Қазақстан Республикасының Шет елде алиментті өндіріп алу туралы конвенцияға қосылу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 33-ІІ

      Қазақстан Республикасы 1956 жылғы 20 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде қабылданған Шет елде алиментті өндіріп алу туралы конвенцияға қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Шет елде алиментті өндіріп алу туралы
Конвенция
(1956 жылы 20 маусымда БҰҰ шеңберiнде қабылданды       (2000 жылғы 27 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

Кіріспе

      Шет елде тұратын адамдардан алимент алуда мұқтаждық танытып, күн көрiсi соған байланысты болып отырған адамдардың жағдайынан туындайтын күн гуманитарлық проблеманы шұғыл шешу қажеттiгiн назарға ала отырып,
      алименттiк талаптар жөнiндегi сот iсiн жүргiзу немесе шет елде өндiрiп алу елеулi құқықтық және iс жүзiндегi қиыншылықтарға байланысты екенiн назарға ала отырып,
      осындай проблемаларды шешудiң және осындай қиындықтарды еңсерудiң құралдарын қамтамасыз етуге тiлек білдiре отырып,
      Уағдаласушы Тараптар төмендегілер туралы келiстi:

1-бап Конвенцияның мақсаты

      1. Осы Конвенция қандай да бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрып жатқан, төменде талапкер деп аталатын кез келген адамның, ол сендiрiп отырғандай, қандай да бiр басқа Уағдаласушы Тараптың құқықтық құзыретiне жататын, төменде жауапкер деп аталатын басқа адамнан алуға құқығы бар алименттi өндiрiп алуын жеңiлдету мақсатын көздейдi. Бұл мақсатты төменде табыс етушi және аралық инстанциялар деп аталатын органдар жүзеге асырады.
      2. Осы Конвенцияда көзделетiн құқық қорғау құралдары iшкi немесе халықаралық құқық бойынша құқық қорғаудың қазiргi барлық басқа құралдарын толықтырады, бiрақ алмастырмайды.

2-бап Тиісті инвестицияларды тағайындау

      1. Қосылу туралы бекiту грамотасын депозитке салу кезiнде әрбiр Уағдаласушы Тарап бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк немесе сот мекемелерiне өз аумағында табыс етушi инстанцияның функцияларын орындауды тапсырады.
      2. Бекiту грамотасын немесе қосылу туралы грамотаны депозитке салу кезеңде әрбiр Уағдаласушы Тарап қандай да бiр қоғамдық немесе жеке мекемеге өз аумағында аралық инстанцияның функцияларын орындауды тапсырады.
      3. Әрбiр Уағдаласушы Тарап 1 және 2-тармақтарды қолдану жөнiнде берiлген тапсырмалар туралы және оларға қатысты барлық өзгерiстер туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына кiдiрiссiз хабарлайды.
      4. Аталған табыс етушi инстанциялар мен аралық инстанциялар басқа Уағдаласушы Тараптардың табыс етушi инстанцияларымен және аралық инстанцияларымен тiкелей қатынасқа түсе алады.

