саны:
       10 (1) b) -бап _____
       10 (1) c) -бап _____
       10 (1) d) -бап _____
       10 (1) е) -бап _____
       10 (1) f) -бап _____
       10 (2) a) -бап _____
       10 (2) b) -бап _____
       10 (2) с) -бап _____
      Атауы: _________________(Баспа қаріптермен) Күні: _____________
      Орталық органның лауазымды адамының тегі       (кк / аа / жжжж)
________________
      1Конвенцияның 3-бабына сәйкес "борышкер" күтіп-бағу төлемін төлеуі тиіс немесе төлеуге тиіс деп болжанатын жеке тұлғаны білдіреді.

2-ҚОСЫМША
12 (3)-бапқа сәйкес алу туралы хабарлама

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ

      Осы Конвенцияға сәйкес жиналған және берілген дербес жеке бас деректері, тек олар жиналған және берілген мақсаттарда ғана пайдаланылуға тиіс. Кез келген орган осындай деректерді өңдеу кезінде өз мемлекетінің заңнамасы бойынша оның құпиялылығын қамтамасыз етуге тиіс.
      Орган осы Конвенцияға сәйкес жиналған немесе берілген ақпаратты, егер бұл тұлғаның денсаулығына, қауіпсіздігіне немесе бостандығына зиян келтіретінін анықтаса, 40-бапқа сәйкес жарияламауға және растамауға тиіс.
       Орталық орган жарияламау туралы шешімді 40-бапқа сәйкес қабылдайды.

1. Сұрау салынатың Орталық орган
а. Мекенжай
b. Телефон
с. Факс
d. е-mail
е. Қайталау нөмірі

1. Сұрау салынатын мемлекеттегі байланысатын тұлға
а. Мекенжай (егер өзгеше болса)
b. Телефон (егер өзгеше болса)
с. Факс (егер өзгеше болса)
d. е-mail (егер өзгеше болса)
е. Тілі (тілдері)

      3. Сұрау салушы
      Орталық орган _________________________________________________
      Байланыс жасайтын тұлға
      _______________________________________________________________
      Мекенжай ______________________________________________________
      4. Сұрау салынатын Орталық орган __________________ (кк / аа / жжжж), сұрау салушы Орталық органның
       10 (1) a) -бапқа
       10 (1) b) -бапқа
       10 (1) c) -бапқа
       10 (1) d) -бапқа
       10 (1) e) -бапқа
       10 (1) f) -бапқа
       10 (2) a) -бапқа
       10 (2) b) -бапқа
       10 (2) c) -бапқа – баптарда көзделген өтінішке қатысты (номір.........: күн (кк/ аа/ жжжж)) формуларын беру туралы сұратылған (кк/аа/жжжж) күнгі бланкіні формулярды алғанын растайды
      Өтініш берушінің тегі: ________________________________________
      Өзі (өздері) үшін Алименттер сұралатын немесе төленуге жататын адамның (адамдардың) аты (аттары): __________________________________
      Борышкердің аты: ______________________________________________
      5. Сұрау салынатын Орталық орган қабылдайтын алғашқы қадамдар:
       Файл толық болып табылады және есептеледі
       Алдын ала жағдай туралы қоса берілетін есепті қараңыз
       Жұмыс барысы туралы баяндама кейін жіберіледі
       Мынадай ақпаратты және/немесе құжаттарды ұсынуды өтінеміз:
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________
       Сұрау салынатын Орталық орган сұрау салуды өңдеуден бас тартады, өйткені Конвенцияның талаптары (12 (8)) орындалмағаны айқын. Себептері:
       қосымшада көрсетілген, келесі құжатта көрсетілетін болады
       cұрау салынатын Орталық орган сұрау салушы
      Орталық органнан сұрату мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабарлауды сұрайды.