3-бап Табыс етуші инстанцияға өтініш беру

      1. Егер талапкер төменде "талапкердiң мемлекетi" деп аталатын Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң аумағында тұрып жатса, ал жауапкер төменде "жауапкердiң мемлекетi" деп аталатын қайсыбiр басқа Уағдаласушы Тараптың құқықтық құзыретiне жататын болса, онда талапкер жауапкерден алимент өндiрiп алу туралы талапкердiң мемлекетiндегi табыс етушi инстанцияға өтiнiш бере алады.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап алимент туралы талаптарды растау үшiн аралық инстанция мемлекетiнiң заңы бойынша әдетте қандай дәлелдемелер талап етiлетiндiгi, бұл дәлелдемелер қандай тәртiппен тапсырылуға тиiс екендiгi және осы заң бойынша орындалуға тиiс қандай басқа талаптар бар екендiгi туралы Бас Хатшыға хабарлайды.
      3. Талапкердiң атынан iс-қимыл жасауға аралық инстанцияға уәкiлеттiк беретiн немесе талапкердiң атынан iс-қимыл жасайтын қандай да бiр басқа адамды тағайындайтын сенiмхатты қоса алғанда, өтiнiш, қажет болған уақытта, iске қатысты барлық құжаттармен бiрге жөнелтiлуi тиiс. Өтiнiш талапкердің суретiмен және егер мүмкiн болса, жауапкердiң суретiмен бiрге жолдануға тиiс.
      4. Табыс етушi инстанция аралық инстанция мемлекетiнiң заң талаптарының сақталуы үшiн барлық мүмкiн шараларды қолданады. Бұдан басқа, осы заңның қаулысы бойынша талап етiлетiнiндей өтiнiште төмендегiдей мәлiметтер болуға тиiс:
      а) талапкердiң аты және тегі, мекен-жайы, туған күнi, азаматтығы, айналысатын кәсiбi, сондай-ақ, егер бұл қажет болса, оның заңды өкiлiнiң тегі және мекен-жайы;
      ә) жауапкердiң аты мен тегi талапкерге белгiлi болғандықтан оның соңғы бес жыл iшiндегі жүйелi мекен-жайлары, оның туған күнi, оның азаматтығы және оның айналысатын кәсiбi;
      б) өтiнiштiң негiздерi мен тақырыбын, iшiнара талапкер мен жауапкердiң қаражатына және отбасы жағдайына қатысты, барлық басқа да iске қатысты мәлiметтердi егжей-тегжейлi баяндау.

4-бап Құжаттарды беру

      1. Табыс етушi инстанция өтiнiштiң әдiлеттi емес екендiгiне көз жеткiзу үшiн жауапкер мемлекетiнiң аралық инстанциясына барлық құжаттарды жiбередi.
      2. Табыс етушi инстанция құжаттарды жiбергенге дейiн бұл құжаттардың талапкер мемлекетiнiң заңы бойынша тиiстi нысанда тапсырылғанына көз жеткiзедi.
      3. Табыс етушi инстанция өтiнiштiң негiздiлiгi туралы өз пiкiрiн аралық инстанцияға хабарлай алады және талапкерге тегiн құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ оны шығыстардан босатуға кеңес бере алады.

5-бап Шешімдерді және басқа да сот қаулыларын беру

      1. Табыс етушi инстанция 4-баптың қаулысына сәйкес түпкiлiктi немесе алдын ала кез келген шешiмдi және қандай да бiр Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сот мекемесi талапкердiң пайдасына шығарған алимент туралы кез келген басқа да сот қаулысын, сондай-ақ егер бұл қажет болса осындай шешiм шығарылған iс жөнiндегi хаттамаларды талапкердің өтiнiшi бойынша жiбередi.
      2. Осының алдындағы тармақта айтылатын шешiмдер мен сот қаулылары 3-бапта айтылатын құжаттардың орнына немесе оған қосымша ретiнде жiберiлуi мүмкiн.
      3. 6-бапта көзделетiн iс жүргiзу экзекватура беру iсi немесе тiркеу iсi немесе 1-тармаққа сәйкес жiберiлетiн қаулының негізiндегі жаңа талап жауапкер мемлекетiнiң заңына сәйкес жасалуы мүмкiн.

6-бап Аралық инстанциялардың функциялары

      1. Бiтiмгершiлiк мәмiлесiн жасасуды және егер бұл қажет болса, алимент туралы талап қоюды және тиiстi сот iсiн жүргiзудi, сондай-ақ кез келген шешiмдi, ұйғарымды немесе басқа да сот қаулысын орындауды жүзеге асыруды қоса алғанда, талапкер берген өкiлеттiктер шегiнде iс-қимыл жасай отырып, аралық инстанция алиментi өндiрiп алу үшiн талапкердiң атынан барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
      2. Аралық инстанция табыс етушi инстанцияны iстің барысынан хабардар етiп отырады. Егер ол өз функциясын атқара алмайтын болса, мұның себептерi туралы табыс етушi инстанцияға хабарлайды және құжаттарды қайтарады.
      3. Осы Конвенцияның қандай да бiр қаулыларына қарамастан кез келген осындай талапқа немесе iске байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешуде негiзге алынатын заң жауапкер мемлекетiнiң заңы және iшiнара осы мемлекеттiң дербес халықаралық құқығы болып табылады.

7-бап Жекелеген талаптар

      1. Екi мүдделi Уағдаласушы Тараптардың заңдары жекелеген талаптарға жол беретiн жағдайларда төмендегі қаулылар қолданылады:
      а) алимент туралы талапты қарап жатқан сот мекемесi жазбаша немесе өзге де дәлелдемелер алу үшiн жекелеген талаппен басқа Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сот мекемесiне немесе аумағында осы талап орындалуға тиiс басқа Уағдаласушы Тарап атап көрсеткен кез келген басқа органына немесе мекемесiне қайыра алады;
      ә) Тараптардың қатыса алуы үшiн немесе өкiлдiгi болуы үшiн талапты алған орган тиiстi табыс етушi инстанцияға және аралық инстанцияға, сол сияқты жауапкерге де өтiнiш берiлген iстiң уақыты мен орнын, қашан және қайда болуға тиiс екендiгін хабарлауға мiндетті;
      б) жекелеген талаптар мүмкiндiгiнше тез арада орындалуға тиiс; егер жекелеген талап осындай талап алынғаннан кейiн төрт ай iшiнде орындалмаса, осындай талап алған орган осындай талап жiберген органға орындалмауының немесе кiдiртiлуiнiң себептерi туралы хабарлауға тиiс;
      в) жекелеген талапты орындау қандай да бiр баж салығының немесе шығыстардың орнын толтыруға әкелiп соқпауы тиiс;
      г) мына жағдайларда жекелеген талапты орындаудан бас тартылуы мүмкiн:
      1) егер осындай талаптың түпнұсқалылығы анықталмаса;
      2) егер аумағында орындалуы орын алуы тиiс Уағдаласушы Тарап мұндай талаптың сипаты өзiнiң егемендiгiне немесе өзiнiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiредi деп тапса.

8-бап Сот шешімдерінің өзгеруі

      Осы Конвенцияның қаулысы сондай-ақ алимент туралы iс жөнiндегi сот шешiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштерге де қолданылады.

9-бап Алып қою және жеңілдіктер

      1. Осы Конвенцияның негiзінде iс жүргiзу кезiнде осы iстi жүргізетiн мемлекеттiң резиденттерiне немесе азаматтарына қолданылатын тап сондай режим және шығыстар мен баж салықтарын төлеуден босату талапкерлерге де қолданылады.
      2. Талапкерлер өздерiнiң шетелдiк немесе резидент емес мәртебесi болуының салдарынан қандай да бiр мiндеттемелер алуға немесе қандай да бiр төлемдер жасауға не болмаса шығыстарды қамтамасыз ету үшiн немесе басқа да мақсат үшiн кепiлдiктердi салуға мiндеттi болмауға тиiс.
      3. Табыс етушi инстанция да, аралық инстанция да осы Конвенцияның қаулысына сәйкес өздерi көрсететiн қызмет үшiн қандай да бiр сыйақы талап етпеуге тиiс.

10-бап Ақша аудару

      Заңдары шет елге ақша аударуды шектеудi белгілеген Уағдаласушы Тараптар алименттi төлеуге немесе осы Конвенцияның негiзiндегi кез келген сот iсi жөнiндегі шығыстарды өтеуге арналған ақша аударымдарына жоғары басымдық бередi.