      Атауы: ________________(баспа қаріптермен) Күні: ______________
      Орталық органның лауазымды адамының тегі       (кк / аа / жжжж)

Заверенная копия оригинала

Директор Договоров
Министерства Иностранных Дел
Королевства Нидерландов

Түпнұсқаның расталған көшірмесі

Нидерланд Корольдігі
Сыртқы Істер Министрлігінің
Келісім Шарртар Директоры

      2007 жылғы 23 қарашада Гаагада жасалған Балаларға алименттерді және отбасын күтіп бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияның қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалары Конвенция мазмұнына сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігінің
      Халықаралық құқық және
      ынтымақтастық департаментінің
      директоры                             А. Ахметова

АЛИМЕНТТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ХАТТАМА

КІРІСПЕ

      Осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттер,
      Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқыққа қатысты жалпы шарттарды белгілеуге ниет білдіре отырып,
      1956 жылғы 24 қазандағы Балаларға қатысты алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясын және 1973 жылғы 2 қазандағы алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясын жетілдіруге ниет білдіре отырып,
      2007 жылғы 23 қарашадағы балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы Гаага конвенциясын толықтыруы мүмкін қолданылатын құқық туралы жалпы қағидаларды құруға ниет білдіре отырып,
      Осы мақсатта Хаттама жасасуды қажет деп шешті және мынадай ережелер туралы уағдаласты –

1-бап
Қолданылу аясы

      1. Осы Хаттама ата-ананың некелік жағдайына қарамастан, балаға қатысты алименттік міндеттемені қоса алғанда, отбасылық қатынастардан, шығу тегінен, некеден немесе туыстықтан туындайтын алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқықты айқындайды.
      2. Осы Хаттаманы қолдану кезінде шығарылған шешімдер 1-тармақта аталған қатынастардың кез келгенінің болуына нұқсан келтірмеуге тиіс.

2-бап
Әмбебап қолдану

      Осы Хаттама, егер қолданылатын құқық оған қатыспайтын мемлекеттің құқығы болып табылса да, қолданылады.

3-бап
Қолданылатын құқық туралы жалпы қағидалар

      1. Алименттік міндеттемелер, осы Хаттамада өзгеше көзделген жағдайды қоспағанда, кредитордың әдеттегі тұрғылықты жері мемлекетінің құқығымен реттеледі.
      2. Кредитордың әдеттегі тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, жаңа тұрғылықты жер мемлекетінің заңы тұрғылықты жері өзгерген кезден бастап қолданылады.

4-бап
Белгілі бір кредиторлардың пайдасына арналған арнайы қағидалар

      1. Алименттік міндеттемелер болған жағдайда мынадай ережелер –
      a) балаларына қатысты ата-аналарға;
      b) 5-бапта аталған қатынастардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, ата-аналардан басқа адамдарға, 21 жасқа толмаған адамдарға қатысты; және
      c) ата-аналарына қатысты балаларға қолданылады.
      2. Егер кредитордың 3-бапта аталған құқыққа байланысты борышкерден алимент ала алатындай жағдайы болса, онда соттың заңы қолданылуға жатады.
      3. 3-бапқа қарамастан, егер кредитор борышкердің әдеттегі тұрғылықты жері бар мемлекет билігінің құзыретінде болса, онда соттың құқығы қолданылады. Алайда, егер кредитор заңға байланысты борышкерден алимент ала алмаса, онда кредитордың әдеттегі тұрғылықты жері мемлекетінің құқығы қолданылуға жатады.
      4. Егер кредитор 3-бапта және осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған заңдарға байланысты борышкерден алимент ала алмаса, онда олардың ортақ азаматтығы мемлекетінің, егер ондай бар болса, құқығы қолданылуға жатады.

5-бап
Ерлі-зайыптыларға және бұрынғы ерлі-зайыптыларға қатысты
арнайы қағида

      Ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар немесе некесін жойылған күні тараптар арасында алименттік міндеттемелер болған жағдайда, егер тараптардың бірі қарсылық білдірсе және басқа мемлекеттің құқығы, атап айтқанда олардың соңғы ортақ тұрғылықты жері мемлекетінің құқығы некемен неғұрлым тығыз байланысты болса, 3-бап қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы басқа мемлекеттің құқығы қолданылуға жатады.

6-бап
Қорғау туралы арнайы құқық

      Борышкер ата-ана-бала қатынасынан туындайтын және 5-бапта аталған өзге де алименттік міндеттемелер болған жағдайда, борышкердің тұрғылықты жері мемлекетінің құқығы бойынша да, егер ондай бар болса және сол сияқты тараптардың ортақ азаматтығы мемлекетінің құқығы бойынша да мұндай міндеттемесінің болмауының негізінде кредитордың талабын даулай алады.