11-бап Федеративті мемлекеттер туралы клаузула

      Федеративтi немесе бiрегей емес мемлекеттерге төмендегi қаулылар қолданылады:
      а) күшiне енгiзу үшiн федерацияның заң шығарушы өкiметiнiң заң шығаруына байланысты осы Конвенцияның баптары бойынша федерация үкiметiнiң осы шектегi мiндеттерi федеративтiк мемлекеттер болып табылмайтын Тараптардың мiндеттерiне сай келедi;
      ә) қолданысы федерацияға кiретiн әрбiр штаттың, провинцияның немесе кантонның заң шығаруына байланысты осы Конвенцияның баптарына қатысты айтсақ, мемлекеттiк құрылымына қарай федерация бұл заңдарды шығаруға мiндеттi емес болса, онда федерация үкiметi мейлiнше қысқа мерзiмде әлгi баптарды өзiнiң жағымды пiкiрiмен бiрге штаттардың, провинциялардың немесе кантондардың құзыреттi өкiмет орындарының назарына жеткiзедi;
      б) осы Конвенцияға қатысатын федеративтiк мемлекет Бас Хатшы арқылы өзiне берiлген кез келген басқа Уағдаласушы Тараптың талабы бойынша федерацияда және оның құрамдас бөлiктерiнде қолданылатын және Конвенцияның қандай да бiр қаулысына жататын, осы қаулының заңдар шығару немесе басқа да шаралар арқылы өмiрге қандай деңгейде енгiзiлгендiгiн көрсете отырып, заңдар мен әдет-ғұрыптар туралы хабарлайды.

12-бап Аумақтық қолдану

      Осы Конвенция қаулыларының өзiн-өзi басқармайтын, қамқорлықтағы және халықаралық қатынастары үшiн Уағдаласушы Тарап жауапты болып отырған басқа да аумақтардың, егер сол Уағдаласушы Тарап осы Конвенцияны бекiту немесе оған қосылу кезiнде бұл Конвенцияның осындай аумақтың бiреуiне немесе бiрнешеуiне қолданылмайтындығы туралы мәлiмдемесе, бәрiне де қатысы бар және бiрдей деңгейде қолданылады. Осындай мәлiмдеме жасаған кез келген Уағдаласушы Тарап осыдан соң Бас Хатшының атына кез келген уақытта хабарлау арқылы кез келген немесе барлық аумақтарға осы Конвенцияның қолданылуын тарата алады.

13-бап Қол қою, бекіту және қосылу

      1. Осы Конвенция Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше кез келген мемлекеттiң, Халықаралық Сот Статутының қатысушысы немесе қайсыбiр мамандандырылған мекеменiң мүшесi болып табылатын ұйымға мүше емес кез келген мемлекеттiң және осы Конвенцияға қатысушылар қатарына кiруге Экономикалық немесе Әлеуметтiк Кеңес шақырған, Ұйымға мүше емес кез келген басқа да мемлекеттің атынан ол қою үшiн 1956 жылғы 31 желтоқсанға дейiн ашық.
      2. Осы Конвенция бекiтiлуге жатады. Бекiту грамоталары Бас Хатшының депозитiне салынады.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған кез келген мемлекет кез келген уақытта осы Конвенцияға қосыла алады. Қосылу туралы грамота Бас Хатшының депозитiне салынады.

14-бап Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция үшiншi бекiту грамотасы немесе қосылу туралы грамота 13-бапқа сәйкес депозитке салынған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
      2. Үшiншi бекiту грамотасын немесе қосылу туралы грамотаны депозитке салғаннан кейiн осы Конвенцияны бекiтетiн немесе оған қосылатын әрбiр мемлекет үшiн осы Конвенция әлгi мемлекет өзiнiң бекiту грамотасын немесе қосылу туралы грамотасын депозитке салған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.

15-бап Күшін жою

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап Бас Хатшының атына хабарлау арқылы осы Конвенцияның күшiн жоя алады. Күшiн жою сондай-ақ 12-бапта айтылатын қандай да бiр аумаққа немесе барлық аумақтарға қатысты болады.
      2.Күшiн жою аталған хабарландыруды Бас Хатшы алған күннен бастап бiр жылдан кейiн күшiне енедi, бiрақ оның күшiне енуi кезiнде өндiрiске алынған iстерге ықпал етпейдi.

16-бап Дауларды шешу

      Егер қандай да бiр Уағдаласушы Тараптардың арасында осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты дау туындаса және бұл дау басқа амалдармен шешiлмесе, онда ол Халықаралық Сотқа берiледi. Бұл арнайы келiсiм туралы хабарлау арқылы немесе дау Тараптарының бiрiнiң бiржақты мәлiмдемесi арқылы жасалады.

17-бап Ескертпелер

      1. Егер қандай да бiр мемлекет бекiту немесе қосылу кезiнде осы Конвенцияның қандай да бiр бабына қатысты ескертпе жасаса, Бас Хатшы осы ескертпенiң мәтiнiн осы Конвенцияға қатысатын барлық мемлекеттерге және 13-бапта айтылатын басқа да мемлекеттерге жiбередi. Осындай ескертпеге қарсылық бiлдiрген әрбiр Уағдаласушы Тарап осындай хабарландыру алған күннен бастап тоқсан күн iшiнде өзiнiң осы ескертпеге қарсы екендiгi туралы Бас Хатшыға мәлiмдей алады және мұндай жағдайда Конвенция қарсылық бiлдiрген мемлекет пен ескертпе жасаған мемлекеттiң арасында күшiне енбейдi. Осыдан кейiн Конвенцияға қосылған кез келген мемлекет қосылу кезiнде жоғарыдағыға ұқсас мәлiмдеме жасай алады.
      2. Уағдаласушы Тарап бұрын жасаған ескертпесiнен кез келген уақытта бас тарта алады және өзiнiң бас тартатындығы туралы Бас Хатшыға мәлiмдеуге тиiс.

18-бап Тараптарға бірдейлілігі

      Уағдаласушы Тарап осы Конвенция өзi үшiн мiндеттi болатын шектерде ғана басқа Уағдаласушы Тараптарға қатысты осы Конвенцияның қаулысына сiлтеме жасай алады.

19-бап Бас Хатшы жасайтын хабарландыру

      1. Бас Хатшы барлық мемлекеттерге - Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше барлық мемлекеттерге және 13-бапта айтылатын Ұйымға мүше емес барлық мемлекеттерге мыналарды хабарлайды:
      а) 2-баптың 3-тармағында көзделетiн хабарландыру туралы;
      ә) 3-баптың 2-тармағына сәйкес алынатын мәлiметтер туралы;
      б) 12-бапқа сәйкес жасалатын мәлiмдемелер мен хабарландырулар туралы;
      в) 13-баптың қаулысына сәйкес жасалатын қол қоюлар, бекiтулер және қосылулар туралы;
      г) 14-баптың 1-тармағына сәйкес Конвенцияның күшiне енетiн күні туралы;
      ғ) 15-баптың 1-тармағының қаулысына сәйкес жасалатын күшiн жоюлар туралы;
      д) 17-баптың қаулысына сәйкес жасалатын ескертпелер мен хабарландырулар туралы.
      2. Бұдан басқа Бас Хатшы қайта қарау туралы өтiнiштер жөнiнде және 20-бапқа сәйкес осы өтiнiштерге жауаптар туралы барлық Уағдаласушы Тараптарға хабарлайды.

20-бап Қайта қарау

      1. Кез келген Уағдаласушы Тарап Бас Хатшының атына жазған мәлiмдемесiнде осы Конвенцияны қайта қарау туралы кез келген уақытта өтiнiш жасай алады.
      2. Бас Хатшы осы мәлiмдеменi ұсынылып отырған қайта қарау туралы мәселенi қарау үшiн конференция шақыруды қажет пе деген сұраққа төрт ай iшiнде жауап беруiн сұрап, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына жiбередi.Егер Уағдаласушы Тараптардың көпшiлiгi қолдап жауап берсе, Бас Хатшы конференцияны шақырады.

21-бап Конвенцияның тілдері және сақталуы

      Мәтiндерi түпнұсқамен бiрдей болып табылатын ағылшын, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiндегi осы Конвенцияның түпнұсқасы Бас Хатшының сақтауына тапсырылады, ол Конвенцияның куәландырылған көшiрмелерiн 13-бапта аталатын барлық мемлекеттерге жiбередi.