7-бап
Айрықша іс жүргізу мақсаттары үшін қолданылатын
құқықтың айқындамасы

      1. 36-баптардың ережелеріне қарамастан, алименттік міндеттемелердің кредиторы және борышкер тек қана осы мемлекетте айрықша іс жүргізу мақсатында осы мемлекеттің құқығын алименттік міндеттемеге қолданылатын құқық ретінде анық айқындай алады.
      2. Осындай іс жүргізу басталғанға дейін жасалған құқық нұсқауы екі тарап та жазбаша нысанда қол қойған немесе тіркеп жазылған ақпараты кейінгі сілтемеде қолдану үшін қолжетімді болатын кез келген жеткізгіште жазып қойылған келісімде болуға тиіс.

8-бап
Қолданылатын құқықтың айқындамасы

      1. 36-баптардың ережелеріне қарамастан, алименттік міндеттемелерде кредитор және борышкер кез келген уақытта алименттік міндеттемелерге қолдануға болатын мынадай құқықтық тәртіптердің бірін айқындауы мүмкін:
      а) айқындау кезінде кез келген тарап азаматы болып табылатын кез келген мемлекеттің құқығы;
      b) айқындау кезінде кез келген тараптың тұрғылықты жері мемлекетінің құқығы;
      с) тараптар меншігінің режиміне қолданылатын немесе іс жүзінде қолданылған, осы тараптар айқындайтын құқық;
      d) тараптардың ажырасуына немесе заңдық тұрғыдан ажырауына қолданылатын немесе іс жүзінде қолданылған, осы тараптар айқындайтын құқық.
      2. Мұндай келісім жазбаша нысанда немесе онда қамтылған ақпарат кейінгі сілтемеге пайдалану үшін қолжетімді болатындай кез келген жеткізгіште жазып қойылуға және оған екі тарап та қол қоюға тиіс.
      3. 1-тармақ 18 жасқа толмаған адамға немесе өзінің жеке қабілетінің нашарлауы немесе кемістігі салдарынан өз мүддесін қорғау мүмкіндігі жоқ кәмелетке толмаған адамға қатысты алименттік міндеттемелерге қолданылмайды.
      4. 1-тармаққа сәйкес тараптар айқындаған құқыққа қарамастан, кредитор оның алименттерге құқығынан бас тарта алуы-алмауы деген мәселені айқындау кезінде кредитордың әдеттегі тұрғылықты жері мемлекетінің құқығы бойынша айқындалады.
      5. Егер таңдау кезінде тараптар өз таңдауының салдары туралы толық хабардар етілсе және хабардар болса, тараптар айқындаған құқық, егер оның қолданылуы тараптардың кез келгені үшін анық әділетсіз немесе негізделмеген салдарға әкеп соғатындай болса, қолданылмайды.

9-бап
«Азаматтықтың» орнына «тұрақты тұрғылықты жер»

      Отбасылық істерде біріктіруші фактор ретінде «тұрақты тұрғылықты жер» ұғымы қолданылатын мемлекет Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына олардың органдарының алдында туындайтын істер үшін 4 және 6-баптардағы «азаматтық» деген сөз сол мемлекетте айқындалғандай «тұрақты тұрғылықты жер» деген сөздермен ауыстырылғанын хабарлауы мүмкін.

10-бап
Мемлекеттік органдар

      Мемлекеттік органның алименттерді төлеу орнында кредиторға көзделген күтіп-бағу өтемақысын талап ету құқығы осы орган бағынатын құқықпен реттеледі.

11-бап
Қолданылатын құқықтың әрекет ету саласы

      Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық -
      a) кредитор алиментті қандай мөлшерде және кімнен талап ете алатынын;
      b) кредитор талап ете алатын берешек төлемінің мөлшерін;
      c) алименттердің және индекстеудің мөлшерін есептеу үшін негіздемені;
      d) процестік қабілеттілік және процесте өкілдік ету мәселелерін қоспағанда, алименттік міндеттемелер туралы процесті қозғауға кімнің құқығы бар екенін;
      e) мерзімдер немесе қуыным мерзімінің өтуін;
      f) егер мемлекеттік орган кредиторға алименті төлеу орнында көзделген өтемақыны талап етсе, борышкердің алименттік міндеттемелерінің мөлшерін inter alia айқындайды.

12-бап
Кері жөнелтуді алып тастау

      Хаттамада «құқық» термині мемлекетте, оның басқа коллизиялық нормаларда көзделгеннен өзге де құқықты білдіреді.

13-бап
Жариялы тәртіп

      Хаттамаға сәйкес айқындалған құқықтың қолдануда, егер оның қолданылу салдары соттың жария тәртібіне анық қарама-қайшы болған жағдайда ғана одан бас тартылуы мүмкін.

14-бап
Алименттердің мөлшерін айқындау

      Егер қолданылатын құқық өзгені көздесе де, кредитордың қажеттіліктері және борышкердің қаражаты кредиторға мерзімдік алименттік төлем орнына берілген кез келген өтемақы сияқты алименттердің мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.

15-бап
Хаттаманы ішкі жанжалға қолданбау

      1. Құқықтың әртүрлі жүйелері немесе құқықтық нормалардың жинағы алименттік міндеттемелерге қолданылатын уағдаласушы мемлекет Хаттама қағидаларын осындай әртүрлі жүйелер немесе құқықтық нормалардың жинағы арасындағы жанжалға қолдануға міндетті емес.
      2. Осы бап экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдарына қолданылмайды.

16-бап
Біріздендірілмеген аумақтық-құқықтық жүйелер

      1. Осы Хаттамада қозғалған кез келген мәселеге қатысты екі немесе одан да көп құқықтық жүйелер немесе құқықтық нормалар жинағы түрлі аумақтық бірліктерде қолданылатын мемлекетке қатысты, -
      a) мемлекет құқығына кез келген нұсқау оны қолдануға болатын, оған сілтеме жасау кезінде тиісті аумақтық бірлікте қолданылатын құқық деп есептеледі;
      b) осындай мемлекеттің құзыретті немесе мемлекеттік органдарға кез келген нұсқау оны қолдануға болатын тиісті аумақтық бірлікте әрекет етуге уәкілеттілерге нұсқау ретінде қаралады;
      c) осы мемлекеттегі кәдімгі тұрғылықты жерге кез келген сілтеме оны қолдануға болатын тиісті аумақтық бірліктегі кәдімгі тұрғылықты жерге нұсқау ретінде қаралады;
      d) екі адамның да ортақ азаматтығы бар мемлекетке кез келген сілтеме осы мемлекеттің заңына сәйкес айқындалатын аумақтық бірлікке немесе тиісті нормалар болмағанда алименттік міндеттеме анағұрлым тығыз байланысты аумақтық бірлікке қатысты деп есептеледі;
      e) адам азаматы болып табылатын мемлекетке кез келген сілтеме осы мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын аумақтық бірлікке немесе тиісті нормалар болмағанда адам анағұрлым тығыз байланысты аумақтық бірлікке қатысты болатындай қарастырылады.
      2. Хаттамаға сәйкес қолданылатын құқықты белгілеу үшін әрқайсысы осы Хаттамада қамтылған істерге қатысты өзінің жеке құқықтық жүйесі немесе құқықтық нормаларының жинағы бар екі немесе одан да көп аумақтық бірлігі бар, мемлекетке қатысты мынадай нормалар қолданылады:
      a) егер осындай мемлекетте қандай аумақтық бірліктің құқығы қолданылатынын көрсететін қолданыстағы нормалар бар болса, онда осы бірліктің құқығы қолданылады;
      b) мұндай нормалар болмағанда, 1-тармақта айқындалғандай тиісті аумақтық бірліктің құқығы қолданылады.
      3. Осы бап Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына қолданылмауға тиіс.

17-бап
Біріздендірілмеген құқықтық жүйелер – жеке адамдар
арасындағы жанжалдар

      Хаттамаға сәйкес қолданылатын құқықты белгілеу үшін осы Хаттамада қамтылатын істер бойынша адамдардың түрлі санаттарына қолданылатын екі немесе одан да көп құқықтық жүйелері немесе құқықтық нормаларының жинағы бар мемлекетке қатысты осындай мемлекеттің құқығына кез келген нұсқау сол мемлекетте қолданыстағы нормалармен айқындалған құқықтық жүйеге нұсқау ретінде қаралады.

18-бап
Алименттік міндеттемелер бойынша алдыңғы Гаага
конвенцияларымен келісу

      Осы Хаттама Уағдаласушы мемлекеттер арасында 1973 жылғы 2 қазандағы Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясын және 1956 жылғы 24 қазандағы Балаларға қатысты алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясын алмастырады.

19-бап
Басқа құжаттармен келісу

      1. Егер осындай құжаттың тараптар мемлекеттері өзге мәлімдеме жасамаса, осы Хаттама Уағдаласушы мемлекеттер қатысатын немесе тараптары болуға ниеттенетін және Хаттамамен реттелетін істер бойынша ережелер қамтылған басқа ешқандай халықаралық құжатты қозғамайды.
      2. 1-тармақ мүдделі мемлекеттер арасындағы өңірлік немесе басқа да сипаттағы арнайы байланыстарына негізделген үлгілік заңдарға да қолданылады.

20-бап
Біркелкі түсіндіру

      Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде оның халықаралық сипаты және оның қолданылуының біркелкілігіне жәрдемдесу қажеттілігі ескерілуге тиіс.

21-бап
Хаттаманың практикалық қолданысын шолу

      1. Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының Бас хатшысы қажеттілігіне қарай Хаттаманың практикалық қолданылуы қарайтын үшін Арнайы комиссия шақырады.
      2. Осындай шолу үшін Уағдаласушы мемлекеттер Хаттаманы қолдану бойынша сот практикасын жинау үшін Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросымен ынтымақтасады.

22-бап
Өтпелі ережелер

      Осы Хаттама Уағдаласушы мемлекетте талап етілетін, осы мемлекетте ол күшіне енгенге дейінгі кезеңге қатысты алименттерге қолданылмайды.

23-бап
Қол қою, ратификациялау және қосылу

      1. Осы Хаттама барлық мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.
      2. Осы Хаттама оған қол қойған мемлекеттердің ратификациялауына, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады.
      3. Осы Хаттама барлық мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
      4. Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Хаттаманың депозитарийі болып табылатын Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне сақтауға тапсырылуға тиіс.

24-бап
Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдары

      1. Тек қана тәуелсіз мемлекеттер құрған және Хаттамамен реттелетін кейбір немесе барлық істер бойынша құзыретті Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы Хаттамаға бірдей тұрғыдан қол қоя алады, қабылдай алады, мақұлдай алады немесе оған қосыла алады. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы бұл жағдайда Хаттамамен реттелетін істер бойынша Ұйым құзыретті болатындай дәрежеде Уағдаласушы мемлекеттің құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
      2. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы қол қою, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде депозитарийді Хаттамамен реттелетін, мүше мемлекеттері осы Ұйымға құзыретін берген істер бойынша жазбаша хабардар етуге тиіс. Ұйым осы тармаққа сәйкес берілген жаңа хабарламада айқындалғандай өзінің құзыретіндегі кез келген өзгерістер туралы депозитарийді жазбаша түрде мүмкіндігінше тез арада хабардар етуге тиіс.
      3. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы қол қою, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде 28-бапқа өзінің Хаттамамен реттелетін барлық істерге қатысты құзыретті екенін және қаралатын мәселеге қатысты Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына құзыретін берген мүше мемлекеттер Ұйымның қол қоюына, қабылдауына, мақұлдауына немесе қосылуына орай Хаттамаға сәйкес байланысты болуға тиіс.
      4. Хаттаманың күшіне енуі мақсатында Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы сақтауға берген кез келген құжат Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы 3-тармаққа сәйкес мәлімдеме жасағанға дейін ескерілмеуге тиіс.
      5. Хаттамадағы «Уағдаласушы мемлекетке» немесе «мемлекетке» жасалған кез келген сілтеме, ол қай жерде мүмкін болса Тарап болып табылатын Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына тең дәрежеде қолданылады. Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы 3-параграфқа сәйкес мәлімдеме жасаған кезде, Хаттамадағы «Уағдаласушы мемлекетке» немесе «мемлекетке» жасалған кез келген сілтеме ол мүмкін болатын Ұйымның мүше мемлекеттеріне бірдей дәрежеде қолданылады.

25-бап
Күшіне ену

      1. Хаттама 23-бапта аталған ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы екінші құжат сақтауға тапсырылғаннан кейін үш ай өткен соң айдың бірінші күні күшіне енеді.
      2. Осыдан кейін Хаттама –
      а) 24-бапта айтылған, Хаттаманы кейіннен ратификациялайтын, қабылдаған немесе мақұлдаған немесе оған қосылған әр мемлекет немесе әр Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымы үшін өздерінің ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттары сақтауға тапсырылғаннан кейін үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні;
      b) 26-бапқа сәйкес Хаттама қолданылған аумақтық бірлік үшін – осы бапта көрсетілген мәлімдеме туралы хабарланғаннан кейін үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.

26-бап
Біріздендірілмеген құқықтық жүйелерге қатысты мәлімдемелер

      1. Егер мемлекетте осы Хаттамамен реттелетін мәселелерге қатысты екі немесе одан да көп қолданылатын әртүрлі құқықтық жүйелері бар аумақтық бірліктер болса, онда 28-бапқа сәйкес қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде оның барлық аумақтық бірліктеріне немесе олардың тек біреуіне немесе одан көбіне Хаттаманың қолданылатынын және кез келген уақытта басқа мәлімдеме ұсыну арқылы осы мәлімдеменің өзгеруі мүмкін екенін жариялауға болады.
      2. Кез келген осындай мәлімдеме депозитарийдің назары жеткізілуге тиіс және Хаттама қолданылатын аумақтық бірліктер туралы тікелей ескертілуге тиіс.
      3. Егер мемлекет осы бапқа сәйкес ешқандай мәлімдеме жасамаса, онда Хаттама осы мемлекеттің барлық аумақтық бірліктеріне қолданылады.
      4. Осы бап Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымына қолданылмайды.

27-бап
Ескертулер

      Осы Хаттамаға ескертулер жасалынбайды.

28-бап
Мәлімдемелер

      1. 24 (3) және 26 (1)-баптарда көрсетілген мәлімдемелер қол қою, ратификациялау, қабылдау, қосылу кезінде немесе кейін кез келген уақытта жасалынуы мүмкін және кез келген уақытта өзгертілуі немесе жойылуы мүмкін.
      2. Депозитарий өтініштер, өзгерістер және пікірлер туралы хабардар етуге тиіс.
      3. Қол қою, ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде жасалынған мәлімдеме мүдделі мемлекет үшін осы Хаттама тиісті мемлекет үшін күшіне енгенмен бір мезгілде күшіне енеді.
      4. Кейіннен жасалған мәлімдеме және кез келген өзгеріс және мәлімдеме туралы пікір депозитарий хабарламаны алған күннен кейін 3 ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді.

29-бап
Денонсация

      1. Осы Хаттаманың Уағдаласушы мемлекеті депозитарийге жазбаша түрде хабарлау арқылы оны денонсациялай алады. Денонсацияны Хаттама қолданылатын көптеген құқықтық жүйелері бар мемлекеттің белгіленген аумақтық бірліктері шектей алады.
      2. Денонсациялау депозитарий хабарлама алған күннен бастап 12 ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні күшіне енеді. Хабарламада денонсациялау үшін ұзағырақ кезең көрсетілген жағдайда, денонсациялау депозитарий хабарламаны алған күннен кейінгі осындай ұзағырақ кезең өткен соң күшіне енуге тиіс.

30-бап
Хабарлама

      Депозитарий 23 және 24-баптарға сәйкес қол қойған, ратификациялаған, қабылдаған, мақұлдаған немесе қосылған Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының мүшелерін және Экономикалық интеграцияның өңірлік ұйымдарын мынадай:
      a) 23 және 24-баптарда аталған қол қою және ратификациялау, қабылдау, мақұлдау және қосылу;
      b) 25-бапқа сәйкес осы Хаттаманың күшіне ену күні туралы;
      с) 24 (3) және 26 (1)-баптарында аталған мәлімдемелер;
      d) 29-бапта аталған күшін жою туралы хабардар етеді.
      Осыны куәландыруға осыған тиісті түрде уәкілеттік берілгендер төмендегі қол қоюшылар, осы Хаттамаға қол қойды.

      2007 жылы 23 қарашада, Гаагада ағылшын және француз тілдерінде Нидерланд Корольдігі Үкіметінің мұрағатында сақталатын жалғыз данада жасалды әрі екі мәтін де тең түпнұсқалы болып табылады және оның расталған көшірмесі Жиырма бірінші сессияда табыс етілген Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының әрбір мүшесіне және сессияға қатысқан барлық басқа да мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.

Заверенная копия оригинала

Директор Договоров
Министерства Иностранных Дел
Королевства Нидерландов

Түпнұсқаның расталған көшірмесі

Нидерланд Корольдігі
Сыртқы Істер Министрлігінің
Келісім Шарртар Директоры

      2007 жылғы 23 қарашада Гаагада жасалған Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттама қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалары Хаттаманың мазмұнына сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігінің
      Халықаралық құқық және
      ынтымақтастық департаментінің
      директоры                             А. Ахметова

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Конвенция және Хаттаманың ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.